Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Еңбек. Құмды қопсыту. (еңбек дағдылары)



бет7/12
Дата29.04.2024
өлшемі35,32 Kb.
#201521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ересек мамыр 1

Еңбек. Құмды қопсыту. (еңбек дағдылары)
Жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, үлкендерге көмектесуге тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Құмнан шаһар жасау.
Балалар ақылдасып не салу керек екенін шешеді. Ұжым болып жұмыс істеу дағдыларын арттыру.



Серуеннен оралу

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын: өз бетінше киіну мен шешінуді, тісін тазалауды жетілдіру. Киімдерді жинау, ілу, ересектің көмегімен оларды тазалау, құрғату. Бейнелеу әрекетінен соң құтыларды, қылқаламдарды жуу, үстелді сүрту.

Түскі ас

Гигиеналық дағдылар
Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ластанған кезде қолды өз бетінше сабынмен жууға, тісін тазалауға үйрету. Тарақты, қол орамалды пайдалана білуді бекіту.
Тамақтану әдебін сақтау. Тамақты асықпай шайнау, асхана құралдарын (қасық, шанышқы), майлықты дұрыс қолдану, тамақтанып болғаннан кейін ауызды шаю.
Көркем сөз
Қасықтарымыз біздің,
Таңқалдырар барлығын!
Қасықтарым сиқырлы,
Тауысады тағамды.
Міне, дәмді тағам! Міне, пайдалы ас!
Қасық түк те қалдырмас!
(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Түскі ұйқы

«Алтын санаған аштан өледі» ертегісін оқып беріп, балаларды ұйықтату. (көркем әдебиет)

Біртіндеп ұйқыдан
ояту,
сауықтыру шаралары

Релаксацияға арналған жаттығу: "Менің көзім"
Мақсат-міндеттер: тыныш ұйқыға қолайлы жағдай ояту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет