Т ы р н а л а р - т ы р н а л а р (Балалар тырналарға ұқсап тізіліп тұрады) Ойынды жүргізуші «Тырналар-тырналар, қане тізіліп тұрыңдар» деп бастайды. Барлық ойыншылар тізіліп тұрады. «Тырналар-тырналар, енді қане жіп болындар» дейді. Балалар жіпке ұқсап тізіліп тұра қалады. Тәрбиеші «Тырналар-тырналар жылан сияқты болыңдар» дегенде балалар жыланға ұқсап, ирелек-ирелек болып тура қалады. Жаттығулар жас ерекшеліктеріне байланысты шапшаңдықпен өткізіледі. Егер ойыншылар ойыннан қателесіп кетсе, ойынды қайтадан бастайды.
Тышқандар мен мысық. Балалар — тышқандар. Балалар - тышқандар өз індерінде отырады (бөлменің қабырғасын жағалай, немесе алаңның жан-жағына қойылған орындықтарға). Алаңның бір бұрышында мысық отыр. Мысықтың рөлін тәрбиеші атқарады. Мысық ұйықтап кеткенде тышкандар бөлмеде жүгіреді. Бірақ мысық оянады, керіліп-созылады, мияулайды және тышқандарды ұстай бастайды. Тышқандар тез қашып кетеді және індеріне тығылып (орындықтағы өз орындарына отырады) қалады. Барлық тышқандар індеріне қайтып келген соң мысық қайта ұйқыға кіріседі. Ойын 5-6 рет қайталанады.
Шыбыққа қалпақ кигізу Балалар тәрбиешінің көмегімен екі топқа бөлініп тұрады. Әр топ баласы белгілі қашықтықта тұрған шыбыққа, кезегімен қалпақты лақтырып кигізеді... Балалар бір бағытты бағыттай білуге үйренеді.
Өз түсіңді тап. Тәрбиеші балаларға 3-4 түсті кішкене жалаушаларды таратып береді: кызыл, көк, сары, жасыл. Түсі бірдей жалаушасы бар балалар, жалаушаның түсімен алдын ала белгіленген бөлменін әр бұрышына жиналады. Тәрбиешінің «Ойнап келіңдер!» деген белгісі бойынша балалар алаңның (бөлменің) әр жағына тарап кетеді. Тәрбиеші «Өз тусіңді тап!» деген кезде балалар өз түстері бар жалаушаның қасына жиналады. Тәрбиеші қай топ бұрын жиналғанын белгілейді. Сонан соң, ойын қайталанада. (5-6 рет)
Ақ доп, қызыл доп Балалар шеңбер болып тұрады. Тәрбиеші түрлі түсті доптарды ортаға көптеп үйіп қояды, Тәрбиеші ақ доп дегенде, қай бала ақ допты, бірінші болып ұстаса, сол бала жеңіскс жетеді. Қай бала доптарды түсіне қарай ажырата отырып, көп жинаса сол жеңіске жетеді. Балалар тәрбиешінің дыбыс беруінің көмегімен ойынды бастайды.
Поезд Балалар колонаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қолдаспай), Біріншісі паровоз, ал қалғандары - вагондар. Тәрбиеші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балаларжүгіреді. «Поезд станцияға жакывдап келеді» - дейді тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте-бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады. Олар жан-жаққа тарап, гүлдср, жеміс, саңырауқұлақтар тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады да, поездің қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталады.