ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ф-м.ғ.к., профессор С.Ә. Исаев
Ф. Н. Дуйсебаева
1-курс магистранты
ТЕРМИН СӨЗДЕР ТУРАЛЫ
Жалпы қазақ тiлiнде термин жасау iсi Ахмет Байтұрсыновтың 1912 жылы жарық көрген “Оқу құралынан” басталған едi. А.Байтұрсынов бастауыш, баяндауыштан бастап, есiмше, көсемшеге дейiнгi тiл бiлiмiнiң бүгiнгi қолданысындағы терминдердiң түгелге жуығын жалғыз өзi қалыптастырған ренессанстық тұлға. Тiптi әдебиеттану ғылымындағы әсiрелеу, меңзеу, кейiптеу, шендестiру сияқты терминдердiң де атасы А. Байтұрсынов екендiгiн бүгiнгi ұрпақ ол ақталғаннан кейiн ғана бiлдi. Жалғыз А. Байтұрсынов ғана емес, Мағжан – педагогика, Жүсiпбек – психология, Халел Досмұхамедов – зоология, физиология, Ж.Күдерин ботаника терминдерiн қалыптастыруға үлес қосты. Әлiмхан Ермеков математикалық терминдерден бастап, ұлы математика курсына (курс высшей математики) дейiнгi тұтас терминдер жүйесiн жасады. Термин жасау iсiне әдебиетiмiздiң кейiнгi алыптары Мұхтар Әуезов пен Ғабит Мүсiрепов те өз үлестерiн қосты1.
Ал, XVI—XVII ғасырлар аралығы биологияның даму саласында сипаттау кезеңі болып есептеледі. Осы қарсаңда биологияның барлық салаларында тірі ағзалардың түрлері жайлы сан алуан терминдер мен деректі материалдар, жинақтамалар көбейе бастады. Тірі табиғаттың өлшем бірлігін «түр» деп тауып, ағылшын ботанигі Джон Рей (1628—1705) оған ең алғаш анықтама берді. Содан кейін химияның нағыз ғылым ретінде дамуы ХІХ ғасырдан басталып, оған терминдер енгізілді. Негізін салушы ағылшын ғалымы Д. Дальтон болды. Уильям Гарвей – ағылшын дәрігері, Исаак Ньютон – ағылшын математигі, Роберт Боиль – ағылшын химигі және физик және басқа да ғалымдар қазіргі заманғы ғылымның негізін салды.
Біздегі терминологиялық сөздіктер мен әдебиеттердің көпшілігінде термин, терминология, терминологиялық сөздік, термин жасау, халықаралық термин, тіркесті термин сияқты санаулы терминдер ғана қолданылады. Сондықтан бұл құралда осы уақытқа дейінгі қазақ тілінде жарық көрген еңбектердің ешқайсысында кездеспейтін, алайда өзге елдердің терминтанушы ғалымдарының енбектерінде қолданыс тауып жүрген терминдер көптеп саналады2.
Шығыс елдерінде дипломатиялық, сондай-ақ тәржімешілік, сарапшылық қызмет атқаратын мамандар сол елдердің ақпарат құралдарындағы материалдарды оқып, әрдайым жүгініп отырады. Себебі бүгінгі араб әдеби тілін дамытуда баспасөздің алатын орны ерекше. Газет-журналдар тек бағалы ақпараттық материал көзі болуымен шектелмей, тұтас тілді,оның стильдік,грамматикалық сипатын, лексикалық құрамын танып-білуде аса маңызды мәнге ие. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық, т.б.өзгерістердің бәрі мерзімді баспасөз бетінде көрініс табады. Газет тілі-үнемі толығу, қозғалыс үстінде құбылыс. Газет-қоғам өмірінің айнасы. Баспасөз лексикасы тілдің басқа консервативтік салаларына қарағанда өзгергіш, құбылғыш.3
Ал, термин біздің зерттеуімізде субъектінің қабылдауы, ойлауы, танымы және практикалық әрекеті арқылы тілде тұтылған білімдердің байланысы, адам санасында ғаламның ғылыми бейнесіндегі ұйғарылған түсінігі ретінде анықталады. Сонымен қатар, бұл тектес зерттеулер тілдік құрылымды тереңдеп қарастыруды мақсат етеді.
Баспасөз арқылы берілетін ақпарат тілді,тілдік бірліктерді пайдалану жолымен жүзеге асырылады. Ақпараттың берілуі, көпшілікке жеткізілуі стильдің функционалдық ерекшеліктерімен де тығыз байланысты4.
Ертеректе “ diplomat” сөзi де “мәмiлегер” болып бекiп кеткен екен. Осы ұғым тұрғысынан келсек “дипломатия” – “мәмiле” болып шығады. Мәмiленiң ағылшынша аудармасы — сделка. Сонда “ diplomatic relations ”, “ diplomatic intercourse ”, “дипломатический паспорт” дегендi қалай аударуымыз керек. Сол себептi, “дипломатты” – дипломат күйiнде қайта бекiтiп, жоғарыдағы тiркестердi “дипломатиялық қатынастар”, “дипломатиялық қарым -қатынастар”, “дипломатиялық паспорт” күйiнде терминдер тiзiмiне енгiзілді.
— Жалпы кез келген жаңа термин ана тiлiмiздiң тілдік қорын көбейтеді. Оның тазалығынан тiл тазалығы құралады. Бұл iсте тілдік норма аясынан шықпауымыз керек. Кейiнгi кездерде бiз бiр түбiрден өрбитiн немесе iргелес ұғымдарды бiлдiретiн сөздер тобын бiрге қарастыруды тәжiрибеге айналдырдық. Мысалы, залал – loss, зиян – damage, шығын – costs, шығыс – consumption, несие — loan, credit – кредит деген экономикалық терминдер, convicted – сотталған, defendant – сотталушы, witness – куә, witness – куәгер, jurisdiction – соттылық, conviction – сотталғандық атты заң терминдерi де осындай принцип бойынша бекiдi. Кейде осы заманғы ұғымдардан туындайтын жаңа терминдер жасауда қазақ тiлiнiң бай мүмкiндiгi көмекке келедi. Кенеусiз кен (poor ores), еншiлес кәсiпорын (subsidiaries), қарымжы (deposit), қардарлық (mortgage), дәргей (prerogative) терминдерi осылай дүниеге келдi. Бiле бiлген маманға қазақ тiлiнiң термин тудыру мүмкiндiгi аса зор. Әсiресе, әскери терминдер саласында.
Шындығында әскери терминология саласында көне сөздерiмiздi тiрiлту мүмкiндiгi аса зор. Жақында тiлiмiзде ежелден бар айдауыл, қарауыл, жасауылдардың үлгiсiмен К. Юсуптың ұсынысы бойынша кежеуiл (bodyguard) сөзi бекiдi. Бұл бұрын қолданылып жүрген “оққағар” атты жасанды сөздi сәттi алмастырған термин болды. Бұрын түрлi қолданыста болып келген знамя, флаг, штандарт сөздерi жалау, ту, байрақ болып бекiсе, зона, регион, край, территория сөздерi аймақ, өңiр, өлке, аумақ болып ара-жiгi анықтала түстi. Жалпы Мемтерминком жұмысында көп iлгерi басушылық бар6.
— Қалай дегенмен де қазақ тiлiнде термин жасау iсiнде “асыра сiлтеушiлiк” те болғанын ашып айтқан жөн сияқты. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында шет елдермен еліміздің ғылыми-экономикалық, мәдени және т.б. салаларында қарым-қатынас күшейді. Соған байланысты көптеген жаңа терминдік атаулар тілімізге енді. Мысалы: паспортты – төлқұжат, архивтi – мұрағат, музейдi – мұражай, композиторды – сазгер деп аты-жөнсiз жаппай қазақшалауға көштiк. Себебi бұл “терминдер” көптеген заңдарымыз бен нормативтi-құқықтық актiлердiң төрiне әлдеқашан қонжиып отырып алған. “Архив” латынның “архивум” – қатысатын орын сөзiнен, ал “музей” гректiң “мусейон”, яғни “музалар храмы немесе музалар жиналатын орын” деген сөзден шыққанын әрбiр мектеп оқушысы бiледi. Бұл сөздер әлемдегi (Еуропадағы ғана емес) өркениеттi елдердiң б¡рiнде дәл осындай мағынада қолданылып, әр елдiң тiлiндегi сингармонизм заңына сәйкес аздаған фонетикалық өзгерiстермен дәл осылайша айтылып, жазылады. Мәселен, Эрмитажды ұзақ жылдар бойы академик Б.Б.Пиотровский басқарды, қазiр ол музейге оның баласы профессор М.Б.Пиотровский жетекшiлiк етедi. Әлемдегi әйгiлi музейлердiң бәрi – алдымен ғылыми орталық, содан кейiн ғана — көрме. Өйткенi терминдер тiзiмiне түзету енгiзгенмен, Парламент бекiткен заңдарға түзету енгiзу мүмкiн емес. Саз — әуен, мелодия, демек, сазгер әуеншi, яғни мелодист, ал бұл сөздiң бастапқы латынша мағынасы әлдеқайда кең. Орыстар өз тiлдерiнде “музыкант” сөзi бола тұрса да композитордың толық мағынасын бере алмағандықтан, латынша нұсқасын қалдырған. Әлем тiлдерiнiң басым көпшiлiгiнде дәл осы нұсқада, тiптi бастапқы латынша compositor деген жазылуының өзiн өзгерiссiз пайдаланады. Конституциядан бастап бiрқатар конституциялық заңдарымыздан көрiнiс тапқан терминдердiң бiрi — елтаңба, екiншiсi — әнұран. Әуелде бiр атаның, әулеттiң белгiсi ретiнде пайда болып, бiртiндеп қала, губерния, аумақ, тұтас елдiң белгiсiне айналған. Бiз осы сөздiң бiр ғана мағынасын бекiттiк. Ол государственный герб – мемлекеттiк елтаңба, ал сонда қаланың, әулеттiң гербiсiн не деп аударамыз.
Мiне, сондықтан әр терминдi бекiткен кезде оның түбiрлес, iргелес, ұялас сөздерiн тұтас қамтып барып шешiм қабылдаған жөн. “Гимн” сөзiнiң ең бастапқы мағынасы – мадақ жыры (бiздiң ұранымыз әскери терминге жақын). Әуелде көне Грекия құдайларына мадақ жыры ретiнде дүниеге келген жанр. Кейiн христиан дiнiнiң дамуымен шiркеулерде құдайлар мен әулиелердiң атына айтылатын дiни мадақ жыры сипатына ие болған. Француз революционерлерi “Марсельезаны” революциялық гимн ретiнде дүниеге әкелiп, ол аяғында “Интернационалға” ұласты. Бiз бұл iсте асығыстыққа бой алдырдық. Әлем тiлдерiнде “гимн” болып дүниеге келiп, дәл осындай атаумен орныққан терминдi “Әнұран” деп елден бұрын қазақшалап ала қойдық. “ұранның” аудармасы “Елтаңба” мен “Әнұранды” ендi түзету мүмкiн емес, бiрақ болашақта ұлт, мемлекет өмiрiнде алар орны зор мұндай терминдердi үлкен талқылау, таразылау арқылы қабылдаған жөн.
Ал қазақ тiлiнiң терминденуiне келер болсақ, авторды — өзие, телефонды – сымтетiк, радионы – үнжария деп тықпалайтын әжепт¡уiр беделi бар ағаларымыз да жоқ емес. Олардың қатарына редакторды – сарашы, директорды – мүдiр, министрдi – уәзір, тиражды – ұзынсан, антологияны – жыржауһар, техниканы – жасалым, роботты – құлтемiр, микстураны – лайша, рецептi — iшiрткi деп шынымен-ақ “аса құнды” ұсыныс жасап жүргендер де бар. Тәуелсiздiк алған елдердiң туыс тiлдiк орта мен мәдениетке қарай тартылуы заңды құбылыс. Мәселен, осыдан бiрнеше жыл бұрын сербхорват тiлi атты сербтер, хорваттар және герцоговиниялықтардың ортақ тiлi болды. Барлық энциклопедияларда осылай жазылатын. Қазiр сербтер өз тiлiн дербес серб тiлi деп атайды және олар латын әлiпбиiн пайдаланатын елдердiң қалың ортасында отырып, жылдар бойы пайдаланып келген латын графикасын өз ағайындары орыс кириллицасына ауыстырды. Хорваттар өз тiлiн хорват тiлi деп атап, оны шұғыл түрде араб, парсы, түрiк сөздерiнен “тазалауға” көштi. Сербтер мен хорваттардың бұл әрекетiн сөккен көршiлерi болған жоқ, өйткенi әр халықтың өзiнiң тiлдiк, мәдени ортасына қарай ұмтылатыны табиғи процесс.
Ал, араб ойшылдары ғылымға тек қана методологиялық нұсқаулар ғана емес, сондай – ақ көптеген терминдер енгізді: аль хебри - алгебра, аль хемия- алхимия, аль хогол-алкоголь және т.б.
Ғылыми құбылыстар әдетте көптеген латын және грек сөздерімен белгіленеді де, олар көп жағдайда терминдер ретінде қалыптасады. Ал араб оқымыстылары болса сол терминдерді ойлап тапты, ал кейін латын тіліне аударылды. Әрбір ғылымның тек өзіне ғана тән түсініктері мен терминдерден құралған тілі болатындығы белгілі. Грек тілінің көптеген сөздері латын сөздерімен қатар ғылыми терминдер түрінде қолданылады. Бірақ терминдердің өзін арабтар ойлап шығарған.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. Алматы, 1993
2. Күзекова З, Тұяқбаев Т. Қазақша-орысша, орысша-қазақша дипломатиялық қысқаша сөздік. Астана, 1998.
3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: педагогика және психология. Алматы, 2002
4. Құрманбайұлы Ш. «Терминтанушы құралы» сөздік-оқулық.
5. Керім Ш, Фуад М. «Араб баспасөзінің тілі», І-тарау саяси тақырыптағы мәтіндер. Алматы, 2008.
6. Қазақша-орысша терминологиялық сөздік. 19-том.А.,2000-200 б.
7. Қазақша-орысша дипломатикалық сөздік-анықтамалық. (құрастырушы-Жамкенов Б.). Астана, 2006.-500
Резюме
В этой статье освещаются вопросы применения языковых терминов в казахском-английском языках.
Summary. This article highlights the application of linguistic terms in the Kazakh-English languages.
Достарыңызбен бөлісу: |