(көркем әдебиет) Күзгі ағаштың суретін салу (сурет салу) Заттарды көлеміне қарай топтасыруға үйрету (математика негіздері)
Серуенге дайындық
Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу.
Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету.
Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).
Түскі ас
Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау: қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»
Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті) Ереже:
Нан ардақты асыл ас
Аттамас оны кәрі –жас
Ақ дастархан үстінде
Қол жумай оны ұстамас. (сөйлеуді дамыту)
Күндізгі ұйқы
Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.
Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Түлкі мен қоян ертегісін оқып беру (көркем әрекет)