Тұлғалық-бағдарлы көзқарас – өзара байланысты түсініктер, іс-әрекет идеялары мен тәсілдер жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру процесін қолдау, оның д
Тұлғалық-бағдарлы көзқарас – өзара байланысты түсініктер, іс-әрекет идеялары мен тәсілдер жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру процесін қолдау, оның дербестігін дамыту.
Қызметтік көзқарас – педагог өз тәрбиеленушілерін мақсат қою және іс-әрекетін жоспарлау, оны ұйымдастыру және реттеу, бақылау, өзіндік талдау және іс-әрекет нәтижелерін бағалауға үйретуі үшін қажет баланың іс-әрекетін қалыптастыру, таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі позициясына ауыстыру бойынша арнайы жұмысты талап етеді.
Құзыреттілік көзқарас – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқушыларда құзыреттіліктерді қалыптастыру мен олардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін ортақ ұстанымдар жиынтығын ескеру.
Әлеуметтік көзқарас – тұлғаның мақсаты мен міндеттеріне әлеуметтік шынайылықтың ықпалын ескеру, осы ықпалдың адам және қоғамға тигізер педагогикалық салдарлары.