ТӘрбие түрлері және бесік тәрбиесі жоспа р: кіріспе



бет1/3
Дата26.06.2018
өлшемі183 Kb.
#44508
  1   2   3
ТӘРБИЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БЕСІК ТӘРБИЕСІ


Ж О С П А Р:


КІРІСПЕ

1. МЕКТЕПТЕГІ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІН ХАЛЫҚ

ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖҮРГІЗУ

2. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕСІК ЖЫРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

3. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕСІК ЖЫРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІН ҰҒЫНДЫРУ ЖОЛДАРЫ

Кіріспе

Адамның жеке басының қалыптасу заңдылықтары сол халықтың тарихына, экономикасына, тіл мен мәдиниетіне тікелей байланысты. Халық тәрбиесінің асыл тізбегі үзілмей келе жатқан дәуірлерден сол тарихтағы ірі –ірі төңкерістер дәуірінде тәрбиеде адам айтқысыз өзгерістер болды. Сол болатын өзгерістерді қазақтың ойшылдары бұрынғы ғасырлардың өзінде тура болжап кеткен, Мысалы Мөңке бидің сөзіне құлақ түрсек:



Ақыр заман алдында,

Құрамалы үйің болады,

Толқымалы биің болады,

Ежірейген ұлың болады,

Бедірейген қызың болады,

Кекірейген келінің болады,

Ақырайған әйелің болады,
Табалдырақтан биік тау болмайды,

Туысқаннан артық жау болмайды,

Тана, торпаққа жүк артылады,

Ар-ұяттан жұрдай боп,

Қарап тұрған жігітке қыз артылады,


Дәл осы пікірге дау айтуға бола ма? Бәрін қапысыз болжап, қолма-қол суреттеп отырғандай. Бұл жағдай, сөз жоқ, тәлім-тәрбие тізбегінің орынсыз үзілуінен болғаны белгілі. Оқу-тәрбие ісінде бас-аяғы 60-70 жылдың жеткен жақсылығымызды жауып тастамай және жоғалтқан асылдың бірі- халық педагогикасы деп білуіміз керек. Олай болса халық педагогикасының балалар мен жастарды тәрбиелеудегі басты мақсаты мынау:

Бүгінгі жастарымыздың – болашағымыздың бойына халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ер, намыс, ождан, ата – мекен, ана тіліне деген ерекшелік, әдеп, иба, қайырымдылық, үлкенді, ата – ананы құрметтеу, кісілік, кішілік, қарыз – парыз, борыш, міндет, имандылық. Ел, жерге деген сүйіспеншілік, достық, жолдастық, махаббат т. б. жақсы қасиеттерді дарыту, яғни жастардың өз еліне, халқына, дәстүріне, тіліне, тарихына жақындату, сол нәрмен сусындату.

Халық педагогикасы әлемдегі барлық халықтарда бар. Олардың әрқайсысында жалпы адамдық және ұлттық ерекшелік толық сақталған. Өйткені жоқтан бар жасалмайтыны сияқты бар нәрсе де жоғалып кетпейтіні хақ. Сонау Каменский, Ушинский, Ыбырайлар жасаған педагогика да халық тағлымына негізделген. Өйткені халықта: "Халық айтса, қалып айтпайды", "Айна айна емес, халық айна", "Халық қартаймайды", "Халық қаһары қамал бұзар", "Ата-анасынан айрылған өскенше жылайды, халқынан айрылған өлгенше жылайды"- деген дана сөздерінің қағидасы- "халықтың" ұғымын басшылыққа алуды болжайды. Сондықтан да еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке қолы жеткен күннен бастап, барлық тәлім-тәрбие жүйесі халық педагогикасына негізделіп жүргізіле бастады.

Тәлім-тәрбиенің бүгінгі көрінісі өз халқының өйткені мен бүгініне дұрыс байланыс арқылы іске асады. Соңғы жылдардағы тарихи өзгерістері есепке ала отырып, бұл күндері бүкіл ел болып өткендегі адамдық қасиетті құрайтын барлық жарқын, өшпейтін озық дәстүр-салтымызға, әдет ғұрпымызға, кәде­­-сыйымызға, жол-жоралғымызға іздеу салып, ең қажеттерін ғасырлар қойнауынан аршып ала бастадық. Бұл жерде халқымыздың ойшыл қаламгері Ғ.Мүсіреповтың: «Өткенді аңсай бергеннің бұл күнге жарасымы жоқ, ал өткеннің жақсысын білмегеннің келешегі жоқ» деген бағдарлы ойы осы тақырыбымыздың түп қазығы.



1. МЕКТЕПТЕГІ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІН ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖҮРГІЗУ

Балалар мен жастар - әрбір кезенің, дәуірдің жемісі. Олардың іс- әрекетіндегі көріністер - өз заманының шынайы дәстүрі.

Қазіргі тәлім – тәрбие жұмысының ауқымы өте кең. Сондықтан шартты түрде тәрбие жүйесіндегі бұрынғы қажетті салалардың көпшілігін тікелей басшылыққа ала отырып, бүгінгі талап тілекке сай халық педагогикасының ықпалы бойынша төмендегідей тәлім тәрбие жүйесін қарастырдық:


  1. Ақыл – ой тәрбиесі.

  2. Адамгершілік тәрбиесі.

Оның құрамды бөліктері :

а) Елжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық / патриотты/.

ә)Ұлтаралық қарым –қатынас сыйластығы.

/ интернационалдық/.

б) Мейірімділік, имандылық / гуманистік/.


  1. Еңбек тәрбиесі.

  2. Әсемдік тәрбиесі /эстетикалық тәрбие/.

  3. Дене тәрбиесі.

  4. Діни – рухтық тәрбие.

  5. Нарықтық- шаруашылық есептік тәрбие /экономикалық тәрбие/.

  6. Табиғат қорғау тәрбиесі. /Экологиалық тәрбие/.

  7. Құқық тәрбиесі /праволық тәрбие/.

  8. От басылық, үйелмендік немесе жұбайлық, өмірге баулу тәрбиесі

/жыныстық тәрбие/ /Половое воспитание/.

Халық педагогикасы осы аталған тәрбие түрлерін бөлек- бөлек

зерттеп, айтып түсіндіріп жатпай- ақ, өмір керуенінде жүйелі түрде күнделікті тұрмыс тіршілігімен қатар алып жүрген және педагогика бірнеше ғасыр халықтың қажетін өтеп келген. Ел тарихында төл жазуымыз Архон -Енисей таңбаларынан бәрі 3-4 рет жазу алфавитіміздің өзгеруі, соған орай тәрбие нұсқасы ауызша қысқа- нұсқа сөзбен ел санасында жатталып атадан балаға мұра боп жалғасып келді. Әр халықтың өзіндік ұлттық ерекшелігіне орай ұлттық педагогикасы сол халықтың ұлттық санасын қалыптастыруды ықпалы өте жоғары болды.

Кеңес үкіметі идеалогиясына негізделген "түрі ұлттық, мазмұны социалистік" ұлт мәдениеті тек сөз жүзінде айтылды да, ал негізінде түрі ұлттық емес, тек тілі ұлттық болып, көп нәрсе /барлық ғылыми нәндер, дәстүрлер, қасиетті оқиғалар/ тек бір ғана ұлттық ерекшелігіне негізделді.

Сондықтан ұлттық санада өз ұлтының ерекшелігінен алыстап кетті.

Ұлттық сананың қалыптасуына ақыл -ой тәрбиесінің ықпалы өте зор. Бұл тәрбие ғылыми пәндер арқылы беріледі. Таяу жылдарда қазақ мектебі оқушыларына арналған аударма емес, халықтың мазмұнда жазылған төл оқулықтар беріледі. Ғылыми пәндер мен қосалқы пәндер бағдарламасы мен оқулығы таза төл оқулық болуы баланың ұлттық санасын қалыптастыруды өте ықпалды болады. Мысалы, тарихтан ең алғашқы кластардан бастап – ақ қазақтың ежелгі дүниесі тарихынан хабардар өте білу керек. Халықта: "Жаманда тек жоқ, жақсыда көк жоқ" дейді. Балалар басқа тарихтардан гөрі өз халқының тарихын өте жоғары, өте терең, өте көбірек көлемде оқуы керек. Біздің заманымызға дейінгі сақтар, үйсіндер, қыпшақтар тарихы бүгінгі халқымыздың түп –түркіні екенін балалар терең білгені жөн. Ал, география сабағынан дүниенің барлық тау –тасын, өзен көлдерін білдіруден бұрын ең әуелі өз елінің Алатауын, Алтайын, Қаратауын, Көкшетауын, Аралын, Балқашын, Сырдариясын, Тобылын, Есілін, Ақжайығын, Ілесін, Ертісін терең таныстырғаны да орынды. Биологиядан туған жердің өсімдіктерін, оның қасиетін, пайдалысын тани білуі де қажет. Мысалы: сексеуіл, ақселеу, балып, дермене, изен, шеңгел, тобылғы т.б. және бір еш жерде кездесе бермейтін тек Көкшетауда Абылайхан алаңында өсетін жібек талшықты жұмсақ шоқ шалғындар сырын білу де қызықты.

Химия пәнін неге Қорқыт ата жер қазуға қарсы болды. "Қайда барса Қорқыттың көрі "деген аңыз неге айтылған? Мүмкін қасиетті Қорқыт баба жер астында мол кен де, сол кеннің жанында бірге уда /біздіңше уран/ бар екенін білдіме екен. Әйтеуір қазір Қазақстан жерінде көп болуы бізді таңдандырады. Көн де мол, у да мол. Сондықтан ұлы баба адамға зиян жердің уын ашпа, жерге тиме, оның бетіндегі ризық та адам баласына жететінін айтқан болар.

Тәрбие сағаттарында ұлттық ойындар, ұлттық тапқырлық ойын, жаңылтпаштар, әдебиет сабағында айтыс сабағы, талас сабақтарын ұйымдастыру керек . Мысалы, математика пәнінің ауызша есептерінің ұлттық қасиетке негізделіп құрастырылуы. Оған дәлел Міржақып Дулатовтың ‘’Арифметика ‘’ оқулығынан бір мысал : Құдықтың басында жылқышы шағын бір үйір жылқыны суарып тұрғанда қасына бір салт атты жолаушы келіп жолаушы біраз тұрды да :

-Жылқыны, сен, мына жүз жылқыңды суарып болғанша мен жолымнан

қаламын ғой, онан да мен атымды суарып алайын –деді .

Сонда жылқышы:

-Жолаушы, бұл жүз жылқы емес. Бұған осынша жылқыны қосқанда, осының жартысын қосқанда, осының ширегін қосқанда және өзінің астындағы атты қосқанда 100 жылқы болады -деді .

Oқушыларға сұрақ:

Сонда жылқышының алдындағы жылқы қанша?

Әрине, есептің шешілуі заңдылықтары бар тілдегі оқулықта бірдей болғанмен, оның қазақ халқының ұлттық әлеуметтік жағдайына лайықталып құрастырылуы балаға өз халқының өмірінен, экономикасынан біраз мағлұмат береді.

Ал тәрбие бағыттарында мектеп кештерінде баланың ақыл-ойының жақсы дамуына, олардың аударма тапқырлық есептерді тез шығаруы, жұмбақтар шеше алуы, жаңылтпаштарды шатастырмай дұрыс жылдам айта алуы, сондай-ақ өсиет-нақыл сөздерді тыңдау, айтып үйренуі, шешендік сөздер мен тапқырлық ойларды тарқатып түсіне білуі, айтыстар тыңдап, қатысып, сөз сайысы мен ой сайысына түсе алуы, ұлттық ойындар ойнап, ақыл-ойын шыңдауы жатады.

2. Адамгершілік тәрбиесі жайлы шағын еңбекте сөз бастаудың өзі ыңғайсыз. Яғни баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен ержетіп, есейіп, еңкейген қария болып дүниеден өткнге дейінгі адамның барлық саналы өмір тіршілігінде үйренген, үйреткен адамгершілік қасиетінің бәрі жатады. Адамгершілік қасиеттің құрамды бөлігі –ұлтжандылық, елжандылық, отаншылдық қасиеті алайық. Бұл бір аса аяулы да биік сезімді бала бойына ұялата білудің жолы сан алуан. Біз қысқаша төрт қана саласында тоқталсақ:


  1. Халқымыздың баланың жақсы –жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтіреді. Көп жылдар бұған мән бермедік. Ал шындығында келсек, баланың әке мен шешенің бір-біріне деген таза шынайы сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның жақсы ықпалында дамып жетілуі; жарық дүниеге келген соң ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі осы жаратылыстың дұрыстығы.

  2. Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі. Ана тілі ана әлдиінен бастап баланың тал бойына егілуі: ой-өрісі өз ана тілінде өрбіп, өз ана тілінде тілінің шығуы; әрі қарай өмірге көзқарасы, дүниетанымы өз халқының өмір сүріп, тіршілік етіп келе жатқан төл тілі арқылы қалыптасуы.

  3. Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп өнген жерінде туып-өсуі, өз өлкесінің суын-нуын. Тау-тасын, топырағын, аспанын қауіп –қастерлеп сақтай білу және қастерлеу қасиетін ұғынуы.

Мысалы, ел басына күн туып, қиыншылық мойынға бұғау болып түскен заманда көпшлік ел уақытша жат жерді паналауға тура келген кезеңнің өзінде әрбір жанның көңілінде туған жерге деген мынадай сағыныш болғаны аян:

Барайын десем жер шалғай

Бармайын десем ел қандай,

Әл - дәрменім құрыды-ау

Туған елді көп ойлай.

\ халық әні Ақтолғай\

4. Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ащы-тұщы кезеңдеріне мән бере өсуі: «Ақтабан шұбырындыдан», «желтоқсанға» дейінгі өз халқының көрген қасіретін естен шығармай, ел тыныштығын, ел бақытын көтеруге ой бөліп, жол іздеп өсуі, оқуда, білімде, еңбекте өзін күрескер, қайраткер дәрежесінде сезініп өсуі т.б.

Міне, қарап отырсақ бір ғана ұлтжандылық қасиетке баулудың жолы шар-тарап. Бұл бағдарламаның оқулығы қажетті құралы–халық педагогикасы. Халықтың мақал-мәтелі тәлім-тәрбиеде зерттеуді қажет етпейтін аксиома. Шешендік сөздер, билер шешімі, өсиет-нақыл жырлар, тарихи дастандар, ұлы ойшылдар шығармалары, айтыстар идеясы, жұмбақ-жаңылтпаштар халық педагогикасының әрбір тарауы. Адамгершілік тәрбиесінің екінші құрамды бөлігі-ұлтаралық қарым-қатынас сыйластығы. Бұл тәрбиеде бала мынадай мәселені аңғарып өсуі қажет.

Баланың өзі, ата-анасы, халқы, елі, өмір сүретін қоршаған ортасы мен туған Отанында көп ұлтты халық өкілдері бірлікте өмір сүріп келе жатыр. Олар бірін-бірі құрмет тұтып, ортақ қиыншылықты да, қуанышты да бірге көтеріп келе жатыр. Қарым-қатынаста теңдік пен қарапайымдылықты, сыпайылықты, мәдениеттілікті сақтап келеді. Бір ұлттың бір-бірімен ренішінен гөрі екі ұлт өкілдерінің бір-бірімен реніші сирек кездеседі.Бірақ көңілге өте ауыр із қалдырып тұрады

Сондықтан өзге ұлт өкілімен жарасымды сыйласудың соңы қайырымды, берекелі келеді. Ал кейде ашу үстінде болмашы сөзді қуып соңынан от шықпауын ойлау да керек.Халқымыз:

«Сөз қуған бәлеге жолығады,

Жол қуған қазынаға жолығады»,-дейді.

Сондықтан кез-келген басталар істе, айтылар сөзде оның немен тынарын болжап, қай ұлт өкілінің болсын ұлттық намысын таптап, қорлап сөйлемеуге балаларды үйрету керек. Әр халық өкілінің өз тілін, ұлтын ұмытпауға, сыйлауға, мақтаныш етуге құқы бар, қайда жүрсе де.

Адамдар қарым-қатынасында өзгені сыйлау арқылы өзін сыйлы ететіні белгілі. Халқымыз: “Жақсылық етсең өзіңе , жаманшылық етсең өзіңе” деп бекер айтпаған. “Досқа достық қарыз іс”, “Сен дегенде не ұттың, сіз дегенде неден қалдың”, “Жақсы сөз жарым ырыс”, “Бірлік барда- тірлік бар” деген сөздің мағынасына мән бере өсу керек.

Көп ұлтты ортада әрбір ұлттың жақсы іс ортақ қазынаға айналуы ғанибет. Мысалы еңбек түрлерінің әр халықта өзіндік сыры барлығы, оны қатар отырған басқа ұлт өкілдері үйренуінің ешбір сөкеттігі жоқ. Адам баласына тән қасиет өмір бойы үйрену болса, өзге ұлттың ең жақсы қасиетін, еңбек әрекетін көре біліп, сыйлай біліп, уақыт талабына сай өмірлік қажетке жарата білу де жарасымды. Мысалы: бау-бақша өсіру, үй жануарларын күтіп-баптау, егін-егіп үй салу, жарасымды әрі тұрмысқа қолайлы жиһаз мүлік даярлау, тігу, тоқыма, өрнектеу. Кестелеу ісін ортақ меңгеру т.б.

Еңбек тәрбиесі

Қазақ халқының еңбек әрекеті негізінен мал шаруашылығына негізделген. Яғни мал бағып ен байлық көзі: ішер ас, киер киім, мінер көлік, тұтынар зат, өтелер борыш- бәрі 4 түлік төңірегінде болған. Халық мал терілерінен небір киім-кешек тігумен айналысқан, тері өңдеудің тиімді әдісін жете меңгерген. Әйелдер мал жүнінен барлық тұрмыс жиһазын жасаған. Сондай-ақ халқымыз ағаш өңдеу кәсібін де жете меңгерген. Барлық ыдыс-аяқ, ер-тұрмын, арба-шана, киіз үй бәрін ағаштан жасаған. Металл өңдеу әсіресе бағалы металдар: алтын, күміс, мыстан түрлі қажетті зергерлік бұйым, ыдыс-аяқ жасаған.

Қазақ жері қыр, сыр, шығыс, батыс болып 4 аймақтан тұрса қыр елі мал өсіруден алдына жан салмаған. Ал сыр елі егін егіп диханшылықтан ешкімнен кем қалмаған. Батыс пен Шығыста және сулы, нулы жерлерде мал өсіру мен егіншілік қатар жүрген. Осындай әлеуметтік жағдайымызды жете түсіне білмеген европалықтардың халқымызды көшпенділер деуіне талас тудыруға болады. Өйткені қыр елінің әрбір рудың, әрбір әулеттің өз жайлауы, өз қыстауы болған. Сол үшін тіпті жер дауы жиі болып тұрған. Ал көшпенділер санатына жататындар тұрмысы біздің тұрмысымыздан әсте басқа болса керек. Тіпті ұлы ханымыз Абылай абайсызда қалмақтардың қолына түскенде басты – басты арманын былай айтқан екен:



  1. Қала салып елімді отырықшы етіп , оқу білімге баулысам;

  2. Мал сүтін емген халқымызды егін егуге баулып, жер сүтін емуге баулысам;

3. Қапияда аңғалдықпен қолға түспей, қан майданда қолға түссем;

Ұлы Абай: «Досқа достық қарыз іс, дұшпаныңа әділ іс» деген. Биік адамгерршілікті жау болса да қалмақ ханы ұстаса керек, Абылайды босатып тұрып, арманына риза болып: «Арманың арман-ақ екен» -деп таңданған екен. Қазіргі кезде мектептің алдында еңбек тәрбиесіне баулу ісі біртіндеп ұлттық негізге негізделе бастағаны орынды. Өйткені ұлттық негіздегі еңбек түрлері өмірге аса қажет, тұрмыс-тіршілікті, ұлттық болмысты қалыптастырады. Өткен кезеңдегі көшпелі тіршілік азаматтарды қара күшке мығым, төзімді, еңбекке мойымайтын адамдарды қажет етті. Қыр баласы, сыр баласы ес білгеннен із кесіп, жол қарады, жұлдыз бағдарлап баратын жеріне адаспай барды. Жер жағдайын шөбінен топырағынан танып, ауа райын алдын ала болжап, қауіп-қатерден сақтанып отырады. Мұны да бүгінде күнделікті іс-әрекетке айналдыру керек.

Бертін келе халық бір кәсіп төңірегінде қалып қоймай, түрлі кәсіп, өнер түрін үйренуге ұмтылуы керектігін ұлы Абай:

Егіннің ебін,

Сауданың тегін,

Үйреніп алып, мал ізде-

деген өсиет сөзінде, халқымыз тек мал шаруашылығымен ғана айналысып қоймай, егін егіп, өнімін жеп, артығын сатып, адам еңбегінің құнын, бағасын білуге үйретті. Сондықтан мектеп бітіретін баланың қолында ой еңбегінің бағасы \құры\ аттестат болса, 10 жыл бойы еткен түрлі қол еңбегінің құны жиналған \колхозға, жеке меншік иелеріне жұмыс істеу \ сақтық кітапшасы да болу керек. Бұл баланы бала, жастан еңбегінің құнын білуге, оны босқа шаппай, қастерлеп ұстауға баулиды. Дәл осы ойды кезінде Абай аталары былай деп болжап кетіп еді:

Адалдан тапқан тиынды

Сал да сақта қапшыққа

\ ,, Қуанбандар жастыққа ,, өлеңінде \

Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің негізі, бастамасы.

«Баланың ақылы оның саусағының ұшында» деген еді В. Сухомлинский.

Ақыл- ой да, дененің қалыптасуы \соқталдай жігіт болуы\, адамның сүйкімді, жағымды болуы бәрі осы еңбекке байланысты. Сондықтан еңбекке баулу от-басында өте ертерек басталуы керектігін дана халқымыз былай деп ескертіп кеткен: «Баланы 5-ке дейін піріңдей күт, 15-ке дейін құлындай тұт»-деп.

Бірақ еңбек баланың жасына сай өте ауыр болмауы керек. Қазақ мектептерінде дене тәрбиесі сабағында ер балалар көбіне ауыр атлетикамен айналысады. Ал жеңіл атлетикамен неге айналыспасқа. Бойлары биік, сымбатты, талшыбықтай болып өссе қандай ғанибет. Ал бізде керісінше тек бокс, штант көтеру, күрес түрлерімен өте көп айналысады.

Әсемдікке баулу / эстетикалық тәрбие /

Әсемдікке баулуда бала табиғи әсемдікті ажырата біліп, бағалай біліп, еңбекпен, ізденумен, ерінбей үйренуден болатын /қалыптасатын/ әсемдікті игере білуі қажет. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты да сол - өмірде, табиғатта адам бойында кездесетін сұлулықты қастерлеп, ардақтап, сол сұлулыққа жауапкершілікпен қарап, өзінің тал бойына жинақтай білуі. Табиғи әсемдікке тән құбылыстар: табиғат көріністері, адамның жастық шағы, малдың – жануарлардың төлі, бағалы аң терілері, ерекше құстар қауырсындары / тоты, аққу, үкі т. б. / жатады .

Табиғи байлықтардан алтын, күміс, мыс, т. б. металдан жасалған әсемдік - сәндік бұйымдар жатады. Сондай – ақ асыл тастар –гауһар, інжу, маржан, лағыл, аңық т. б. Тастардан жасалған алқалар, безендірілген /өрнектеген/ киімдер, бұйымдар жатады. Адам баласы бойындағы әдемілікке: мінез - құлық, қарым – қатынас, сөйлеу мәдениетін /сыпайылығын/ сақтауды айтуға болады. Сондай – ақ ән салып, күй тарту сияқты жарасымды қасиеттер де адам бойындағы әдемілікті толықтыра түседі.

Әсемдік тәрбиесіне лайық тағы бір сапа- ол балалардың киім-кешегі, жүріс-тұрысын, тұрмыс- тіршілігін сыпайы, сәнді таза үстауға жаттығу.

Халқымыз тұрмыс-тіршілікке қажет заттың от басына ең керектерін тұтынған. Тұрмыста басы артық нәрселерге көп әуес болмаған. Сондықтан қажет бұйымдарын таза, сәнді, ықшам етіп жасаған. Қазірде ұлттық өнер деп қазақтың ою-өрнектерін кез келген киімге, бұйымға, үй-жиһазына жапсыра беретін болып барамыз. Ал негізінде сол ою-өрнектер үй-ішнде аяқ астына төселетін төсеніштерге (оның ішінде текемет, сырмақтарға) салынып жасалған. Әрі кеткенде сол ою-өрнек керегенінің басына дейін жеткен.

Халқымыз тұрмыс –тіршіліктің ыңғайына қарай тау асып, тас басып, сусыз шөлдерден өтіп жайлауы мен қыстауын бірсапарлық жол етіп жүрсе де киім сәніне, оның тазалығына ерекше мән берген. Қыздар, әйелдер көбіне ақ түстес матадан көйлек, кимешек киіп, жаулық салған. Бұл жағдайд бір жағынан пәктікке, онан әрі күн қуатынан (радиациядан) сақтанып отырған. Бәрі де орынды.

Қыз баланың үйлесімді, сыпайы киінуі ата-анаға сын болған. Қазірде мектепке арнаулы киім үлгісінің болмауынан әркім қолына түскенін киіп жүр. Көбісі-шет елдің сәнді киімдері. Әрине, бұрынғы мектеп формасы үлкенді де кішіні де сөз жоқ, жалықтырады. 10 жыл бойы бір түс матаны ( өзі қоңыр түс) кие беру бүлдіршіндер мен жасөспірімдер, бойжеткендер талғамына сай келмейді. Бұл оқулықты басқаша іспен толықтыруға әбден болады. Мысалы, тігін фабрикалары сәнді, сыпайы матадан ұлттық үлгіге лайықтап, киім үлгілерінің жаңаша стилімен небір үйлесімді формалар тігіп оқушыларға ұсынуларына болады.

Сонымен жастар бойына жарасымды мінез-құлық, қарым-қатынас, сыпайы сырт кескін бәрі де әрбір жастың өзінің ішкі мүмкіндігіне байланысты. Көзі ашық, көңілі ояу, келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын әрбір саналы жас әдемілік талғамын бойына жинай алады.

Дене тәрбиесі.

Дене тәрбиенің ұлттық көрінісі негізінен қажетті еңбек түрлерінен қалыптасқан. Балалар аттың жалында, атаның қомында жүріп өскен. Ат құлағында ойнаған. Жер қыртысын аударып егін еккен. Садақ тартып мергендік еткен, аң аулаған, желмен жарысып шабандоз болған. Мал жайып, төл күткен, шөп шауып, отын жарған, құрық салып асауды бас бүлдірген т.б. Осындай мәнді-мағыналы, қажетті еңбек түрлерін игеру әрекеті арқасында дені сау, бойы биік, ер тұлғалы бітім қалыптасқан. Халқымыздың « Ұлың ұрынып өссін, қызың тұншығып өссін» деген сөзінде дене тәрбисіне байланысты көп сыр бар. Ұрынып өсу-тентек болу емес, үйге қажет шаруаның бәрін тындыру. (Қазіргі кезде күні бойы екі қолын қусырып, теледидар көру де дененің шынығып өсіне кесірін тигізуі ықтимал). Ал қыз бала тамақ істеп, үй күтіп, ұршық иіріп, тоқыма тоқып өз шеберлігін қалыптастыра білген.

6. Діни-рухтық тәрбие. Дінге көзқарас өзгеруіне байланысты елімізде жер-жерлерде діни медреселер ашылып, балаларды имандылыққа баулуда игілікті іс-шаралар іске аса бастады. Ал жалпы білім беретін орта не арнаулы мектептерде де діни –рухтық тәрбиеден хабардар ете бастауға болады. Бұл жерде балалардың жасына, білім дәрежесіне қарай моральдық ахуалмен таныстыратын, балалар бойына адамгершілік, мейірімділік, болашаққа сенім тазалық пен пәктік сияқты қасиеттерді түсіндіретін хадистерді үйрете білуге болады. Оған Мұхаммет Пайғамбардың хадистерін, мұсылмандық бес парызын, Халифа Алтайдың «Ғылымхалін», Абайдың «қара сөздеріндегі» діни-рухтық идеяларды және қасиетті Құранның сүрелерінен бала қабылдауына үйрете беру артық емес. Бұл жерде арнайы молда не діни лауазымды кісілермен кездесулер ұйымдастырып, ал діни –рухтың тәрбие сағаттарын кез—келген мұғалім (қабілетіне қарай) жүргізе беруіне болады. Өйткені мұғалімдер кез-келген идеяны дидактика заңдылықтарына орай, методикалық әдіс-тәсілмен жүргізе алады.

Жалпы діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты-баланың өзіне өзінің сенімін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

7. Экономикалық тәрбие. Бала мектепте, үйде, түзде жүргенде ең әуелі уақытын қадірлей білуі және үнемдей білуі қажет. Онан соң өзінің ой еңбегі мен қол еңбегінің өлшемін, құнын білуі керек. Еңбек құнын үйрететін, сауда мәселесін және құн заңдылықтарын үйрететін сабақтар қажет. Сондай-ақ өз еңбегінің құн мөлшерін қоғамдық бағамен өлшей алып, төлем деңгейін салыстыра білу қажет. Жалпы халқымыз есеп білмегенді мақұлыққа босқа теңемеген. Өйткені көп жағдайда қоғамдық еңбек жеке адамның еңбекке деген өзіндік қабілетін бір деңгейде ұстап келді. Сондықтан еңбекке деген ерекше сүйіспеншіліктің өлшемі ескерілмеді.

8. Экологиялық тәрбие. Бұл тәрбиенің мақсаты-бала нәрселердің қадірін біліп, дін аман қалпында келесі ұрпаққа табыс етуі. Оларға: туған жердің, ата-мекеннің тау, тас, орман, көл, өзен, су, топырақ, аспан мен жері жатады.

Халқымыздың «Бұлақ көрсең көзін аш», «Топырақ шашпа», «Жерді шұқыма», «суды төкпе» деген ескертпе сөздерінің мағынасын біліп өсуі;

Өсімдіктер мен жануарларды аяп сақтап, мұны да келесі ұрпаққа көбейтіп тапсыруы;

Адам өмірге келген қонақ. Табиғат-Мәңгі. Сондықтан бала табиғаттан алған барлық қорегінің көзін тауыспай, не жоғалтып не бүлдіріп алмай келесі ұрпаққа табыс етуге парыздар рухында тәрбиелену керек. Халқымыз «Жақсылықты адамның мыңына жасағанша, айуанның біріне жаса» деген сөзінің астарын түсініп өсуі, яғни тілсіз жан-жануарға қамқор болу парыз деп түсіну. Сондай –ақ табиғатты бүлдіруге, жануарларын қыруға ешкімнің құқы жоқ екенін білуі тиіс.

Ұлттық болмыс сана-сезімнің әлсіреуінен Арал, Балқаш тартылып, Көкшетаудың 80 көлінен 4-ақ көл қалуы дәлел. Сол жерді мекендеген халықтың үлкені мен кішісі болып ешбір алаңдаушылық тудырмай келді.

9.Құқылық тәрбие (праволық тәрбие)

Оқушылар өмірдегі қажетті білімді, барлық қасиетті тәрбиені игерудің жолын негізінен мектептен үйренуге құқы бар. Ал оларды үйрете алмауға мұғалімнің құқы жоқ. «жас кезде алған білім-тәлім- тасқа қашаған жазу» дейді дана халқымыз. Данышпан ұстазымыз ұлы Абай:

Ержеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім-

деп өкінсе, сол өкінішті болдырмайтын қазіргі киелі орда –мектеп.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет