Тәрбиенің әдістері мен құралдары. Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері



бет3/5
Дата23.10.2023
өлшемі22,6 Kb.
#187530
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тәрбиенің әдістері мен құралдары. Адамгершілік сананы қалыптасты-emirsaba.org

3. Тәрбие құралдары.

Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:
• Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
• заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);
• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
бұқаралық ақпарат құралдары;
• педагогикалық ықпал жасау құралдары.

Тәрбие құрал-жабдығы кең түсінікті қамтиды. Тәсіл деп жеке әсер етуді түсінсек, құрал түсінігі сол тәсілдердің бірлігін білдіреді. Құрал-жабдық - бұл қолданымдағы тәсіл ес бірак әлі әдістікке жете қоймаған шара. Мысалы, еңбек - тәрбие құралы, бірақ еңбекті бағалау, көрсету, қателігін анықтау - бұл ондағы тәсілдер.. Сөз (кең түсініктегі) - тәрбие құралы, бірақ ескертулер, сын айту, теңеу - бұлар тәсілдерге жатады. Осыған байланысты кейде тәрбие әдісі қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен құралдары жүйесі ретінде анықталады, өйткені әдіс құрылымында тәсілдер мен құралдар міндетті түрде бірге қарастырылады.
Әдістердің жақсы, жаманы болмайды, тәрбиелеу жодын алдын-ала оның қандай жағдайда қолданылғанын ескермей тұрып, жемісті-жеміссіз деп жариялауға болмайды. Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.

1. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері.
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, пайымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру):
этикалық әңгіме;
• әңгімелесу;
• пікірталас;
лекциялар;
• өнеге;
• көндіру (суггестия).
Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі - сендіру әдісі арқылы тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, төжірибелі мұғалімдердің сөзі оқу-шыға өтімді болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет