Тәрбиешілерге арналған жадынама



бет33/34
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#118747
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Тарбиеші құжаттары.doc

ҚОРЫТЫНДЫ


Жүйелі құрастырылған жұмыс жоспары айқындықты көрсетеді, қиындықты болжайды, уақытты үнемдейді, жауапкершілікті арттырады, жұмысты жеңілдетеді. Жоспарлаудың маңызды міндеті-әр баланы дер кезінде жан-жақты дамыту және денсаулығын қорғау, эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру.
Педагогикалық процесті жоспарлау педагогтен жоғары деңгейдегі кәсібилікті, жалпы мәдениетті және шығармашылық әлеуетті талап етеді.
Тәрбиеші білім беру салаларын кіріктіре білуі, нақты бағдарламалық міндеттерді шешу үшін балалар әрекетін ұйымдастырудың неғұрлым нәтижелі түрлерін таңдай білуі, балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, түрлі
әдістер мен тәсілдерді педагогикалық негізде үйлестіре білуі тиіс.
Тәрбиелік - білім беру процесі балалар контингентін, олардың жас және жеке ерекшеліктерін, ата-аналардың әлеуметтік тапсырысын ескере отырып құрылуы қажет. Ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлауда тәрбиелік, дамытушылық және білім беру міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ете отырып, сонымен қатар Үлгілік бағдарламаның қажетті және жеткілікті материалында балаларға артық жүктеме берілмеуі тиіс.
Перспективалық жоспарлау оқу жылына құрастырылады. Ұйымдастырылған оқу қызметтерінің саны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарындағы апталық оқу жүктемесінің көлеміне сәйкес болуы тиіс. Өтпелі тақырыптар барлық білім салалары арқылы кіріктірілуі қажет. Тақырып заттық-кеңістіктік дамытушы ортада жүзеге асырылуы тиіс.
Педагог өтпелі тақырыптардың тізіміне, тақырыпшаларды қосып,
өзгерістер енгізе алады. Ұсынылған жоспарлау түрін үлгі ретінде қарастыруға болады. Педагог мақсатқа жетудің түрлерін, әдістері мен құралдарын түрлі ерекшеліктерге (кәсіби, өңірлік, материалдық-техникалық, мектепке дейінгі ұйымдардың ерекшеліктері және т.б.) байланысты анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет