Әлди,әлди, бөпешім
Сабақтың мақсаты:
«Әлди, әлди», «Әже» өлеңдерін, мәнерлеп оқуға, мазмұныны түсінуге үйрету. Жаттығуларды жаза отырып, жуан және жіңішке айтылатын сөздерді табуға үйрету.
Шаңырақ шуағы тарауы арқылы ұлттық тағылымдарды білуге. Отбасы мүшелерін. Анасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс: баяндау. Сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: сайыс түрінде өтеді.
Ұйымдастыру.
-Балалар, қазір бізде қай сабақ?
-Ана тілі бізге нені үйретеді?
-Балалар, артымызда қарайықшы, бізде бүгін кімдер отыр№
Қонақтар (әжелер, ата-аналар)
-Дұрыс айтасыңдар.
Біздің халқымыздың қонақжай екенін білесіңдер. Үйге келген қонақтарды қалай күтеміз
-Ендеше бүгін бізде біздің сыныбымызға келген қонақтарды күтейік.
-Біз оларды қалай күтеміз?
-Біз оларды сабаққа жақсы қатысуымызбен,тәртібімізбен қарсы алайық.
-Бүгінгі сабағымыз сайыс сабақ. Онда біз өткен тарауды қайталай отырып, жаңа тарау өту арқыл сайысқа түсеміз. Ол үшін біз екі топқа бөлінейік.
-Топқа бөлінбес бұрын біз өткен сабақта қандай үлкен тарауды аяқтадық?
-Ендеше төрт түліктің төлдерін қалай атаймыз?
-Мал атасын атап жіберейік.
-Төлдерді қалай шақырамыз.
-Ендеше оы төрт түліктің төлдерінің атын топтың аты етіп алайық.
Ботақан тобы.
Қошақан тобы.
1-Топ-Ботақан.
Ботақаным-бөбегім
Шырқайтыұғын өлеңім,
Бөьегімдітәй басқан
Сені жақсы көремін.
11-топ-Қошақан.
Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым де.
Қошақаным өзім деп.
11- сайыс. Кім жүйрік!
Тақтаға 1 топ –жуан дауыстылар 11-топ жіңішке дауыстылар жазады.
Ауызша І. Дауыстыларды сұрау.
Сөз ішінде жуан дауыстылар болса, сөз жуан айтылады. Сөз ішінде жіңішке дауыстылар болса, сөз жіңішке айтылады.
ІІІ сайыс. Мәнерлеп оқу. Жаңа тақырып.
-Балалар. Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Шешуін тапсаңдар бүгінгі өтетін үлкен тарауымыздың аты шығады.
-Онда әкем,анам тұрады.
Бәрі бірге қосылып
Бір ұғымды құрады.
-жанұя деген не?Онда кімдер тұрады?
-Мына суретте,балалар,кімдер отыр?
-Кәне ат қояйық.
-Олар не істеп отыр?
-Оларды қандай жанұя деуге болады?
-Ендеше балалар, бүгін біз Шаңырақ шуағы деген үлкен тарауды бастаймыз. Онда біз әжеміз, атамыз, анамыз туралы өлеңдерді оқимыз. Ал, осы шаңырақта дүниеге келген баланы кім деп атайды? Сол әлдиді бесікке бөлейді. Әлдидің ұйықтар кезінде не жылаған кезінде уату үшін аналар, әжелер, әлди әнін немесе бесік жырын айтқан екен. Қазір мен сендерге әлди өлеңін оқып берейін.
Мұғалім оқиды.
Түсіндіру
Хормен оқытқызу
Сұрақтар:-өлеңді кімге арнап айтқан?
-Өлеңді кім айтады?
-Балалар, бізді дүниеге әкелген кім?-Ана.
-Ал, анамыздың, әкеміздіңң анасы бізге кім болады?-Әже.
-Әже туралы сурет жүргізу сурет бойынша.
-Әже туралы сына өлеңде былай айтылған.
1.Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
2. сұрақтар:-Өлеңде кім туралы айтылған?
-Әжені неге теңеген?
-Өз әжең туралы айт.
4 оқушы мәнерлеп оқиды.
ІV сайыс. Білгенге маржан.
-Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар?Аналар мерекесіне арнап бір ән орындап жіберелік.
Жүргенше өмір сүріп, надан болып- деп,С. Торайғыров жырлағандай, «Фани дүниенің» есігін ашып келген адамды не күтүп тұр? Оған қандай тағдыр жазған? Мұны алдын ала ешкім болжай алмайды. Анадан туған соң ол кім болып өседі, қандай азамат болып шығады? Ата-ананың ет жүрегін елжіретіп, жүйкесін жейтін ой осы. Сол үшін де олар баласына бір білген-түйгенін үйретіп, баулып өсіреді. Жаман болсын деп емес, жақсы азамат болсын деп армандайды. Одан арғысы баланың қзіне, оның өсе келе қалыптасқан ой-өрісіне, бойына сіңген қасиеттеріне, тірлік-тынысына, табиғаттың берген талабына байланысты. Осындай қажетті нәрселерді алса, сонда нағыз азамат деген ұғымға сай адам өсіп шығатынына күмән жоқ»
Дегенмен де, әрбір халықтың, ұлттың болашақ ұрпағын тәрбиелеуде өзіндік ұлттық ерекшеліктері болады. Соған сай әр халықтың өз тарихы бар. Тарихсыз халық жоқ. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, халқымыз ата-бабаларының ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін,бай рухани қазынасын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланған, бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, үміт арта, сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына асқарлы мақсат қойып, келелі міндетер жүктеген, болашақ ел қамқоры, Отанқорғаушысы, шаңырақ иесі, өмір гүлі деп бар жақсысын баласына арнаған. Халықтың өмірлік тәжірибеден түйгендері, бастан кешкендері, қолмен жасаған заттары, ұқыптылықпен жинаған әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, даналық асыл ойлары тәрбие шежіресі халықтық тәлім-тәрбие мұраты болып қалыптасқан. Ол халықтың ауыз әдебиетінде, ақын-жыраулардың шығармаларында, тәрбие дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптары, отбасындағы тәлімгерлік жүйесінде ұлттық ойындары мен сауық-сайрандары, той мерекелерінде, музыкалық шығармалары: әндері мен күйлері, билерінде айтыс –жарларында бейнелеу өнері мен қолөнер туындыларында т.б. халық творчествосында тәрбиелік мазмұнда көрініс тапқан. Халық дүниеге келген жас нәрестенің болашағын олап, бар жақсылықты соның жолына бағыштап, көркем сөзге, өлеңге, әнге, күйге қосып, неше түрлі қызықты ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар айтып, әңгіме шығарып, оларды күнделікті тәрбие ықпалдарында пайдаланып отырған. Жас нәресте дүние есігін ашқан күннен бастап, бесікке бөленіп, айтылған «Бесік жыры» соның дәлелі, тәрбиелік ықпалдық бостауы болмақ. Бесікті кім тербетсе де жыр айтқан. Жас өспірім нәресте күнінен бастап-ақ ата-ана аузынан:
«Әлди-әлди ақ бөпем, Бармақтарың майысып,
Ақ бесікке жат, бөпем. Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің? Кең балағың түрісіп,
Таңдайларың тақылдап, Ойға, тауға жүрісіп
Сөйлегенде сөз бермей, Балуан болар ма екенсің?
Шешен болар ма екенсің?
деген бесік жырын естіп өседі. Немесе, қолы босағанда анасы көкейдегі көксегенін әндетіп жеткізген.
Бөлем менің қайда еккн? Алмасынан кәнекей,
Асқар-асқар тауда екен. Жаңа теріп жүр екен.
Тауда не қып жүр екен? Қызыл алма қолыңда,
Алма теріп жүр екен, Қыздар оның соңында.
Осылайша ана мейрімі, сүйіспеншілігі, арманы бала құлағына бесігіңнен сіңеді. Ал бесік жыры- халық жырының бұлақ көзіне айналады. Оны әуел бастан ақындар шығарып, соңынан оны жұрт жаттап алып айтып жүретін болған. Сол себептен бесік жыры халық ауыз әдебиетінде ертеден келе жатқан рухани асыл мұра боп табылады.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде ешнәрсе дерексіз айтылмай, нені айтса да арғы астарын өмірге әкеліп байланыстырады. «Әнге әуес, күйге құмар бала- жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген М. Әуезовтің даналық сөзі « Бесік жырының» әуені ананың сүтімен құлағына сіңген баланың болашағын меңзегендей. Ананың мейрімді әлдиі мен парасаты жыры бала жанын жадыратады, өзін жақсы ниетке жетелейді.Жүрек қалауынан шыққан жыр жүрекке жетеді, халық үмітін жеткізеді. Сондықтан да бесік жыры - баланы жөргегінен тәрбиелеудің өтімді түрі.
«Ең әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінді айтылатын қоңырқай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан-жүйесін жадыратады яғни ұнамды, ұнасымды әсермен баланы жұбатады. Балғын бөбек бесік жырының жанға жайлы әуезді әуенін жұбанып, рахатқа бөленеді. Әуен бөбек жанына дем береді».
Пайдаланылған әдебиеттер:
Бапаева М.,Нығметова Қ., Шериязданова К. Балалар психологиясынан танымдық жаттығулар мен тапсырмалар.-Алматы: Рауан, 1994
Жұмабекова Ф. Балабақшадағы тұрмыстық талғам. –Алматы : Рауан, 1994
Қ.Жарықбаев. Аталар сөзі-ақылдың көзі. Алматы: Қазақстан, 1980.
Ақ бата. Алматы: Өнер, 1992
Әмзе Қалмырзаұлы. 12 таным. Шымкент қалалық баспаханасы.
Бата-тілектер. Алматы: «Қазақстан», ҒАС, «Желмая»,1991.
Ұ.Асылов. Даналардан шыққан сөз. Нақылдар жинағы. «Мектеп», 1987.
Қ.Жарықбаев. Асылдың кені. Алматы, «Қазақстан», 1991.
Сөз атасы. Мақал –мәтелдер мен қанатты сөздер. Алматы, «Жазушы», 1987.
Адамбаев Б. Алтын сандық.-Алматы: Жазушы, 1989
Адамбаев Б. Халық даналығы.- Алматы: мектеп,1976
«Атамекен» бағдарламасы.-Егеменді қазақстан, 27.08.1991
Ахметов М. Қазақ әндері мен халық дәстүрі.-Алматы: Өнер 1991
Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.-Алматы:Рауан 1991
Әлімбаев М. Халық-қапысыз тәрбиеші.-Алматы: Білім, 1977
Бержанов К., Сейталиев К. Ауыз әдебиетіндегі адамгершілік, тәрбие мәселелері. –Қазақстан мектебі,1970