Термодинамиканың 1-заңының қарапайым процестерге қолданылуы
бет 4/10 Дата 20.12.2021 өлшемі 1,48 Mb. #103718
Термодинамиканы ң 1-заңының қарапайым процестерге қолданылуы. 1) Изобарлық процес қысымның тұрақтылығымен сипатталады. Тұрақты қысымға қарсы ұлғаю жұмысы δА=Pdv интегралдағаннан кейін (43) A=- p(V2- V1) , осыдан A=PV2- PV1 аламыз және (PV=RT) теңдеуді пайдалансақ , изобарлық процестің жұмысының басқа өрнегін аламыз: A=R(T2- T1 ) (44) Термодинамиканың 1-заңынан U = q + А жылудың мына өрнегін алуға болады: qp = U – А = U2 - U1 + P(V2-V1) H = U + PV екенін еске алып жазсақ , qp = (U2 + PV2) - (U1 + PV1) = H2 - H1 = H. qp = H qp = dH (45) qp – система өзгерісінің (процестің) тұрақты қысымдағы жылу энергиясы. Ол процесс кезіндегі энтальпияның өзгерісіне (H) тең және энтальпия күй функциясы болғандықтан бастапқы және соңғы күйге ғана тәуелді. Достарыңызбен бөлісу: