Тәрбиенің құралдары мен формалары, Тәрбиенің әдістері



бет5/8
Дата07.02.2022
өлшемі52,86 Kb.
#93154
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция

Бірінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге.
Екінші топ. Қоғамдық мінез – құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс – әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелеуші ситуация.
Үшінші топ. Іс- әрекетін және мінез – құлықты ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.
Төртінші топ. Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзін – өзі баға беру әдістер: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау (анкета, ауызша, т.б.). қоғамдық пайдалы іс – әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау.
Тәрбие әдістерінің бұл жіктеуінде ІІІ, ІV топтар ғана қарастырылады. Өйткені І, ІІ топтар дағы тәрбие әдістері Санкт – Петербург ғалымдары жасаған жіктеудегі І, ІІ топтарда баяндалады.
Айрықша қолданылатын ІІІ топтағы әдістер жарыс, мадақтау, жазалау деп тұжырымдайды В. А. Сластенин, Т. Е. Конникова т.б.
Жарыс балалардың ұжымында іс – әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі. Ұжым жарыстың барысында өзінің жетістігі және жарысушы ұжымдардың табысы үшін әрекет жасайды. Жарыс оқушылардың, әсіресе енжар оқушылардың белсенділігін арттырады, жауапкершілігін, ұжымшылдығын дамытады.
Жарысты ұжымдық және дара түрінде өткізуге болады. Ұжымдық түрге сыныптар спорт командалары, оқушылардың өндірістік бригадалары, звенолары арасындағы жарыс жатады. Мұнда негізгі мақсат ар – намыс, құрмет үшін күресу. Жарыстың дара түрлері: жауынгерлік, еңбек даңқы орындары бойынша жорық туралы жақсы әңгімелер сайысы, жақсы әндерді, билерді орындау сайысы т.б. Кейде жарысты дәстүр түрінде де пайдалануға болады. Мысалы: а) үйге берілетін оқу тапсырмасын үнемі орындау ә) сабақ үстінде ескертпесіз жұмыс істеу б) мектеп және үй режимін сақтау в) өте кәрі адамдарды күту, көмектесу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет