Перспективалық жоспарды өтпелі тақырыптар негізінде оқу жылының әрбір
айына тәрбиешілер мен мамандар (қазақ, орыс, шет тілі мұғалімдері, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, логопед, медициналық қызметкер
және т.б.) құрастырады, әдіскермен келісіледі және мектепке дейінгі ұйым
басшысы бекітеді. Штаттық кестеде педагог - мамандар қарастырылмаған мектепке дейінгі ұйымдарда нақты жас тобына Перспективалық жоспарды әдіскер немесе тәрбиеші құрастырады. Перспективалық жоспарлау балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес Үлгілік бағдарлама мазмұнын игерудің
сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етеді.
Үлгілік бағдарламаның мазмұнын іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық»,
«Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру арқылы қамтамасыз етіледі.
Өтпелі тақырыптарды таңдау кезінде педагог мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағыттылығына немесе тәрбиешінің, педагог-маманның жұмыс
тақырыбына, баланың жас ерекшелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне бағдарланып шығармашылық құзыреттілік көрсету керек.
Педагог өтпелі тақырыптарды таңдағанда аймақтық ерекшеліктерді,
балалардың жастарын, мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағытын немесе тәрбиешінің, педагог-маманның жұмыс тақырыбын ескере отырып, шығармашылық құзыреттілік танытуы тиіс.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барлық топтарда Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес өткізіледі ( ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы).
Перспективалық жоспар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың білім беру, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерін орындауды қарастырады.
Педагог білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында Перспективалық жоспарға сәйкес циклограмма құрастырады.
Балаларды қабылдау, ұйымдастырылған оқу қызметі, серуен, балалардың үйге қайтуы және т.б. күн тәртібіндегі процестердің орындалуын қамтитын және өтпелі тақырыптарға сәйкес бір аптаға арналған Циклограмма құрастырылады.