Артикуляциялық жаттығу. "Дәмді тосап".
Мақсат-міндеттер.
Жалпақ тілдің ұшын жоғары көтеру және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.
Қысқаша сипаттамасы.
Жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалап, ауыз қуысына кіргізу.
Әдістемелік нұсқау.
1. Жаттығуды орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау керек.
2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.
3.Тіл оңға және солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.
4. Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет. Бала тілін жалпақ қалпына келтірген сон шпательмен тілді жоғары еріннің үстіне қайыру керек.
(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)
Бір екі, бір екі, аяқты аламыз. (марш жасайды)
Адыммен бір келкі, сап түзер баламыз. (сап түзейді)
Біз жауынгер баламыз. (қолдарын бас тұсына қояды)
Бір екі, бір екі, жігерлі ән саламыз. (марш жасайды)
Тізіліп бір келкі, ертең өсіп жеткенде (қолдарын бас тұсына қояды)
Ел қорғайтын боламыз. (қолдарын бас тұсына қойып, марш жасайды)
(сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру)
Серуенге дайындық
Мақсат-міндеттері:
- киімді дұрыс бүктеп салуға, ілуге, аяқ-киімді түзу қоюға машықтандыру;
- өз бетінше жылдам және дұрыс ретпен киіне (шешіне) білуді дағдыландыру;
- шкафқа ілінген, қойылған бас киім, киім, аяқ-қиім сияқты заттарды өз орындарын біліп, тәртіпті сақтауды ұстануға тәрбиелеу;
- ауа райына сай киінгенін қадағалай білуге, киімді, аяқ-киімді таза ұстауға баулу;
- көмек көрсете білуге, алғыс айтуға тәрбиелеу.