7 бағыт: «Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі»
Тіл маманы Досанова Е.А-қызы«Тіл жүйрікте кім жүйрік» атты зияткерлік сабақ өткізді. Оқу ісінің орынбасары мұғалімдер арасында«Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз »атты дөңгелек үстел өткізді.Ағылшын мұғалімі Уаисова Ш.Ш-қызы «Үйренейік ағылшынша»полиглот танымдық сабақ өткізді.Орыс тілі маманы Абакарова О.Л«Знатоки руского языка»тақырыбына сыныптар арасындасайыс өткізді.Сыныптар арасында дене шынықтыру мұғалімдері «Жастар салауатты өмірді қолдайды!»тақырыбындасайыс өткізді.
8 бағыт: Салауатты өмір салтын сақтау
Тәлімгер Амангельдин Е.М-ұлы «Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында жолда жүру ережесіакциясын өткізді. «Берік Отбасы-Мәңгілік ел»тақырыбына отбасылық ойындар өткізді.Мектепте ұлттық ойындар және қазақша күрес,үстел ойындары үйірмелері жұмыс жасайды.Аудандық ұлттық ойындар асық ату жарыстарына қатысып командалық ІІІ жүлделі орындар алып,облысқа барды. Мектепшілік футбол жарыстары үнемі өткізіліп отырады.Терсақан негізгі мектебінде графикке сай мектеп медбикесі Капаева М.М және ауылдық ФАП медбикесі Сыздыкова Ж.Б-қызы қосылып бірнеше іс-шара өткізілді, «Қыз бен ұлдың қарым қатынасы» «Мұны білуіміз керек» атты әңгіме жүргізілді.СПИД ауруы туралы және тұмау туралы әңгіме өткізді. Қазіргі кезде балалардың жоғалуы,ұрлануы көбейуіне байланысты тәрбие ісінің орынбасары Досанова Г.А-қызы 1-9 сынып оқушыларының арасында жиын өткізіліп дәріс оқылды.
Т.І.О. Досанова Г.А.
Достарыңызбен бөлісу: |