Орындаған: Ахилекова М.И.
Қабылдаған: Битибаева Ж.М.
жоспар Реал газдар және олардың қасиеттері. Бойль температурасы туралы ұғым. Ван-дер-Ваальс күй теңдеуі. Термиялық коэффициенттер. Реал газдар және олардың қасиеттері Реал газдаридеал газдардан бұл газдардың молекулаларының ақырғы дербес көлемдерінің болуымен ерекшеленеді және өзара электромагниттік және кванттық табиғаты бар өзара әрекеттесу күштерімен байланысты болады. Бұл күштер кез-келген молекулалар арасында кез – келген жағдайларда болады және молекулалар арасындағы қашықтықтың артуымен азаяды. Молекулалардың аз қашықтыққа жақындауы кезінде тартылыс күштері күрт төмендейді және өте үлкен мәндерге жеткен итеру күштеріне өтеді. Молекулалардың арасында өзара әрекеттесу күштерінің болуына байланысты идеал газдар заңы ешқандай жағдайлардада реал (нақты) газдарға қатаң қолданыла алмайды. Яғни реал газ Клапейрон-Менделеевтің идеал газ күйі теңдеуімен сипаттала алмайды. Реал газдардың әртүрлі қасиеттерін тәжірибелік есептеу кездерінде, сығылу коэффициенті аталатын, қатынас қолданылады:
рV/RТ = С, (26)
Идеал газдар үшін кез-келген жағдайларда рv = RТ және С = 1 болатындықтан, сығылу коэффициенті реал газ қасиеттерінің идеал газдар қасиеттерінен ауытқуын көрсетеді. С-ның мәні реал газдар үшін қысым мен температураға тәуелді бірден үлкен және кем бола алады және тек қана өте аз қысымдар мен жоғары температураларда ол бірге теңеседі.