Тәрбиелік жүйе штқ 211 білімгері қҰттыбекова еңлік


Тәрбие жүйесін құруда төмендегідей принциптер



бет8/8
Дата25.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#105139
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ТЖТ-СРС1

Тәрбие жүйесін құруда төмендегідей принциптер

  • Тәрбие жүйесін құруда төмендегідей принциптер
  • басшылыққа алынады.

    1)жүйелік принципі;

    2)объективтілік принципі;

    3)оптималдық принципі;

    4)нәтижелілік принципі;

    5)мақсаттың нақты болу принципі;

    6)мәліметтердің дәлдігі принципі;

    7) кері байланыс принципі;

    8) демократилық принцип;

    9) тәртіптілік принципі;

    10) ынталандырушылық принципі;

    11) бастамашылықты марапаттау принципі.

  • Тәрбие жүйесінің даму процесі сипатталады:
  • а)әр түрлі идеялардың тууы және жоғалуы;

    ә)әр түрлі іс-әрекеттердің пайда болуы;

    б)ұжымның қалыпты өмір сүруі немесе күрделенуі.

Тәрбие жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері, олардың ерекшеліктері. Тәрбие жүйесінің қалыптасу деңгейін анықтау өлшемі  

  • Тәрбие жүйесі статистикалық, бір ғана немесе мәңгілік қалыптасқан құрылым болмайды. Ол үнемі өзгереді, дамиды. Оны дамытудағы бірден-бір мақсат - тәлімгерлердің тұлғасын жан-жақты дамыту қажеттілігімен байланысты қарастырылады. Әртүрлі тәрбие жүйесін дамыту бірнеше кезеңдермен жүзеге асыруда мүмкін болмақ. Сондықтан да тәрбие жүйесін қалыптастыру процесі әрі ұзақ және ол жекелеген кезеңдерден тұрады. Олардың қатарында міндеттер, әрекет түрлері, ұйымдастыру формалары қарастырылады.
  • Бірінші кезеңжүйенің құрылуы. Ондағы негізгі мақсат – жаңа педагогикалық жобаны құру, пікірлес ұжымды қалыптастыру. Соған сәйкес, онда белгілі бір әрекеттің түріне қатысты адамдарды көптеп тарта бастайды. Содан кейін біртіндеп дәстүрлерді және оған қатысушы тараптардың өзара әрекеттесу тәсілдерін, құндылық бағдарды қалыптастыра бастайды. Бұл жағдайда жүйені тәртіпке салу жұмысы басымдық танытады. Жаңа мен ескінің арасында күрес болып тұрады. Бұл кезеңде жүйенің қоршаған социуммен өзара әрекеттесуі стихиялық (бей-берекеттілік) жағдайда болады.

Спартаның тәрбиелеу жүйесі

Спартаның тәрбие жүйесі тәні мен жаны мықты әскерилерді даярлауды мақсат тұтты. Оны мемлекет өз мойнына алып, 3 кезеңде жүзеге асырды.

  • Спартаның тәрбие жүйесі тәні мен жаны мықты әскерилерді даярлауды мақсат тұтты. Оны мемлекет өз мойнына алып, 3 кезеңде жүзеге асырды.
  • Бірінші кезеңде (7-15 жас аралығы) балалар оқу мен жазуға және денесін шынықтыруға (жалаң-аяқ жүруге, жұқа сабанның үстінде ұйықтауға) дағдыланды, ауыр дене сынынан өтті, нәпсіден тыйылушылық (аскетизм), аз сөйлеу, қатаң бақылау және тәртіпке үйретілді.
  • Екінші кезеңде (15-20 жас) жастар оқу-жазудан бөлек өлең айту және музыканы меңгерді, аштық пен дене ауыруын көтеруге, өз бетінше тамақ тауып жеуге үйретілді, құлдарды жазалауға қатысты, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәртіпке шақыруға дағдыланды.
  • Үшінші кезеңде (20-30 жас) олар біртіндеп әскери қауымдастықтың толыққанды мүшесі мәртебесіне ие болды. Бұл кезеңде олар найзаны, қылышты және т.б. қару-жарақ түрлерін жетік меңгеруі, сондай-ақ мемлекеттің қажеттілігіне берілгендік және кез-келген уақытта өзінің әскери міндетін атқаруға, өзінің өмірін қиюға даяр болуы тиіс болды.

Назарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет