Тест әдебиет 7 класс



Дата11.01.2017
өлшемі109,26 Kb.
#6706
Тест

әдебиет

7 класс


  1. Әдебиет –

А) сөз өнері В) сөз жарысы С) даналық сөз

Д) асыл сөз Е) көркем сөз



  1. Лиро-эпостық жырлардың басты тақырыбы:

А) Отан қорғау В) жастардың бас бостандығы

С) ел тәуелсіздігі Д) табиғатты қорғау Е) махаббат



  1. Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезінің орналасқан жері:

А) Тараз В) Аягөз С) Қарқаралы Д) Семей Е) Талдықорған

  1. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын баспадан қазақ тілінде шығарған ғалым:

А) Г.Потанин В) Ш.Уәлиханов С) В.Радлов

Д) М.Әуезов Е) Ә.Марғұлан



  1. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының кейіпкері:

А) Сарыбай В) Төлеген С) Арыстан Д) Қобыланды Е) Алпамыс

  1. «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз» - кімнің сөзі?

А) Әйтеке би В) Төле би С) Қазыбек би Д) Жиренше Е) Сырым

  1. «Ініні зордан, ағаны бордан» деген ғой. Іні – тас, аға – бос болады» - қай шешеннің сөзі?

А) Жиренше В) Қазыбек би С) Әйтеке би

Д) Төле би Е) Майқы би



  1. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы зұлымдық иесі:

А) Қодар В) Бекежан С) Әлібек Д) Сарыбай Е) Қарабай

  1. Төле би өмір сүрген жылдар:

А) 1673-1743 В) 1663-1756 С) 1667-1748

Д) 1675-1765 Е) 1676-1745



  1. Шешендік сөз –

А) даналық сөз В) мақал-мәтел С) өлең сөз

Д) қара сөз Е) жұмбақ сөз



  1. «Жет жарғы» -

А) заңдар жиынтығы В) әңгімелер жинағы

С) шешендік сөз үлгілері Д) өлеңдер жинағы

Е) мақал-мәтелдер жинағы


  1. «Дүниеде не өлмейді?»

А) ағын су В) асқар тау С) ғалымның хаты

Д) адамның аты Е) табиғат



  1. Шешеннің сөзі –

А) мерген В) өткір С) дана Д) жұмбақ Е) оқтай

  1. Қазыбек биге «Қаз дауысты» деген атақ берген кім?

А) Тәуке хан В) Қоңтажы С) Төле би

Д) Әйтеке би Е) әкесі Келдібек



  1. 1723 жыл тарихта қандай атпен қалды?

А) «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»

В) «Аңырақай шайқасы»

С) «Жеті жарғы» заңының қабылданған жылы

Д) Қазақ хандығының орнаған жылы

Е) Абылай ханның таққа отырған жылы


  1. Абайдың туған жылы:

А) 1845 В) 1854 С) 1904 Д) 1855 Е) 1864

  1. Абайдың «Қара сөздерінің» жазылған уақыты:

А) 1891-1898 В) 1890-1898 С) 1854-1898 Д) 1875-1898 Е) 1864-1898

  1. «Қара сөз» -

А) поэзиялық шығарма В) диалог С) прозалық шығарма

Д) ойтолғау Е) шешендік сөз



  1. Д.Бабатайұлының өмір сүрген жылдары:

А) 1820-1894 В) 1890-1884 С) 1702-1784 Д) 1702-1786 Е) 1802-1874


  1. Махамбеттің «Тарланым» өлеңі кімге арналған?

А) Жәңгір ханға В) Исатайға С) тұлпарына

Д) баласына Е) досына



  1. Махамбет Орынборда кіммен кездесті?

А) А.С.Пушкин В) М.Ю.Лермотов С) В,Даль

Д) И.А.Крылов Е) А.Михайлов



  1. Аллегория дегеніміз –

А) бір затты немесе құбылысты шамадан тыс ұлғайта суреттеу

В) бір затты немесе құбылысты шамадан тыс кішірейте суреттеу

С) астарлы, тұспалдау арқылы суреттеу

Д) заттың запасын анықтайтын суретті сөз

Е) сөз мәнін өзгертіп айту


  1. Махамбеттің «Хан емессің қасқырсың» өлеңі кімге арналған?

А) Баймағамбет сұлтанға В) Бөкей ханға

С) Жергілікті үстем тап өкілдеріне Д) Жәңгір ханға Е) Исатайға



  1. «Жаманнан туған жақсы бар,

Атасын айтса нанғысыз» - қай өлең жолдарынан алынған?

А) «Мінкен ер» В) «Тарланым» С) «Тайманның ұлы Исатай»

Д) «Қығыш құс» Е) «Ұлы арман»


  1. Д.Бабатайұлының поэмасы:

А) «Ақжайлау мен Сандықтас» В) «Бараққа» С) «Аягөз»

Д) «Еспенбет» Е) Ұлы арман»



  1. «Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы...» - кімнің сөзі?

А) Н.Ә.Назарбаев В) М.О.Әуезов С) Ш.Айматов

Д) З.Қабдолов Е) Қ.Жұмалиев



  1. Дулаттың батырлар ерлігін жырлаған туындысы:

А) «Тегімді менің сұрасаң» В) «Бараққа» С) «Еспенбет»

Д) «Ақжайлау мен Сандықтас» Е) «Аягөз»



  1. «Ақтың төмен жосылып,

Ағының тасып ағызып» - қай өзен туралы айтылған жолдар?

А) Ақсу В) Теректі С) Есіл Д) Көксу Е) Аягөз



  1. 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің рухани көсемі:

А) Дулат В) Шернияз С) Махамбет Д) Алмажан Е) Кенесары

  1. «...адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», - кімнің сөзі?

А) Абай Құнанбайұлы В) Ахмет Байтұрсынұлы

С) Дулат Бабатайұлы Д) Махамбет Өтемісұлы

Е) Исатай Тайманұлы


  1. А.Байтұрсынұлының аударма жинағы:

А) «Қырық мысал» В) «Егіннің бастары» С) «Мысал»

Д) «Әдебиет танытқыш» Е) «Тіл құрал»



  1. А.Байтұрсынұлының «Екі шыбын» мысалындағы шыбын қандай?

А) салмақты В) тәкаппар С) мақтаншақ

Д) өтірікші Е) еңбекқор



  1. Жүсіпбек Аймауытовтың туған жері:

А) Оңтүстік Қазақстан облысы В) Павлодар облысы

С) Батыс Қазақстан облысы Д) Шығыс Қазақстан облысы

Е) Орталық Қазақстан


  1. «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқанның прототипі:

А) Рахымбек В) Әбіжан С) Әсет Д) Жүсіпбек Е) Әміре

  1. Прототип дегеніміз –

А) автор В) түпкі тұлға С) кейіпкер

Д) ойдан шығарылған образ Е) типтік образ




  1. Мысал жанрына тән белгі:

А) ғибрат, өсиет айтылмайды

В)тәрбиелік мәндегі шағын аллегориялық шығарма

С) мысал тек өлеңмен жазылады

Д) кейіпкерлері алып күш иелері

Е) қара сөзбен жазылған сюжетсіз шығарма


  1. «Мына күн тап өзінің, өз үйінің күні тәрізді. Жып-жылы, жап-жарық!» - қай шығарма жолдары?

А) «Әнші» В) «Күн менікі» С) «Бір адамға»

Д) «Екі шыбын» Е) «Шәкірт ойы»



  1. С.Торайғыров тәлім алған мұғалім:

А) Нұрғали В) Ғабитхан С) Әбдірахман Д) Мұқан Е) Бекет

  1. «Әнші» әңгімесінің тақырыбы:

А) өнер В) махаббат С) табиғат Д) тәуелсіздік Е) соғыс

  1. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болғысы» келген ақын:

А) Сүйінбай Аронұлы В) Дулат Бабатайұлы

С) Сұлтанмахмұт Торайғыров Д) Махамбет Өтемісұлы

Е) Ахмет Байтұрсынұлы


  1. Әміренің әңдерін жазып алған кім?

А) Әміренің өзі В) М.Әуезов С) Ж.Аймауытов

Д) Ә.Найманбаев Е) А.Затаевич



  1. «Жай жатсаң, жаңылмайсы, адаспайсың,

Күресте кім кетпейді ғапыл, інім» - кімнің өлеңі?

А) А.Құнанбайұлы В) С. Торайғыров С) А.Байтұрсынұлы

Д) Д.Бабатайұлы Е) М.Өтемісұлы


  1. «Сұлтанмахмұт – от болып жанып кеткен, құйрықты жұлдыздай ағып түскен тұлпар талант еді. Ол халық жүрегінін құрметті орын алады» кімнің сөзі?

А) С.Қирабаев В) Б.Кенжебаев С) Ж.Аймауытов

Д) М.Әуезов Е) З.Қабдолов



  1. «Жүсіпбек Аймауытов ағаштан түйін түйген шебер, ісмер еді...» - кімнің естелігінен?

А) М.Әуезов В) Ә.Тәжібаев С) С.Мұқанов

Д) Б.Кенжебаев Е) М.Мағауин



  1. «Мұздаған елдің жүрегін, Жылытуға мен кірермін!» - қай өлеңнің жолдары?

А) «Шәкірт ойы» В) «Шығамын тірі болсам, адам болып»

С) «Бір адамға» Д) «Оқудағы мақсат не?»

Е) «Оқып жүрген жастарға»


  1. Поэзиядағы ақын бейнесі:

А) кейіпкер В) лирикалық кейіпкер С) басты кейіпкер

Д) типтік образ Е) сөзді сурет



  1. М.Жұмабаевтың алғашқы өлеңдерінің бірі:

А) «Шолпан» В) «Сүйемін» С) «Мен жастарға сенемін»

Д) «Алтын хакім Абайға» Е) «Қарағым»



  1. С.Сейфулиннің өмір сүрген жылдары:

А) 1894-1938 В) 1891-1938 С) 1897-1938

Д) 1893-1938 Е) 1894-1937



  1. М.Жұмабаев білім алған оқу орны:

А) Алматыдағы педагогикалық институт

В) Ташкенттегі әдебиет институты

С) Мәскеудегі В.Брюсов атындағыәдебиет институты

Д) Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектеп

Е) Семей мұғалімдер семинариясы


  1. Әкесі домбырашы, ісмер, ұста болған ақын:

А) Мағжан В) Ілияс С) Махамбет Д) Дулат Е) Сәкен

  1. С.Сейфуллиннің тұңғыш өлеңдер жинағы:

А) «Өткен күндер» В) «Дала» С) Кел, жігіттер

Д) «Бақыт жолында» Е) «Асығып тез аттандық»



  1. М.Жұмабаевтың «Сүйемін» атты өлеңіндегі ананың шашы:

А) қара В) күңгірт С) сары Д) қолаң Е) ұзын

  1. Сасықкөл жағасында дүниеге келген ақын:

А) Сәкен В) Ілияс С) Махамбет Д) Ахмет Е) Мағжан

  1. І.Жансүгіровтың «Ағынды менің Ақсуым» өлеңіндегі түн қандай?

А) көңілді В) тұнжыраған С) мұңды Д) жұлдызды Е) айлы

  1. Қазақ поэзиясында өнер жайында көп жазған ақындардың бірі:

А) Сәкен В) Мағжан С) Ілияс Д) Ахмет Е) Абай


  1. І.Жансүгіровтың туған жері:

А) Көксу В) Іле С) Терек Д) Ақсу Е) Балқаш

  1. «Жарына бал береді, береді де өледі» - кімнің шығармасынан алынған жолдар?

А) М.Жұмабаев В) С.Сейфуллин С) І.Жансүгіров

Д) І.Жансүгіров Е) М.Өтемісұлы



  1. «Мағжан -мәдениеті зор ақын. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қолға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі деп білемін» - кімнің сөзі?

А) І.Жансүгіров В) Г.Серебрякова С) Б.Кенжетаев

Д) С.Сейфуллин Е) М.Әуезов



  1. І.Жансүгіров кімнің өлеңдерін қолынан тастамай оқыған?

А) Дулат В) Махамбет С) Абай Д) Ахмет Е) Сәкен

  1. Қайталау түрі:

А) еспе В) теңеу С) эпитет Д) метафора Е) анафора

  1. Көзі тірісінде Гомер атанған ақын:

А) Жамбыл В) Сұлтанмахмұт С) Ахмет Д) Ілияс Е) Сәкен

  1. М.Әуезовтың алғашқы ұстазы:

А) әжесі В) ауыл молдасы С) әкесі Д) ағасы Е) атасы Әуез

  1. «Бір кезде орыс мәдениетінің өсіп-өркендеуіне Пушкин әсері қандай болса, бүгінгі Орта Азиялық көркем ойдың, іргелес халықтың күллі рухына, өмірінің қалыптасуына Әуезов әсері сондай болды» - кімнің даналық ойы?

А) Ш.Айтматов В) Р.Нұрғалиев С) З.Қабдолов

Д) С.Қирабаев Е) Б.Кенжебаев



  1. М.Әуезовтың тұңғыш шығармасы:

А) «Еңлік-Кебек» В) «Қарагөз» С) «Қараш-Қараш оқиғасы»

Д) «Көксерек» Е) «Қыр суреттері»



  1. «Абай жолы» -

А) әңгіме В) роман-эпопея С) поэма Д) пьеса Е) повесть

  1. «Оның аса дос көретін тобы балалар болушы еді. Жаз да, қыс та аңға шықса, қасында балалар қаптап жүретін» - қай шығармадан алынған?

А) «Есіл бойында» В) «Саятшы Ораз» С) «Боранды түнде»

Д) «Көксерек» Е) «Жетім»



  1. «Өлеңші бала» атанған қаламгер:

А) Ж.Аймауытов В) Ғ.Мүсірепов С) М.Әуезов

Д) С.Мұқанов Е) С.Торайғыров



  1. Пейзаж дегеніміз –

А) табиғат көріністерін бейнелеу В) адамның көңіл-күйін суреттеу

С) адамның қиялындағы сурет Д) өмір шындығын бейнелеу

Е) шығарманың құрылысы


  1. Әйтілес қарт қай шығарманың кейіпкері?

А) «Көксерек» В) «Боранды түнде» С) «Ананың анасы»

Д) «Есіл бойында» Е) «Ұлпан»



  1. Көксеректі алған ит:

А) Көкшолақ В) Көкқасқа С) Қарақасқа

Д) Тұйғын Е) Аққасқа



  1. Ғ.Мүсіреповтың пьесасы:

А) «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» В) «Оянған өлке» С) «Рабиға»

Д) «Бекболат» Е) «Маңсапқорлар»



  1. Қазақ әдебиетінде ана тақырыбына шығармалар жазған жазушы:

А) М.Әуезов В) С.Мұқанов С) Ғ.Мүсірепов

Д) Ж.Аймауытов Е) М.Жұмабаев



  1. «Боранды түнде» шығармасының кейіпкері:

А) Жалпақ В) Қайсар С) Құрмаш

Д) Асқар Е) Ораз



  1. С.Мұқановтың туған жері:

А) Солтүстік Қазақстан облысы В) Оңтүстік Қазақстан облысы

С) Шығыс Қазақстан облысы Д) Батыс Қазақстан облысы

Е) Орталық Қазақстан


  1. «Ғабит Мүсірепов – ардақты ат!..» - деп кім айтқан?

А) Ә,Марғұлан В) М.Әуезов С) С.Қирабаев

Д) З.Қабдолов Е) Ғ.Мұстафин



  1. Қ.Аманжоловтың өмір сүрген жылдары:

А) 1911-1955 В) 1911-1960 С) 1914-1963

Д) 1912-1961 Е) 1915-1962



  1. А.Твардовскийдің «Василий Теркинін» қазақша сөйлеткен ақын:

А) Ә.Тәжібаев В) Қ.Аманжолов С) Қ.Бекхожин

Д) С.Мұқанов Е) Ғ.Мүсірепов



  1. Қ.Аманжовтың тұңғыш өлеңдер жинағы:

А) «Нұрлы дүние» В) «Өз елім» С) «Өмір сыры»

Д) «Балбөбек» Е) «Дауыл»



  1. «Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап,

Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ?» - қай өлең жолдары?

А) «Дариға сол қыз» В) «Өзім туралы» С) «Ақын өлімі туралы аңыз»

Д) «Өмір сыры» Е) «Дауыл»


  1. «Қазақ поэзиясына есерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізіп келе жатқан ақын» - кім туралы айтылған даналық ой?

А) Қ.Аманжолов В) Ә.Тәжібаев С) Қ.Бекхожин

Д) І.Жансүгіров Е) М.Жұмабаев



  1. Ә.Тәжібаев туған өлке:

А) Батыс Қазақстан В) Оңтүстік Қазақстан С) Қазақстанның шығысы

Д) Сыр бойы Е) Солтүстік Қазақстан



  1. Ә.Тәжібаевтың М.Әуезовпен бірігіп жазған пьесасы:

А) «Абыл» В) «Толағай» С) «Ақ қайың»

Д) «Майра» Е) «Жартас»



  1. Шағын сюжетті өлең:

А) мысал В) баллада С) жыр

Д) поэма Е) дастан



  1. Қ.Бекхожиннің алғашқы өлеңдер жинағы:

А) «Көктем» В) «Шеру» С) «Орман қызы»

Д) «Ақсақ құлан» Е) «Достық дауысы»



  1. «Ақсақ Темір мен ақын» шығармасының жанры:

А) тарихи жыр В) новелла С) баллада

Д) дастан Е) жыр



  1. Ақсақ Темірге келген ақын:

А) Физули В) Хафиз С) Низами

Д) Фирдауси Е) Рабғузи



  1. Т.Ахтановтың Абай атындағы мемлекеттік сыйлық алған туындысы:

А) «Қаһарлы күндер» романы В) «Боран» романы

С) «Әке мен бала» драмасы Д) «Ант»

Е) «Күтпеген кездесу»


  1. «Окоп үстіндегі айқас» үзіндісінің оқиғасы соғыстың қай кезеңін бейнелейді?

А) Ленинград шайқасы В) Сталинград шайқасы С) Москва шайқасы

Д) Курск шайқасы Е) Брест шайқасы



  1. «Окоп үстіндегі айқас» үзіндісіндегі командир:

А) Дәурен В) Ержан С) Добрушкин

Д) Василий Е) Бөрібай



  1. Қадыр Мырза Әлінің өмір сүрген жылдары:

А) 1935-2011 В) 1941-2000 С) 1935-2010

Д) 1936-2009 Е) 1942-1999



  1. Қадыр Мырза Әлінің қазақ халқын әлемге танытқан өлеңі:

А) «Ана тілі» В) «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»

С) «Нұр» Д) «Қызыл кітап» Е) «Заман-ай»



  1. Қадыр ақынды КСР Мемлекеттік сыйлығы иегері атандырған жыр жинағы:

А) «Нұр» В) «Жерұйық» С) «Қызыл кітап»

Д) «Дерт» Е) «Махаббат»




  1. «Тұсы бар ма тауыңның бұлт артпаған!

Тау бүркіті ол,

Далаға бұл тартпаған» - қай өлең жолдарынан алынған?

А) «Ақын өлімі туралы аңыз» В) «Сүйемін» С) «Өзім туралы»

Д) «Кәрі қыран» Е) «Қансонарда бүркітші шығады аңға»




  1. Аллегория дегеніміз –

А) теңеу арқылы суреттеу

В) тура суреттеу

С) әсірелеп суреттеу

Д) кішірейтіп суреттеу

Е) астарлы, тұспалдау арқылы суреттеу


  1. «Ауылдағы әртүрлі оқиғалар бар, естігенім бар, көргенім бар, соның бәрін көз алдыма келтіріп жазған тұңғыш әңгімем еді» - кім туралы айтылған?

А) Қ.Мырза Әлі

В) О.Бөкей

С) С.Мұратбеков

Д) Қ.Бекхожин

Е) Қ.Ысқақ


  1. С.Мұратбековтың тұңғыш әңгімесі:

А) «Ауыл оты»

В) «Менің қарындасым»

С) «Жабайы алма»

Д) «Отау үй»

Е) «Өліара»


  1. «Шынымды айтайыншы, кітап жазып, жазушы болғым келеді» - қай кейіпкердің арманы?

А) Аян

В) Тортай

С) Есікбай

Д) Қасым


Е) Жуанқұл


  1. О.Бөкейдің әже тәрбиесі туралы шығармасы:

А) «Мұзтау»

В) «Апамның астауы»

С) «Қыр қызы»

Д) «Үркер»

Е) «Жетім бота»


  1. О.Бөкейдің ҚР Мемлекеттік сыйлық берілген шығармасы:

А) «Жылымық»

В) «Құлыным менің»

С) «Жетім бота»

Д) «Сайтан көпір»

Е) «Біздің жақта қыс ұзақ»
100.Тура мінездеу –

А) автор мінездемесі

В) кейіпкерді қоршаған ортаны суреттеу арқылы мінездеу

С) кейіпкердің өзі туралы ой



Д) авторлық шегініс

Е) жанамалап суреттеу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет