Сабақтың тақырыбы: «Біздің тілегіміз достық»



Дата25.12.2016
өлшемі200,84 Kb.
#4983
түріСабақ
Мұғалім: Айтмұрзаева Әсем

Біздің тілегіміз - достық

Тәрбие сағаты: «Біздің тілегіміз - достық»


Сабақтың тақырыбы: «Біздің тілегіміз - достық»
Сабақтың мақсаты: 
1. Балаларға достың адам өміріндегі маңызы, орны туралы, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру.
2. Балаларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққы, тату, мейрімді болуға тәрбиелеу. Әр балаға өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңіре білуге және өз досын дұрыс танып білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, нақыл сөздер, шарлар, мақал - мәтелдер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Сабақтың тақырыбын жариялап, мақсатын түсіндіру.
1 - жүргізуші: Құрметті, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие
сабағымыздың тақырыбы «Біздің тілегіміз - достық» деп аталады.
Бүгінгі тәрбие сабағымызда 2 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз
1 топ «Сыйластық»
2 топ «Достық»
- Балалар, барлығымыз ойланып қарайықшы «Дос», «Дос болу», «Достық» дегеніміз не? (оқушылар өз пікірлерін айтады).
2 - жүргізуші:
- Дос деген кім?
- Сыр бөлісетін адам
- Мені өте жақсы түсінетін адам
- Көмекке әрдайым дайын адам
- Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
- Сенімді адам
1 жүргізуші: Сендердің достарың бар ма?
Ол қандай адам? Оның қасиеттері, мінезі қандай? (оқушылар өз достары туралы айтып өтеді).
III. Олай болса балалар «ДОС» күншуағын құрастырайық.
Тақтаға «дос»күншуағын сөзін жазу
Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді дос, кешірімді, төзімді ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік
2 - жүргізуші: Дос дегеніміз - өмірдегі ең шыншыл, адал, қымбат жан.«Жаман дос көлеңке дейді» дана халқымыз. Демек, дос деп қиын сәтте арқа сүйей алатын, көмегін аямайтын, сырыңды басқа біреуге шашпайтын ізгілік иесін айтамыз. Қазақта: «Дұшпан күлдіріп айтар, дос жылатып айтар» деген мақал бар. Досыңның шындықты айтқанына байланысты сен мініңді, кемшілігінді түзейсің. Сондықтан өмірде, сөзіне берік, абзал дос таңдау өте маңызды және өзің де осындай жолдас бола білуің керек.
1 - жүргізуші: Достық - адамның бір - бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес болуы. Достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі - сырыңды айтатын, қуаныш - қайғыңды бөлісетін адамның болуы.
Не жетеді нағыз досқа, асылға,
Қуанса да, қайғырсаң да қасында.
Қиналады, сен қиналсаң болғаны
Ұйықтамасаң - ұйықтамайды ол дағы,- деген Шекспирдің сөзі өте дұрыс.
2 - жүргізуші: Балалар сендер «достық» жайлы өлең шумақтар білесіңдер ме?
(оқушылар өлеңдерін айтады).
1 - оқушы
Дос дегенің байлық қой
Басқа байлық іздеме
Досың болса ойнайтын
Қарамайсың түзге де
Досыңменен ұрыспа
Досың барда еркесің.
2 - оқушы
Бір - біріңді бағалар
Дос болыңдар балалар
Дос болсаңдар қуанар
Ата, әже, аналар
3 - оқушы: Дос дегенің ұлы ұғым
Бала кезден бұны ұғын
Достарына әр күні
Сыйла көңіл тұнығын
4 - оқушы
Адал дос барлық жерде екен
Өмірде достың орны ерек екен,
Жақсы дос жадыратса жан дүниеңді
Жаман достар жамандық ойлайды екен.
1 - жүргізуші: Балалар, бізге Айгөлек журналы арқылы хаттар жіберіпті. Осы хаттардың ішінен бір - екі хатты сендерге көмек сұрауда (хатты оқып, оқушылар жағдаятты талдайды).
IY. Пікірталас. Жағдаяттан шығу.
«Достық» және «Сыйластық» топтары
Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді. Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма? Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп ойлайсыңдар?
2. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген - ді.
Жанар кетті алға тез,
Алды - артына қарамай,
«Рахмет» - деп, жалғыз сөз
Айтуға да жарамай!
Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?
2 - жүргізуші:
Балалар бүгін дос және достық туралы көп мәліметтер біледі екенсіздер,
Ендеше достарымызға арналаған
Y «Досымның жүрегі» деп аталатын ойын ойнайық.
Кеудеге тағылған жүрекке бір - бірінің жақсы қасиеттерін жазу. Бәрі жазып болған соң оқу.
YI. Қорытынды
- Балалар достық туралы мақал - мәтелдер білеміз бе?
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды».
2 - жүргізуші: Сонымен балалар енді мен сіздерге мынадай достық ережесін ұсынғым келеді. Осы ережелерді есімізде сақтайық.
«Достық» ережесі.
• Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Мұғалім сөзі: Ал ендеше балалар достық адамдар арасында ғана емес ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да достық болады. Біз Қазақстан дүние жүзі елдерімен достық қарым - қатынас орнатудамыз.
Тәуелсіздік алғаннан бері Н. Ә. Назарбаевтың дана басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық. Бұл күнге біз бірлігіміздің, достығымыздың арқасында жеттік. Біз қазір бірлігі жарасқан елміз. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, қазағым» деп тілек айтамын.
Рефлекция: - Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
Тәуелсіздік таңы арайлап атып, арамызда тек достық болсын дей келе бүгінгі сабағымызды «Достық»әнімен аяқтайық.
Достық
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан. 2 рет
Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы,
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы. 2 рет
Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз,
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз. 2рет
Оқушыларды мадақтау сәті: Бүгінгі өз білімдеріңмен сабаққа белсене қатысып өз ойларыңды білдіргендеріңе алғысымды білдіре отырып, сіздерге «Достығымыз нығая берсін!» деп сөзімді аяқтаймын.

1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін)

Сценарий мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету

Сценарий көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер

Сценарий барысы:

І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!

ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер:

І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері, Қазақ елі – қас сақтай ердің елі. Толқынында тарихтың қуғын көрген, Барша ұлтқа құт мекен болған еді. Зобаланда көп шеккен қасіретті, Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті. Риза көңілменен елге деген, Арнайды барша халқы ақ тілекті.

ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. І жүргізуші: Көші-қонның зерделенген тарихтың, Тарихшылар баяндайды ақиқаттың жай күйін, - деп сөзді лицейіміздің тарих пәнінің оқытушысы Мұстафаев Ербол ағайымызға берейік. Тарихшы «ХХ ғасырдың бас кезі мен Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі Ресейдің көші-қон саясаты», «КСРО-ның 1937-1991 жылдар аралығындағы көші-қон» туралы материалды баяндайды.

ІІ жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн, Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын. Татулығын жырға қосам ұлттардың, Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір, Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл. Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ, Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

ІІ жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.

І жүргізуші: Кең байтақ елімізді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Исмайлов Темірбек ағай. Ендеше, ағай көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жүрегемде таныстым мың тіліммен. Жылағанда жүрегем күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

І жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім.

ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 20 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.

І жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік.

Ұлттық би

ІІ жүргізуші: Мерекелі құттықтау сөз кезегі ардагер – ұстаз Қабыл Арғын ағайымызға беріледі.

І жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешімізде біз 5 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

ІІ жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

І жүргізуші: Ортақ менен жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы, Достығымыз жарасқан.

ІІ жүргізуші: Ортақ бізге бір отан, Ортақ жердің байлығы. Еңбек ортақ, жыр ортақ, Ортақ бізге барлығы.

І жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, орыс биін тамашалауға шақырамыз. Орыс биі, орындайтын №88 топтың оқушылары

ІІ жүргізуші: Мы дружной семьюй живём в Казакстане, Татары, уйгуры и русские с нами. Так пусть же крепнет во веки веков Дружба народов всех возрастов Сөз кезегін орыс ұлт өкіліне берейік.

І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған, Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған. Елім менің биіктігі шарайнам, Қыран құсы көгінде мың самғаған!

ІІ жүргізуші: Бүгін біздің кешімізге өзбек ұлтының өкілі келіп отыр. Олай болса, сөз кезегін кешіміздің қонағы Абуд Баймурадовқа беріледі. Өзбек биін тамашалаңыздар!

І жүргізуші: Ағайын – туған – бар адам, Адалдық үшін жаралған. Бар қымбат туыстық, Баянды болсын тыныштық!

ІІ жүргізуші: Республикам менің, Республикам менің, Айбатым! Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын! Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын, Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

І жүргізуші: сахнамыздың төріне татар биін орындау үшін №88 топтың оқушыларын шақырамыз. ІІ жүргізуші: Өз лебізін білдіру үшін арамыздан татар ұлтының өкілі, қала тұрғыны, ардақты ана Нұрания Валиеваға сөз кезегін береміз.

І жүргізуші: Тілегі бір, Жүрегі бір, Достармен біз біргеміз. Туыс барда құрыштан да, Берік біздің іргеміз!

ІІ жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге, Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде. Қайталанып, жаңарып айтылады, Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, кәріс биін тамашалауға шақырамыз.

І жүргізуші: Келесі кезекті бүгінгі кеште қонақ болып отырған кәріс ұлтының өкілі Ли Людмила Герасимовна апайымызға берейік.

ІІ жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспенгн елміз!

ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүіегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз»

І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

ІІ жүргізуші: Хор «Атамекен»

І жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз лицей директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Мусаев Арман Қонысбайұлына беріледі.

ІІ жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

І жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

ІІ жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын!

І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!

ІІ жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

І-ІІ жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар!
Достығымыз жарасқан

Мақсаты: Қазақстан Республикасының халықтар достығы еліміздің бірлігінің кепілдігі екенін таныту, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Өзге ұлт өкілдерінің республикамызға келуі жайлы тарихымен таныстыру, мағлұмат беру.


1 жүргізуші: Сәлем бердім халқыма,
Сәлем бердім жалпыға.
Сәлемдесу кіреді
Ата дәстүр салтына.
Құрметті қонақтар, «Достығымыз жарасқан» атты Қазақстан халықтарының достығы фестиваліне қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: Кең байтақ жазиралы дархан өлкемде тұрып жатқан, көп ұлтты бауырластар, достар! Мәртебесі көкке жеткен еліміз көптеген жетістікке жетті. Жүзден астам ұлт өкілдері «Отаным - алтын ордам» дейді, өйткені біздің ел - татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі.


Болсын жер мен су ортақ,
Болсын біздің ту ортақ.
1 жүргізуші: Бір шаңырақтың астында қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус, кәріс татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Көп ғасырлар бойы олар бір - бірінің салт - дәстүрін құрметтеп, жерімізді бөлісіп отыр.
2 жүргізуші: Міне бүгін бәріміз адамзат тарихындағы ең көне мерекелердің бірі - Наурыз мейрамын тойлағалы отырмыз. Біздің фестиваліміз осы мейрамға арналған.
1 жүргізуші: Наурыз - Ұлыстың ұлы күні, үлкен мейрам. «Наурыз» парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» не «жаңа жыл» дегенді білдіреді.
2 жүргізуші: Бұл күнді ата - бабаларымыз жыл басы деп есептеп, мерекелік ас - наурыз көже әзірлеген. Адамдар «Ақ мол болсын!», «Ұлыс оң болсын!», «Ұлыс береке берсін!», «Ұлыс бақытты болсын!» деп, бір - бірін құттықтайды. Бұл күні бәрі ән айтып, би билеп, көңіл көтереді, ренжіскендер татуласады.
1 жүргізуші: Міне, бүгін де біз өз өнерімізді ортаға салғымыз келіп отыр, біз де бұл мейрамды қуанышпен қарсы аламыз, себебі біз бір шаңырақтың астында тұрамыз, бұл мейрам бәрімізге ортақ.
1, 2 жүргізуші: Наурыз мейрамы құтты болсын!
Мереке «Наурыз» әнімен ашылады.
2 жүргізуші: Қазақта «Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт, кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, қазақ, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.

Алдарыңызда мектеп хоры. Жетекшісі - Неверова Лариса Евгеньевна.


1 жүргізуші: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

2 жүргізуші: Бағым да,


Барым да сен, ұлы Отаным,
Арым да,
Жаным да сен, ұлы Отаным.
Қанымда қасиетің - гүл атамын,
Мен сені ата - анамдай ұнатамын.
Отаным, оттан ыстық сен екенсің,
Анамның құшағындай кең екенсің.
Байлығым, мақтанышым, берекемсің,
Шаттығы таусылмайтын мерекемсің.
1 жүргізуші: Сахнаға қазақ халқының өкілдерін шақырып, өнерін тамашалайық.
1 Қазақ елі кең байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Қазақстанның тарихы талай мыңдаған ғасырларды қамтиды, жері шежірелі. Талай белестерді өткізген қазақ халқы егемендік алды. Елімізде 16 миллионнан астам адам тұрады.
2 Біз қазақпыз, батырмыз,
Байтақ ел боп жатырмыз.
Біз қазақпыз, арманбыз,
Батыр ел боп қалғанбыз.
Біз қазақпыз қаһарман
Жар салатын жаһаннан.
Біз қазақпыз, арыспыз,
Ер жүректі барыспыз.

3 Домбыраның сүйемелдеуімен «Мен қазақпын» әні орындалады.


4 Қазақ биі (домбырамен)
2 жүргізуші: Орыс, қазақ туыс боп ағаласып,
Қаны, тілі жатыр ғой араласып.
Отбасылық бақыты ортақ болсын,
Қол ұстасып, еңбек ет, далаға шық!
1 жүргізуші: Ортамызға орыс халқы өкілдерін шақырайық.
1 Ресей елінің ресми атауы - Ресей Федерациясы. Астанасы - Москва. Халқы - 143, 2 млн адам. Ұлттық ақшасы - рубль. Ресми тілі - орыс тілі.
2 Мы живем в семье единой, дружной,
Народов всех обычаи храня,
Наш Казахстан - наш отчий дом, где если нужно
Всегда поддержат в трудный миг тебя.
Здесь вольный ветер напевает песни.
О чем поет он, не слыхали ль вы?
О нашей дружбе, о степных просторах,
О верности, о счастье, о любви.
О том, что завещали еще предки:
Беречь Отчизну, как ребенка мать.
И не идти ни на какие сделки,
Чтоб злобный демон смог возликовать.
Я верю в разум всех народов наших,
Кому родным стал домом Казахстан,
Что сделают его счастливей, краше,
И верность дружбе сохранят в веках.

3 Туған жер, алтын бесігім,


Тербеттің мені төсіңде.
Киелі сенің есімің
Жүреді мәңгі есімде.
Туған жер, алтын босағам,
Аттандым сенен қияға.
Апам мен Отан – қос анам,
Қондырған мені ұяма.
4 орыстың ұлттық биі
2 жүргізуші: Қазақ жері - достықтың гүлстаны,
Дарқан өлкем - мерейлі ырыс бағы.
Күрестерде, еңбекте, мерекеңде,
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
1 жүргізуші: Сахнаға шешен ұлтының өкілдерін қошеметпен шақырайық.
1. Ең алғаш рет Патша өкіметі құлағаннан кейін Шешен - Дағыстан имаматы құрылған. 1918 жылы Таулы Республика болды. 1944 жылы өтірік жаламен бүкіл шешендерді Қазақстанға жер аударады. Жерлері РСФСР; Грузияға, Солтүстік Осетиндер мен Дағыстан АССР - на бөлінеді. 13 жылдан соң шындық әлемге паш етіледі. «Халық жауы» деген жала ақталып, 1957 жылы Шешен - ингуш Автономия Республикасы болып жарияланады. Алматыда - 2746 ингуш, 2304 шешен халықтары тұрады.
2 шешен тілінде өлең оқылады.
3 Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос, бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.

Ақпыз, қара, сарымыз,


Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша - бау.

Болсын жер мен су да ортақ,


Болсын кен де, көл де ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
4 шешен биі

1 жүргізуші: Аман боп халқымыз мәңгілік,


Жүрейік достықта сән құрып.
Бірлік пен ынтымақ нығайса,
Атады әрқашан таң күліп.
2 жүргізуші: Кезекті украин халқына берейік.
1 Украинаның территориясы - 603, 7 мың шаршы километр. Астанасы - Киев. Ірі қалалары - Харьков, Днепропетровск, Одесса. Халқы - 48, 2 миллион адам.
2 Украин тілінде өлең оқылады.
3 Қазақ жері маған да болған мекен,
Дүниеде дәл мұндай ел бар ма екен?!
Досқа - дарқан, дұшпанға сонша қатал,
Сүйем оны, сағынып, самғап жетем.
4 Украин биі
1 жүргізуші: Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер.
2 жүргізуші: Қошеметпен алдымызға әзірбайжан халқын шақырайық.
1. Әзірбайжанның ресми атауы - Әзірбайжан Республикасы. Астанасы - Баку. Мемлекеттік тілі - әзірбайжан тілі. Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні. Ұлттық ақшасы - манат. Халқы - 8, 2 миллион адам.
2. әзірбайжан тілінде өлең оқылады.
3. Отанды
Жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана,
Отан - үлкен
Қазақстан - туған ел!

4 әзірбайжан тілінде ән орындалады.


5 «Лезгинка» биі
1 жүргізуші: Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты,
Арнасынан аққан өзен сияқты.
Арынды күй махаббатты шертеді
Туған жерге, Отаныма шуақты.

2 жүргізуші: Құрметті көрермен, татар халқының өнерін тамашалайық.


1 Татар халқының саны - 298954 адам. Татар халқы үшке бөлінеді: волга - оралдық, сібір татарлары, астрахандық татар. Қазақ хандығының құлауынан кейін алғаш татарлар Қазақстанға келіп орныққан.
2 татар тілінде өлең оқылады.
3 Мен бүгін жеткіншек баламын,
Халқымнан өнеге аламын.
Тәуелсіз еліме өлең мен
Жыр арнап, сурет те саламын.
Қазақстаным, ел болдың тәуелсіз,
Шаттанып билеймін әуенсіз.
Балалар еңбегі азат күн,
Қолдайық, қорғайық біз бен сіз.

3 Татар биі


4 Баянның сүйемелдеуімен татар әндерінен папури орындалады.
1 жүргізуші: Далаң үшін, қызба қан халқың үшін,
Жырың үшін кеңейткен жан тынысын
Саған, Қазақстаным, ғашықпын мен
Әншіл, сәншіл, бәйгешіл салтың үшін.
2 жүргізуші: Қазақстан - елім менің,
Қазақстан - жерім менің,
Саған арнап айтылады
Әнім менің.

1 жүргізуші: Қарсы алыңыздар, алдарыңызда біздің қонақтарымыз - әжелер хоры.


2 жүргізуші: Жаныма ыстық мөлдіреген бұлағым,
Адалдықтың тәрізді ол тұрағы.
Асқар тауым, жазық далам, орманым,
Туған өлкем - жерұйығым, жұмағым.
Бала кезден артықсың сен, мекенім,
Сені ғана ардақтаумен өтемін.
Жылдан жылға арта берсін берекең,
Асқақтай бер, жарқын болсын ертеңің!
1 жүргізуші: Біздің ортақ үйіміздің шаңырағы биік, керегесі берік, босағасынан ырыс - дәулет кетпегенін қалаймыз. Оған Қазақстанда тұратын барша халықтың өзіндік үлес қосуымен бір - бір уық болып қадалғанын жақтаймыз. Ашық, көк аспан астында барлық елдер тату - тәтті өмір сүруіміз керек.
Барлық оқушылар қол ұстасып: Біз тату - тәтті боламыз,
Ағайынбыз бәріміз, - деп, қабырғадағы алтын күн суретіне қолдарындағы елдер атауын жапсырады.
2 жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,


Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.

Дос болайық бәріміз,


Жарасып тұр әніміз,
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
1 жүргізуші: Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын! Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

Алдарыңызда «Өз елім» әнімен 9 сынып оқушысы


Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас  халық, біртұтас болашақ  


Мақсаты:   1. Қазақстан-2050» стратегиясын табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет екендігін, елдігіміздің ертеңі бір халық-бір ел- бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын оқушылардың санасына жеткізу, Елбасы саясатын насихаттау 

                      2. Елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелей отырып, жаңа буын өкілдерін қалыптастыру.



Көрнекіліктер:  Слайдтар,   проэктор, компьютер

Өткізілу әдісі:    Фестиваль                          

Фестиваль шарты:

                     1.Ұлт тарихын баяндайтын  слайдтар,  фотогалереялар   негізінде  

                    сол ұлттың   Қазақстандағы өмірін баяндау

                    2.Ұлттық ән-би, ұлттық салт-дәстүрден көріністер көрсету

 

Фестивальға қатысқан оқушыларды марапаттайтын  номинациялар:

1.Ұлттық би

2.Ұлттық  ән

3.Ұлттық көрініс

4.Ұлттық киім

5.Ұлттық тіл

6.Ұлттық дәстүр

7.Ұлттық слайд

8.Ұлттық өнер

9.Ұлттық келбет

 

Қатысушы оқушылар: 8-10 класс оқушылары

Жауапты класс:              

 

 



 

 

 



ҚАЗАҚСТАН - БІРТҰТАС ЕЛ,  БІРТҰТАС  ХАЛЫҚ,  БІРТҰТАС  БОЛАШАҚ

 

1-жүргізуші:Қазақстан–ежелгі ел,бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті.

9«А» класс оқушысы ЫқсанАлтынбектің орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын»

 

2-жүргізуші:  Біз– қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз. (Слайд Қазақ елі)

 

 1-жүргізуші:   Ынтымақ, бірлік, достық, татулық,



                          Бабалардан қалған дәстүр айтулы

                          Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр

                          Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы!

 

2-жүргізуші: Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі.   Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.

 

1-жүргізуші:

Елбасшымыз Н. Назарбаев  «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!   деп сөйлеген сөзінде: 


«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, 
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. 
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды»  деді.

 

 2-жүргізуші:  Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз!  Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.



 

 1-жүргізуші:

Сыр  бойында баулардан, 
Алатаудай  таулардан. 
Сарыарқамдай  даламда, 
Көк аспанның астында 
Бірлігіміз жарасқан 
Қазақ, Өзбек,Қырғыздар. 
Татар, Орыс,Ұйғырдай, 
Ұлттары бар достасқан, 
Бір шаңырақ астында 
Егеменді елімде

Ырысымыз жарасқан

 

 2-жүргізуші:Біздің  Қазақстанда 130-дан  астам ұлт өкілдері тұрады. Бүгінгі «Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ» аттыкешімізде  мектебіміздің оқушылары әр ұлттың   тарихын, салт- дәстүрін  және сол халықтың өнерін сіздердің назарларыңызға ұсынбақ.



 1-жүргізуші:

Тілі басқа тілегі бір біргеміз,


Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз - дей отырып сөз кезегін қазақ халқының окілдеріне береміз. (8 «А» класы-өздері дайындаған  қазақ  халқы туралы слайдпен таныстырады)   Қазақ биі

2-жүргізуші:

Ұлыстармыз тамыр болған ежелден,


Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден!   Сөз кезегі татар халқы өкілдеріне беріледі

(10 «А» класы-   татар халқы туралы таныстырады) Татар тілінде ән

 

1-жүргізуші:  Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, неміс  мәдени орталығына сөз кезегін береміз. (9 «А» класы –неміс  халқы туралы дайындаған слайдпен  таныстырады)  Неміс халқының биін билейді.

2 -жүргізуші:

Ағайын-туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

 Қымбат  бізге туыстық 

Баянды болсын тыныштық!    Сөз кезегі шешен  ұлты өкілдеріне беріледі.   

 (10 «Б» класы- шешен халқы туралы таныстырады), шешен тілінде ән айтады.

 

1-жүргізуші:

Бұралып Гөзал билегенде

Өзбектің асқақ әні тербегенде

Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,

Құрбылар айтыңдаршы қандай пенде. Сөз кезегі өзбек ұлты өкілдеріне беріледі.

 (9«Ә» класы- өзбек  халқы туралы таныстырады.) Өзбек биі

 

2-жүргізуші:

Жақсылыққа, бақытқа

Талпынған әр уақытта

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл - деп сөз кезегін  украин  ұлты өкілдеріне береміз.

 (9 «Б» класы-украин  халқы туралы таныстырады). Украин тілінде ән айтады

 

1-жүргізуші:

Қырғызым өлең десе елеңдеген.

Қара өлең үлкендерге мұра деген - қырғыз ағайындарымызға сөз береміз                                       

(10 «Ә» класы- қырғыз  халқы туралы таныстырады). Қырғызша ән айтады.

   

2-жүргізуші:

Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.  Сөз кезегі кәріс  ұлты өкілдеріне беріледі.

(8 «Ә» класы- кәріс  халқы туралы таныстырады).  

 

Оқушы: Корей ақыны Ен Сен Нен



1937жыл еді.

Поезд жүйткіп келеді.

Терезеден тұрмын қарап таңдана:

Дала, дала, кең дала.

Содан кейін азаптан торыққаным есімде,

Содан кейін қазақтарға жолыққаным есімде.

Құшақ жайып қарсы алғаны есімде,

Құрмет қылып ән салғаны есімде.

Жоқ, ұмытпан,

¥мыта алман жандарды ол,

Достықтың отымен жүрегімді жылытқан.

Қазакстан! Гүлстан! Ғажапстан! Күнстан!

Жеттім сенде арманыма аңсаған.

Қарыздармын. Бас иемін мен саған.

Бас иемін сенде туып,

Сенде ержетіп оқыған,

Саған келіп ес жинаған өзімдей

Кәрістердің атынан

 2- жүргізуші:

                   Қағида еткен бабалар өсиетін, 

                   Қазақтың  шаңырағы-қасиеттім!

                  Ай құшақ,  ақ пейілдің кеңдігіне,

                  Орны бар талай  халық  бас иетін, сөз кезегі орыс  ұлты өкілдеріне беріледі.

8 «Б» класс өқушылары қазақ жеріндегі  орыс ұлты өкілдері туралы слайдпен таныстырады) Орыс тілінде халық әні

 

 1-жүргізуші: Байлықтың  ең  үлкені – халықтар  достығы. Біз  осы  достықты нығайта білуіміз  керек, бір-бірімізді  құрметтеп, еліміздің ертеңі  үшін қызмет  етуіміз  керек. Жасасын, жүрегі  бауырмал  қазақ  елі!



  2-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында  бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.(Слайд)

 

              Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным, 


              Көк туымды қалайша құлатармын. 
              Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
              Бәріміз баласындай бір атаның.
              Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
              Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
              Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
              Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!

 

Ән «Атамекен» Орындайтын 7 «Ә» класс оқушысы Асылхан Асылбек



(Барлық оқушылар ортаға шығады. Қолдарында жалаушалар, шарлар болады.)

Бәрі хормен:«Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ»
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет