Тергеуші және адвокат психологиясы


Алдын ала тергеудің міндеттілігі



бет2/3
Дата25.11.2022
өлшемі287,89 Kb.
#159730
1   2   3
Байланысты:
ТЕРГЕУ

Алдын ала тергеудің міндеттілігі

Алдын-ала тергеу — қылмыстық процестің кезеңдік сатысы. Оның барысында істің дұрыс шешімін табу үшін маңызды барлық мән-жайлар бойынша тергеуші дәлелдемелер жинап, тексереді. Алдын-ала тергеу қылмыстық іс қозғалғаннан соң басталады да, айыптау қорытындысын прокурорға жолдаған немесе қылмыстық істі доғарған кезде аяқталады. Анықтау жүргізілген істер бойынша Алдын-ала тергеу ол аяқталған соң басталады.

Қылмысты алдын ала тергеу сатысы (алдын ала тергеу және анықтау) – бұл сотқа дейiнгi өндiрiс, оның ұйымдастырылуы барысында дәлелдемелер жиналып, жасалған қылмыстың мән-жайлары, келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi, әрекеттiң қылмыстық-құқықтық жiктелуi туралы тергеу болжамдары құрастырылады. Қолданыстағы қылмыстық iс жүргiзу заңнамасы алдын ала тергеу жұмысы аяқталуының әр түрлi нысандарын қарастырады. ҚР ҚIЖК-нiң 195 бабына сәйкес, алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады. Сонымен, заң шығарушы қылмыстық iстi қысқартуды алдын ала тергеудiң аяқталу нысаны деп есептейдi екен.

Алдын-ала тергеуДің этикасы

Бір жағынан, ол қоғамның адамгершілік-тәрбиешілік әсерін сезінеді;

Екінші жағынан, ол өзі азаматтарға тәрбиелік әсер етеді: егер оның заң талаптарын орындауы әлеуметтік әділеттік ісіне қызмет етсе және оны адамдар терең адамгершілік сипатта деп сезінсе, оның тәрбиелік әсері оң сипатта болады; ал егер азаматтар бұл әрекеттерді әділетсіз және адамгершілікке қарсы деп қабылдаса - кері әсері тиеді.

Ең танымал тергеу ісінің бірі ол жауап алу. Қылмыстық іс-жүргізу кодексінде жауап алу барысында адамгершілік жақ бекітілген. Жауап алып жатырған кезде зорлық қолдануға тыйым салынған.

Уақиға болған жерді қарау. Бұл тергеу ісінің өз адамгершілік жақ қарастыра өтсек. Мысалы, тұрғын бөлмені қарау, әр адамдың тұрғын үйіне және жеке өміріне қабаттасушылық деп саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет