Тəрбиенің мақсаты, МƏні мен мазмұНЫ. ДҮниетаным


Тәрбие мақсатының тарихи-қоғамдық, экономикалық формацияларға байланыстылығы



бет3/7
Дата14.12.2021
өлшемі91,38 Kb.
#126955
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1025823663618 Лек.6

3. Тәрбие мақсатының тарихи-қоғамдық, экономикалық формацияларға байланыстылығы.

Тәрбие мақсаты өзгеріп, жылжып отырып, нақты тарихи, қоғамдық сипат алады. Бұндай деректі, тәрбиенің мақсатын ойдан шығаруға болмайтындығына қоғамның даму тарихы дәлел бола алады. Тәрбие мақсатын айқындауда, қоя білуде табиғаттың, қоғамның, адамның оъективті даму заңдылықтарына сүйену қажет. Біз білетін жоғарыдағы келтірілген мемлекеттік саясат пен идеология факторларымен қатар қоғамдық қажеттіліктің маңызы да ерекше. Тәрбие мақсаты жас буындарды белгілі бір қоғамның функцияларын атқаруда тарихи пісіп жетілген қажеттіліктен туады. Осы орайда ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдің : «Қоғамды өзгерту керек, оны өзгерту үшін адамдарды өзгерту қажет, оның жолы тәрбиенің мақсатында» - деп білген.

Қашанда біз білеміз қоғамның қажеттілігін өндіріс тәсілдері, өндіріс күштері мен өндірістік қатынастар сипатының даму деңгейімен айқындалады, олай болса, тәрбиенің мақсаты қашанда қоғамның даму деңгейінің қол жеткен жетістігін көрсетеді. Жоғарыда келтірілген мәнді байланыстарды нақтылай түсу үшін тәрбиенің мақсатының өзгеріп отыруын қоғамдық-экономикалық қарым-қатынасқа байланысты екендігін тарих бетіндегі қоғамдық-экономикалық формацияларға қысқаша тоқталып өткен жөн.

Алғашқы қауымдық құрылыста тапқа бөлушілік болмағандықтан, баланы күнкөріс пен еңбекке баулу мақсаты көзделді. Арнайы тәрбиелік мекемелер болған жоқ.

Ал келесі құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік құрылыстарда тәрбие мақсаты таптық сипатта болды. Кеңестік дәуірде тәрбие мақсаты коммунистік саналылық, коммунистік мақсаттылық бағытта болды.

Сонымен, тәрбие мақсаты қоғамның дамуының қажеттілігімен айқындалып, өндіріс тәсіліне байланысты әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрестің қарқынына, педагогикалық теория мен тәжірибенің қол жеткізген жетістіктерімен қоғамның мүмкіншілігіне, оқу мекемелеріне, мұғалімдер мен оқу-құрал жабдықтары, ақпараттар ағымымен айқындалатынын аңғардық.

Тәрбие мақсаты туралы әр түрлі ой-пікірлер, көзқарастар баршылық. Көне грек философ-ойшылдары тәрбие мақсаты қайырымды, рақымшыл жандарды тәрбиелеу деп түсіндіреді. Мысалы, Платон тәрбие мақсаты сезімді, ерікті, ақылды тәрбиелеу десе, Аристотель шыдамдылықты, әділеттілікті, ар-ожданы таза адамдарды тәрбиелеу дейді. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби «Дүниетанымның кіндігі – адам, оның қолынан бәрі келеді. Тәрбиенің мақсаты рухани дағдыны, жақсы мінез-құлықты тәрбиелеу» деген.

Тәрбие мақсаты туралы шетел ағартушы, педагогтары ой-пікірлері:

- Я.А.Коменский тәрбие күшіне шексіз сенген, тәрбие үш мақсатқа бағытталуы тиіс, олар: өзін-өзі басқару (адамгершілік тәрбиесі), өзін-өзі және қоршаған әлемді тану (ақыл-ой тәрбиесі), құдайға сену (діни тәрбие);

- Ағылшын философы және педагогы Дж. Локк тәрбиенің мақсаты нағыз жігітті тәрбиелеу дейді;

- Француз ағартушысы, философы Ж-Ж Руссо тәрбие мақсаты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру деп тұжырымдайды;

- Швейцар педагогы И.Г.Пестолоцци тәрбие мақсаты адамның қабілеті мен мүмкіншілігін дамыту, табиғи берілген қасиеттерін үнемі жетілдіріп отыру деген;

- Атақты неміс философы Э.Кант тәрбие мақсаты тәрбиеленушіні ертеңгі күнге даярлау деп анықтайды;

- Неміс педагогы И.Гербарт тәрбие мақсаты – адамды жан-жақты тәрбиелеу деп тұжырымдаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет