ТЕСТ-БАҚЫЛАУ
Тақырыбы : « Жүрек, қан-тамыр жүйесінің аурулары бар
науқастардың тексеру әдістері»
Бірнеше дұрыс жауапты дөңгелекпен қоршаңыз және
бос орынды жауаппен толтырыңыз
2-вариант
1. Жүрек жетіспеушілігінің белгілеріне жатады?
а) жүректің қатты соғуы
б) демікпе
в) жүрек тұсының және төс артының ауруы
2. Тері цианозының себептері:
а) қанда көміртегі қышқылмен қанағаттандырылған
гемоглобиннің көбеюі
б) тамырдың түйілуі
в) қанда өт пигменттерінің артығымен көбеюі
3. Ісіктердің даму механизмы:
а) егер капиллярларда гидростатикалық қысым
онкотикалық қысымнан жоғары болса
б) егер капиллярларда гидростатикалық қысым
онкотикалық қысымнан төмен болса
в) егер капиллярларда гидростатикалық қысым
онкотикалық қысыммен тең болса
4. Жүрек ұшы соққысының қалыпты жағдайда ауданы қанша?
а) 3см2 б) 2 см 2 в) 4 см 2
5. Жайылма жүрек ұшы соққысы деп санаймыз, егер ауданы 2 см…
а) кем болса
б) көп болса
в) тең болса
6. Жүректің көлденен мөлшері қанша:
а) 5-6 см б) 3-4 см в) 11-13 см
7. Жүрек циклі қалыпты жағдайда қандай кезеңдерден тұрады ?
а) систола, диастола, қысқаша үзілістен
б) систола, диастола
в) систола, қысқаша үзілістен
8. II тон қандай бөлшектерден тұрады?
а) жүрек қақпақтарын тербелісі
б) жүрек қақпақтарының тербелісі , жүрек бұлшық
етінің жиырылуы , тамырлар қабырғаларының
тербелісі
в) жүрек бұлшық етінің жиырылуы
9. Өкпе артериясының естілетін жері :
а) оң жақ 2 қабырға аралық
б) сол жақ 2 қабырға аралық
в) сол жақ 5-6 қабырға аралық, жүрек ұшында
10. Жүрек анатомиясында патологиялық өзгерістер пайда болғанда
қандай шу пайда болады:
а) органикалық
б) систолалық
в) функционалдық
г) диастолалық
11. Жүректің жоғарғы шегін не құрайды ?
а) сол жақ қарынша
б) оң жақ жүрекше
в) сол жақ жүрекше
12. Пульстік қысым деген ол .
а) систолалық қысым диастолалыққа тең болуы
б) систолалық және диастолалық қысымның
айырмашылығы
13. Жүректің неше тыңдау нүктелерін білесіздер?
а) 4
б) 5
в) 3
14. Үш жармалы қақпақ қай жерде тыңдалынады?
а) төстің сол жақ шетінде 3 қабырға аралықта
б) төстің семсерше өскіннің тұсында
в) оң жақта 2 қабырға аралықта
15. Диастолада қай тон пайда болады ?
а) 1 тон
б) 2 тон
в) 3 тон
Достарыңызбен бөлісу: |