Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет39/40
Дата15.11.2022
өлшемі115,15 Kb.
#158199
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
орта топ қараша циклограмма

«Допты дәлдеп лақтыр»
Балалар екі топка бөлінеді. Екі топтан екі бала шығады. Екі баланың қолына екі доп беріледі, 4-5 м қашықтықта белгіленген орынға ( дөңгелекке) лактырады. Осылай әр топтың балалары допты лақтырып шығады да, қай топтың балалары дөңгелекке көп тигізсе сол топ жеңіске жетеді.
«Күміс алу»
Тәрбиеші жерге тиын теңгелерді шашып тастайды. Балалар екі топқа бөлінеді. Күміс атауға топтың екі баласының қолына кішкентай екі қапшық беріледі. Ойын тәрбиешінің белгісі бойынша басталады. Қай топтың баласы жылдам, көп жинап келсе сол топ жеңіске жетеді.


«Не жедің, тауып айт»
Дәм сезу анализаторы арқылы шешімін табу.Көз жұмып ауызға салған затты шайнап не екенін анықтау.Тәрбиеші әр түрлі дәмдегі көкөністер мен жемістерді алу. Оларды жуу. Тазалағаннан кейін ұсақ бөлшектерге бөлу. Салыстыруға балалардың үстелдеріне қою.Тәрбиеші көкөністермен жемістерді бір балаға дәмін таттырып көзін жұмғызып «жақсылап шайнап қандай жеміс көкөніс екенін тауып айт». Балалар орындағаннан кейін тәрбиеші жемістермен сый көрсетеді.


«Торғайлар мен автомобиль»
Бір бала автомобиль, қалған балалар торғайлар болып орындықтарда отырады. Тәрбиеші торғайларға жем шашып шақырады. Торғайлар жем тере бастаған кезде зырылдап автомобиль келеді. Торғайлар автомобильден қашып орындықтарына отыра қалады.
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшандыққа үйрету.
Құстардың ұшып келуі
Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ қарлығаштар, екіншісі торғайлар. Тәрбиеші қарлығаштар ұшып келді дегенде қарлығаш тобындағы балалар алаңға құстар секілді қолдарын жайып ұшып келеді. Торғайлар ұшып келді дегенде торғайлар тобындағы балалар ұшып келеді.
Сақина жасыру
Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет