ТӘрбие түрлері және бесік тәрбиесі жоспа р: кіріспе


МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕСІК ЖЫРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



бет2/3
Дата26.06.2018
өлшемі183 Kb.
#44508
1   2   3

2. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕСІК ЖЫРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Балалы үй-базар,

Баласыз үй -қу мазар.


Ата –бәйтерек,

Бала-жапырақ,

Ананың ізін-қыз басар,

Атаның ізін -ұл басар.


Ана көркі-алдындағы баласы.
Бала үйдің мерекесі.

Ана-үйдің берекесі

Балалы үй – құт

Баласыз үй-жұт.


Адамның бір қызығы бала деген.

Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар.Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып көп буын қолданып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті, және әрбір ұлтың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті.

М.Жұмабаев.

«Адам ұрпағымен мың жасайды»,-дейді қазақ мәтелі. Иә, ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллион жыл жасап келеді және ол өлі жалғастық емес, сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік дамуының адамзат еншісіне ғана тиісті сол саналы тірлік дамуының бағбаншысы тәрбие. Демек, ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейтесті мәселесі болып келгендігін дәлелдеуі қажет етпейтінін аксиома. Онсыз адамзат ғұмырының мәні мен сәні жоқ.

Адам зат қоғамы бүгінгі даму деңгейіне қаншама ықылым заманды басынан, кешіп әлденеше қоғамдық формацияларды баспалдақ етіп көтерілсе, тәрбие процесінің де соншама бұралаң жолдан өткендегі, әр қоғамның саяси – экономикалық ерекшелігі мен мұрат-мақсатына орай тәрбиелік ұстамы болғаны тарих заңдылық. Бірақ ежелгі тәрбие жөніндегі деректердің тым тапшылығына байланысты бағзы змандардағы балалар әлемінің сипатын бұгінде көзге толық елестету қиын. Балалар әлемі тарихы жөніндегі бұлдыр түсінікке ілессек, тым әрі тереңдеген сайын түсінікке ілессек, тым әрі тереңдеген сайын солғұрлым адаса түсеміз,- деп жазады ол жөнінде Жан-Жак Руссо.

Жалпы халықтың дәстүрлі мәдениеті сияқты жазу-сызусыз, күнделікті тірліктің, тұрмыс- салт пен әдет- ғұрыптың, халықтың дүниетаным мен табиғи жағдайлардың, шаруашылықтың ерекшеліктеріне орай қалыптасып, өмір сүрүдің, ұрпақ өсірудің машықтық әдіс—тәсілі ретінде пайда болып, өмір сүрді. Яғни, қай халықтың өмірінде болмасын халықтың тәрбие хатқа түскен ереже күйінде емес, практикалық негізінде жұрттың этникалық мінезінде өмір сүреді. Ол өмірлік жалпы заңдылықтар мен адамзат қол жеткізген дана пікірлерге, асыл ойларға, тәжірибелік тұжырымдарға бай. Халықтың дәстүрлі тәрбиесі ісі адамзат ойына әрқашан нәр беріп, байытып отыратын осы қуатымен бүгінгі педагогиканың да алтын желісі бола алады. Халық педагогикасы- тамашалаудағы ғана қажет ететін көне дәуір ескерткіші емес, ел тұрмысында, адамдар қарым- қатынасы мен отбасы тірлігінде әлі де болса белсенді қызмет етіп келе жатқан тірі, жанды құбылыс.

Балалар әлемі-кез келген жеке халықтың, әрбір қоғамның, жалпы бүкіл адамзат өкіметінің бөлінбес жанды бөлшегі. Болашағыңды болжайын, ауылыңның жастарын көрсетші,- дейді екен халық даналығы. Сол сияқты бүгінгі бала – ертеңгі келешектің кепілі. Балалар әлемінің күрделі табиғатын тану, оның ғылыми үлгісін жасау қашан да адамзат алдындығы үлкен міндет болатыны да сондықтан.

Балалардың қоғамда алатын орны, олардың әлеуметтік мәртебесі, ересектермен қарым-қатынасы, тәрбие тәсілдері, балалар әлемінің көркем өнердегі образы, олардың жас ерекшеліктері жөніндегі халықтың ұғымы, балиғатқа толу шарттары, әлеүметтік өмірге араласу жолдары, балалардың ішкі әлемі, олардың өздері ғана тән көркем мәдениеті, қызығушылық, қабылдау, ойлау жүйесі, т.б. толып жатқан қат-қабат мәселелер ғылымының сан-саласын тоғыстыратын аса күрделі әлем. Дәстүрлі халық педагогикасында осы күрделі жүйелер аса сәнді үйлесім тапқан яғни, балалар әлемінің халықтың үлгісі ежелден барып, тек оны тереңдей зерттеу үшін педагогика, антропология, психология, физиология, этнография, фольклористика, музыкатану, өнертану тәрізді толып жатқан ғылымдар саласы бойынша іргелі-іргелі зерттеу жұмыстарын қолға алу шарт.

Қазақ халқының дәстүрі ұғымдағы балалар әлемі жөніндегі түсінікке, соған орай орныққан әдеп-ғұрып, тұрмыс салтқа, тәрбиелік іс-әрекеттерге назар аударсақ, халық тәрбиесінде қалыптасқан небір ұлағатты өнегелерді көруге болады мәселен, балаға деген тәрбиелік қам қазақ халқында сәби дүниеге келмей-ақ жасала бастайды. Салиқалы ата-ана келіні жүкті баласымен құрсақ тойын жасап, оны қатты-қайырым жұмыстан босатып, түрлі ауру-сырқаудан, шошынудан қорғаштап, сәбидің құрсақта кінератсыз өсуіне қамқорлық жасайды. Ал сәби дуниеге келген сәтте қазақ жерден көтеріп алған адамға, кіндігін кесу салтында іждағатпен көңіл бөлген.

«Шілде күзет», «Шілдехана», «бесік салу», «ат қою», «қырқынана шығару», «тұсау кесу», «сүндет тойы», «тіл ашар», «тоқым қағар»,сияқты толып жатқан ырым салттар бұл мәселенің өзінше күрделі құрылым екендігін танытады. Ал баланы бағып-қағу, қағу, түрлі ауру сырқаудан емдеудің халықтың әдіс-тәсілдері өзінше сала құрайды.

Аяғы шығып, еңбегі қатып, тілі «р»-ға келген «ойын баласын» тәрбиелеудің ел ішіндегі дәстүрі де педагог-ғалымдар назарына аударуға тұрарлық қызықты да, қызғылықты объект. Мәселен, «Ата көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Ұлың жақсы болсын десең, ұлы жақсымен, қызым жақсы болсын десең, қыз жақсымен ауылдас бол»,- деп келетін мақал-мәтелдердің астарында қаншама мән жатыр.

Төрт түлік малды тіршілігіне тірек еткен көшпелі халықтың тәрбие әлемінің де сол негізде тұғыр еткендігі заңдылық десек, дәстүрлі бала тәрбиесіндегі еңбекке баулу тәсілдерінің өзінен-ақ талай сыр ұғуға болар еді. Мысалға, бала еңбектің әліппесін көзін ашқаннан оқып, оның не екендігін жан дүниесімен сезініп өспек, сондай-ақ бүкіл жан-жануарлар, табиғат әлеміне деген сүіспеншілік те бала көкейіне осы көзден-ақ мысқылдап дариды.

Дәстүрлі тәрбие дағдысы бойынша баланың қабырғасы қатысымен шамасына қарай еңбекке араластырады. Ер бала әке қолқанатына айналып, қыз бала үй ішілік тірлікке қол ұшын береді. Ұлағатты ата-ана «Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің бізге жақсы» деп баланың еңбекке араласуына іждағатпен көңіл бөледі.

Дәстүрлі тәрбие табиғатына тереңдей көз жіберсек, оның күрделі табиғатынан «адамгершілік тәрбие, еңбек тәрбиесі, әскери-патриоттық тәрбие, жыныстық тәрбие» деген сияқты қазіргі педагогикадағыдай іштей бөлінушілік байқалмайды. Халық үшін тәрбие тұтас дүние. Оның мақсаты –адам тәрбиелеу. Сондықтан тәрбие адамға тән асыл қасиеттер жиынтығын бөлшектемей бала бойына тұтас сіңіру тиіс.

Балалар тірлігі-үлкендер тірлігімен біте қайнасып жататын ажырағысыз құрылымның жанды бөлшегі екені белгілі жай. Бірақ баланың жас ерекшелігіне қарай дүниетанымы ересектер көзқарасымен қаншалықты сәйкес келмейтін болса, оның күнделікті тіршілігі, өзіндік өмірлік мұраты, қиял арманы мен ойынмен өрнектелген өмір күйі соншалық керек.

Бала жан дүниесінің аталмыш сипаты поэтикалық образдар таңдаудағы бүкіл балалар фольклорының табиғатын айқындайды. Яғни балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасы. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен тілінің нәрлігімен, ақ пен қараның жігін айқын ажыратқан тәрбиелік маңыздылығымен, эстетикалық талғамдылығымен бағалы.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы болып саналатын Ы.Алтынсаринның 1879 жылы жарық көрген « Қазақ хрестоматиясы» алғашқы оқулық ретінде ғана емес, жалпы қазақ балаларының рухани дүниесіне назар аударудағы алғашқы бет бұрыс еңбек болғаны белгілі. Бұл еңбек жалпы қазақ әдебиетінің балаларға берер тәрбиелік ықпалының зор екендігін алғаш танытумен де бағалы. Өйткені халық дәстүрінде сәби шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап-ақ тәрбие басталмақ, сондықтан бүлдіршінге арналған шығармалардың барлығы баланың әрбір жас кезеңіне лайықталған туындылар. Оларды үлкендердің орындайтындығына қарап тұтас процестен бөліп алуға әсте болмайды. Мәселен, бесік жыры, тұсау кесу жырлары, қуырмаш ойындарын балалардың рухани әлемінен қалай бөле –жара қарауға болады.

Екінші үлкен мәселе, балалар аузында жатталып, олардың рухани кәдесіне жарап жүрген мол мұраның біразы балалардың өз шығармашылығы, дегенмен басым көпшілігі ересектер шығармашылығынан ауысқан, балалар талғамының қайта қайнап, пісіп, «өңдеуден» өткен туындылар.

Бала табиғаты мен ертедегі адамдардың ойлау жүйесінің ұқсастығына А.Байтұрсыновта назар аударады. «Адам анайы шағында баласы сияқты жанды, жансыз нәрсені айырмаған, жандысы да жансызы да бірдей тіршілік ететін, бірдей өмір сүретін сияқты көрінген. Қуыршағын, басқа ойыншықтарын жанды нәрседей көретін балалар сияқты болған. Табиғаттан ұзап кеткен жері болмаған соң, адамның өзі де табиғатпен қатар, табиғатпен жалғас, сабақтас, кезектес сияқты күйде өмір шеккен»-дей отырып шығармалардың бала жанына етене жақын болуының себебін де аңдатады.

Бесік жыры. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Сәби жүрегіне алғашқы рухани нәр ең алдымен осы әлди жыры арқылы сіңеді. Бесік жырларының бүкіл поэтикалық құрылымның бүлдіршіндер табиғатына лайықталғандықтан, алғашқы кезде, бөбек құлағына сөз бен саздың ырғағын сіңіріп, кейіннен таза тәрбиелік қызмет атқаратындығын назарда берік ұстаған жөн.

Баланы бесікке салу рәсімі ауылдастар арасына арнайы тойланып, түрлі әдет-ғұрып салттары, ырым жоралғылар жасалады. Бесік баланы тамақтандырып, бағып-қағуға ғана ыңғайлы емес, оны әнмен тербетіп ойнатып, көңілін алдап, аялап, ардақтауға да қолайлы. Бесік сөзінің көне қолданыстарын көне жазба ескерткіштерінен бастап жазба деректердің барлығын жолықтыруға болады. Бұдан қазіргі түркі тектес халықтар ішінде сәл ғана өзгешеліктермен қолданылатын «бесік» сөзі бұл халықтар ұғымында ертеден бар, бесікті күнделікті тұрмысында көне заманда-ақ пайдаланған деп түюге әбден болады. Қазақ бесігінің жетістігімен қоса, жетілдіретін тұсының бар екендігін кезінде Жұмабаев өзінің «Педагогика» кітабында жазған. Жалпы қазақ бесігін жетілдіріп, күнделікті өмірге ендіру мәселесі кешенді түрде күн тәртібіне қойылуы тиіс. Қазақта баланы бөлерде бесікті отпен аластап:

Алас, алас пәледен қалас.

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас,

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас!

дегендей ырым өлеңдер айтылады.

Дәстүрлі бесік жырына ұзақ жылдар бойы позициялық негізгі қаңқасы толық сақталып Қазақстанның барлық түкпірінде өзгеріссіз айтылатын жырлар жатады. Бұл жырлар негізінен, тікелей балаларға арналған. Бұл жырларды қазақ халқының дәстүрлі бала тәрбиелеу ісінің, халық тұрмысының, ұғым-түсінігінің, арман-мақсатының көріністері мол. Сурып салма бесік жырлары адамның жеке басындағы, тұрмыстағытарих пен қоғамдағы түрлі оқиғалардың әсерінен тауып тарап отырған. Балаға деген махаббат еркелету, айналып-толғану бесік жырының негізгі өзегі. Баланы әлдилей отырып:

Құрығыңды майырып,

Түнда жылқы қайырып -деп тілеуі де бесік жырында жеңіл әзіл, ойын өлең түрінде, болса да өз көріністерін тауып отырады:

Бесік жырының түрлі көріністерін, болашақ ұрпақ жөніндегі халық мұратын танимыз, ошақ басы, бесік қасында отырған қазақ әйелінің мұң шеріне ортақтасамыз. Бесік жырын тереңдей зерттеу ісі, тарихшы-этнографтарға, музыка танушыларға, педагогтарға, тілшілерге, де көп мағлұмат берері даусыз.

Сәбилік ғұрып жырлары. Нәрестенің дүниеге келуі қай халықтың салтында болмасын үлкен шаттық, зор қуаныш. Бұл күнді әр отбасы ұлан-асыр той жасап, атап өтеді, оны ән мен күйдің нәрестеге айтылатын ақ тілектің тиегі ағытылады.. Жиналған жұрт үй иесін мақтап, жас сәбиге арнап жыр төксе. Баланың ата-анасы да:

Қуанып қан жүрегім қақ жарылып,

Қасірет басымдағы қалды арылып.

Ұл көріп, ұлы дүбір той жасаймын,

Атқан соң маңдайымнан, таң жарылып.

-деп өз қуанышын әнмен білдіреді. Шілдехана дастарханы жиылып, ауыл үлкендері қайта сәтте ақсақалдан бата тіленеді.

Шілдехана соңында берілетін бата-ақ сақалды қарияның сәбиге, оның ата-анасына арнап айтқан ақ тілегі. Бұл сәби атына үлкендер тарапынан білдірілетін алғашқы тілек. Олардың мазмұны мынадай болып келеді:

Сары тісті болсын,

Ақ шашты болсын,

Өмірі ұзын болсын,

Уайымы аз болсын.

Сәбилік ғұрып-жырларының басты мазмұны тілек тілеу болса, міндеті- халықтың дәстүрлі түсінігіне байланысты әдет-ғұрып, дәстүрлі салттарды өлең –жырлармен сүйемелдеу. Оның алғашқы негізінде баланы ауру-сырқаудан, сыртқы қауіп-қатерден сақтау жөніндегі сарын басым болса, кейін заман ағымына қарай өзгеріске ұшырап, баланың бағытты өмірі, жарқын болашағы жөнінде ата-анамен үлкендердің тілек тілеу мазмұнына басым бола бастайды.

Мәпелеу жырлары. Нәрестенің дені сау, ауру-сырқаудан аман, әбден шыныққан, ел армандаған мықты азамат болып өсуі үшін туған сағаттан бастап-ақ қам жейтін ата-ана. Халық тәжірибесінде әбден қалыптасқан дәстүрлі әрекеттерді бұлжытпай орындайды: суға шомылдырады, майлап, сылайды, денесін жазып, түрлі жаттығулар жасатады, кеудесіне отырғызып, мойнына, тізесіне мінгізіп, ойната жүріп буынын бекітеді. Бала тәрбиесіндегі осы әректтердің барлығының да әнмен, жырмен, сөзбен сүйемелдене отырып жасалатынын байқау қиын емес.

Мәпелеу жырларының негізіндегі дене жаттығулары өмірлік қажеттіліктен туған. Міне, осындай жағдайлар болмас үшін, сәби денесінің дұрыс жетілуіне қолайлы жағдай туғызу мақсатынан баланың аяқ-қолын созып, әр түрлі жаттығулар жасату практикалық қажеттілікке айналған. Ол сәби денесінің құрыс-тырысын жазып, сергітіп қана қоймайды, жанында жадыратады.

Уату-алдарқату жырлары. Бесік жырының негізгі қызметі-баланы тыныштандырып ұйықтату және ол бесікке жатқан уақытты айтылады, ал уату жырларының міндеті оған қарама-қарсы-тынышсызданған баланы алдандырып, сергітіп, көңілін басқа жаққа аудару, оның орындалуы бесіктен тыс көп жағдайда ойын түрінде келеді. Ал сәбилік ғұрып жырлары міндетті түрде әлдеқандай халықтық ырыммен қабаттасып келетін болса, уату-алдарқату жырларына ол шарт емес. Әлпеш жырларының негізгі қызметі бала денесін дамытуға байланысты жаттығуларды сүйемелдеу болса, уату жырларының басты міндеті-баланы алдандыру, көңілін сергіту, алдарқату, ойнату болып келеді.

Қазақ халқы арасында кең таралған содай уату жырының бір түрі-қуырмаш. Жылап отырған баланың (ақылын) алақанын алып: «Қуыр-қуыр, қуырмаш, тауықтарға бидай шаш»,-деп бидай қуырғандай етіп қытықтайды да:

Бас бармақ,

Балалы үйрек (сұқ саусақ)

Ортан терек (ортан қол)

Шылдыр шүмек (аты жоқ қол)

Кішкентай бөбек(шынашақ)

Деп әр саусаққа ат қойып, бүгіп шығады.

Содан соң: кішкентай бөбектен бастап:

сен- тұр –қызыңа бар

сен тұр-қойыңа бар,

сен тұр-жылқыңа бар,

сен тұр-түйеңе бар.

Сен-қария

Қазан түбін жалап,

Үйде жат,- деп әрқайсысына міндет жүктейді.
Ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара,

Он бес жасқа дейін қосшыңдай сана,

Он бестен асқан соң досыңа бала
Ата көрген-оқ жонар,

Ана көрген тон пішер


Ата өнері-балаға мұра.

Ата кәсібі-бала несібі.


Өнерлі бала елдің көркі,

Үкілі қамыс көлдің көркі.

Талабы жоқ жас-

Қанаты жоқ құс.


Ақ шашты ана:

«Жатығым-балам» дейді.

Ақылды бала:

«ай күнім-анам» дейді.

Өсер жастың алдын кеспе,

өсер ағаштың бұтағын кеспе.

Малдың төлі болса, адамның баласы бар. Оларды ойлы да тілді етіп, еңбекке баулу-халықтың үлкен қуанышынан саналған. Әйел бала туса, оған шілдехана жасаған. Шілдехана кезінде жастар жиналып. өлең айтқан. Ауыл шамы қырық күнге сөнбеген.

Өмірге жңа келген сәби өсіп, жетім келе әжесінен ертегі, аңыз жұмбақ, жаңылтпаштар үйреніп, ойы мен түрін дамытатын болған. Мұны халықтың рухани тәрбие дейміз. Ертегі, мақал,жұмбақ, жаңылтпаш білмеген білгенін айта алмаған баланы «мылқау» деп, оған жұрт күліп қараған. «Тіл десем тимейді, тиме десем тиеді» деген жұмбақ баланың тілін, әрбір дыбыстың қайдан шығатынын білдірсе, саусақтарға «бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шүлдір шүмек, кішкене бөбек» деп ат қойғызу баланы санға үйреткен. «Бір дегенім-білеу, екі дегенім-егеу, үш дегенім-үскі, төрт дегенім-төсек, бес дегенім -оймақ, он бір қара жұмбақ» деген сөз кестелері баланың лексикасын байқатқан. Ол кезде жас балалар әрбір үйдің жан санын жұмбақтап, шешуін тауып отырған ондай жұмбақтарды: «Нешік? Екі құлағы тесік, ешкің арық қойың сарық» деп бастаған. Мұндай өлеңдерде бір-біріне айтылған сұрақтар да кездесіп отырады.

-Ауылың қайда?-Қошқар тауда

-Асқар тауда.-Қойың не жейді?

-Қайың қайда?- -Жусан жейді.

Баланы төсектеп тұрғызып, бірін қойға, бірін жылқыға бірін сиырға, түйеге жұмсаған тіршілік көрінісі де өлеңге арқау болған. Төрт түлік мал жөніндегі жырлардың балаларға лайықтаған саласы аса көркем әрі қызық. Олардың мазмұны көбіне күлдіргі болып келеді.Мысалы, «Қой мен ешкіні айтысы» жайындағы өлең оқуға жеңіл мазмұнды әрі әсерлі.

Мұнда ешкі:

-Менің жегенім жантақ

сенің жегенің жантақ.

Сенің құйрығың неден жалпақ?-десе қой:

-Менің жегенім ошаған,

Сенің жегенің ошаған

Сенің құйрығың неден шошайған?-деп жауап қайырады.

Айтыс үстінде олар бір-бірін мінеп сынайды. Қой сүт майым көп, сол себепті мен малдың құтымын десе, ешкі де қарап қалмайды. Ақыры бұл екеуі бірі біріне топалаң келсін деп бақ таластырады.

Жаңбырсыз жаздың ыстық аптабы мен аязды қыс малға қандай қолайсыз болса, түрлі індетте оларға жеңіл тимеген. Өйткені мал ауруы-жұттың бір түрінен саналған.

«Түйе, түйе, түйелер» деген өлең жас буынды бір жағынан еңбекке баулыса, екінші жағынан оларды тілге үйреткен.

Бала:

Түйе,түйе,түйелер!



Тұзың қайда, түйелер?

Түйе:


-Балқан таудың басында,

Болды қоян қасында.

Бала:


Еніп кеттім егіске,

Қойным толды жеміске.

Жемісімді жерге бердім.

Жер маған жусанын берді.

Жусанды мен қойға бердім.

Қой маған қошақанды берді

Қошақанды мен қонаққа сойдым

Қонақ маған қамшысын берді.

Қамшысын қызға бердім

Қыз маған түймесін берді

Түймені көлге бердім

Көл көбігін берді

Көбікті терекке бердім

Терек маған қабығын берді

Қабықты келіншекке бірдім

Келіншек орамалын берді

Орамалды апама бердім

Апам асық берді.

Асықты мұзға бердім,

Мұз суын берді.

Суын қара сиырға бердім.

Қара сиыр сүтін берді.

Сүтті пісіріп отыр едім.

Көбелек келім күмп етті,

Көбігін ішіп ол кетті,

Жапалақ келіп жалп етті

Жартысын ішіп ол кетті

Сауысқан келіп саңқ етті

Сарқып ішіп ол кетті

Әтекем келіп еді

Қаспағын қырып бердім.



Қаза дәстүрінде баланы әлдилеу, жұбату ойнату, тәрбиелеу үстінде оның алдына неше алуан тілек-мақсат қою өлеңмен, жырмен, әнмен, көркемсөз айшықтарымен айтылған ауыз әдебиетінің дәстүрлі түрлерімен отбасында сәбилік шақтан таныс бола бастайды. Бесік жыры мен қатар хайуанаттар жан-жануарлар айтысы, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаш сөздер, мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер – бәріде баланы қызықтырып, оны қуынышқа бөлейді. Сөз өнерінің әдемі өрнектері олардың сөздік қорын байытып бірден-бір мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра береді.

3. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕСІК ЖЫРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІН ҰҒЫНДЫРУ ЖОЛДАРЫ

Бесік тойы

1-жүргүзуші :

Атамыз қазақ "Бесіксіз үйде береке жоқ " деп түйді . Баланы өмірдің жалғасы, мәні мен сәні деп бағалайды. Ежелден от басында баланың көп болуын тіледі. " Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде жанған шамы бар " дейтін сөздер соны анғартады.

2-жүргүзуші

Қазақ халқында балаларға деген қамқорлық, оның аман-сау өсуіне тілектестік бала тумай тұрып жасалады. Мысалың:аяғы ауыр әйелге жук көтертпеуге, жерік кезінде сүйген асын тауып беру, құрсақ той жасау, өнерлердің келінін ана болуға дайындауы. Халықта «екіқабат келін жыласа, бала жасық болады» деген түсінік бар. Сондықтан парасатты енелер келіннің көтеріңкі көңіл күймен жүруін қадағалаған. Арагідік "Келін көңілі " деп аталатын жастардың бас қосуын ұйымдастырып отырған.

1-жүргізуші :

Әйел толғата бастағанда енесі, көрші "Жарыс қазан " асу қамына кіріседі. Самаурын қойылып,

Сүт пісіріледі, үй ішіндегі әбдіре ашылады. Теңдер шешіледі . Бұл "Әбдіре ашылғандай, тең шешілгендей, түйін тарқанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері шілде күзет шілдехана күзет өткізіледі. Әйелдің әл-қуатын жыиып, белі бекіп кетуі үшін оған арнайы мал сойылып, қалжа беріледі. Бұл дәстүрдің сақталмауы кешірімсіз жағдай деп бағаланған. Тілімізде "Сені туғанда шешең қалжа жемеді –ау "деген ренішпен айтылады сөз сақталған. Б ала туылғаннан кейін бес күн өткесін баланы бесікке салған.

1-жүргізүші:

Көшпелі халықта баланы жел-құздан, суықтан әр түрлі аурудан сақтайтын, тыныш ұйықтататын асыл мұраның бірі – бесік . Бесікте жатқан бөбек таза болады, ұзақ ұйықтайды, суық тимей денсаулығы мықты болып өседі .

2-жүргізүші :

Құрметті халайық! Енді сіздер Бесік салу рәсімін тамашалайсыздар . Бұл рәсімді орындау құрметті ардақты анаға беріледі .

Талшын әже баланы бесікке бөлемей тұрып, бесікті аластап алды.

Ә ж е:

Алас, алас, баладан алас,



Үй иесі келді , пәледен алас.

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас.

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас,

Бісіміллә, келді міне иесі,

Көш,көш, пәлесі!

Бесікті жасап болғасын, әжей тыштымхана ырымы жасады (тыштымхана- бесіктің түбек салатын тесігі).

Ә ж е:

Оу,... ағайын... ағайын!



Баптарынды табайын,

Оттарынды жағайын.

Қанға сіңген дәстүрдің

Көрсетейін талайын.

Ең әуелі сәбиді,

Бесігіне салайын.

Етпеймін мен еш міндет,

Мұрасына жетсең-жет.

Тыштым, тыштым, тыштым-деп,

Тыштым, тыштым, тыштым-деп,

Тыштымхана жасайын,

Дәулетімді шашайын.

Игілікке бастасын

Наурыз тойы ағайын.

Деме кімнің ерені

Арып-шашып келеді.

Қырдың елі өз елі,

Сырдың елі өз елі.

Кәмпит пе елге керегі,

Өрік пе елге керегі,

Мейіз бе елге керегі?

Ішің білсін қыңқ етпе,

Қол тигізбе шүмекке .

Тыштым, тыштым, тыштым-деп,

Қол созыңдар түбекке.

Тыштым, тыштым, тыштым-деп,

Кәні, қол соз түбекке!-деп айқалайды.

Жұрт бесіктің астындағы тубек тұралын тесігіне жаппай қол созып ұмытылады. Өрік, мейіз, кәмпит, т.б. жеміс-жидекке жұрттың уысы толып шыға береді.

-Мұндай неткен көп еді,

Бәрін ... Бәрін береді.

Алма,мейіз өрікті

Үсті-үстіне төгеді.

Қай жағынан өреді?

Мұнша неткен көп еді?-деп жұрт шулайды. Жұрттың уысы жеміс-жидекке толып шыға береді Сонан кейін сәбиді бесікке салады.

Ә ж е :

-Ал бесікке саламын,



Жерге тимей табаным,

Шаң тигізбей бағамын,

Жел тигізбей бағамын,

Ашылғай зор талабың,

Жақсы болғай заманың

Ер жеткенде қарағым.

Алдын кеспе ініңнің,

Алдын кеспе ағаңның.

Сағы сынып жүрмесін

Қарқаралы анаңның .

Ұлы болсаң халықтың

(Қызы болсаң халықтың)

Қлайша мін тағамын.

Мына ұлы өмірдің

Тартсаң дағы азабын,

Қайтпасың еш талабың.

Ана сүтін ақтасаң

Мен де риза боламын!- деп тұлпарға жүген салады (тұлпар- бесік жүгенін сүлгі не басқа бір шүберектен салса да болады). Бір басын байлап, шүберектің бір басын қолына ұстайды. Астына жеті түрлі зат салып (бесіктің белдігіне сүлгі, орамал, шүберек, көйлек, мәйке т.б (тұлпарға мініп алады. Ио,по,по,по. (кемпір "кісінейді")!

-Уа, халайық . . . халайық!

Тұлпарменен шабайық.

Етігіммен су кешіп,

Еділ бойлап келемін,

Жұлығынан су кешіп ,

Жайық бойлап келемін.

Сирағымнан су кешіп,

Сырды бойлап келемін,

Әму бойлап келемін.

Түгел шарлап өтсем де,

Кең дүниенің көлемін,

Бәріне де көнемін.

Тұлпарым да жараулы,

Тұлпарыма сенемін

Иопо-по-по!

Кемпір жер тартып "кісінеп" , тағы ілгері шабады.

-Тұлпарым да жараулы,

Жал-құйрығы тараулы.

Тура ағып өтеді,

Парылдатып танауды.

Мен де білмен аяуды,

Міне, шабыс оңалды,

Нағыз жарау боп алды.

Иопо-по-по!

Кемпір жер тартып "кісінейді" . Жұрт: "Маған сат, маған сат! " деп қаумалайды. Сатады. Пұлын алады. Ио-по-по-по! Кемпір "кісінеп", тағы ілгері шабады.

-Кәні . . . кәні. . . алыңдар,

Алғаныңның бағың бар!

Қора толы қойын бар,

Дала толы түйең бар,

Қойнау толы малың бар,

Үйір-үйір жылқын бар,

Құлды сатып алыңдар,

Ұлды сатып алыңдар !

Иопо-по-по! Кемпір жер тартып "кісінейді". Жұрт: "Маған , маған сат, маған сат! " деп қаумалайды. Сатады. Пұлын алады. Иопо-по-по! . . Тағы ілгері шабады.

-Кәні. . . кәні алыңдар,

Алғаныңның бағын бар!

Алтын менен күмісті

Алқанға салыңдар.

Гауһар менен жаһұтты

Қайдан болсын табындар.

Бар дәулетті салыңдар.

Құлды сатып алыңдар !

Иопо-по-по ! Кемпір жер тартып "кісінейді" . Жұрт: "Маған, маған сат, маған сат! " деп қаумалайды. Сатады Пұлын алады . . . Тұлпардан түсіп, алушыға "құлды" бесігімен береді.

1-жүргізуші: Сәбебі 5-6 айдан соң еңбектейді, ла 9-12 айлығында қаз тұрып, алғаш жүруге талпынады . Сәбі тәй-тәйлап жүре бастағанда, ата-анасы "Балам тез жүріп кетсін" деген ниетпен "Тұсау кесер" тойын жасайды.

2-жүргізуші: Біздің балабақшамызда да тұсауын кесуін күтіп жүрген балдырғандарымыз бар. Олар ..

Енді осы ұлыстың ұлы күні оларға сәт қадам тілеп, тұсауын кесіп жіберейік. . . Тұсау кесу рәсімін құрметті әжелер орындады. Балалардың тұсауын кесіп болған соң, ән орындалды.

Әже:

-Тәй, тәй кәне.



Қаз,қаз бас!

Көрдің міне, жазды алғаш,

Емін –еркін жүргенше,

Бейнетің де аз болмас.

Ұаз басуға құмарсың,

Әлі-ақ еркін тұрарсың.

Зыр жугіріп кеткенше,

Талай-талай құларсың.

Көңіліңе мұң дарытпай,

Аялайтын жалықпай,

Жер-ананың құлыным,

Алақаны мамықтай.

Жаңа ғана бастаған,

Жолыңа нық бас қадам.

Кеш соңында " Сыр сандық ойыны ойналады. Ата-аналар мен тәрбиешілер- салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, музыкалық фольклор, қол тума т.б. ұлттық таным бойынша сайысқа түсті.

1-сұрақ.


Он атаға дейінгі туысқандық қатысты атап беріңіз.

Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туа-жат, жүре-жат, кекжат, жұрағат.

2-сұрақ.

7қазынаны атаңыз.

Ер жігіт Құмай тазы

Сұлу әйел Қыран бүркіт

Ілім,білім Берен мылтық

Арғымақ ат

3-сұрақ

Жеті жұты атаңыз



Құрғақшылық, мал жұт, оба, өрт, соғыс, жер сілкіну, сел жүру.

4-сұрақ


Адамды әдепке тәрбиелейтін қандай ырымдарды білесіз?

Раушан апай: Үйге жүгіріп кірме, босағаны керме, аяғынды (табанынды) тартпа, үйде ысқырма, жағынды таянба, үлкеннің алдын кеспе, құмырсқаның илеуін баспа.

Сұрақ-жауаптың қорытындысы жасалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет