шұбырынды, Алқакөл сұлама». B. 1723-жылдың көктемінде қазақ еліне жоңғарлар жеті түмен әскерімен басып кірген еді. C. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып азық-түлік мал-мүлкін тартып алуды көздеді. D. Барлық қазақ жан-жаққа тарап кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға – Қарақұмға өтеді. E. Сөйтіп, бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атауға ие болады. 87. «Ел іші – өнер кеніші» сөйлемінде сызықшаның қойылу себебін анықтаңдар. A. Оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылған. B. Бастауыш та, баяндауыш та ілік тұлғалы зат есім болғандықтан қойылған. C. Бастауыш атау септігіндегі сөзден, баяндауыш жіктік жалғауының 3-жағындағы атау тұлғалы сөзден болғандықтан қойылған. D. Құрмалас сөйлемге байланысты қойылған. E. Төл сөз бен автор сөзіне байланысты қойылған. 88. «Риторика» сөзі қай тілден алынған? A. Көне грек B. Латын C. Француз D. Ағылшын E. Испан 89. Қосымшасы дұрыс жалғанған нұсқасын көрсетіңдер. A. Кубоктің B. Кубогі C. Кубоктер D. Кубогы E. Кубокті 90. «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткен еліміздегі ауқымды іс-шараны анықтаңдар. A. Қысқы Азия ойындары B. «ЭКСПО-2017» C. Қысқы универсиада D. Саммит E. ЕҚЫҰ-ның жиыны 91. Сөйлемнің стилін ажыратыңдар. Өзендердің нитраттармен, фосфаттармен ластануы артуда. A. Көркем әдебиет стилі B. Ресми ісқағаздар стилі C. Публицистикалық стиль D. Ғылыми стиль E. Ауызекі сөйлеу стилі 92. Айтыс дегеніміз не?