Клапейрон-Менделеев теңдеуінен кез-келген тұрақты температурада рv-нің р-ға тәуелділігі қысым өсіне паралель тік кескінделуі керек екенін байқаймз. Шын мәнінде барлық газдардың изотермалары, тіпті төменгі қысм аймағында да қисықтарды көрсетеді.
Ордината өсінде минимум нүктелі (р = 0) изотермаға сәйкес температура, Бойль температурасы деп аталады.
Бойль нүктесінен басталатын изотерма, біраз бойлықта абсцисса өсіне паралель, тіке болады, яғни бұл жерде заң сақталады
рv/р0v0 = соnst. (27)
Бойль температурасынан жоғары басталатын барлық изотермалар, үдемелі қисықтар түрінде болады. Ауа үшін Бойль температурасы 54°С тең.
Нақты газдардың қасиеттері, сандық және сапалық қатынаста, өздерінің идеал газдарынан ерекшеленеді.
Идеал газдар заңдары негізінде нақты газдар үшін алынған барлық нәтижелерді, өте үлкен сиреу кезінде дұрыс және жуықталған деп қарастыру қажет (р →0).