Территорияның туристік-рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мəселелері Соңғы кезде территорияның рекреациялық сыйымдылығы өзекті мəселеге айналып барады. Бұл халық демалысын қамтамасыз етумен жəне рекреация зоналарында табиғатты қорғаумен байланысты. Территорияның рекреациялық сыйымдылығы дегеніміз – бұл осы территорияда бір уақытта бола алатын, табиғаттың тұрақты бірқалыптылығын бұзбайтын жəне демалу жағдайын нашарлатпайтын, рекреанттардың максималды саны. Туристік маршруттың рекреациялық сыйымдылығы – оның қауіпсіздік техникасын бұзбаған жағдайдағы өткізу мүмкіндігі. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, территорияның рекреациялық сыйымдылығын анықтағанда туристік-рекреациялық іс-əрекеттің объектісінен, яғни рекреациялық потенциалдан бастау керек. Рекреациялық потенциал дегеніміз – демалыс пен туризмді ұйымдастыру үшін табиғаттың, мəдени-тарихи жəне əлеуметтік-экономикалық құндылықтардың жиынтығы.
Бағалау ауқымына қарай рекреациялық əлеует пен оның элементтері, аумақтың рекреациялық сыйымдылығы ұғымдарының көлемі өзгереді. Бірінші дəрежедегі экономикалық аудан немесе ел деңгейінде рекреациялық əлеуетке рекреацияның ресурстық бөлігімен бірге шаруашылық əлеуеті де – негізгі қор мен еңбек ресурстары кіреді. Бұларға қарағанда курорттың немесе ұлттық саябақтың функционалды зонасының əлеуеті элементтерінің (мысалы, биотоп) саны əлдеқайда төмен.
Экономикалық аудан немесе ел деңгейінде рекреациялық потенциал рекреациялық ағымның экономикалық даму деңгейіне, халық өмірі деңгейіне, демалыс пен туризм саласына еңбек ресурстарын тарту мүмкіншілігіне тəуелді. Рекреанттар ағымының көлемі елдің (ауданның) ауқымына; туристік рекреациялық ресурстардың көлеміне, тұрақтылығына жəне əртүрлілігі мен кеңістік пен уақыттағы таралуына, қажетті инфрақұрылым дамуына байланысты.
Кейбір ғалымдар рекреанттар ағымы, олардың елде (ауданда) болатын уақыты жəне тұрақты тұрғындар саны арасындағы өзара тəуелділігіне назар аударады. Мысалы, дамушы елдерде халықаралық туризм белгілі бір шамадан асып кетсе, азық-түлік дефицитын туындырады. Яғни, рекреациялық сыйымдылық елдің азық-түлік қабілетін де ескеруі қажет.
Рекреациялық сыйымдылық инвестиция салу мүмкіндігіне де тəуелді. Дамымаған елдер, туристік-рекреациялық ресурстары көп болса да, туризм мен оның инфрақұрылымына инвестиция жасай алмайды. Керісінше олар өзінің туристікрекреациялық ресурстарын аямай қолданып, жалпы рекреациялық потенциалын азайтады. Мысалға, Африка елдерінде аңшылық туризмінің қарқынды дамуы жабайы аңдардың азаюына əкеліп соқты. Кейбір зерттеушілер рекреациялық сыйымдылықты анықтағанда қонақжайлылық сақталатындай туристер мен тұрақты тұрғындар арасындағы пропорцияларға назар аударады. Мұндай қатынас 1:3 аспау керек.
Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеген кезде туристік-рекреациялық пайдаланудың экологиялық аспектісіне назар аударған жөн. Алайда рекреациялық сыйымдылықты тек рекреациялық қажеттіліктер мен табиғаттың оларды қанағаттандыру қабілеті арасындағы қайшылық деп шектеуге болмайды. Оны ескеру керек, бірақ бұл жеткілікті емес. Аумақтың рекреациялық сыйымдылығы мəселесін шешу туралы рекреациялық табиғат пайдалану жөніндегі тарауда айтылатын болады.
Жылдан жылға туризммен айналысатын адамдардың саны көбейіп келе жатыр. Сондықтан олардың табиғатқа тигізетін жағымсыз əсері байқалуда. Бұл жағдайда табиғатқа əсер ететін рекреациялық салмақтың мəселесі де көтеріліп жатыр. Табиғатты деградациядан сақтау үшін жəне рекреациялық əрекетті жүргізуге комфортты жағдай жасау үшін рекреациялық салмақты оптималды қылу проблемасын тез арада шешу қажет. Бұл проблеманың мəні – нормативтер жасау арқылы табиғатқа əсер ететің экологиялық салмақты ғылыми түрде дəлелдеу.
Табиғатқа əсер ететін рекреациялық салмақтың нормативтері туралы мəлімет əлі де аз. Көптеген нормативтер бақылаудың өте аз санына негізделеді, немесе тек қана жобалау мен пайдалану тəжірибесіне сүйенеді. Нормативтер «аудандастырылған» болуы керек, олар нақты ауданның табиғи компоненттерінің, функционалдық зоналарының жəне пайдалану тəртібі арасындағы тепе-теңдігін қамтамасыз етуі қажет.
Дүниежүзілік тəжірибеде туристік-рекреациялық табиғи кешендерді пайдаланудағы нормативтерде біраз үйлеспеуі білінеді. Мысалы, бір рекреантқа бөлінетін жағажай нормасы əр елде əр түрлі: 5 шаршы метрден 15 шаршы метрге дейін.
Курорттардағы құрылыс жүргізу нормаларында да үйлеспеулері көп. Бұрынғы КСРО-да мұндай норма бір төсек орнына 300-500 м2 болған, белгілі «Золотые пески» болгар курортында 150 м 2 , румын «Мамайя» курортында 85 м 2 , ағылшын «Брон-имор» курортында – 53 м 2 . Югославияда Адриатика теңізі жағалауындағы жағажайлар нормативі мынадай болған: бір рекреантқа жағаның 1 метрі жəне ені 10 м (10 м 2 ); серуендеу жері – бір туристке 0,5 га; аң аулау жері – бір аңшыға 2 га.
Польшада рекреациялық жерлердегі туристердің шынайы шоғырлануы 1 гектарға 75-115 адам болған. АҚШ-та келесі шартты стандарттар қолданылады (9-кесте). Табиғи аумақтық кешен тұрақтылығы бойынша анықталатын рұқсатты сыйымдылықпен бірге, аумақтың психофизиологиялық сыйымдылығы болады. Психофизиологиялық сыйымдылығы деген белгілі бір аудан бірлігінде əрбір адамның психофизиологиялық жəне гигиеналық жағдайы бұзылмау шарты орындалып бір уақытта рекреациялық шараларды жүргізу мүмкіндігі болып табылады.
Территорияның рекреациялық пайдалану түрлері
Бір туристке бөлінетін жердің аумағы, м2
Қала маңындағы демалыс зонасы, ойын алаңдары
Жағажайлар
Көңіл көтеру (пикник) алаңы
Жаяу туризм үшін соқпақ жол
Атпен жүретін соқпақ жол
80
18,5
100
80
80
9-кесте
Табиғи кешендер жəне оны құрайтын элементтерінің рекреациялық салмаққа деген шыдамдылығы жағынан айырмашылықтар болады. Поляк географы А. Костровицкий (1970) эксперимент арқылы бір апта бойы 1 га жерінің шөбін таптап 400 өсімдіктің шыдамдылығын анықтады: құрғақ қарағайлы орман 46 адамды, жас қарағайлы орман – 50-90, жас шабындық – 126-196, жайылым – 300 адамды зиянсыз қабылдай алды. Рұқсатты салмақты А. Костровицкий максималді адам саны арқылы анықтап, 8 сағат бойы тынымсыз қозғалып, 1 га жердің шөбін деградацияға дейін жеткізді. Поляк А. Марш бұл анықтамаға мынадай ескерту қосады: деградацияның рұқсатты түрі – 3 м2 тапталған жерде ең болмағанда 1 дм 2 жері толығымен бұзылса бұл деградацияның рұқсатты деградациясы болады.
Табиғи кешеннің тұрақтылығы фитоценологиялық қасиетімен бірге топырақ сипатына, жер үсті көлбеуіне жəне табиғи компоненттерінің сипаттамаларына байланысты. А. Марш мəліметтері бойынша көлбеуі 2-ден 60 дейін болса беткей көлбеуі тапталу жылдамдығына шамалы ғана əсер тигізеді, мұндай əсер көлбеуі 6-120 болса, күшейеді. Көлбеуі 120 асып кетсе шөп тез тапталып кетеді, сондықтан көлбеуі осындай көрсеткіштен асқан аумақтар рекреациялық пайдалануға жарамайды. Топырақтың механикалық қасиеттері де рұқсат берілген жүктеме көлеміне əсер етеді. Мысалға, рекреанттардың құмды жерлерге деген жүктемесі саздаққа қарағанда үлкен болады.
Нормалардың біркелкі болмауының себебі – табиғи кешендер мен олардың элементтерінің шыдамдылығын анықтау əдістемелігінің бірқалыпты болмауында. Табиғи кешеннің туристік ауыртпалығына деген шыдамдылығы – оның өз қалпына келу қабілетінің шектері.
Салмақ (жүктеме) деп бұл белгілі бір мезгіл ішінде территорияда байқалатын рекреанттар санын айтамыз. Егер табиғи кешенге түсетін салмақ қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер туғызатын болса, оны критикалық салмақ деп атайды; критикалық салмаққа жақын, алайда қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер туғызбайтын болса, оны рұқсат етілген салмақ дейді; егер салмақтың нəтижесінде қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер болып қойса, бұл салмақ рұқсат етілмейтін деп аталады
Табиғи аумақтық кешеннің рекреациялық сыйымдылығын рұқсат берілген жүктемені табиғи аумақтық кешені ауданына көбейтіп табамыз.
Соңғы зерттеулердің негізінде жайылым дигрессиясына негізделген рекреациялық дигрессия кезеңдері ережесі қолданылады. Мəскеу төңірегінің орман зонасын зерттеп, 1972 жылы Н.С. Казанская рекреациялық дигрессияның 5 кезеңін бөліп атап шықты:
1. Адамның іс-əрекеті орман кешеніне ешқандай өзгерістер енгізбейді.
2. Адамның рекреациялық əсер сирек кездесетін соқпақтардың жəне жарық сүйгіш өсімдіктердің пайда болуына əкеледі.
3. Соқпақтар мен жарық сүйгіш өсімдіктер жиі кездеседі.
4. Орман өсімдіктері азайып, соқпақ желісі басым болып келеді.
5. Тапталған алаңдарда арам шөптер мен біржылдық шөп түрлері пайда болады, ал шөп төсеніштері мен жас ағаштар толығымен жоқ. 3 жəне 4 кезең арасында табиғи кешеннің тұрақтылығының шекарасы өтеді. Рұқсат етілетін салмақ дигрессияның 3 кезеңіне сəйкес келеді. Қалпына келтірілмейтін өзгерістер 4 кезеңде пайда болады. 1, 2, 3 кезеңдері эстетикалық жағынан тартымды.
Рекреациялық əсерді анықтау жұмыстары рекреациялық салмақты басқару үшін жүргізіледі. Рекреациялық салмақты басқару əдісіне аумақты функционалді зоналарға бөлу қағидасы, сонымен қатар, туристік-рекреациялық ресурстардың пайдалануын реттеу əдістері жатады. Оның ішінде рекреанттарды тəртіпке келтіру, яғни зиян келтіретін əрекеттерге тыйым салу; өсімдік жамылғысын қалпына келтіру үшін тыңайтқыштарды пайдалану; жерді қайта өңдеу шараларын жүргізу.
Жасанды соқпақтар жасап, аумақты абаттандырғанда, оның сыйымдылығы табиғи сыйымдылығымен салыстырғанда 6 есе өседі. Табиғи кешендеріне түсетін ауыртпалықты оңтайлы қылу, туристік-рекреациялық ресурстарды қорғау мақсатында демалыс аудандары мен зоналарының аумақтық ұйымдастырылуын іске асыру қажет. Б.Б. Родоман (1976) қала маңы демалысын ұйымдастыру мақсатындағы аумақтың зоналауының сызықтық-торлық принципын ойлап тапты. Өзінің теориялық схемасында жерді рекреация мақсатында пайдалануының үш деңгейімен айқындалатын үш зонаны: І – жоғары, ІІ – орташа, ІІІ – рекреациялық пайдаланудың төмен деңгейі атап шықты
Рекреациялық аумақтарды зоналау үшін линиялық бағдарламалау қолданылуы мүмкін. Линиялық бағдарламалау моделі дегеніміз жобаланатын аумақта «пик» маусымында алдын ала берілген шектеулердің ескерілуімен биоценоздарды қорғау мен рекреациялық шаралар үшін жайлы жағдай жасау – рекреациялық жүктемені максимумға жеткізу моделі. Осындай модель жасау үшін мынадай мəліметтер қажет: 1) жобаланатын аумақ ауданы; 2) рекреациялық шаралар түрлерінің үлестерін (%) көрсететін рекреациялық іс-əрекет құрылымы; 3) рекреациялық əрекеттердің аумаққа түсетін ауыртпалығы (жүктемесі); 4) табиғи кешендердің тұрақтылық коэффициенттері.