Верный бекінісі негізінің салынуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы жүздің Ресейге қосылуы туралы тақырыпты жалғастыру. Верный бекінісі салынуының саяси және экономикалық маңызын ашу.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін сүюге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа және өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өздігінен жұмыс істеу, шапшаң ойлау дағдыларын дамыту. Топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, бір- бірін сыйлай білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: «Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту» технологиясы бойынша интерактивті сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері:зерттеу, түсіндіру, сұрақ жауап
Сабақтың көрнекілігі: Карта , тірек сызба, тест жұмыстары
Пәнаралық байланыс: география.
Сабақтың барысы:
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
1. Сынып бөлмесінің санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қадағалау.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын, оқу құралдарының түгел болуын тексеру.
3.Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушыларды 2 топқа бөлу,топтың атауларын өздері таңдайды. Оқушылар өздері «Жетісу» «Алматы» деген сөздерді таңдап алып 2 топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау:
А) «Ұлы жүздің ресейге қосылуы» тақырыбын ауызша сұрау.
Әр топтан 2,2 оқушыға кезекпен бөліп ауызша әңгімелету.
Ә) Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.
1.Ұлы жүздің Ресей империясына қосылуына себеп болатын ХҮІІІ ғ. аяғы мен ХІХғ. 30-жылдарындағы алғышарттар қандай?
2. 1818 жылы Сүйік сұлтан патша үкіметіне нені мәлімдеді?
3.Патша үкіметі 20-30 жылдары Ұлы жүз жерінде қандай саясат жүргізді?
4.Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында қандай бекіністер салынды?
5. Қапал бекінісі қашан салынды?
1.Қызығушылықты ояту.Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында оқушылар өз топтарының атауларына байланысты жұмыс орындайды.Өз топтарының атауларын тарих сабағымен байланыстырады.
ІІ. Мағынаны тану.
Сабаққа мақсат қою.
Мұғалім оқушыларға жаңа сабақты меңгерудің жоспарларын айтып өтеді.
А) Сабақ топтық жұмыс арқылы өтеді.
Ә) СТО технологиясы бойынша ББҮ стратегиясы қолданылады.
Жаңа сабақ барысы:
Интерактивті тақтадан сабақтың жоспары көрсетіледі.
Жаңа сабақ жоспары:
1.Верный бекінісі салынуының алғышарттары.
2.Верный бекінісі.
Жаңа сабақ оқушылармен бірлесе отырып жұмыс жасалыну арқылы түсіндіріледі.Ең әуелі сабақтың негізгі мазмұны түсіндіріледі.
Картамен жұмыс ұйымдастырылады.
Сөздік жұмыс жүргізіледі.Оқушылар сөздік дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жазып мына сөздерді жазғызу.
1. 1782 жылы тұңғыш рет,1837 жылы, қайтадан енгізілген Ресейдегі қадағалаушылық, полициялық күші басым қызмет. Қазақ далапсында тұңғыш рет Ұлы жүзді басқаруда сынақтан өткен.
Интерактивті тақтадағы мәліметтермен жұмыс жүргізіледі.
Тірек сөздер.
Қоқан бөлігі.
Таушүбек бекінісі
Капитан Гутковский
1851 ж 7 шілде
Ақмешіт бекінісі
Майор Перемышельский
Верный
Саз балшық, ағаш дуал
400 отбасы
10. Қапалдан Верныйға
Іле қонысы
Бұғы руы
1857 ж тұңғыш су диірмені
Сыра зауыты
15. Семенов Тянь- Шанский
Пржевальский , Северцов
Ш.Уалиханов
XIX ғасыр 50 жылдары
Тірек сөздердің мағынасын ашу.
Ұлы жүздің оңтүстік аймақтары әлі қоқан билігінде болды. Сондықтан алдағы кезде ол аймақты және қырғыз жерін бөтен билік иелерінен босатып алу үшін дәйекті күрес жүргізу керек болды. Омбы мен Орынбордан жіберілген отрядтар Ырғыз, Торғай, Сырдария өзендері бойынан бірнеше бекініс қамалдар тұрғызды. Бұған дейін бұл өңір Қоқан хандарының билігінде болған. Таушүбек бекінісі Қоқан хандарының билігінде болған. Таушүбек бекінісі Қоқан Қаскелең өзені сағасында тұрған Таушүбек Ресей үшін Қоқан билеушілерді қууды қиындатты. Бұл қамалды алмай Қоқан билігі не соққы беру қиын еді.
1850 жылы капитан Гутковский бастаған 200 қазақтан және 50 жаяу әскерден құралған топ Қапалдан шығып Таутүбекке жақындады. Алайда Алматы өзенінде қырғыздар жасағымен қақтығысқан Гутовский Іле жағалауына қайтып оралуға мәжбүр болды. 1851 жылы шілденің 7- сінде Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілуге мәжбүр болды. 1853 жылы Орынбор генерал губернаторы граф В.А. Перовскиидің басшылығымен іске асырылған әскери қимылдар нәтижесінде Қоқан билеушілерінің Ақмешіт бекенісі Ресейдің қол астына қарады. Енді орыс әскерінің Іле бойына жылжуына жол ашылды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың Сырдария мен Сібір әскери шептерін ұштасыру туралы ұсынысы Петербургке қабылданды.
Верный бекінісі Ұлы жүз приставы майор М.Д Перемышельскиидің отряды 1853 жылы Талғар өзенінің Ілеге құяр жеріне Іле бекетін тұрғызды. 1854 жылы көктемде сол отряд Верный деп аталған бекіністін іргетасын көтерді. Верный Алматы деп аталған ертедегі қазақтардың қоныс қалдықтары сақталған жерде болған еді. Саз балшықтан көтерілген бекініс ағаш дуалмен қоршалды. 1854 жылы күзінде бөренелі ағаш үйлерге және казармаға Іле отрядының 470 солдаты мен офицері келіп қоныс тепті.
ББҮ стратегиясымен жұмыс жүргізіледі.
Мұғалім оқушыларға «Білемін» бағанына Верный туралы өздері білетін мәліметті жазуға тапсырма береді.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
Верный – қазіргі Алматы қаласы. Верныйда ірі жер сілкінісі болған. Верныйға сырттан қоныстанушылар көп келген т.б.
|
|
|
Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтан не білгілері келіп отырғанын жазуға тапсырма береді.
Оқушылар «Білгім келеді» бағанын толтырады және оқиды.
Үйрендім
|
Білемін
|
Білгім келеді
|
|
Верный – қазіргі алматы қаласы. Верныйда ірі жер сілкінісі болған. Верныйға сырттан қоныстанушылар көп келген.
|
Верный қаласы қашан және қалай салынған? Ол кездегі үйлер қандай болған? Верный қаласын кім басқарды? Верный қаласында қандай мәдениет ошақтары болды? Т.
|
Осыдан кейін оқулықтағы мәтін топтарға бөлініп беріледі.
1-топ «Жетісу» 122-бет «Верный бекінісі салынуының алғышарттары»
2 – топ «Жетісу» 123-бет «Верный бекінісі»
Оқушылар мәтінді 3 минут оқиды. Топ ішінде талқылауға 4минут беріледі,қажет болса әр топтың мүшелері толықтырады.
Ой толғаныс
Сабақты бекіту.
Оқушыларға «Үйрендім» бағанын толтыруға тапсырма беріледі
№
|
Сөйлем
|
Дұрыс
|
Қате
|
1
|
Тойшыбек бекінісі Бұхар хандығының билігінде болды
|
|
+
|
2
|
Тойшыбек бекінісін алу 1851 жылы мамырдың ортасында подполковник Карбышев тобына жүктелді
|
+
|
|
3
|
1853 жылы В.А. Перовскийдің басшылығымен Қоқан билеушілерінің Ақмешіт бекінісі Ресейдің қол астына қарады
|
+
|
|
4
|
1854 жылы Перовскийдің отряды Верный бекінісінің іргетасын қалады
|
|
+
|
5
|
1855 жылы жазда Ұлы жүз приставы Қапалдан Верныйға ауыстырылды
|
+
|
|
6
|
1855 жылы Верныйда тұңғыш су диірмені салынды
|
|
+
|
7
|
Шоқан Уәлиханов Верныйда ХІХ ғасырдың 50 жылдарына тұрды
|
|
+
|
Әр топтан 1 оқушы тақырыпты қорытындылайды
Бағалау. Оқушылардың сабаққа қалай қатысқанын мадақтау.
Үйге тапсырма:
1.§19 оқу. Дәптерге хронологиялық кесте толтыру.
2.Верный қаласы туралы қосымша мәлімет оқу.
3. «Алматы – мақтанышым» немесе «Мен Алматы қаласының әкімі болсам...» тақырыбында эссе жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |