Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет6/40
Дата15.11.2022
өлшемі115,15 Kb.
#158199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
орта топ қараша циклограмма

(Сурет салу)

Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге баулу.
Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін үйрету. ( дербес ойын әрекеті).



Түскі ас

Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Сабынмен қолдарын сабындап, киімдерін суламай жуыну. Өзінің жеке сүлгісін тани білуді үйрету. Сүлгіні дұрыс қолдануды дамыту, орнына іліп қоуын қалыптастыру. Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)



Күндізгі ұйқы

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағытуды қалыптастыру. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)
Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдату. Ертегілердің мазмұнын түсінуге дағдыландыру. Электронды құрылғылардан ертегі тыңдату.
(көркем әдебиет)



Біртіндеп ұйқыдан ояту,
сауықтыру шаралары

Өз орындарында отырып керілу, тыныстау жаттығуларын жасату. Ригалық әдіс бойынша сауықтыру.
(дене жаттығулар мен белсенділігі)
Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. Тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)
Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).



Бесін ас

Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.
(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет