Екінші жол бойынша CO2 екі сатыда алынады; оларды қосып және бірдей мүшелерін қысқартып қажет реакцияны алуға болады:
а) C (қ)+1∕ 2O2 (г) = CO (г) Н2
ә) CO (г) +1∕ 2O2 ( г) = CO2 (г) Н3
Суммарлық реакция: C (қ)+O2 (г) = CO2 (г ) Н1
Мұнда Н1, Н2, Н3 - сатыларға сәйкес жылу эффектілері.
Гесс заңы бойынша:
Н1= Н2 + Н3
Гесс заңы орындалу үшін екі жолда да бастапқы заттар (C, O2 ) мен соңғы зат (CO2 ) бірдей күйде болуы шарт. Бірдей күй деген – химиялық құрамы, агрегаттық күйлері мен кристалдық модификациясы, реакция жүру жағдайлары бірдей болуын білдіреді.