Тәрбиемен оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу және ол өзгерістерді қортыдылау туралы



Дата07.02.2022
өлшемі15,41 Kb.
#95766

С есебі


Тәрбиемен оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу және ол өзгерістерді қортыдылау туралы
Рефлеция
«Коммуникация» білім беру саласының «Сөйлеуді дамыту» бөліміндегі «Балабақшадағы ойыншықтар» тақырыбына педагог жеекшілігімен жүргізілетін «Ойыншықтардың атауындағы бірінші дыбысты атайық » ойынын ұйымдастырдым Оқыту барысында ойында балаларға ойын ережесін түсіндірдім.Түсінбеген балаларға түріне қарап білдім, қайталап жеке түсіндірдім. Балаларды екі топқа бөліп ойнаттым,екі топ балалары өздерінің жемістер көгөністердің өз атауларын атап орналастыру барысында балалардың қызығушылығы арта түсті. Бағыт бағдар беріп балаларды бақыладым.Осы ойында бір баланың алғыр шапшаңдығы байқалып ,бір баланың баяу кеш қабылдайтығын байқадым. Бөл ойында 4 К моделі коммуникативтік сыни ойлау көрініс тапты. Балаларға бақыт бағдар беріп әр баланың күшті тұстарымен ,әлсіз тұстарын білуіме тиімді болды. Ересек топ балалары болсада ойынды түсініп тез ойнап кетулері оңай болмады..
Сәтті тұсы: балардың жұптасып тұруы болды,себебі бір бірімен диологты қарым -қатынас жасай алуы болды. Балалардың көкөністер мен жемістердің өз орындарына орналастыруы оларды атап қызығушылықтарын артырды.Балалардың ішіндегі ойынға деген қызығушылығының жоғары балалар болды. Оған дәлел Нұрали есімді бала тапсырманы басқа балалардан бұрын орындап басқа достарына көмектесуі болды.
Сәтсіз тұстары : кейбір балалардың ойынды дұрыс түсінбегендіктен өз мәресіне жеткізе ойнай алмады.Кей балалардың жылдамдық шапшаңдықтарының болмауынан ойынға әлсіз тұстарын көрсетіп ойынның жылжуына кедергі болды.

Шығу жолы:Осы балалардың белсенділігің арттыру мақсатын негізге ала отырып алдағы уақытта балаларға дидактикалық ойын,ширату ойын түрлерін құрастыру және орнына қою ойындарын жиі қолданатын боламын.


«Таным» білім беру саласы бойынша «Математика негіздері» бөлімінде «Сөредегі ойыншықтар» тақырыбында құрылымдалған«Ойыншықтар дүкені» ойынын ойнаттым.Ойын барысында балаға не істеу керектігі жөнінде нұсқау көрсетім.Балалардың ойынға қызықтыру мақсатында балаларды үшке бөліп отырғыздым. «Ойыншықтар дүкені» ойынын ережесімен таныстырдым.Бала ойын ережесіне сәйкес іс әрекеттерді ұғынып алған соң,ойынды өз бетінше ойнап,басқалардың көмегінсіз аяқтай алды. Топ балалары ересек топ балалары болғандықтан бақылауарқылы ойнаттым.4К креативтілік сыни ойлау моделі көрініс тапты.Балалар ойында ережеге сай ойнап нәтижеге жетті. Сұрақ жауап қойып және олардың пікірлерін мұқият тыңдау арқылы бала үнін тыңдадам.Жасаған жұмыстарына кері байланыс беру арқылы өздеріне деген сенімділіктерін арттырдым.Алайда дүкеннен алған ойыншықта рын атап көрсете отырып саусақпен құмда сурет салдырдым.
Сәтті тұсы: балалды дөңгелек үстелге бөліп отырғызғаным ,дүкендегі ойыншыққа қызығушылық танытып ойын ережесін орындауы болды.Уақытты тиімді пайдалана алды.
Сәтсіз тұсы: кей балалар түсіну қабілеттері кештеу болғандықтан ойынды дұрыс ойнай алмады.Кей балалар құмда сурет салу әдісін жасау кезінде ептілігінің баяу екендігін көрсетті.
Шығу тұысы:Алдағы ойындарда көшбасшы балалардың коммуникативтік дағдысын,креативті ойлауын дамытамынойын түрлерін және өз тәжрибемді дамытамын.
«Коммуникация» білім беру саласы «Көркем әдебиет» бөлімі бойынша «Ойыншықтар өлеңі» тақырыбында «Жаңа қуыршақ» еркін ойын түрін таңдадым. Ойын барысында балаларды топқа бөліп үстел үстіне көп ағаш құрастырғыштарды және моншақтар орталарына қойдым.Түрлі түсті баулар үлестірдім. Балаларды сырттай бақылау арқылы әр баланың қабілетін ,кімнің моншақты жіптен өткізе алуы немесе керісінше өтізе алмауы кімнің жылдам немесе баяу қимылдауын,даму

дағдысын,қызығушылын байқауға мүмкіндік туды.осы ойында 4 К моделі кретивтлік көрініс тапты. Балалардың жеке ойнауды жақсы көргендіктен оларды жеке ойнауына мүмкіндік жасадым . Саралаудың бақылау түрін жасадым,бақылаудың жиілік есебін пайдаландым.


Сәтті тұсы:өздері қалауларымен моншақтарды түстеріне сәйкестендірік қуыршаққа моншақ жасады.Саусақ маторикасын дамытты.
Кей балалар ағаш құрастырғыштан қуыршаққа үй жасады.С есімді бала қала ғимараттанын әңгімелей отырып зәулім үй құрастырды.
Сәтсіз тұсы: ойында көп уақытты қажет етуі.Бір –бірімен диологқа түсе алмауы,ептіліктері жоқ балалар моншақты баууға тізе алмауы болды. Балалардың даму қабілеттерінің ,іздемпаздығының аздығынан ағаш құрастырғыштарды дұрыс орналастыра алмады.
Шығу жолы: алдағы уақытта осы ойынды жиі ойнатамын.Балалардың сұрақ жауап дағдысын қалыптастырамын және баяу балалармен жұмыс жасаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет