Қылмыстық істе қорғаушы ретінде қатыса отырып,адвокат маңызды іс атқарады:мәселен,айыпталушыға тағылған айыптан қорғау. Тұрақты, жан-жақты, жоғары дәрежедегі қорғау - бірде-бір кінәсіз адам сотталмайды және ешқандай сот немесе сот органдарының шешімі айыпталушының құқығы мен заңды мүдделерінің бұзылмйтындығының кепіл болып табылады. Айыпталушының мүдделерін қорғау әділеттілікті қамтамасыз етудің бірден- бір маңызды бөлігі болып табылады. Адвокаттық әрекетке қойылатын талаптар Қорғаушылық қызметтті жүзеге асыруда адвокат айыпталушыны жан-жақты танып,көптеген факторлар мен оқиғаларды зерттеп, оның өткені мен қазіргі жай-күйін талдау арқылы қорғауды жүзеге асырады, яғни айыпталушының жазасын жеңілдету немесе айыптың мүлдем жоқтығын дәлелдеу үшін барлық жағдайларды қолдану керек. Адвокаттың жұмысының жемісі көбінесес оның адаммен қарым-қатынас жасай білуіне байланысты: қорғаушы, тергеуші, прокурор, сот және басқа да қылмыстық іске қатысушылармен дұрыс байланыс орнату, оның ішінде қорғанушымен психологиялық байланыс орнату,оған психологиялық көмек көрсетудің заңды және нақты мүмкіндіктерін іздестіру, ал кей жағдайларда-нақты психологиялық әсер етіп, қолдау көрсету керек. Адвокаттың кәсіби мінез-құлық нормалары Үйлесімдік айыпкердің қорғаушысына бұл адамның жеке қасиеті ретінде сөзсіз қажет. Дәл осы қасиет адвокаттың адаммен дұрыс байланыс орнатып,қылмыстық іс жүргізу қызметінің субъектілермен қарым-қатынас жақсартуға көмектеседі. Адвокат қызметінде ұйымдастырушылық компонент үлкен роль атқарады. Кез келген қызмет ең алдымен айқын ұйымдастырушылықты талап етеді. Алдын ала тергеу, сот атлқылауы қылмыстық іс жүргізудің құрмдас бөлігі ретінде Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің нормаларымен айқын реттелген. Тергеу амалдарын тәртібі, тергеу істерінің тізбегі және әрқайсысының нақты тәртібі көрсетілген. Әдебиеттер - 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.95ж. – Алматы: Юрист, 2013.
- 2. Адвокаттық қызмет туралы. ҚР Заңы 1197 жылғы 5 желтоқсан N 195.
- 3. С.Тыныбеков. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы, Дәнекер, 2003.
- 4. Қ.Балабиев, Ж.Утенов. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. Алматы, Заң әдебиеті, 2003.
- 5. https://kk.m.wikipedia.org/wiki/Қылмыстық_іс_жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |