ДЕН САУЛЫҚҚА ӘСЕРІ
Жалғыздық: жүрек Адам жалғыз қалғанда ми күйзеліс тудыратын кортизол сияқты
стресс гормондарын шығарады. Бұл өз кезегінде қан қысымына жəне ұйқының
сапасына əсер етеді.
Қорқыныш:
Қорқыныш біздің бүйректерімізді, бүйрекүсті бездерімізді жəне репродуктивті жүйемізді қажытатын
мазасыздыққа əкеледі.
Жек көру: бауыр мен жүрек
Бұл эмоция жоғары қан қысымының пайда болу
қаупін арттырады. Сондай-ақ, ашуланшақ адамдар мінезі салмақты жандарға
қарағанда ағзадағы барлық
жасушаларының тезірек қартаюына бейімдірек келеді. Жек көру, жақтырмау
сезімдері бауырға да зиян. Бір сөзбен айтқанда, сіз бауыр мен өт қабына зиян
келтіретін токсиндері бар лас ауамен тыныстағандай боласыз.
Қызғаныш пен көре алмау: ми, өт қабы жəне бауыр
Қызғаныш ойлауды баяулатады жəне нақтылықтан, салқынқандылықтан айырады.
Сонымен қатар, қызғаныш стресс, мазасыздық жəне күйзеліс белгілерін тудырады,
бұл қандағы адреналин мен норепинефриннің шамадан тыс өндірілуіне əкеледі.