Терінің гигиенасы. Терінің және оның қосалқы бөліктерінің (шаш, тырнақ) тазалығына үнемі көңіл бөлініп тұруы қажет. Тері ластанса (кірлесе) түрлі аурулардың пайда болуына әсер етеді. Сондықтан теріні, шашты күніне арнайы сұйық сабынмен (шампунь), түрлі иіс сабынмен жуып тұру қажет. Қол мен аяқтың тырнақтарын өсірмей алып тұруды да ұмытпаңдар! Терінің тазалығына түрлі аурулардың таралмауына киетін киімдердің де әсері бар. Ауа өткізбейтін аяқ киімдер, жасанды матадан тігілген киімдер теріге зиянды әсер етеді. Тері күйгенде көрсетілетін алғашқы жәрдем. Терінің күюі өртке, кей бір химиялықзаттарға, күнге де байланысты. Терінің күйген жерін суық сумен шайып, марганцовканың әлсіз ерітідісімен сүртеді. Егер күйген теріде күлдіреген көпіршік пайда болса, оны жаруға болмайды. Көпіршік жарылғаннан кейін ғана әр түрлі жақпамай жағып таңуға болады. Өте қатты күйген теріге таза таңғыш салып, емханаға жеткізу керек. Қышқылға күйген тері алдымен таза сумен, артынан екі пайыздық сода ертіндісімен жуылады. Тері ауруларынан сақтану. Теріде көп таралған аурудың бірі – теміртекті (лишай). Бұл аурудың көбіне паразит саңырауқұлақтар таратады. Теміртекті шыққан жердегі шаш түседі. Теміртекті ауруы жұқпалы. Әр адам өз жеке басының тазалығына мұқият көңіл бөлуі тиіс. Теріде болатын аурудың тағы бір түрі – қышыма қотыр(чесотка). Бұл ауруды өте ұсақ қотыр кене таратады. Ол саусақтардың арасында, тақымда тері астында тіршілік етеді.Қышыма қотыр ауруы да жұқпалы, сондықтан дәрігерге көріну қажет. Әр адам жеке басының тазалығын сақтауы тиіс. Қорыта айтқанда, теріні таза ұстауға, оны шынықтыруға, гигиеналық талаптарды орындауға бала кезден бастап дағылдану қажет ....
Терінің қалыңдығы
Терінің қалыңдығы 0,5 мм-ден 5мм-ге дейін болады. Ең жұқа тері көздің айналасында және дененің өзге сезімтал жерлеріде орналасқан. Ең қалың тері табанда болады. Оның қалыңдығы 5 мм-ден асуы мүмкін. Әсіресе жалаң аяқ жүретіндердің табан терісі қалыңырақ болады. Ол табанды зақымданудан сақтау үшін қалыңдайды.