Ғылымда «психикалық денсаулық» және «психологиялық денсаулық» түсiнiктерi
қатар қолданылады. Бiрiншiсi – медициналық категория, екiншiсi – практикалық
психологиялық қызметтiң мақсаты болып табылады. Психикалық денсаулықтың бұзылуы
жүйке-психикалық
науқастардың
пайда
болуымен
анықталады.
Психологиялық
денсаулықтың бұзылуы адамның әлеуметтік бейімделуіне теріс әсер ететін эмоционалды
тұрақсыздықпен, яғни мазасыздықтың өсуімен, өзінің беке басына негативті қатынастың
қалыптасуымен, өзіндік баға деңгейінің төмендеуімен, тұрақсыздығымен, адекватты
болмауымен
байланысты.
Зерттеушiлер
психикалық
денсаулық
мәселесiнiң
психологиялық аспектiлерiн жiктей отыра, баланың психикалық ауытқуларын зерттеуден,
оны стрестiң әсерiнен қорғайтын факторларды талдауға көшкен. Психологтардың
алдында жеке адамның iшкi резервтерiн белсендiретiн, күшейтетiн әдiстер мен
механизмдердi, психикалық, психологиялық денсаулықты сақтауға және қамтамасыз
етуге көмектесетiн амалдарды iздестiру мiндетi тұр.
Достарыңызбен бөлісу: