Лекция жоспары: Қазақ әдебиетіндегі «психологизм ұғымы» туралы түсінік Прозалық шығармадағы психологиялық талдау



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі99,48 Kb.
#98438
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
13 апта (25, 26 лекция)
Документ (27), 13 апта (25, 26 лекция)

Лекция тақырыбы: Көркем шығармадағы психологиялық параллелизм


Лекция жоспары:



  1. Қазақ әдебиетіндегі «психологизм ұғымы» туралы түсінік

  2. Прозалық шығармадағы психологиялық талдау

  3. Көркем поэзиядағы параллельді құрылымдардың тілдік

  4. және стильдік табиғаты



Лекция мазмұны:
Қазақ әдебиетіндегі «психологизм ұғымы» туралы түсінік
Бұл мақалада қазіргі таңда қазақ әдебиетінде әлі толық зерттелмеген психологизм ұғымының қырсырын ашамыз. Шығарманың негізгі тірегі – адам баласы болғандықтан, шығарма кейіпкерлерінің жанында болып жатқан сыры мен құбылыстары анықталады. Көркем шығарма кейіпкерлердің құпия терең сырларымен то-лықса, оқырманға әсер беретінін түсіндіріп кетеміз.

Психологизм – адам өміріндегі болып жатқан іс-әрекет, демек психологизм ұғымын адам өмірімен тікелей байланысты десек қателеспейміз. Әрине басты тұлға – адам болғандықтан, оның күнделікті іс-әрекеті, мінез-құлқы адам өмірінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Адам өмірі дегеніміз не? Бұл жиынтық, нақтырақ айтсақ, бір-бірін алмастырып отыратын іс-әрекеттер жүйесі. Іс-әрекетте объектінің субъективті формасына, образға өтуі жүзеге асырылып, сонымен қатар іс-әрекетте объективті нәтижелеріне, өнімдеріне айналуы орын алады. Осы жағынан алғанда іс-әрекет процесс ретінде көрініп, онда субъект-объект өрістері арасында өзара ауысу жүзеге асыры лады.


Әрбір әдеби туындыда, фольклорлық жыр үлгілерінде, Орхон Енисей ескерткіштерінде де психологизм ұғымы табылған. Біз психологизм ұғымын әдебиеттен бөліп қарай алмаймыз, себебі психологизм әдебиет пен психология ғылымын жалғастырып тұрған дәнекер ұғым десек те болады. Бұл әлемде барлық ғылымдар бір-бірімен тығыз байланыста, ал психология ғылымы әдебиетпен жақынырақ байланыста. Себебі көркем шығарманың негізгі объектісіадам болып табылады. Адамның қайғырғаны, күлгені, күйіп-піскені, жүріс-тұрысы, мінезқұлқы бәрі де көркем шығармада ап-айқын беріледі. Бұл қасиеттер мен сезімдер берілмесе, сол көркем шығарманы оқып отырған оқырман кейіпкерді тани алмайды, оны сезіне алмайды, себебі оқырман көркем шығарманы оқып жатып, кейіпкер қуанса – қуанады, қайғырса – қайғырады.


«Психологизм, сөз жоқ, реализмге апарар сүрлеу екені мәлім. Рас, ол әртүрлі көркемдік әдістер шеңберінде көркемдік-эстетикалық қызмет атқарады. Әйтсе де, нағыз реалист әдебиетте ғана психологиялық талдау нақты мазмұн тауып, жүйелі стильдік міндет атқарады. Бұған дүние жүзілік әдеби процесстің даму заңдылықтары мен тарихы куә» [1,6]. Психологизм мен реализм арасында өткел жоқ, бір-бірімен байланысын үзе алмайтын ұғымдар. Адам жандүниесінің негізінде адам бет-пердесі ашылады, демек, адамды жақыннан тани аламыз. Реализм – шындықтың негізгі бастауы.


Психологизм – әдебиеттану термині. Қазақ әдебиетінде енді ғана дамып, қанат жайып келе жатқан сала. Қазақ әдебиеттануында осы саламен айналысқан ғалымдарды атап өтетін болсақ: Б.Майтанов, Г.Пірәлиева, Г.Ержанова т.б.


Жазушылар өз шығармаларындағы кейіпкерлерінің мінез-құлқын жан-жақты ашуға тырысады. Жазушы тілінің шеберлігі арқасында біз кейіпкерлерді сан түрлі қырынан тани аламыз десек те болады. Мысалы: «Сорлы Ақбілек! Сен жыламай кім жыласын! Тас емшегін жібіткен, тар құрсағын кеңіткен, аруанадай анаңнан айырылдың. Келешектегі бақытты өміріңнің кілтіндей көріп, сары майдай сақтаған алтын қазынаңнан айырылдың! Ар-ұятың төгілді, адамшылығың жойылды. Жас нәуетек жүрегің – соқпай жатып өрт болды. Жаңа піскен жауқазын – піспей жатып жоқ болды. Шамшырақтай жас жаның-жанбай жатып шоқ болды. Есіл ерке балалық – аяққа құйған астайын шолтаң етті – тоқталды. Жыла жасың бұла! Жасыңмен қайғы жуылсын! Жасыңнан теңіз жиылсын!» Бұл шығарма Ж.Аймауытовтың белгілі «Ақбілегі». Бұл сөздер автордың шығарма кейіпкеріне арналған сөзі, автордың толғанысы. Авторы белгілі – Жүсіпбек Аймауытов. Бұл романды кейбір зерттеушілер тұңғыш психологиялық роман деп те атап жүр. Әрине бұл пікірге қосылуға болады. Автор шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекет барысында көрінетін көңіл-күй құбылыстарын өте көркем түрде суреттеген. Біз Ж.Аймауытовтың психология ғылымына байланысты жазған, яғни психология ғылымы жайында ең алғаш еңбек жазған ғалым екенін білеміз, ол әрине қазақ ғалымдары арасында. Автордың осы шығармада кейіпкерлер жан-дүниесін, мінез-құлқын керемет суреттегенін байқай аламыз.


Қазақ әдебиеттануында психологизм ұғымына алғаш назар аударғандардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы болды. «Қара сөзден адам тек ұғым алады дедік, ұғымның өзі керекті орынына қарай екі түрлі болады: 1) Ес ұғымы, яғни еске керек ұғым. 2) Іс ұғымы, яғни іске керек ұғым. Ес ұғымының арқасында дүниедегі нәрселердің бәрін, задын, сырын, сипатын, мүдетін, мұратын танимыз. Іс ұғымы арқасында табиғат ісін, күшін нәрселерін қалай пайдаланатын жолын білеміз. Сондықтан қара сөзді әңгімелер екі жақты болып келеді бір жағы ес ұғымымен болады, екінші жағы іс ұғымымен болады» [2, 56]. Біз ес ұғымы арқылы шығарма кейіпкерлерін танимыз, яғни задын, сырын, сипатын, мүддетін. Мысалы Ш.Мұртазаның Ай мен Айша шығармасында – кейіпкерлер мінезі, мақсаты айқын берілген. Әр кейіпкерлер міне-зін іс-қимылдары арқылы танимыз.


Әрине, көркем шығарманы оқып отырғанымызда ондағы кейіпкерлердің жан дүниесі ғана емес, оқырманға табиғат құбылыстары, шығармадағы ауа-райы құбылыстары да әсер етеді.


«Осы оймен келе жатқанымда, ап-ашық аспанды бұлт торлапты. Тәңіртау көрінбей қалды. Әуелі Шақпақ жақтан желдетіп барып, артынан себелеп жаңбыр жауды. Шаң тұтқан жусан мен дермен шөптің кермектеу иісі бұрқ ете қалды. Бізді аяп адамдар төкпеген жасты аспан төкті. Аспан бәрін сезеді. Аспан бәрін көреді. Аспанның мейірімі түскен адам қор болмайды» [3, 166]. Бұл шығарма жолын оқып отырып, адам жан дүниесін табиғатпен беруі суреттелгенін байқаймыз. Шығармада панасыз қалған, қараусыз қалған Айшаның ауылынан көшіп бара жатқандағы осы сәтін автор – бір түннің ішінде ауылын тастап, туған жерінен алыстап кетіп бара жатқан шығарма кейіпкерлерінің жан-дүниесіндегі құбылыстарды табиғат құбылыстарымен көркем жеткізген десек қателеспейміз. Бұл құбылысты психологиялық параллелизм деп атасақ қателеспейміз. Б.Майтанов та дәл осы құбылысты психологиялық параллелизм деп атап көрсеткен болатын. Б.Майтанов көңілкүй қозғалыстарын табиғат құшағынан алынатын теңеулер екенін айтып кеткен еді. Осыдан барып психологиялық параллелизм туады. Мысал келтіре кетсек: «Түнгі ашық аспан» – уайым сұйылта алмаған сұлулықты білдірсе, «құлпырып шешек атқан жазғы гүл» – ашық күнгі аспанда толқыған көк мұнарамен ассоциативті контраст түзеді» [4, 16]. Осы пейзаждық көріністер қуаныш пен қайғының, үміттің символына айналған десек те қателкспеген болар едік.


Шығармада кейіпкердің ішкі жан дүниесі – күрделі иірімдерден тұрады. Сол иірімдердіавтор әсерілеп жеткізбесе, шығарма оқырман қауымға мүлде әсер етпейді. Оқырман ешқандай әсер алмайды, қайғырмайды да қуанбайды. Онда шығарманың көркі қаншалықты әсем, көрікті тілмен жазылған, болса да адам әсер ала алмаса – онда оқырман шығарманы қарапайым ғана тілде түсінеді. Мысалы ретінде әлемдік классика қатарына жататын, атышулы Оноре де Бальзактың «Шегірен былғары» романында:


«Бейтаныс жігіттің көздері жұмылып, еріндері кезеріп кетті, бірақ сол сәтте-ақ, ол қабағын қайта ашты, қайтадан маржандай қызара бөрітіп, еріндеріне қан жүгірді. Ол өмірде мен білмейтін құпия сыр жоқ деп есептейтін ағылшынша, паң пішінде сәл кідірді де, көзден ғайып болды, түңіліске душар болған ойыншылардың қызық көре келгендерге жиі арнайтын жан күйзелтерлік көз қарасымен жұрттан жұбаныш тілегісі келмеді оның. Мінеки, бір секундтың ішінде қаншама оқиға түйдектелді! Ойын сүйектерінің жалғыз соққысының өзіндеақ, қаншалық көп мән бар десеңізші!» Бұл әлемдік классикалық шығарманың бар құпиясы адамның көңіл-күйін дәл беруде. Бұл шығармадағы жас жігіттің талғажау ететін бар ақшасын ойынға ұттырып жіберген сәттегі күйі көркем бейнеленген. Автор осы оқиғаны жай ғана қарапайым тілмен: «Бір жас жігіт бар ақшасын ойынға ұттырып, ойынханадан шығып кетті» десе, оқырман одан ешқандай әсер алмайды. Осы жігіттің ақшаға мұқтаж екендігін байқай алмаймыз. Сол бір секундтың ішіндегі оқиғаны автор әдемілеп жеткізген десек, қателеспеген болар едік. Әрине Б.Майтановтың «психологизм сөз жоқ реализмге апарады» дегенін ескерсек, сөз жоқ психологизм мен реализм қоса жүреді деген тұжырымға келген болар едік. Оған дәлел шығарма кейіпкерлерінің шығармадағы мінез-құлқы-өмірдегідей дәл берілуі, кейіпкер шығармада да жылайды, күледі, қайғырады, қуанады, күйіп-піседі, өмірде де дәл солай. Тек шығармада автор сол кейіпкердің сол сәттегі психологиялық күйін көркем тілде суреттеп, оқырманға әсер ететіндей дәл берілсе, бұл шығарманың жоғарғы деңгейдегі жетістігі екенін анық және айқын айта аламыз.


Көптеген ғалымдарымыз ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық, динамикалық психологизм атты ұғымдары бар екендігін дәлелдермен көрсете білді. М.Храпченко Н.Гоголь шығармаларын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізгенін зерттеушілеріміз айтып жүр.


Синтетикалық тәсіл – қазақ әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Бүгінгі таңдағы синтетикалық тәсіл жазушы идеясының жүзеге асуына қызмет етіп, жазушылық мақсат-мүддеге бағындырылады. Бұған дәлел портретті, қимыләрекеттіалсақ, екеуі де ауыз әдебиетіндегі батырлар жырынан бастап, бүкіл әдебиеттегі кейіпкер, түр-тұлға, ой-санасын, мінез-құлқын танытуға алып келеді. Бұл аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу,ішкі толғаныстарды көрсету,жан диалектикасын бейнелеу аналитикалық психологизм деп аталады.


Көптеген психологизм зерттеушілері әдебиеттегі психологизм – динамикалық, аналитикалық, синкреттік болып бірнеше түрге бөлінетінін дәлелдеп келді. Бұлардың бәрі көркем шығармаға тән бейнелеу құралдары. Дүние жүзінің әдебиетінің ішінде қазіргі қазақ әдебиеті де адамның жан дүниесіне терең үңіліп, оның ішкі қалтарыстарын, психологиясын көрсету жетпісінші, сексенінші жылдардағы прозадағы ерекшеліктердің бірі. Дүние жүзі әдебиетінде көркемдік шеберліктің бұл саласындағы табыстар Лев Толстой есімімен байланысты. Ресей әдебиетінде соңғы жылдары психологиялық талдау басты бағытқа айналды. Мұндай шығармаларда оқиға шиеленісуінен гөрі психологиялық қақтығыстар бірінші тұрады. Психологиялық тартыс арқылы кейіпкердің ішкі тебіренісі беріліп, жан сыры ашылады, адам мінезі дамиды.


Көркем шығармада бір емес, бірнеше адамның өмірі көрсетілетіні нақты құбылыс болып табылады. Сол адамдар өмірінде болып жатқан іс-әрекеттер адам жан-дүниесінің құбылысын ашады деп айтсам қателеспеймін. А.Н.Леоньтевтің мына тұжырымдамасына назар аударайық: «Сонда адам өмірі дегеніміз не? Бұл жиынтық, нақтырақ айтқанда, бірін-бірі алмастырып, отыратын іс-әрекеттер жүйесі. Іс-әрекетте объектінің субъективті формасына, образға өтуі жүзеге асырылып, сонымен қатар іс-әрекетте, сондай-ақ оның объективті нәтижелеріне, өнімдеріне айналуы орын алады» [5, 145]. Бұл психологтың айтпағы – адам өмірінде, оның істеген іс-әрекеттері негізгі орын алады. Бұл пікірге қосыла отырып, көркем шығармада бұл құбылыс ерекше орын алатынын айта


Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі психологиялық параллелизм


Аннотация. Танымал жазушы Мұхтар Әуезовтің шығармалары тұтасымен тұнған психологизм. Адамдар арасындағы сан қилы тартысты асқан шеберлікпен тамаша суреттей біледі. Жазушы өз шығармаларында ең басты орынға адам тағдырын қоя отырып, оның ішкі жан сарайын көркемдік әдістермен өте әсерлі етіп бейнелейді. Бұл мақалада жазушының «Көксерек» повесіндегі қасқырды адам өмірімен ұштастырып, психологиялық параллелизмді жаңаша қырынан қолданғаны кеңінен зерттеледі.

Абай Құнанбайұлының «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті, Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, және хақ жолы осы деп әділетті», деген ұлағатты сөзіндей Әуезов шығармашылығының да өзекті мәселесі – Адам. Адам Әлем әдебиетінде, философияда, дінде, халық дүниетанымында ғалам жаратылысының мақсатты себебі, тылсым сыры.


Әуезов өз шығармаларында көркемдік шығармадағы батыстық әдістерге жүгіне отырып, қазақ жазба әдебиетінің төңкерістен кейінгі жаңа кезеңіне тыңнан түрен салушылардың бірі. Батыс әдеби дәстүрінің озық үлгілерін қазақ топырағына әкелді, замана талабына сай қазақ қоғамындағы адамдардың образын сомдады. Яғни, Адам орталық мәселе екендігін анық біле тұра, бұл мәселені замандастар талғамына сай, қоғамның қасаң заңдарына қайшылыққа келмейтіндей жеткізе білу жазушы шеберлігінің, ізденісінің сыры. Әуезов шығармасындағы кейіпкерлері қазақтың дәстүрлі көшпелі қоғамының өкілі және жаңа заман көшіне ілесу талпынысындағы адам.


«Еңлік-Кебек» пен «Қорғансыздың күнінде» болсын немесе жиырмасыншы жылдары жазған басқа шығармаларда болсын, жас автордың күшті жағы да, осал жағы да бірдей бой көрсетіп отырған. Күшті жағы қайсы еді? Ауыл өмірін, ауылдағы тұрмыс, әдет-ғұрыпты жақсы білетіндігі, халықтың тілі мен әдебиетіне жетіктігі, туған жерді, кең даланы шексіз сүйетіндігі, сонымен бірге әділетсіздікке, озбырлыққа, надандыққа жаны төзбейтін сыншылдығы» [1, 13 б.], деп жазады М.Қаратаев.


Шынында да жазушы шеберлігінің сыры оның халқына деген сүйіспеншілдігінде екендігін аңғарамыз. Жазушы шығармаларындағы көркем сөздер адамның сезім пернелерін дәл тауып, шыншыл да айқын көріністерді бейнелеп, адам қиялын самғау қияға шарлатып шалқытады. Осындай асқан шеберлік пен суреттеуден туындаған, жануарлар тірлігін бейнелейтін әйгілі шығармасы – «Көксерек».


«Көксерек» повесі жөнінде зерттеуші ғалым Р.Нұрғалиев былай деп пікірін білдірген: «Әуезовтің «Көксерегі» реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді, шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Бейнелеп отырған болмыстың қыр-сырларын бажайлай таныған суреткер зады ежіктеуден, мыжыма тәптіштеуден бойын аулақ салып, жинақылыққа, тамшы арқылы көл суретін, тас арқылы тау кеспірін елестетуді эстетикалық мұрат тұтқан. Бұл образ табиғатына сандық белгіден гөрі сапалық ерекшелік хас екендігін айқындап, әсемдіктің гармонияға, симметрияға, тұтастыққа кіндіктестігін тағы да тиянақтай түседі» [2, 221 б.], дейді.


Шындығында да шығарманың көп ізденгендіктің жемісі екендігі көрініп тұр. Шығармада қысқа болса да, тұтастай бір өмір қамтылған.


Жазушының оқырман жүрегіне жол тапқан сүбелі шығармасы ертеректе қоғамдық саяси ой пікірге жат шығарма деп табылса, бүгінде классикалық шығарманың үлгісі ретінде көпшілік тамсана қарайды. Осы шығармаға не себепті «қасқыр» бейнесі өзек болды?


Қасқыр қазақ тұрмыс-тіршілігінің, малшы қауымының өміріндегі ажырамас бір бөлшегі, аңдыған жауы.


«Қасқыр» тотемі көшпенді түріктердің ежелгі наным-сенімінде айрықша орны бар. Мәселен, қасқырды, оны киелі аң санап, «итқұс» деп атауы, өз атымен атамау осы киелі аң санаған наным-сенімнің сарқыны екенін көпшілікке белгілі. Қасқыр турасында арғы атабабаларымыздың келе жатқан мақал-мәтелдері бар. «Бөлінгенді бөрі алар», «Бөрі арығын білдірмес», «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар», «Қанша асырасаң да, бөрінің бөлтірігі орманға қарап ұлиды», «Қасқыр да қастық қылмас жолдасына» т.б.


Қасқыр оқырман көкейіне жол табар бейнелі образдың бірі. Әрине, Әуезовке Джек Лондонның тигізген әсерін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ «кейіпкер» ретінде қасқырды таңдап алудың негізгі себебін қазақ халқының өзінің тұрмыс-тіршілігінен іздеген абзал. Қасқыр бейнесінің халық көкейіндегі әуелден бар қалың бояулы суретін тың әдіспен жан бітіре айтуды көздегені, қасқыр бейнесі арқылы адам жанының тылсым тереңіне үңілуді мақсат еткені хақ. Жоғарыда айтылған мақалдардың бәрінде тілге қасқыр алынғанымен, адам психологияның сипаттары, мінез-құлықтары меңзелген. «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» деген мәтелде дала сырттаны мен жорықтағы ердің тәуекелі психологизм параллелизм деңгейінде беріледі.


«Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар» деген мәтел де осы сарындас.


Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі, Бөріге қой алдырмас ердің ері, Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса, Жоламас ешбір пәле шайтан-пері [3,136 б.], деп Шал ақын жырлағанда, адамның жандүниесін ашып көрсеткен. Бөрі образы нәпсінің қорқаулығы мен зұлымдығын бейнелейді. Иманды қойға теңейді. Иман – адам рухының мәні.


Меңзеу әдісі – халықтық қайнардан бастау алып жатыр. «Қасқыр» бейнесі адамның нәпсісі мен хайуандық, жыртқыштық болмысын меңзейді. Қасқырдың шығарма кейіпкері ретіндегі реалистік бейнеленуі, образының ашылуы автордың қазақ әдебиетіндегі тың жаңалығы, батыс дәстүрінен алған үлгісі. Қасқырдың ішкі психологиялық жай-күйін, реалистікпен суреттеу адамның нәпсілік табиғатын ишаралап, мейлінше ашуға мүмкіндік береді. Табиғат адамның қатігездігін кешпейді. Құрмаш трагедиясы осының бір мысалы. Тұтас шығарма бір адамның бойындағы рухани және нәпсілік қасиеттер қайшылығын меңзеді десек – шығарманың нәпсі жеңісімен аяқталуы, адам өмірінің имансыздыққа ұласқан трагедиясын меңзейді, яғни шығармадағы жыртқыш – нәпсінің баламасы, ал сәби – таза рухтың баламасы деп қарасақ, жазушы нәпсі жүгенсіздігінің соқтырар орны толмас трагедиясын ишаралағандай.


М.Әуезов шығармаларында пейзаж бен кейіпкер бейнесін байланыстыра суреттеудің шебері. Жазушының табиғат пен адам қарымқатынасын философиялық тұрғыдан қарастыратын шығармасы «Көксерекке» кеңінен тоқталайық. Жануардың ішкі жан-дүниесі арқылы, адамға дегн көзқарасын, түсінігін беретін шығармаларының бірі болып табылатын туындысы осы «Көксерек». «Көксерек» повесі жөнінде өз пікірін білдіруші, зерттеуші, ғалым Ш.Ахметов былай дейді: «Мұқаңның хайуанаттар жайында жазылған аңшылар әңгімесі, әсіресе жасөспірімдердің аса сүйіп оқитын шығармаларының тобына жатады. Мұқаң, өзінің аса шебер жазылған атақты


«Көксерек» әңгімесінде, алдымен, әр алуан жыртқыш азулы аңдардың мекен ететін жерілерін суреттеуден бастайды. Оның себебі әртүрлі хайуанаттар мекен ететін жерлерді суреттеу – сол жыртқыш аңдардың неге сондай жерлерде болатын себептерін ашып беруге жәрдем етеді. Екіншіден, сол аңдардың сырсипаты мен мінез өзгешеліктері де, сол мекен ететін жеріне және олардың немен қоректенуіне байланысты ашылады. Осыған орай жазушының аңдар психологиясын ашып беруге де зор күш салғаны айқындалады» [4, 263 б.] дейді.


Шындығында да жануарлардың мекен ету орнын, мінез-құлқын, сонымен қатар хайуанға сезім, ақыл-ой бере отырып, көркем сөз арқылы суреттеу жазушының асқан шеберлігінің дәлелі.


«Қараадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа бозқараған, тобылғы басқан.


Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында терең, құз жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жазғы салымнан бері соны екі қасқыр келіп мекен етті» [5, 7 б.], деп жазушы шығармасын жыртқыш, азулы аңдардың мекен ететін жерлерін суреттеуден бастаған. Композиция мен сюжетті оқиғадан оқиға тудырып, тез өзгеріп отырады. Мұның өзі оқиғаның одан әрі дами түсуіне себепкер болады.


Одан әрі оқиға желісі өрби түседі. Көкшолақтың ақ қасқырға әкелген қозысының желінуі айтылады. «Қозы екі қомағай ауыздың кергісінде қан жоса болып, дар-дар айырылды. Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды. Қапашқұпаш қорқ-қорқ етіп қомағай қанды ауыздар асайды. Тұмсығы мен бастары, мойын жүндері қып-қызыл болған қасқырдың жасыл көздері от шашады» [5. 8 б.]. Енді бұл жерде оқиғадан оқиғаның тууын байқаймыз. Осы от шашқан көздерін суреттеу арқылы қасқырдың өзіне тән тағылығын, жыртқыштығын жазушы бізге ескерткендей сезінеміз. Әрі қарай психологиялық сипаттама берілген. «Ін үстінде мүйіз тұяқтар тасырлап, көргіш көздер ін аузына қарайды» [5, 8 б.], деп қасқырлардың түйсігі арқылы берілген көріністі көреміз.


Екі аяқтылар қасқырдың 5 күшігін көзіне қарап тұрып, өлтіріп, біреуінің тірсегін қиып, ең кенжесін алып кетеді. Бұл оқиға қасқырлардың ызасын келтіріп, маңайдағы ауылдың қойларын жаралап, құлындарының желінуіне әкеп соқты. Бұл жерде адамдардың табиғатқа жасаған зұлымдығына жыртқыштардың берген тағылық жауабын көреміз. Жазушы шығармада адам, қасқыр және қоршаған ортаны байланыстыра суреттейді.


Ауылға алып қайтқан көк күшікті кішкене Құрмаш асырап, Көксерек деп ат қояды. Көксерек ауыл иттерінен, балалардан қорлық көріп өседі. Бұл жерде Көксеректің бөтен орынды жатсынғанын, өзінің табиғи ортасындай сезінбегендігін жазушы айта кеткен.


Ауыл иттері де Көксеректің түз тағысы екендігін сезгендей. Ауыл адамдарының арасында да Көксерек жайында әңгімелер тарай бастайды. Көксеректің қолға үйренбеуі Құрмаш түгіл, үлкен кісілердің өздеріне күдік тудырған.


«Ұры. Асырасаң да мал болмайды. Тұқымы жау емес пе!», деп, қасқырдың қорқаулығын ұққан ауыл адамдарының сөздерінен біз дала жыртқышы психологиясының үй жануары иттен өзгешелігін көреміз. Жетім, тасбауыр Көксеректе адамды жақсы көру сезімі аз. Құрмаш тамақ беру үшін шақырғанда ғана келеді. Оның өзінде де адамды жақын тарту жоқ, көңілін аулау, еркелеу деген сезімнен жұрдай. Ал, иттердің олардан артық қасиеті көп. оларға өзінің иелеріне қызмет ету, еркелеу, көңілін аулау деген қасиеттер тән. Даму, өмір сүру салтына байланысты әрбір жан иесінің өзінің тіршілік ету ортасы бар. Соған сай табиғи жағынан жетіле алады. Мысалы, Көксеректің қолда болғанда, «әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес, татулық жоқ, суық. Жалғыз-ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса келеді. Онда да жүгіріп келмей, құрығын сөлектетіп, бүкеңдеп қана келеді. Бұны да ашыққан уақытында істейді. Әйтпесе көбінесе анадай жерде қырыстанып, көзінің астымен жалтжұлт қарап жатып алады. Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді», деген әдеттерін жазушы айта кеткен. Ал, үйіріне қосылғанда жадырап, секіріп, ойнап кеткені, сонымен бірге тез қоңданып, секіріп күш алғаны айтылады. Бөлтіріктің өсуін бейнелегенде, автор натуралистік, зоологиялық өзгерістерді жіпке тізіп жатпай, мінез ерекшеліктеріне, сыртқы ықпал әсерінен болған жәйттерге назар аударады. Көксеректің үлкен иттерден, ауыл адамдарынан көрген қорлығы ішінде шемен болып қатып, жалғыз Құрмаш қамқорлығы жүректегі мұзды жібіте алмаған. Қойға шапқан қасқырлардың соңынан еріп, елден жырақ кетуі табиғатына жат қылық емес еді. Тобынан бөлініп, адасып, тепкіден бетер еріксіздік торына түскен қырдың дүлей перзентінің бостандыққа ұмтылуы, ата-тегі жортқан иен далаға кетуі, ұяластарын іздеуі жаратылыс заңы еді. Бірақ тұқымы бір туыстас болғанымен, өзге ортада өскен Көксеректі қасқырлар оп-оңай тобына қосып алмады. Қасқыр өз ұяластарымен бірге баулынып, ауызданбағандықтан да тамақ тауып жей алмады. Тоқ күніндегі азаттыққа құштарлығын ұмытып, тойған жеріне ашыққасын, қайта оралды. Жыртқыштығымен қатар қорқаулығы осыдан көрінердей. Осы қорқаулық қарны тойып, күші толғасын, нағыз қатігез жыртқыштыққа ауысады. Ауылға жоғалып кетіп қайта оралғандағы сұрын жазушы ашып көрсетпесе де, шығарманың мына бір жерінен түсінуге болады: «Бұл келгенде Көксерек екі бүйірі салып ашыққан. Өзінің үсті-басы батпақ болып сыбағысқан, сабалақ пішінмен келді», деп қысқаша тоқталған. Одан кейін «қайта тұрып қалды. Тағы да бұрынғысынан да күйленіп, семіріп, өсе бастады. Бұл оның соңғы күйленуі, шынымен үлкен қасқыр болып ұлғаюының белгісі еді. Сонысын сезгендей, күздің бір дауылды күні Көксерек тағы жоқ болып шықты. Бұл жоғалысы шын болды. Енді қайтіп оралмастай болып кетті. сол көк қасқыр саршұнақ пен қоянның көжегі сияқтыны азық қылып өлместей болып алды, қысқа да жеткен еді», деп жазушы қасқырдың адамдар арасынан бөлініп кеткендігін айта келіп, оқырманды енді не болар екен дегендей қызығушылығын арттыра түскен сәтін көреміз.


Көксеректің алғашқы екі серігі Аққасқыр болса, алғашқы құрбандығы Алатөбете. Кішкенесінде азу салып, тіс батырған Алатөбетті ұмытпай, алғашқы кегін қайтарады. Көксеректің үйіріне қосылғанын, кейінгі өсу процесін, көңіл-күйін де жазушы шығармадан тыс қалдырмаған.


Шығармада адам мен табиғат өкілі ретінде алынып отырған түз тағысының арасындағы қайшылық кеңінен суреттеледі. Бұл күрес соңында үлкен трагедияға – күнәсіз сәбидің өліміне алып келеді. Көксеректің бұл қылығы – адамның өзіне жасаған қиянатына, зұлымдығына деген жауабы тәрізді. Көксеректің адамға деген ыза-кегі, ашуы бір-біріне қосыла келіп, ақыры күнәсіз сәбидің өліміне себеп болады.


Адамзат түз тағысына осынша қиянат жасамай, жанашырлық көрсетіп, өздерін дер кезінде тоқтатқанда, мұндай қайғығ ұшырамас па еді? Қасқыр түз тағысы болғанмен де, ол да тіршілік иесі. Адам қалай қайғырып қиналса, онда да сондай сезім бар екендігі шығармада айқын көрінеді. Көксеректің бұл қылығын жазушы мәжбүрліктен туған қадам ретінде көрсетеді. Басқаша болуы да мүмкін емес сияқты. Көксеректің бұл ісі жөнінде профессор Р.Нұрғалиев былай дейді: «Психологиялық жағынан ол қандай қылыққа басса да, сенімді қойға шаба ма, жылқы жара ма, бәрібір. Оңдырмасы анық. Көзін ашар-ашпастан иттерден көрген қорлығы, еріксіздік, Аққасқырдай серігінен айрылу, суық, қатігез даладағы кезбе тірлік, жанын көзіне көрсеткен у қорғасын – осының бәрі жиылып кепі, бұған ата-бабалар қанымен берілген қаныпезерлік қосылғанда, Көксеректің қойшы балаға шаппауы қолдан жасалған қадам болар еді» [3, 223 б.], дейді.


Осы ойды филология ғылымдарының кандидаты С.Айтуғанова да құптағандай былай дейді: «Бұл пікірмен келісе отырып, бір жақты ғана қарауға болмайды деп ойлаймыз. Екінші жағынан, қанша жақсылық жасап, мәпелегенмен, жыртқыштың аты жыртқыш. Әрбір тіршілік иесінің өз қалыптасқан тұрмыс-тіршілігі бар. Бұл жерде Көксерек те өз болмысына салып, озбырлыққа, зұлымдыққа барады» [4, 15 б.], дейді.


Бұл жерде жазушы «бөрі бөрілігін істемей тынбайды» деген ойды айтқысы келгендей.


«Үстіне гүрілдеп қасқыр төніп келгенде, көзі бір ашылып, бір жұмылды. Басына таман арандай ашылып келе жатқан ауыздың жоғарғы жағында өзіне таныс құлақ көрінді. Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр. Ақырғы сезген-білгені – сол... Содан әрі баланың үні өшті. Қасқырдың аузы тиместен бұрын өліп кетті», деп жазушы трагедиялық көріністі үлкен шеберлік үлгісін танытып суреттейді.


Қасқыр «Көксерек» өзінің табиғи болмысын өзгерте алмай, Құрмаш адамдар жіберген қателіктің құрбаны болды. «Ит тойса атасын танымас» деген осы да деп еріксіз қынжыламыз. Әйтпесе күні кеше ғана Құрмаш күшік күнінен оны бауырына салып, сырт көзден қызғыштай қорып бақты емес пе? Дегенмен де, жалғыз сәби Құрмаштың Көксерекке жасаған қамқорлығының аз болғаны шығар.


Сонымен қатар жазушының Құрмашты «қасқыр аузы тиметен өліп кетті», деп айтуында да үлкен бір мәнді сыр жатқандай. Ол сыр – Құрмаштың пәк, таза, ештеңеден бейхабар күйінде, Көксеректің өзіне жасаған қиянатын көрместен бұрын көз жұмды деген оқырманға айтар ойы еді деп түсінеміз.


Трагедияның шиеленіс шыңы сәбидің жан беруі болса, оның пәк жанын берер сәтін жыртқыштың азулы арам аузына қимайтындай. Рух арамдықтан шошып, жиренгендей жыртқыш азуы батпастан бұрын бақилық болады. Ал, қасқыр болса, азуын жансыз денеге басады. Қанша ыза-кекпен булығып келсе де, бір қарпудан арыға бата алмайды. Қолайы келгенді тартып кетуі жей алмаса да, тамақтап қыру қасқырдың ежелгі әдеті.


Жазушы шығарманы Құрмаштың өлімімен де аяқтаса болғандай еді, бірақ жазушы жыртқыш, көкжал бөрі Көксеректің қолға түсіп, адам қолынан өлуімен аяқтайды. Себебі, қандай жауыздық болса да, оның жауабы бар дегендей оймен шығарманы аяқтайды.


-«Қуарған-ай, неңді алып ем? Не жазып едім? Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным?» деп елді тегіс еңіретіп, Көксеректі басқа тепті», деген шығарманың соңғы сөйлемінде жазушы адам қолынан өсіп, адамға қиянат етіп, сол адам қолынан өзі өлімін тапты деген ойын айтады. Адамның – хайуандық табиғаты жерге, періштелігі көкке тартқандай, жыртқыш пен адам арасында бітіспес жаулық барын байқаймыз. Сонымен қатар шығармада жануарлардың ішкі жан дүниесі, күйзелісі, психологиясы, өмірге, айналасында болып жатқан құбылыстарға, адамға, олардың ісәрекеттеріне деген ойы, түсінігі жан-жақты қамтылып, шебер суреттелген.


«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деп ғұлама Абай айтқандай, Аманат рух иесі – Адам. Рухтың балама ишарасы – Құрмаш сәби. Өсуден басқа қайғысы жоқ нәпсінің баламасы – Көксерек. Көксерек табиғаты тек ішіп-жеумен, қанқұмар, қызылқұмар, сұғанақтылықпен айқындалады. Орманға қарап ұлитын түз тағысы жайлы көпшілік білмейді де емес, сонда да қасқырдың қасқырлығына тамсану мен енжар ескертуден аспайды. Нәпсі қанша қамқорлыққа мұқтаж болса да, рухтың қазасына себепкер болмауы үшін уыстан шықпауы керек еді. Құрмаштың қазасына себепкер деп, бір реттен үлкендерді де кінәлауға болады. Өйткені олар табиғаттың бұлжымас заңдары барын білсе де, табиғат заңдарын бұзуға қатаңдығы жетеді. Бірақ ауыл баласының кішкентайынан төл мен күшікті аялаған, сол мейіріміне сай жануардан иесіне адалдықты ғана күткен шалалықпен қасқыр күшігін қойнына салуына тыйым салар ақылды қаталдық ешкімнен табылмайды, енжар ескертуден аспайды. Адамның қойнына жылан салып жылытып, жау тапқанындай-ақ, қой-қотанға араласып тәрбиеленген Көксерек үйренген жаудан қорықпастай, аңдыған жауының әлсіз қапысын әбден біледі. Қораға үрерден қорықпайтын, аяусыз, қанды ауыз сойқан еді.


«Көксерек» повесі жайында профессор Б.Майтанов былай дейді: «Ұлы жанды Мұхтар Әуезов, отыздың о жақ, бер жағында көктен түскендей ғажайып талант жалынан жалтармай ұстаған бақытты суреткер, зәредей әнтек әрекетке бармайды. Қасқырдың да, иттің де, адамның да ішкі дүниесін ақтарып – сапыру жоқ. Шынайылыққа кірбің келтіретін шақтарға есік жабық. Алайда әңгімеде шектеулі мөлшерге сыймайтын әр тарапты психология заңдылықтары үнсіз сөйлеп тұрғандай. «Көксеректі» әлем әдебиетінің антологиясына кіргізетін, қамырдан қыл тартқандай қалам құдіреті, шеберлік осындай-ақ болар!» [6, 143 б.], дейді. Осы пікірді қостай отырып, ұлы қаламгердің талантына бас иеміз.


Әдебиеттер:

Қаратаев М., М.Әуезов. Алматы: Жазушы, 1967.


Нұрғалиев Р. Әуезов және Алаш. Алматы: Санат, 1997.
Шал ақын. Бес ғасыр жырлайды. І т. -Алматы: Жазушы, 1989.
Айтуғанова С. Адам және табиғат концепциясы шағын прозада. Канд. дис. Алматы, 2000.
Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. ІІ т. Алматы: Жазушы, 1979.
Майтанов Б. Қасқыр және әлем заңдылығы // Жұлдыз. № 1. 2001.

Нұрлан Оразалин поэзиясындағы психологиялық параллелизм


Мақалада əдебиеттану ғылымының өзекті мəселелерінің бірі сөз болады. Бүгінгі əдебиеттануда түрлі бағыттар мен ағымдардың көкейкестілігі күн тəртібінен түскен жоқ. Соның ішінде қазақ əдебиетінде, əсіресе поэзиядағы ақындық, оның лирикалық табиғаты – терең зерттелмеген өзекті тақырыптардың бірі. Поэзиядағы психологизм мəселесі күрделі де жүйелі зерттеуді қажет етеді.

Мақалада Нұрлан Оразалиннің поэзиясы, адам жан дүниесін суреттеу, оны бар ерекшелігімен сезіну мен жырлаудағы шеберлік жəне психологиялық параллелизм əдісін пайдалану жолдары сөз болады.


Нұрлан Оразалин қаламынан шыққан шығармаларды талдау барысында, ақынның адам жан дүниесін суреттеудің шебері екеніне көз жеткіздік. Сонымен қатар Н. Оразалин жырларындағы психологиялық өрнектəсілдердің сипатына талдау жасауды ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттілігін сезіндік.


Бүгінгі таңда əдебиеттануда поэзиядағы психологизм мəселесі – күрделі де, жүйелі зерттеуді қажет ететін өзекті тақырыптардың бірі.


Поэзия əлемінде өзіндік өрнегі бар Нұрлан Оразалин қаламынан шыққан əр сөзге үңіле қарасақ, ақынның адам жан дүниесін суреттеудің, оны бар ерекшелігімен сезініп жырлаудың шебері екенін аңғарамыз.


Нұрлан Оразалиннің «Қара шал. Қара бақыр» өлеңіндегі мына шумақтарда:


Қайыршының қолында – қара бақыр, Жанарында – жазылмас жара жатыр.


Жүрегінде...


Кім білсін қандай майдан? Тану қиын...


Кел-дағы қара да тұр.


Көзбен көр де ішпен ұқ. Жақындама! Жəбірлеме!


Қорлама! Тақымдама!


Қарт майдангер – қайыршы мына отырған, Шөлмек пенен білетін атын ғана.


Қайыршының қолында – қара бақыр, Жанарында мұң жатыр, дала жатыр; Өртенген жан өксігін баспақ болып, Іргедегі дүкенге бара жатыр...


Тамыз...

Алаң...

Қара жұрт тарады ақыр,


Кетті алыстап қара шал, қара бақыр. Шал кеткенмен, бейнесі кетер емес,


Мұздай суық жанары санада тұр [1,56] деген жолдар бар. Осындағы «Жанарында – жазылмас жара», «Жүрегінде майдан» деген тіркестерге келгенде, ерекше сезімге бөленесің. Өлеңде бұл тіркестер тек қана ұйқас үшін ғана берілмегені көзі қарақты, сезімі сергек оқырманға аян. Ақын бұл өлең жолдарында қаһарманының ішкі əлеміне бойлап, адамды рухани азғындатқан тек қана жеке басындағы құлдырауы емес, заман, қоршаған ортасы екенін айтқысы келеді. Ақынның кейіпкерінің сонша рухани құлдырағанына қарамастан, оның жанарынан игіліктерді аңғарып, көре алуы, адамды кіналаудан бұрын, мəселенің себебін іздеуге деген талпынысын байқатады. Адамдардың мұндай келеңсіздікке ұшырауына айналасы, жақындарының жан жылуының жетіспейтіндігін де айтқысы келіп, адам тағдырына абайлап қарауға шақырады. Ақынның ол жан тебіренісі өлеңде былай өріледі:


Көзбен көр де ішпен ұқ. Жақындама! Жəбірлеме!


Қорлама! Тақымдама!


Қарт майдангер – қайыршы мына отырған, Шөлмек пенен білетін атын ғана...[1, 56]


Бұл өлеңдегі басты психологиялық құбылыс


– адамдардың өміріне, іс-əрекетіне немқұрайдылық танытпау, сезім сергектігі, ізгілікке ұмтылыс, кінəлаудан гөрі көмек қолын созуға деген ниет, сенім мен үміт деуге болады. Сонымен қатар ақынның өз кейіпкерінің психологиялық күйін түйсініп, сезіміне ортақтасуы, өзгенің бейнесіне енуі яғни эмпатияны басынан өткеруі болып отыр.


Ақын енді бір жырларында: Көңілім бүгін менің ғарыштайын, Көгімнен жұлдыз жауды...


Жарысты айым.


Шарт кетіп, сына жаздап барып-барып, Бір сезім атып шықты барыстайын.


Барыс – мұң, барыс – қайғы, барыс – арман, Бата алған фəни атты кəрі шалдан;


Сөз – жебе ағып өтті көкті тіліп


Махамбет, Абайлардан дəріс алған [2, 145] деген жолдарында психологиялық параллелизмді өзінің көңіл-күйін білдіру үшін немесе өмірде кездескен белгілі бір жайлардың мəнін түсіндіру үшін пайдаланған. Жыр жолдарында көңіл күйін ғарыш, аспан көгіне теңесе, бұрқ етіп шыққан сезім күйін, эмоцияны аң патшасы барысқа теңеуі параллель ретінде алынған. Өлеңнің екінші шумағындағы теңеулер мен жыр шумағының құрылуы да осы тəрізді. Ақынның:


«Бата алған фəни атты кəрі шалдан;


Сөз – жебе ағып өтті көкті тіліп» – деген жолдары да психологиялық параллелизм негізінде жасалған.


Мəселен, ақынның:


«Тіршілік – келсап... Сезімің – талқан... Жыр – келі...»


Күн өткен сайын күн кешу, білем, күрделі [2, 158] деген жолдарында өмірді дəнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын қатты ағаштан жасалған «келсапқа», яғни тигенін талқандайтын түйгіш ағашқа теңеуі, жырды мықты, əрі жарылмайтын «келіге», адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын, біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты сезімді «талқанға» теңеуінде көркемдік қана емес, үлкен логикалық мəн, философиялық астар бар. Ақын əрбір теңеуде екі құбылысты салыстырып қана қоймайды, біреуіне тəн қасиетті екіншісіне тели отырып, оның мəні мен астарын ашып беруге жағдай жасайды.


Ақын жырларында табиғат пен өмірді салыстыра қатар қойып суреттеу өте жиі кездеседі. Мысалы,


Нұрлан Оразалин поэзиясындағы психологиялық параллелизм


«Түн қараңғы. Түндей көңіл қараңғы, Мұң-көк бөрі...


Ашатындай араңды.


Аспан толы мың-мың жұлдыз – мың аруақ», Бір жетім ой қаситындай жарамды» [2, 170]


деген жолдарда адам жанының күйі табиғат құбылыстарымен астастырыла суреттелген. Өлеңде адам жанын билеген көңілсіздік көзге түрткісіз, меңіреу қараңғы түнге, ондай кезде адамды билейтін мұң, көкке қарап үрген көк бөріге теңеліп, табиғат пен адам өмірі үйлесімділікте қарастырылып, психологиялық параллелизм сəтті көрініс берген.


«Құралайдың салқыны – өр үстінде,


Құралайдың салқыны – жер үстінде, Құралайдың салқыны – ой-санада, Құралайдың салқыны – төр үстінде» [2, 209]


деген өлең жолдарында ақын табиғат құбылысын суреттей келіп, қоғамдағы келеңсіз жайларды мамыр айының аяғына қарай болатын қатты суық күндердің бірі «Құралайдың салқынымен» салыстыра сипаттауы шеберліктің шыңы десе де болады.


Қорыта келгенде, Н. Оразалин психологизмі


– баяндау ауқымы кең, сезімтал, сырлы, адамның ішкі дүниесіне тереңдей еніп, тебірене толғаған, лирикалық сипатты мол психологизм.


Бауыржан Момышұлының «Курляндия майданы» романындағы портрет пен пейзаж
Мақалада Б.Момышұлының «Курляндия майданы» романындағы портрет пен пейзаж мәселесі қарастырылады. Шығармадағы порт­ ретті талдай отырып автор соғыс кезіндегі адамның сыртқы келбеті мен ішкі болмысының арасындағы ұқсастықтар мен психологиялық өзгерістердің кейіпкердің сырттайғы портретінен де танылатынын романнан нақты үзінділер келтіре отырып талдайды. Бұрын қазақ прозасында бейбіт өмірдегі адам портреттері бейнеленсе, Б.Момы­ шұлының аталған романында алғаш рет алапат соғыс кезіндегі адам бейнесін сомдауы да аталған еңбекте зерттеудің ерекшелігі ретінде көрсетілген. Сонымен қатар уақыт пен кеңістікке байланысты бей­ неленетін табиғат суреттерінің астарынан да адам мінезі мен оның көңіл­күйінің өзгерістері аңғарылатыны мақалада салыстырмалы түр­ де дәлелденеді. Шағын зерттеу еңбекте отандық және шет елдік ға­ лымдардың портрет пен пейзажға қатысты ой­пікірлері қоса қабат беріліп отырады.

«Курляндия майданы» романының беташары өзін өнер адамы санайтын, клуб бастығы боп қызмет жасайтын Құрмаштың сыртқы келбет-мүсінін статикалық портрет арқылы сипаттаудан басталады: «Құрмаш орта бойлы, толықша келген, күрең шашты, сары жігіт...» [1, 207]. Автор осы қысқа ғана сыртқы кескіндемені бере отырып, кейіпкердің одан арғы толыққанды болмысын бірқатар портреттік штрихтармен толықтырады. Оларды оқи отырып, Құрмаштың ішкі жан дүниесінің сипаты, яғни характерологиялық сипатын аңғарамыз: «табиғаты сауықшыл Құрмаш», « үлкендерді қолтықтап-қолпаштап алып, шешіндіріп орналастырып, кеш бітерде оларды киіндіріп, шығарып салады. Елпілдеп жүргендер кімнің көзіне түспейді. «Бұларға мен жақынмын» дегендей. Барлық кішіпейіл ізеттерін ол кіре берісте де, залда да, фойеде де, шығарда да жалпының көзін бақырайта қаратып қойып істей білетін», «үлкендердің ішінде де балық аулауды жақсы көретіндері болады. Демалыс сайын ол олармен бірге балық аулауға баратын», – деген жекелеген ситуациялы детальдар арқылы Құрмаштың жағымпаздық қылығын аша түседі [1, 208].


Шығармада сомдалған кейіпкер тұлғасының тұтастығын, даралығын, шынайылығын, сайып келгенде, көркемдігін қамтамасыз ететін құрамдас бөлік – портрет. А.Байтұрсынұлы еңбегінде көркем туындының баяндау жүйесіндегі «әуезе, әліптеу, байымдау» ұғымдарының ішінде әліптеу туралы: «...Тұлға түртұрпатын, кескінін, көркін айтып пернесін әліптеп сөйлейміз» [2, 16], – деп жазады. Баяндау жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатын айтылмыш компоненттің шығарма мәтініндегі көркемдік қызметі туралы: «Кейіпкердің мінез-құлқын, характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің үлкен мәні бар», – дейді З. Ахметов [3, 270]. Ал кейіпкерге психологиялық мінездеме берудің амал-тәсілі ретінде пішіндемеге жүктелер міндет арта түседі. Себебі, көркем шығарма құрылымындағы портреттің атқарар қызметі кейіпкердің сыртқы тұлғасын суреттеумен ғана шектелмейді, одан әлдеқайда ауқымдырақ.


Шығарманың өң бойында өзінің іс-әрекет, бар болмыс-бітімімен танылып отыратын негізгі кейіпкер – Бекболат Талғаров. Бекболаттың сыртқы болмыс-бітімін, кескін-келбетін тұщымды, оралымды етіп беруде нақты статикалық портреттік суреттеме жоқ, оны жазушы әртүрлі көркемдік құралдар арқылы жеткізеді.


Романда автор тікелей өз өмірінен өткен, көрген-түйген мол тәжірибесін Бекболаттың болмысына сыйдыра білген. Оған дәлел, «бет аузын түк басқан, аяз сорып түтігіп кеткен» Құрмашты орманда ашыққан бейшара халін көрген Бекболаттың: «Мен өз басым командир болсам да, аштық, тоқтықты солдаттармен бірге көрген адаммын. Үш-төрт аштықты басымнан өткізгенмін. Қарны ашқан адам да, шөлдеген адамдай түкірігін жұта береді. Жүрегің сазып, ішек-қарның шұрылдап, ішің тартынақтай бастайды. Түкірікті көп жұтқандықтан, аузыңнан дәм кете бастайды. Жағың қарысып, жүрегің шабан соға бастайды. Басың айналып, көзің қарауытып, аяқ-қолын шымырлап ұйыйды. Сол кезде жатсаң, қалғып кетіп, орныңнан тұрмай қалуың мүмкін. Әлсіреген жүрек денеңе қан жүгірте алмайды. Сол себепті ашыққан кезімізде аяңдап жүріп, отырып дем алып – ешуақытта жатпауға тырысатынбыз. Аш адамға ыстық та қас, суық та қас. Ыстық басыңды айналдырып, аяқ-қолыңды ұйытады, суық денеңді сорып, ішек-қарныңды мұздатады, аяқ-қолыңды дірілдетеді...» – деп жауынгер білуге тиіс ең қажетті тактиканы үйретеді. [1, 233] Аштықтан аман қалудың амал-айласын дәл осылай шынайы жеткізе білуі автордың осы жағдаятты өз басынан талай мәрте өткізгенінің айғағы.


«Адам ажарының жеке белгілеріне ғана тоқталу – әңгіменің, суреттің ағысын бұзбайтын, баяндау табиғатына жарасымды амал» [4, 86] – дейді Р. Бердібаев. Баяндау барысында жолай сипаттап өтетін кездейсоқ мәліметтер де образды нақтылай түседі. «Қуандария майданы» романында кездесетін ондай детальдардың кейбірі тек сыртқы келбетті толықтырса, енді бірі кейіпкердің ішкі жан дүниесінен, психологиялық күйінен хабар береді. Ал қайсыбірі автордың түпкі идеясымен тамырлас өзекті мақсатты айқындайтын маңызды компонент болып табылады. Бұл тұстардан да кейіпкердің бірқатар портреттік штрихтарын табуға болады. Шығармада бой көрсететін Бекболаттың қол астындағы әскери қызметкерлеріне қысқа статикалық портреттік суреттемелер беріледі: «Шляпин – ор та бойлы, толықша келген, күлімсіреген жасыл көзді, жирен жігіт.», «Штаб бастығы полковник Калунин, бұрын бас штабтың бір бөлімінде істеген, толықша мыртық, құсмұрын келген сары кісі. Мінезі ауыр, қаламы жүйрік. Өте әдепті.»,


«Дивизияның артиллерия командашысы семіп қалған қара қатпа, шүңгіл көз, дудар шаш, қалың қас, жағына пышақ жанығандай, өзін-өзі мықты ұстай білетін полковник Шеметов», старшина Әділгерей туралы: «Денесі аюдай, аяқ-қолы добалдай, жалпақ бет, салпақ ерін, кең маңдай, қыр мұрын, қою қас, шүңірейген көз, бура санды... әйтеуір барлығы олпы-солпы түрі қазақ жігіті өзінің білгенінше әскери әдепті сақтап, комдив алдында тұр» [1, 243]


Туынды мәтініндегі әрбір көркемдік компонент тура не жанама түрде кейіпкер бейнесінің сомдалуына септесетіні анық.


Пейзаж – ең алдымен, көркемдік әлемді визуалды түрде бейнелеудің басты тәсілі. «Көркем әдебиетте пейзаж қарапайым табиғат суреттемесі ретінде сирек қолданылады, көбінесе ол қаһарман ой-сезімдерін бейнелейді; адам толғаныстарының табиғат көріністерімен кереғарлығы не үндестігі тұрғысында салыстыру ішкі психологиялық үдерістерді толыққанды әрі бедерлі өрнектейді» [5, 20] – дейді В. Компанеец.




Сонымен қатар, пейзаж өз құрылымында уақыт пен кеңістік сияқты ауқымды көркемдік категорияларды қамтиды: образдың өмір сүру ортасын барша тарихимәдени, қоғамдық-әлеуметтік,географиялық, табиғи тұрғыда жан-жақты сипаттау баяндау лебіне дәлдік, шынайылық, көркемдік сипат дарытады әрі сол арқылы өнер туындысының идеялық-эстетикалық маңызын арттырады. Сонымен қоса, «Жазушы әдеби шығармада көркем ойлаудың ажары ретінде, жаны есебінде, образдық-метафоралық жүйенің арқауы сипатында табиғат келбетін ұсталықпен пайдаланады» [6, 266]. Қаламгер идеясына сәйкес кей жағдайда табиғат суреттері тікелей оқиға жүзеге асатын мекен-тұрақты сипаттауға бағытталса, баяндау жүйесі, кеңістік пен бейне арасындағы айқын қатынас пейзаждың көркемдік міндеті аясын кеңейте түседі. Көркем кеңістікті суретеу барысындағы қаламгерге тән көзқарас тарабының, көлемдік,орналасым сипатына қарай сан алуан кеңістік түрлерінің , түстер реңкінің жиынтығы арқылы бедерленетін бейне мен пейзаж, интерьер арасындағы байланыс қаһарманның рухани әлемінің қалып-күйінен де белгілі бір мәліметтер береді. Шығармашылық тұлға образын сомдауда пейзаждық суреттеулер өнер адамына тән ерекше әлемсезіну қабілетін, сол арқылы өзіндік танымдық қырларын айқындайды. «Адамның идеялық-адамгершілік позициясы дүниеге түрлі көзқарастармен, әлем жайлы өзге «шындықтармен» белсенді арақатынас жасау арқылы қалыптасады, – дейді А.Есин, Бөгде өмірлік құндылықтардың кейбірін өзіне сіңіре отырып немесе олармен қайшылықты пікір білдіру арқылы тұлға ақиқат өмірдегі «өзіндік» дербес адамгершілікфилософиялық бағдарын айқындайды.» [7, 26]. Айналасын ұдайы бақылай жүріп танымдық-ақпараттық қорын байыта түсетін, оларды шығармашылық шеберханасында өңдеу-көріктеу арқылы өзін-өзі танытатын талант иесі ізденімпаздық, әр құбылысқа өзінше қөзқарас білдіру қасиетімен өзгешеленеді. Ғылыми психологиялық зерттеулер интеллектуалды қабілет қырының дамуында ғы сыртқы орта әсерінің елеулі ықпалы туралы былайша тұжырым табады: « Сыртқы дүниені қабылдау нәтижесінде ішкі не психологиялық әлем өзгеріске ұшыраса, оны аутопластикалық үдеріс деп атайды» [8, 25]. Осыған байланысты туындадағы пейзаждық суреттемелердің көркемдік қызметін екі түрлі қарастыруға негіз бар. Біріншіден, пейзаж – шығармадағы сыртқы әлем көрінісі ретінде шығармашылық тұлғаның дамуына әсер етуші фактор. Айналадағы орта құбылыстары әсерінің эмоция арқылы психикаға енуі адам рухани мазмұнын түрліше сипатта өзгертіп отырады. Осылайша, әдеби шығармада аталмыш тұлғаға тән дүниеқабылдаудың әсершілдік қасиетін суреттеу кеңістік көріністерімен байланысты келеді. Сондай-ақ, сыртқы ортада орын алған көріністер , құбылыстар шығармашылық тұлға үшін көркемдік материал болып табылатыны да сөзсіз. Екіншіден, пейзаж шығармашылық тұлғаның ішкі психологиялық көңіл-күй ауанын жанама мегзеу түрінде бейнелеудің бірден-бір тиімді тәсілі болып табылады. Себебі: «Көркем шығармада табиғат барша объективті болмысымен суреттелген күнде де, адам өмірінен алатын эстетикалық мәнімен бірлікте бейнеленеді. Кейіпкер психологиясында белең беретін сан қырлы эмоционалдық құбылыстар оны қоршаған әлемге көзқарасы, нақты бір кезең, сәттегі экспрессивті жан толқыныстары арқылы неғұрлым толымды өрнектелетіні дау тудырмаса керек» [8, 34]. «Курляндия майданында» суретелетін табиғат көрінісі, ол әрине ұрыс даласы, қан майдан. «Полк қатерлі қысылтаяң жағдайда. Қар қалың,сықырлаған аяз, түлей орман, жылы орманға бекінген жау...», «Түлей орман. Қалың қар. Курляндияның қысы оңбаған қыс. Қар астында, қар жамылған шалшық, тоңбайды.Қардың жұқа жерінде күмп етіп суға түсіп кетесің. Бір талшыбық оқтау еменді қылышымен отап алып, таяқ істеп, күдікті жерді алдынан шұқылап, дивизия командирі адъютанты екеуі жаяу келе жатыр. Олар орманнан шықты. Алда өркештене жатқан сүйір төбелер. Күн ашық. Қарға шағылысып тұр...Дивизия командирі адасып, алдыңғы шепке бір-ақ жетті. Қар үстінде жауынгерлер қалтырап жатыр. Төбеден жау пулеметтері оқта-текте оқ бүркеді. Миналар зуылдап, келіп түсіп, тарс етіп жарылады. Ақ қар үстінде көгенге тізген қозыдай сиректей қарауытып жауынгерлер жатыр. Дивизия командирі сирек атқылаудың астында тіп-тіке алдыңғы шепті аралап келеді.», [1, 249] – деп ұрыс алаңының қауіп-қатерлі жағдайы,жауынгерлердің кешкен машақаты, күн көрісі, алға жылжуға тосқауылдар қойылып, жауды алудағы қиындықтары мен мүмкіндіктерінің шектеулі екенін тікелей табиғат көрінісін беру арқылы хабардар етіледі. Шығарма соғыс тақырыбынжа жазылғандықтан, онда әскери терминдер міндетті түрде кездеседі, мына бір үзінді де әскери пейзаж үлгісін көре аламыз: « – Ал, енді мына жер жағдайына қаралық, – деді комдив картасын Шляпиннің алдына сырғытып, – Көріңіз, бұдан бес-алты километрдей жерде мына өзен ағып жатыр. Өзеннің ені он-он бес-ақ қадам, арнасының тереңдігі мен кеңдігіне көз салыңыз. Бұл рубежде табан тірестің дәл өзі басталады. Сондықтан екінші эшелонды соған жақындай бергенде ұрысқа өндіреміз. Тың күш бір жұлқынмен ұмтылып барып өзеннің ар жағындағы мына қырқаларға жетіп, бекініп үлгерсе, бүгінгі ұрыс нәтижесі нағыздалмақ». [1, 292]

Ұрыс майданындағы табиғат пейзажы өте нанымды өрнектеледі: « Ауа ыңырана ұлып, дабыл жаңғырығы қағылып, жер күңіреніп, тітіркене қопарылып, топырағы қара түтін мен жалынға бөленіп, аспанға қарақұрымданып құйындай ыршып, будақтанып бұрқылдап жатыр. Жанып жатқан танктер, қалбалақтап аласұрып сүріне жығылып жүгіріп жүрген адамдар, жалын бүркіп атқылап жатқан зеңбіректер қарақұрым арасында мұнарланып, сағымданып, іле-шала көзге түседі» [1, 299] Соғыс өтіп жатқан майдан даласының осынау суретін жайбарақат көзге елестетудің өзі мүмкін емес секілді. Жан алып жан беріскен айқас, жер де көк те ажал бүркіп тұрғандай денеңді шымырлатады, адамдар соның арасында өмір үшін жанталасып жүргендей. Соғыс табиғат аясында өтуде. Бірақ сол табиғатты адамдардың өздері астаң-кестең етіп, жаныштап тастаған секілді. Өртенген танктер мен зеңбіректер сол қырғын соғыстың ойраны болған жерді көз алдымызға әкеледі. Осынау қара жердің өзі тозаққа айналғандай ыңырана зорға шыдап жатқан майдан даласынан адамдар тірі қалуы мүмкін бе деген ой келеді. Бірақ бұл қыл қаламмен салынған көзге түсетіндей нақты сурет емес, ол біз тек санамызбен ғана көзімізге елестете алатын қимыл, әрекет үстіндегі жазушы сөзбен салған жанды сурет. Бірақ бірден ұмытыла қоймайтын, шығарманы оқыған әр адамға ой салатын әсерлі бейне.


Бауыржан Момышұлының соғыс суретін бейнелейтін әр бір пейзаждық сипаттамалары осынлайша тікелей өтіп жатқан оқиға желісімен байланыста, сол сюжеттік желілердің дамуымен сабақтасып жататын әсемдігімен, әсерлілігімен есте қалады.


Б. Момышұлы өз шығармалары арқылы қазақ прозасында бұрын көп кездесе бермейтін техникалық соғыстың адамзат баласына әкелген зұлмат қасіретін, оның табиғат пен адам баласына жасайтын зор кесапатын ашып көрсете алды. Қан майдандағы адамдар дың сыртқы келбеттерін, соның ішінде әр ұлттың бет-әлпеттері мен сыртқы тұрқындағы өзіндік ерекшеліктерді алғаш рет әр алуан қырынан барынша келістіре сомдап шықты. Сонымен қатар ажалмен бетпебет келгендегі адам бет-әлпеттеріндегі психологиялық өзгерістерді, олардың жан-дүниелеріндегі іштейгі толқыныстар мен сырт келбеттеріндегі құбылыстарды барынша көрегендікпен, асқан дәлдікпен шебер бейнелеп берді. Бұл оның аталған жанрдағы қазақ прозасына қосқан зор үлесі деп білеміз.




Адамның жан дүниесін бейнелеу- психологизм, әрине бір ғана жанрдың психологиялық романның шеңберімен шектелмейді. Кейбір шығармаларды бөліп, осы жанрлық түрге жатқызудың өзі де "шартты түрде жасалған жіктеу" [12;280б] деп санаған жөн.Осыған байланысты психологиялық талдаудың элементтерін басқа туындылардан табуға болады ( М.Әуезов, Ә.Нұрпейісов т.б.).Ал бүлардағы психологизмның басты орны алмауы психологиялық талдаудың әр түрлі болатынымен төркіндес. Осы жөнінде Н.Чернешевский: "Психологиялық талдау әр түрлі бағытта кездесуі мүмкін: бір ақынға характердің сыртқы белгілері, екіншісіне қоғамдық қарым-қатынас пен өмір тартысының сол характерге жасайтын әсері мәндірек, үшіншіге-сезім мен әрекеттің байланысы, төртіншіге - құмарлықты талдау қымбат, ал граф Толстой үшін ең маңыздысы - психологиялық талдаудың өзі, соның формалары, заңдары, анықтауыштық терминмен айтқанда-адам жанының диалектикасы",-[И;36б] деп айтады. Ұлы сыншы психологизмнің межесін сол кездің өзінде-ақ жіті пайымдаған. Қазіргі қолданысга жүрген "аналитикалық, синтетикалық "деген терминдерді қолданбағанмен соларға жататын көркемдік әдіс-тәсілдерді атап көрсеткен. Ғылыми сында психологиялық талдаудың анапитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б.Майтанов М.Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "түйық психологизм" [3;86б] деген ат береді. Бул синтетикалық психологизмнің бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді. синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу-аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық психологизм-негізінен психологиялық роман жанрының тууына, шығармаға психологиялық талдау жасауға негіз болған бірден бір тәсіл. Аналитикалық тәсіл Қ.Әбдікованың көрсетуінше "Ақбілек" романының негізгі желісін қүраған, оның басты көрінісі- ішкі монолог. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналысында соның ойында өтеді. Психологиялық талдаудың аналитикалық түрі арқылы кейіпкер өзін-өзі таниды. Ішкі жан дүниесінің дірілі, сезім қақтығыстары арқылы танылады[7;73б].Г.Пірәлиева: "эмоционалдық қозғалыс ой қозғалысына дем беріп отырады" [13.71б],- деп, ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бір әдісі осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау (өзін-өзі жегідей жеу) екенін айтады. Бүған "Ақбілектегі " Мүқаш бейнесін жатқызуға болады, аналитикалық түрғыда Ақбілектің де, Мүқаштың да жан дүниелерінің сұлбасы жасалған. Ж. Аймауытов аналитикалық психологизмге синтетикалық тәсілді де үстемелеп отырған. Бұл туралы Қ.Әбдікова өз еңбегінде атап көрсетіп: "Аналитикалық тәсіл мен синтездік тәсілдердің ғажап қосындысын жасаған" [7;45б], - дейді.Таза аналитикалық тәсілмен жазылған шығармалар баршылық, олардың көркемдік бояуы кемімей, композициялық құрылымына шек келмей жазылған. Мұндай шығармаларды "сана ағымына" құрылған шығармалар деп атап көрсетіп жүрміз. Әдебиетімізде мұндай туындыларға Ә.Кекілбаевтың, 0. Бөкейдің шығармалары жататынын А. Ысмақова, Г. Пірәлиева атап көрсетті.Аталған жазушылар туындыларындағы психологизм мәселелерінің актуальды мәні жоғарыда аталған жайттармен желілес.
Психологиялық талдаудың түрлері
Көркем әдебиеттегі психологизм мәселесі-ғылыми, әдеби мәні мол, күрделі мәселө. Психологизм-қоғамдық алғышарттар мен жеке адамдар дүниетанымын, олардың іс-әрекетіне жетекші сана-сезімдік қозғаушы күштерді сенімді суреттеу жемісі.
"Қахарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығармашылық феномен- психологизм" [6;3б],- дейді Б. Майтанов.
"Психологизм-көркемдік әлемнің жұлын-жүйесі" [6; 12б] болғандықтан психологияның әдебиет саласындағы тұрақты "елшісі" ғана, себебі әдебиет психологияның өзінен бұрын енші алып ертө дамыған. Даму барысында психологизм элементгері ертедегі әдебиеттерде де орын тепкен. Нақтылы психологизмнің көркемдік тәсіл ретінде әдебиетке келуі XVIII ғасырдан басталады. Сол кездегі сентименталист жазушылардың алғы мақсаты-адамның жан қозғалысын, нәзік әрі терең сезімталдықты суреттеу.
XIX ғасырдың басына қарай адамның жандүниесіне үңілу тіптен тереңдей түсті. Көркем шығармадағы басты нысана адам болғандықтан, оның ішкі, сыртқы болмысы шынайылықпен сомдалуы тиіс, адам жанын жандандырудың басты тәсілі психологизмнің осы тұрғыда алатын орны ерекше.
Қ.Әбдікова әдебиеттегі тұлға мәселесінің психологиялық талдау арқылы жүзеге асатынын айта келіп, Ж.Аймауытов талдау жасайды. Қазақ әдебиетіндегі тұлға мәселесін психологизм тұрғысында айтқан А.Иезуитов: "Біріншіден, психологизм- сөз өнерінің тектік белгісі, ажырамас қасиеті, көркемдік кепілі" [11;50б], -деп баса көрсеткен. Суреткер барлық күш- қайратын, шеберлігін бір ғана мақсатқа-адам жүрегінің сырын, адам жанының шындығын танытуға жұмылдырады. Адам жанына психологиялық талдау жасау жаңағы шеберлік шеңберімен астасып жатады.
"Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде" психологиялық талдаудың пайда болуын 3. Фрейд есімімен байланыстырып былай делінген: "Шығармашылық қабілетті жыныстық инстинктерімен төркіндететін әйгілі туындылардың психологиялық астарына басқаша үңілуге шақыратын психоанализ тәсілі өнердің барлық саласына соның ішінде әдебиетгануға ерекше ықпал етті...
Психологиялық талдау өнертанудағы соны сипаттағы белес болды, кейіпкер психологиясын талдау тареңдей түсті" [10;278б]. Көркем әдебиеттің негізгі предметі адам болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, түсінік-түйсігін, дүниетанымын, ішкі қайшылықтарын ашып көрсету-суреткердің негізгі міндеттерінің бірі. Мүны танытудың әдіс-тәсілі «сана ағымы» «жан диапектикасы» сияқты психологиялық талдау негізінде Р.Стендапь, Л.Толсгой, Ф.Достоевский шығармаларында қалыптасқаны айтылып жүр.
Психологизмге алғаш баға бергендердің бірі Н.Чернышевский Л.Толстой шығармаларындағы психологизмді реализмнің басты тәсілі, әсіресе адамды танытудың материалистік әдісі деген және «психологиялық талдау-шығармашылық таланттың қуатын көрсететін қасиеттің ең маңыздысы»-екенін атап айтқан [11;36б]. Кейіпкердің жан қалтарысының, сезім толқындарының әрбір қақтығысын көз алдымызға тізбектей мөлдіретіп әкелу қаламның эпикалық қүлашы мен лирикалық толғанысын керек етеді. Шығарманың өн бойындағы үзілмес желі оқиғалар тізбегін адам жасаса, әрекет-қимыл, тартыс үстінде болса сол қозғалыстарға жан беретін- ақыл-ой, сана-сезім, яғни "жан диалектикасы" болып табылады.
Психологиялық талдаудың негізгі міндеті- кейіпкер жаны қоғаммен, адаммен, табиғатпен қарым-қатынаста қандай эмоционалды-психологиялық өзгеріске ұшырайды, қандай қалыпқа енеді, соны жіті бақылау. Көркемдік-шынайылық болса, оны ұғындыратын, әрі ұғынатын адамдар жалпы үрдістерден өзге жеке сезімдік әуендерді таңдауға бейім. Сол себепті көркем шығармадағы өмір шындығының ең жоғары деңгейі психология заңдылықтарымен сабақтас.
«Психологиялық роман-адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айырықша мән берген» [12;280б],-деп баға береді А. Ысмақова.
Орыс әдебиетінде XIX ғасырда психологиялық романды Л.Толстой шығармашылығынан бастап тарататынын айттық. Ол адамның сезім күйін, толғанысын, қуаныш-қайғысын барлық қайшылығымен терең ашып бейнелеген. Кейіпкердің ішкі дүниесінің нәзік иірімдерін, құпия сырларын әсерлі суреттеу адам мінезін асқан шыншылдықпен нанымды көрсетуге мүмкіндік береді. Л. Толстой жеке адамдардың "жан диалектикасын" ашу арқылы қоғамдық өмірдің қайшылықтарын адамгершілік пен қатыгездіктің қақтығысынан туған трагедиялық жағдайды әсерлі бейнелейді.
Ал, Ф.Достоевскийдің психологизмді берудегі жаңашылдығы -романдардағы сан алуан кейіпкердің өмір қүбылыстарын сезінуі әрқилы. Кейде тіпті бір-біріне мүлде қайшы дүниетаным көзқарастарын үңіле зерттеп сипаттауынан айқын аңғарылады. Кейіпкердің адам тағдыры, дүние жаратушы жайлы белгілі бір шешімнің, нақтылы түйіннің аясына симайтын, шығармаға көп үнділік -полифониялық қасиет дарытатын қым-қиғаш ой-толғаныстарынан,
жеке адамның ой-санасы, ішкі сезімі бүкіл әлеммен, бүгінгі ғана емес, өткен өмір мен де, көлешекпен де жалғасып жатқанын байқаймыз [4;85б].
Әдебиетіміздегі тұнғыш психологиялық роман деп зерттеушілер Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романын атап жүр. "Ақбілектің" психологиялық роман табиғатына тән негізгі сипаты шығарманың сюжеттік-композициялық концепциясы кейіпкердің ішкі әлемін талдау мақсатына тәуелділігінде [12;280б]. Кейіпкердің қиын тағдырын жазушы ішкі монолог, толғаныс т.б. сияқты адами проблемаларды, бір кезеңдік қазақ өмірін: ондағы жаңа тіршілік-тынысты сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Суреткердің өзіне тән психологиялық стилі осы романда жан-жақты көрінген. Ол-күнделік ретінде берілген Ақбілек ойлары.
Адамның жан дүниесін бейнелеу- психологизм, әрине бір ғана жанрдың психологиялық романның шеңберімен шектелмейді. Кейбір шығармаларды бөліп, осы жанрлық түрге жатқызудың өзі де "шартты түрде жасалған жіктеу" [12;280б] деп санаған жөн.Осыған байланысты психологиялық талдаудың элементтерін басқа туындылардан табуға болады ( М.Әуезов, Ә.Нұрпейісов т.б.).Ал бүлардағы психологизмның басты орны алмауы психологиялық талдаудың әр түрлі болатынымен төркіндес. Осы жөнінде Н.Чернешевский: "Психологиялық талдау әр түрлі бағытта кездесуі мүмкін: бір ақынға характердің сыртқы белгілері, екіншісіне қоғамдық қарым-қатынас пен өмір тартысының сол характерге жасайтын әсері мәндірек, үшіншіге-сезім мен әрекеттің байланысы, төртіншіге - құмарлықты талдау қымбат, ал граф Толстой үшін ең маңыздысы - психологиялық талдаудың өзі, соның формалары, заңдары, анықтауыштық терминмен айтқанда-адам жанының диалектикасы",-[И;36б] деп айтады. Ұлы сыншы психологизмнің межесін сол кездің өзінде-ақ жіті пайымдаған. Қазіргі
қолданысга жүрген "аналитикалық, синтетикалық "деген терминдерді қолданбағанмен соларға жататын көркемдік әдіс-тәсілдерді атап көрсеткен. Ғылыми сында психологиялық талдаудың анапитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б.Майтанов М.Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "түйық психологизм" [3;86б] деген ат береді. Бул синтетикалық психологизмнің бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді.
Ж.Дәдебаев М.Әуезов шығармашылығына қатысты психологиялық талдаудың эпикалық және лирикалық тәсілі болатынын айтқан [9; 159б]. Қалай десе де екі ғалымның еңбегінде психологиялық талдаудың аты өзгергенмен негіздері бірдей шығып отырады. Бұған дәлел-М.Әуезов шығармашылығына қатысты талдаулары. Бірінші, Ж.Дәдебаев эпикалық тәсілмен психологиялық талдауды мынадай мысалдармен дәлелдеп көрсетеді: "Қунанбайдың қыбыр қақпай бір нүктеге қадалып сөйлеген сөзі, жалпы бет-бедері ешбір қимыл-қозғалыссыз беріледі. Ал, Абаймен алғаш кездескен сәттегі Тоғжан күйі, оның бет пішіні, бірнеше рет қызыл бояумен албырап толқып көрінеді. Жазушы Тоғжанның әшекей сырғасына дейін толқытып баяу дірілмен сілкіндіре суреттейді. Осылайша іс-әрекеттерді, олардың көріну процестерін суреттеген"[9;159б]. Психологизмнің синтетикалық түріне Б.Майтанов жоғарыда аталған психологиялық процестерді көрсетеді. Сонымен қатар , "Оянған өлкедегі" Ғ. Мүсірепов стилінде синтетикалық психологизмге жатқызады. Мұнда өзімізге мәлім сюжет қоюлығы, қоғамдық-саяси тартыстар шымырлығы, суреттеу құрылымындағы динамизм басым [3;137б]. Осыдан келіп, синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-
әрекет, қақтығыстар, сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі қүбылулар екендігін қорытуға болады.
Синтетикалық тәсіл қазақ әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Бүгінгі таңдағы синтетикалық тәсіл жазушы идеясының жүзеге асуына қызмет етіп, жазушылық мақсат-мүддеге бағындырылады. Бұған дәлел портретті, қимыл-әрекетті алсақ, екеуі де ауыз әдебиетіндегі батырлар жырынан бастап, бүкіл әдебиеттегі кейіпкер түр-түлға, ой-санасын, мінез-қүлқын танытуға қызмет етіп келеді. Пейзаж да, деталь, штрих та (бүлар аналитикалық тәсілге де тән) ертеден қалыптасқан дәстүр.
Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу-аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық психологизм-негізінен психологиялық роман жанрының тууына, шығармаға психологиялық талдау жасауға негіз болған бірден бір тәсіл. Аналитикалық тәсіл Қ.Әбдікованың көрсетуінше "Ақбілек" романының негізгі желісін қүраған, оның басты көрінісі- ішкі монолог. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналысында соның ойында өтеді. Психологиялық талдаудың аналитикалық түрі арқылы кейіпкер өзін-өзі таниды. Ішкі жан дүниесінің дірілі, сезім қақтығыстары арқылы танылады[7;73б].
Г.Пірәлиева: "эмоционалдық қозғалыс ой қозғалысына дем беріп отырады" [13.71б],- деп, ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бір әдісі осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау (өзін-өзі жегідей жеу) екенін айтады. Бүған "Ақбілектегі " Мүқаш бейнесін жатқызуға болады, аналитикалық түрғыда Ақбілектің де, Мүқаштың да жан дүниелерінің сұлбасы жасалған. Ж. Аймауытов аналитикалық психологизмге синтетикалық тәсілді де үстемелеп отырған. Бұл туралы
Қ.Әбдікова өз еңбегінде атап көрсетіп: "Аналитикалық тәсіл мен синтездік тәсілдердің ғажап қосындысынжасаған",-дейді.
Таза аналитикалық тәсілмен жазылған шығармалар баршылық, олардың көркемдік бояуы кемімей, композициялық құрылымына шек келмей жазылған. Мұндай шығармаларды "сана ағымына" құрылған шығармалар деп атап көрсетіп жүрміз. Әдебиетімізде мұндай туындыларға Ә.Кекілбаевтың, 0. Бөкейдің шығармалары жататынын А. Ысмақова, Г. Пірәлиева атап көрсетті.
Аталған жазушылар туындыларындағы психологизм мәселелерінің актуальды мәні жоғарыда аталған жайттармен желілес.

«Көркем прозадағы психологиялық талдау» атты диплом жұмысында әдеби кейіпкердің жан диалектикасын, ішкі рухани әлемін, құпиясы мол күрделі табиғатын зерттейтін әдебиеттану ғылымындағы психологизм поэтикасының теориялық мәселелері жан-жақты қарастырылады. Психологиялық романның өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді. Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана шығармада психологизм өріс алады [1; 13б]. Бұл ойымызды нақтыласақ: "...әдебиеттегі психологизм-кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды" [ 2;834б].


Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы қарама-қайшы дүниетанымын, көзқарастарын, іс- әрекеттерін, көңіл күйлерін тереңдей талдап, жан-жақты бейнелеу психологизмнің көркемдік табиғатын танытады.
Ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б. Майтанов М. Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "тұйық психологизм" [3;86б],- деген ат береді. Бұл синтетикалық психологизмнің өзгеше бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді. Синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі құбылулар.
Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу,
ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу-аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық тәсілдің басты көрінісі-ішкі монолог. Адамның сезім-күйін, ой-толғанысын, күйініш-сүйінішін барлық қайшылығымен асқан шеберлікпен шынайы әрі дәл де нанымды нақышпен бейнелейтін психологиялық романның ерекшелігі жанрлық талап пен автордың кәсіби шеберлігінде жатыр. Психологиялық романның көркемдік әлемін Ф.М. Достоевскийше түсінсек, бар мәселе - автордың оқырманды өз кейіпкерінің ішкі өміріне қалай ендіруінде жатыр. Кейіпкеріне сөз бере отырып, оның сана ағымын, қақтығысқа толы рухани әлемін, жан қозғалысын нәзік детальдармен бейнелей білу нағыз шеберліктің шыңы[4;88б].
Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем, атап айтсақ, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналылық пен бейсаналық, өмір мен өлім т.б. арасындағы ымыраға келмейтін күрес пен мәңгілік құндылықтар жайында ой қозғауға мәжбүр етеді. Бұл-психологиялық туындыға қойылар басты шарттардың бірі.
Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалады:
Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді.
Екіншіден, мұнда ең бастысы-жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адам бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады
Үшіншіден, шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.
Төртіншіден, психологиялық прозаның көркемдік әлемі өзінің жанрлық талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды [1;14б].
Негізі, көркем шығармада психологиялық талдау жасалынбаса "адамның ойына өң беріліп, көңіліне күй түсірілмейді" [5;36б].
І ТАРАУ КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1.1 Психологиялық талдаудың түрлері
Көркем әдебиеттегі психологизм мәселесі-ғылыми, әдеби мәні мол, күрделі мәселө. Психологизм-қоғамдық алғышарттар мен жеке адамдар дүниетанымын, олардың іс-әрекетіне жетекші сана-сезімдік қозғаушы күштерді сенімді суреттеу жемісі.
"Қахарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығармашылық феномен- психологизм" [6;3б],- дейді Б. Майтанов.
"Психологизм-көркемдік әлемнің жұлын-жүйесі" [6; 12б] болғандықтан психологияның әдебиет саласындағы тұрақты "елшісі" ғана, себебі әдебиет психологияның өзінен бұрын енші алып ертө дамыған. Даму барысында психологизм элементгері ертедегі әдебиеттерде де орын тепкен. Нақтылы психологизмнің көркемдік тәсіл ретінде әдебиетке келуі XVIII ғасырдан басталады. Сол кездегі сентименталист жазушылардың алғы мақсаты-адамның жан қозғалысын, нәзік әрі терең сезімталдықты суреттеу.
XIX ғасырдың басына қарай адамның жандүниесіне үңілу тіптен тереңдей түсті. Көркем шығармадағы басты нысана адам болғандықтан, оның ішкі, сыртқы болмысы шынайылықпен сомдалуы тиіс, адам жанын жандандырудың басты тәсілі психологизмнің осы тұрғыда алатын орны ерекше.
Қ.Әбдікова әдебиеттегі тұлға мәселесінің психологиялық талдау арқылы жүзеге асатынын айта келіп, Ж.Аймауытов талдау жасайды. Қазақ әдебиетіндегі тұлға мәселесін психологизм тұрғысында айтқан А.Иезуитов: "Біріншіден, психологизм- сөз өнерінің тектік белгісі, ажырамас қасиеті, көркемдік кепілі" [11;50б], -деп баса көрсеткен. Суреткер барлық күш- қайратын, шеберлігін бір ғана мақсатқа-адам жүрегінің сырын, адам жанының шындығын танытуға жұмылдырады. Адам жанына психологиялық талдау жасау жаңағы шеберлік шеңберімен астасып жатады.
"Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде" психологиялық талдаудың пайда болуын 3. Фрейд есімімен байланыстырып былай делінген: "Шығармашылық қабілетті жыныстық инстинктерімен төркіндететін әйгілі туындылардың психологиялық астарына басқаша үңілуге шақыратын психоанализ тәсілі өнердің барлық саласына соның ішінде әдебиетгануға ерекше ықпал етті...
Психологиялық талдау өнертанудағы соны сипаттағы белес болды, кейіпкер психологиясын талдау тареңдей түсті" [10;278б]. Көркем әдебиеттің негізгі предметі адам болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, түсінік-түйсігін, дүниетанымын, ішкі қайшылықтарын ашып көрсету-суреткердің негізгі міндеттерінің бірі. Мүны танытудың әдіс-тәсілі «сана ағымы» «жан диапектикасы» сияқты психологиялық талдау негізінде Р.Стендапь, Л.Толсгой, Ф.Достоевский шығармаларында қалыптасқаны айтылып жүр.
Психологизмге алғаш баға бергендердің бірі Н.Чернышевский Л.Толстой шығармаларындағы психологизмді реализмнің басты тәсілі, әсіресе адамды танытудың материалистік әдісі деген және «психологиялық талдау-шығармашылық таланттың қуатын көрсететін қасиеттің ең маңыздысы»-екенін атап айтқан [11;36б]. Кейіпкердің жан қалтарысының, сезім толқындарының әрбір қақтығысын көз алдымызға тізбектей мөлдіретіп әкелу қаламның эпикалық қүлашы мен лирикалық толғанысын керек етеді. Шығарманың өн бойындағы үзілмес желі оқиғалар тізбегін адам жасаса, әрекет-қимыл, тартыс үстінде болса сол қозғалыстарға жан беретін- ақыл-ой, сана-сезім, яғни "жан диалектикасы" болып табылады.
Психологиялық талдаудың негізгі міндеті- кейіпкер жаны қоғаммен, адаммен, табиғатпен қарым-қатынаста қандай эмоционалды-психологиялық өзгеріске ұшырайды, қандай қалыпқа енеді, соны жіті бақылау. Көркемдік-шынайылық болса, оны ұғындыратын, әрі ұғынатын адамдар жалпы үрдістерден өзге жеке сезімдік әуендерді таңдауға бейім. Сол себепті көркем шығармадағы өмір шындығының ең жоғары деңгейі психология заңдылықтарымен сабақтас.
«Психологиялық роман-адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айырықша мән берген» [12;280б],-деп баға береді А. Ысмақова.
Орыс әдебиетінде XIX ғасырда психологиялық романды Л.Толстой шығармашылығынан бастап тарататынын айттық. Ол адамның сезім күйін, толғанысын, қуаныш-қайғысын барлық қайшылығымен терең ашып бейнелеген. Кейіпкердің ішкі дүниесінің нәзік иірімдерін, құпия сырларын әсерлі суреттеу адам мінезін асқан шыншылдықпен нанымды көрсетуге мүмкіндік береді. Л. Толстой жеке адамдардың "жан диалектикасын" ашу арқылы қоғамдық өмірдің қайшылықтарын адамгершілік пен қатыгездіктің қақтығысынан туған трагедиялық жағдайды әсерлі бейнелейді.
Ал, Ф.Достоевскийдің психологизмді берудегі жаңашылдығы -романдардағы сан алуан кейіпкердің өмір қүбылыстарын сезінуі әрқилы. Кейде тіпті бір-біріне мүлде қайшы дүниетаным көзқарастарын үңіле зерттеп сипаттауынан айқын аңғарылады. Кейіпкердің адам тағдыры, дүние жаратушы жайлы белгілі бір шешімнің, нақтылы түйіннің аясына симайтын, шығармаға көп үнділік -полифониялық қасиет дарытатын қым-қиғаш ой-толғаныстарынан,
жеке адамның ой-санасы, ішкі сезімі бүкіл әлеммен, бүгінгі ғана емес, өткен өмір мен де, көлешекпен де жалғасып жатқанын байқаймыз [4;85б].
Әдебиетіміздегі тұнғыш психологиялық роман деп зерттеушілер Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романын атап жүр. "Ақбілектің" психологиялық роман табиғатына тән негізгі сипаты шығарманың сюжеттік-композициялық концепциясы кейіпкердің ішкі әлемін талдау мақсатына тәуелділігінде [12;280б]. Кейіпкердің қиын тағдырын жазушы ішкі монолог, толғаныс т.б. сияқты адами проблемаларды, бір кезеңдік қазақ өмірін: ондағы жаңа тіршілік-тынысты сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Суреткердің өзіне тән психологиялық стилі осы романда жан-жақты көрінген. Ол-күнделік ретінде берілген Ақбілек ойлары.
Адамның жан дүниесін бейнелеу- психологизм, әрине бір ғана жанрдың психологиялық романның шеңберімен шектелмейді. Кейбір шығармаларды бөліп, осы жанрлық түрге жатқызудың өзі де "шартты түрде жасалған жіктеу" [12;280б] деп санаған жөн.Осыған байланысты психологиялық талдаудың элементтерін басқа туындылардан табуға болады ( М.Әуезов, Ә.Нұрпейісов т.б.).Ал бүлардағы психологизмның басты орны алмауы психологиялық талдаудың әр түрлі болатынымен төркіндес. Осы жөнінде Н.Чернешевский: "Психологиялық талдау әр түрлі бағытта кездесуі мүмкін: бір ақынға характердің сыртқы белгілері, екіншісіне қоғамдық қарым-қатынас пен өмір тартысының сол характерге жасайтын әсері мәндірек, үшіншіге-сезім мен әрекеттің байланысы, төртіншіге - құмарлықты талдау қымбат, ал граф Толстой үшін ең маңыздысы - психологиялық талдаудың өзі, соның формалары, заңдары, анықтауыштық терминмен айтқанда-адам жанының диалектикасы",-[И;36б] деп айтады. Ұлы сыншы психологизмнің межесін сол кездің өзінде-ақ жіті пайымдаған. Қазіргі
қолданысга жүрген "аналитикалық, синтетикалық "деген терминдерді қолданбағанмен соларға жататын көркемдік әдіс-тәсілдерді атап көрсеткен. Ғылыми сында психологиялық талдаудың анапитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б.Майтанов М.Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "түйық психологизм" [3;86б] деген ат береді. Бул синтетикалық психологизмнің бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді.
Ж.Дәдебаев М.Әуезов шығармашылығына қатысты психологиялық талдаудың эпикалық және лирикалық тәсілі болатынын айтқан [9; 159б]. Қалай десе де екі ғалымның еңбегінде психологиялық талдаудың аты өзгергенмен негіздері бірдей шығып отырады. Бұған дәлел-М.Әуезов шығармашылығына қатысты талдаулары. Бірінші, Ж.Дәдебаев эпикалық тәсілмен психологиялық талдауды мынадай мысалдармен дәлелдеп көрсетеді: "Қунанбайдың қыбыр қақпай бір нүктеге қадалып сөйлеген сөзі, жалпы бет-бедері ешбір қимыл-қозғалыссыз беріледі. Ал, Абаймен алғаш кездескен сәттегі Тоғжан күйі, оның бет пішіні, бірнеше рет қызыл бояумен албырап толқып көрінеді. Жазушы Тоғжанның әшекей сырғасына дейін толқытып баяу дірілмен сілкіндіре суреттейді. Осылайша іс-әрекеттерді, олардың көріну процестерін суреттеген"[9;159б]. Психологизмнің синтетикалық түріне Б.Майтанов жоғарыда аталған психологиялық процестерді көрсетеді. Сонымен қатар , "Оянған өлкедегі" Ғ. Мүсірепов стилінде синтетикалық психологизмге жатқызады. Мұнда өзімізге мәлім сюжет қоюлығы, қоғамдық-саяси тартыстар шымырлығы, суреттеу құрылымындағы динамизм басым [3;137б]. Осыдан келіп, синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-
әрекет, қақтығыстар, сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі қүбылулар екендігін қорытуға болады.
Синтетикалық тәсіл қазақ әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Бүгінгі таңдағы синтетикалық тәсіл жазушы идеясының жүзеге асуына қызмет етіп, жазушылық мақсат-мүддеге бағындырылады. Бұған дәлел портретті, қимыл-әрекетті алсақ, екеуі де ауыз әдебиетіндегі батырлар жырынан бастап, бүкіл әдебиеттегі кейіпкер түр-түлға, ой-санасын, мінез-қүлқын танытуға қызмет етіп келеді. Пейзаж да, деталь, штрих та (бүлар аналитикалық тәсілге де тән) ертеден қалыптасқан дәстүр.
Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу-аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық психологизм-негізінен психологиялық роман жанрының тууына, шығармаға психологиялық талдау жасауға негіз болған бірден бір тәсіл. Аналитикалық тәсіл Қ.Әбдікованың көрсетуінше "Ақбілек" романының негізгі желісін қүраған, оның басты көрінісі- ішкі монолог. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналысында соның ойында өтеді. Психологиялық талдаудың аналитикалық түрі арқылы кейіпкер өзін-өзі таниды. Ішкі жан дүниесінің дірілі, сезім қақтығыстары арқылы танылады[7;73б].
Г.Пірәлиева: "эмоционалдық қозғалыс ой қозғалысына дем беріп отырады" [13.71б],- деп, ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бір әдісі осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау (өзін-өзі жегідей жеу) екенін айтады. Бүған "Ақбілектегі " Мүқаш бейнесін жатқызуға болады, аналитикалық түрғыда Ақбілектің де, Мүқаштың да жан дүниелерінің сұлбасы жасалған. Ж. Аймауытов аналитикалық психологизмге синтетикалық тәсілді де үстемелеп отырған. Бұл туралы
Қ.Әбдікова өз еңбегінде атап көрсетіп: "Аналитикалық тәсіл мен синтездік тәсілдердің ғажап қосындысын жасаған" [7;45б], - дейді.
Таза аналитикалық тәсілмен жазылған шығармалар баршылық, олардың көркемдік бояуы кемімей, композициялық құрылымына шек келмей жазылған. Мұндай шығармаларды "сана ағымына" құрылған шығармалар деп атап көрсетіп жүрміз. Әдебиетімізде мұндай туындыларға Ә.Кекілбаевтың, 0. Бөкейдің шығармалары жататынын А. Ысмақова, Г. Пірәлиева атап көрсетті.
Аталған жазушылар туындыларындағы психологизм
мәселелерінің актуальды мәні жоғарыда аталған жайттармен желілес.
1.2 Психологиялық талдаудың көркемдік қызметі
Қазіргі қазақ жазушыларына осы заманғы әдебиеттің жағдайына сәйкес уақыт қойып отырған үлкен міндеттің бірі - "адам жанының диалектикасын" ашу. Дәлірек айтқанда, кейіпкердің ішкі рухани әлеміне үңілу, жан сарайына психологиялық талдау жасау саласында терең толғану, тынбай іздену керек болып отыр [9; 142б]. Психологиялық талдаудың бұлайша әдебиеттің күн тәртібінде бірінші мәселеге айналуының басты себебі неде?
Әдеби әдіс мәселелері ең басты дүниетанымдық, көркемдік құбылыс саналса, осы мәселелердің неғұрлым нақты, толымды, шешімі айқын ғылыми келбеті-кейіпкер жан дүниесін бейнелеу мүмкіндіктері мен амал, жолдары, бағыт-бағдары, сол бағдардағы жемісті нәтижелер арқылы танылмақ. Шартты теңеуге барсақ: "көркемдік әдіс-мазмұн, психологиялық талдау-пішін. Пішін мазмұнға қарай, мазмұн пішінге қарай өзгермек. Эстетикалық байлық-іш пен тыстың бірлігі мен өзара ықпал әсерінде, жаңа байланыс түзе алуында". Психологиялық талдаудың тағы бір көркемдік мәні мынада деп ойлаймыз, атап айтқанда "ол-жазушы үшін толыққанды образ, өміршең тұлға жасаудағы бірден бір қолайлы да, оңтайлы тәсіл". Расында, образ, характер жоқ жерде көркем шығарма рухы түгілі оның елесі де жоқ. Осы туралы сөз қозғаған Ә. Қоңыратбаев:" Даралау-характер жасаудың ішкі заңы" [14; 31б], - деген болатын. Даралыққа жету үшін типтендіру қажет.
"Типизм - творчествоның негізгі заңының бірі, онсыз творчество жоқ" [14;32б]. Сонда біздің психологиялық талдаудың көркемдік қызметіне тоқталғанда айтатынымыз оның кейіпкер
характерін даралаудағы басты сипаты. Мысалға: Қазіргі қазақ әдебиетінің классигі Ә.Қоңыратбаевтың шығармаларын алып қарайық. Жазушының қол артқан басты тәсілі-психологиялық талдаудың аналитикалық түрі. Аналитикалық дегеніміз- бір кейіпкердің жан дүниесін бүгі-шегісіне дейін талдау деп жүрміз. Яғни, Ә.Кекілбаев шығармаларының басты сипаты - психологизм.
"Аңыздың ақыры " романындағы кейіпкерлер - ¥лы Әмірші, Бибі ханым, шебер іс-әрекеттерімен емес, Г.Піралиеваның тілімен айтсақ:"Көңіл-күйлеріндегі күйзелістермен, жан әлеміндегі арпалыстармен, ішкі буырқаныстардан сыр берер бет-жүздегі, мінез-құлықтағы сезімдік құбылыстармен көрінеді" [13;172б]. Әмірші де кезінде Әмір әскерінің көп сардарының бірі ғана болатын. Сол көптің бірін осы данқ пен дақпыртқа, бақытқа жеткізген қанағаттанбаушылық
сезім еді. Жоғарыда біз айтып өткен типтендіру мәселесі- Алмас ханның бойында. Өмірдің қаталдығы мен қатыгездігін, қулығы мен сұмдығын, әккілігін, талғампаздығын бойына жинақтаған тамаша кейіпкердің сұңғылалығына нандырады. Әккі Әмір ел қарамағындағыларды уысында ұстау үшін елді қабағынан тануды қажет құрал етті. Айналысындағы адамдардың іші-сыртын, пендешілік осалдығын, көңіл түкпіріндегі құпия сырларын Әміршінің тап басып зерттейтінін бейнелеуде үлкен суреткерлік алымдылық танытқан.
Жазушылық бұндай позиция туралы Ә. Қоңыратбаев былай деген: "Сонымен бірге оның өзіне адамдық характері болуы керек. Мұны даралау дейміз. Даралау жоқ жерде образ жоқ" [14;31б].
Өз сырын өзге түгіл өзінен жасыратын Әміршінің табиғаты-тұнып тұрған құпия, өзінің не күйінішін, не сүйінішін сырт көзге сездірмес тәкәппар. Кейіпкер-тек төңірегіндегілер үшін ғана емес, оқушысына да оңайлықпен сыр ашпайтын тылсым характер. Оның сырт көзге байқала бермейтін ішкі сезім иірімдеріне, жан арпалыстарына, ой-сезім құбылыстарына, санасындағы психологиялық процесгегі, терең тебіреністеріне тек автор көмегімен дендейсіз. Әміршінің ой-монолог, көпті көңіліне ойланса да, неден күдіктенсе де іште сақтайтын сарбаздығы оқиғаны оймен өрбітеді. Суреткерлік бүкіл роман бойына оқиға қумай, адам жандүниесіне терең бойлап, оның психологиясын, рухани әлемін, ішкі иірімдерін драматизммен ашуында жатыр. Біз айтып өткен сипаттамалар "даралаудың бір тәсілі мінездік талдау-психологизм" [9;173б]. Ендеше, кейіпкер психологиясын шынайы суреттеу шеберлігі суреткердің ерекшелігі ғана емес, оның ерекше талантының айғағы да. Психологтік түйсік немесе суреткерлік сезімталдық-туа біткен таланттың еншісі. "Аңыздың ақырындағы" Әміршінің тынымсыз ойға, небір қиялдарға бөленген ұзақ жол, жол бойындағы оңашалық, жалғыздық болса, еліне келген бетте оны мазалайтын нәрсе-өзегіне құрт түскен қызыл алма. Бұл жерде қызыл алма-Әміршінің тынышын тонаған көркемдік нышанның басты кілті. Иә, қызыл алма-опасыздықтың символы. Осы бір өзөгіне құрт түскен қызыл алма арқылы үй-ішінің, өз шаңырағы астындағы алауыздықты, өзі жоқта орын алған опасыздықты ғана түсініп қойған жоқ Әмірші, сонымен қатар, жалған өмірдің өткіншілігін, жер жүзінің жартысын билеген қаһары да, атағы жер жарған даңқ пен дақпырттың да шын ғашықтың жүрегінен шығып, көңілінен қаланған мұнара меңзеп тұрған адал махабаттың қасында ешқандай да құны жоқ екенін түсінеді, түсінеді де күйінеді. Күйініш оны күйреуге әкеледі. Жазушының шеберлігі сол дараланған образдың нанымдылығын, шынайылығын сақтайды. Бұл ретте психологиялық талдау ерекшелігі творчестволық ерекше категория ғана емес, ол реалистік әдебиеттегі көркемдік тәсілдердің бірі, яғни адам характерін ашып, образын сомдауға мүмкіндік беретін, әдеби тәжірибеде сыналып, өміршендігін көрсеткен стильдік тәсіл. Айталық, бұл үрдістің беделді өкілі деп Ш.Айтматовты атауға болады. Кемеңгер жазушы өз шығармаларындағы даралауды психологизм тәсілімен жүзеге асырады. Барлық прозасында жоғарыда біз айттып өткен даралау типтендіру, көркемдіктің шынайы заңдарына жүгіну, ұсақты дардай ету, реализм мен ғажап поэтика бар . "Алғашқы ұстаз", "Ақ кеме", "Боранды бекет" шығармаларындағы кейіпкерлердің сомдалуы, олардың саналарындағы ағым процестерімен астарлас. Ондағы адамдар схема емес автордың өзін де, оқушыны да үйіріп, тез билеп алады. Демек, шеберліктің кілті-мәселенің айқындығында, қолмен ұстап көргендей барлық жан-жүйесін таныта білуде.
Психологизм- көркем әдебиеттің тұтас болмысынан ажырамас қасиет, біз ол жағдайды байқай бермейміз. Сонымен бірге "психологизм-көркемдік бейнелеу принципі, ойлау типі, жазушы талантының төл белгісі" [6;318б]. Психологиялық талдау - шығарманың композициялық құрылымына, сюжөттік желісіне кейіпкер сомдау амал-тәсіліне әсерін тигізер бірден бір әдіс. Сондықтан да психологиялық талдау әдебиеттегі өміршеңдігін сақтай бермек.
II ТАРАУ
ХХҒАСЫР КӨРКЕМ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАЛАМГЕРЛІК ШЕБЕРЛІК
2.1 Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы ішкі монологтың өзіндік ерекшелігі
Прозадағы психологизм әлем әдебиетінде ХХғасыр басында-ақ әр түрлі бағытта дамығаны мәлім. Сол кездері жарық көрген Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың т.б. шығармалары дәлел.
Ж.Аймауытов-суреткердің ішкі өміріне психологиялық талдау жасаудың үздік үлгісін "Ақбілек" романы арқылы көрсетеді.
"Ақбілек" романының ұстанып отырған нысанасы-әйел тендігі. Бұл-сол кезеңдегі демократия бағытындағы жазушылардың ортақ тақырыбы. Романда бас кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей, өмірдегі бар болмыс-бітімімен, өзіндік табиғат-тіршілігімен, яғни пенделік қалтастарымен қаз қалпында бейнелейді [13;3б].
Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды жазушы психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер береді. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналасында өтеді, оның бәрі Ақбілектің ойы арқылы өрбиді.
Күтпеген жерден нәсілі бөтен жұрттың ортасына түсіп, қарамүрттың меншігіне айналған жас қыздың қайшылықты тағдыры, жан күйзелісі романда жан-жақты әрі айшықты бедерленеді. Қазақ емес, орысқа намысын таптатумен тұрмай оң жақта отырып, жүкті болуы, оны білген атастырылып жігіт Бекболаттан айырылуы, әкесі мен өгей шеше арасындағы қырғи қабақтық т.б. бәрі Ақбілектің тағдырын қиындатып, жан азабына салады. Кейіпкердің қиын тағдыры жазушыны ішкі монолог, толғаныс т.б. секілді әдеби тәсілдерге жүгіндіреді. Суреткер бүкіл адами проблемаларды, бір кезендік қазақ өмірін, ондағы жаңа тіршілік-тынысты, сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Сөйтіп, жазушы Ақбілекті үлкен психологиялық образ дәрежесіне жеткізеді. Романның әрбір беті бізге Ақбілектің өміріндегі тоқтаусыз өзгерісті, бір байламға келе алмаған ой арпалысын аңғартады. Және бір айтар жай, оқиғаны баяндау барысында автор мен кейіпкердің ойы мен сөзі көбіне бірігіп кетіп отырады.
Мысалы: "...Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз... Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сүлу... Ол елден асты: қазақ түрсын, атағын орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты... Орыс біткен бұған бола қырқысты. Кім біледі, тірі болса, үмітсіз шайтан... Өз еркімен келіп отырған жоқ... " Бұл автордың монологы секілді, бірақ бұл Ақбілектің ой арпалысынан сыр беретіндей. Мұндағы көп нүктелер кейіпкердің санасында жүріп жатқан ой ағысын, өзін-өзі жұбату (шарасыздықтан туған), алдауды аңғартады. [15; 164б]
Кейде керісінше, Ақбілекке тиісті ішкі ой автордың атынан айтыла береді; «Төре» болса қайтсін? Мұның іздегені орыстың төресі ме еді? Киім тамақ әпереді дейді. Соған зар болып, осылардан сұрауға келіп отырғаны-ау! Шаруаны қатын істемейді дейді. Енді кім істемекші ?"
Міне, осы үзінділерден романдағы ішкі монологтың ортақ төл сөзбен берілгендігін байқауға болады. Мұны не әңгімелеушінің (повествователь) не кейіпкердің айтып тұрғаны белгісіз, екеуі кірігіп кеткен [13;46б].
Романның алғашқы бетінен-ақ ішкі монологтың көркемдік қызметі, оның әдебиеттегі атқарар рөлі айқын көрінеді. Мысалы, жазушы кеиіпкерлерінің рухани әлемін, жан дүние қалтарыстарын, жалпы табиғатын ашу үшін ішкі монологқа көп жүгінеді. "Бекболат", "Офицер", "Мұқаш" деп жеке-жеке тарау етіп алады да басты деген үш кейіпкердің портреттерінен бастап, ішкі ой-сезімдеріне дейін осы монолог арқылы барлау жасайды. Олардың өз ауыздарына сөз сала отырып, біраз табиғатын аша түседі.
Тегінде адам анадан туғанда жаман болып тумайды. Оның жақсы, жаман болуы да өмір сүрген ортасына, алған тәрбиесіне байланысты болса керек. Олай болса әрбір адамды өмір бақи бір ғана нәрсе- ар-ұят қана азаптап өте алады. Мәселен, Мұқаш осындай сатқындыққа неге барды? Оны күнәсіз жас қыз Ақбілектің тағдыры талғандырмады дейсіз бе? Осы әрекеттеріне есеп бермей төсегінде тыныш ұйықтай алатын Мұқаш па? Роман сонда Мұқаштың жоқ болып кетуі себепсіз емес қой. Міне, бүл жайлар " Мұқаш" деген тақырыппен берілген кейіпкерлердің монологында жан-жақты ашылған. Яғни бұл автор тұрғысынан ішкі монологты кейіпкер болмысын, оның ішкі ойын, ой ағысы мен драмалық құбылысгарын талдау құралы ретінде пайдаланған әдісі екенін аңғарамыз. Суреткердің бұл тәсілі кейіпкердің рухани жан әлемін ашудағы қазақ прозасында алғаш қолданылған өзіндік түрлік ізденіс.
Тегінде ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері (формалары) де бар. Кейде ішкі монолог кейіпкердің ішкі ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында да берілуі мүмкін. Немесе тура автордың өз атынан, әйтпесе кейіпкер рөліне көшкен автор сөзі ретінде көрінуі ықтимал. Міне, біз айтып отырған осы үш тәсілдің бәрі "Ақбілектің" өн бойында тұнып тұр. Біздің жоғарыда ішкі монологты не автор, не кейіпкер айтып тұрғаны белгісіз деуіміз сөбебі де сондықтан. "...Әкесі мен екеуінің арасын қара мысық кесіп өткендей, бір өткел түскенің Ақбілектің жүрегі сезөді. Әкесінің қабағы қашан жадырар екен, қашан жылы қарар екен, қашан тіл қатар екен?... деп сарылыг, сарғайып күтеді: әкесінің көзі түсер ме екен деп көзінің қырымен жаңсыз аңдып отырады. Бір қарасада қайғысы жеңілетіндей, бақытты болатындай көреді. Сонда да әкесі көз салмайды. Енді Ақбілекке шешесінің өлімінен де мынау жаман батты. "Жан дегенде жалғыз әкем мені жек көрсе, енді кімге сыямын? " деп қайғырды [15;253б]. Міне, Ақбілекті ендігі ауыр күрсіндіретін жаңа қайғы осы еді".
Бұл-ішкі монологтың кейіпкерлерінің ішкі ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысынан берілуі."... Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз...Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу... Ол елден асты: қазақ түрсын, атағына орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты... Орыс біткен бұған бола қырқысты. Кім біледі, тірі болса, үмітсіз сайтан... Өз еркімен келіп отырған жоқ... Қара күшке, тағдырға не шара? Жамандығынан мұндай болған жоқ. Ақбілекті кім жазғыра алады? Малына, жанына ие болып отырған қай қазақ бар? Азар болса, жазықсыз құрбан болып жатқан көп қорғансыздың, көп сорлылының бірі шығар... " [15;164б].
Бұл-кейіпкер рөліне көшкен автор сөзі екендігі сөзсіз. Міне, қарап тұрсаңыз роман бастан-аяқ монологтан тұратын секілді. Және көбі белгілі бір оқиға, сезім, не жан толқуы туралы бір кейіпкердің монологы емес, қапыда үлкен қасыретке душар болған бойжеткеннің айналысындағы адамдардың болмашы ғана жылы қабақ, мейірім, тағдыры титтей пенделігі бақыт тілеген тынымсыз жан арпалысы тоқу мен тебіреніске мұң мен налаға толы тынышсыз ішкі әлемі, эмоционалдық сезім жағдайы т.б. жүйелі түрде жүріп жатқан психологиялық процесс.
Біз көбінесе жекелеген эмоционалдық жағдайды екінші бір сезімге ауысуына, оның бет-жүз құбылысы мен ой-сана процесіндегі қозғалысына куә болып отырмыз. Мысалы, бір бөлімнің сонындағы Әмір ағалары Ақбілекті тауып, ауылына алып келе жатқандағы көрініс, сондағы қыз шері-монологы қалай шебер берілген десеңізші:" Осы арам деміммен, арам ауызымен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындармын, қайтып оны да арамдармын? Құдайдан қорқпай, оны құтты қадам мешіттей үйіне қалай кіремін? "Кәпір" сүйген, аймалаған, аяғымен жайнамаз салатын жерін қалай денем шімірікпей басармын? Мені көргенде, "пәленшенің орыс бүлдіріп... кеткен қызьГ деп, кім көрінген ішінен түрады-ау! Әлде біреуі әкеммен, не өзімнен егіскен күн айтыпта салады-ау!... " [15;201б].
Жалғыздық-ішкі монологтың ең негізгі қасиетті екені белгілі. Өйткені адам жалғыз қалғанда ғана ойына, сана ағымына ерік бере алады. Сөйтіп өз-өзімен сөйлесіп кеткенін де сезбей қалады.
Эмоционалдық қозғалыс ой қозғалысына дем беріп дамытып отыр. Дәл осындай ойлау динамикассы Ақбілектін ақтарға ұстатып кейін үйіне қайтып келе жатқан Мүқаштың ішкі монологы арқылы да бейнелейді. Аймауытовтың сихологизмінде әсіресе психологиялық өзін-өзі талдау (психологический анализ ) көрнекті орын алады. Ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бірі әдісі-осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау, жегідей жеу.Бұл әдіс көбнесе өзі қылмыс сәттегі (сәтке дейін немесе сәттен кейін) көңіл күйі, жан азабы үстінде кейіпкердің ақтарылуы немесе өз ары алдында ақтаулы жағдайында көрінеді. Және ол сөз қылмыс жасаушының өз атынан айтылады оның екі түрі болады: өзін-өзі талдау (самоанализ) және кейіпкердің өзін ашуы (самораскрытие героя). Осы екінші түрде кейіпкер өзінің ойы мен сезімі, ішкі өмір ағының айтады, ол мезгіл өзі қылмыс жасаған сәтке сәйкес кёледі. Кейіпкер дәл сол сәтте қандай көңіл күйде болды не сезінді т.б. туралы әңгімелейді. Ал, бірінші жағдайда өзінің әлеміндегі жәй-күй мен жан арпалысы, өз ісін таразға салу тұрғысынан жан-жақты айтылады. Осы орайда айтылған теориялық тұжырымға Аймауытов бейнелеп отырған Мұқаш бейнесі, оның ішкі монологы нақты дәлел бола алады [13;8б].
"... Япыр-ау, мен қазақпын ба? Қазақ болсам өз қаныма неден мұнша өшіктім? Өзгем өзге ғой, "ағайтайлап" жалынып, қолын созып келе жатқан Ақбілектің білегін көкке созғызып, жүйкесін құртып орыстарға ұстап бердім-ау! Ағасы болмаса, бұ қызда не жазық бар еді? ... Тегі мен өлерімді білмейтін ақмақ шығармын " [15; 164б].
Мұқаштың өзін әшкерелейтін күнәсі де бар, оның себебі де бар өз дәрежесінде оның бәрін Мұқаштың өзі-ақ ақтарып салады. Аймауытов пайдаланып отырған бұл тәсілі Ф.М. Достоевскийдің Раскольников бейнесін көз алдымызға әкеледі. Достоевскийдің кейіпкердің жан дүниесін ашуда қолданатын «двойственность» (екіге жарылу) тәсілі Жүсіпбектің де жиі жүгінетін әдісі. Оған "Ақбілек" романы тұтастай дәлел [16; 17б].
Ендігі бір ескерер жәйт, романдағы кейіпкерлердің өзін-өзі іштей әшкерелеуі, өз ісін саралап-таразылауынан өзге автордың араласып отыратыны жиі кездеседі. Мәселен, әлгіндегі Мұқаштың қаны бұзық адам екендігін автор мына бір соны сурет арқылы да аша түседі: "...Баласын иіскейін деп оқталды да, ойына бірдене түсіп кеткендей тоқтай қалды. Күнәға батпаған, періштедей сәбиге жаман қолын, арам демін, арам ернін тигізуге батылы бармады. Молдадан да, ұйықтап жатқан нәрестеден де, нәресге емес, өзінен ұялғаны күштірек тәрізденеді. Аңдаусызда аяқ астынан әлде бір ит арс еткендей- ақ, Мұқаштың тұла бойы шымыр ете түсті" [15; 167б].
Суреткер пәк нәресте мен қылмысты әке бейнесін осылай салыстыра отырып, кейіпкердің ішкі әлемін әшкерлей шенейді.
Суреткер қыз қасіретін бейнелеуде ой толғаныстарымен бірге сол ішкі шерді сыртқа сездіртіп тұратын бөт құбылыстарына, жалпы мимикаға үлкен мән бергені байқалады. Ішкі тебіреніс сәтіндегі кейіпкер жүзіндегі, дауысындағы, көзіндегі, қимыл-қозғалысындағы еріксіз әрекеттер де өз рөлдерін мінсіз атқарады. Осы орайдағы озық үлгінің бірі ақтардан да, қасқырдан да, қасқырдан да қутылып, әулие-дуанаға аттай мініп келе жатқан уыз жас Ақбілекті жазушы былай бейнелейді: "...Оның келе жатқан ауылы, әкесі. Әкесін көреді құшақтай көріседі, апасына құран оқытады, әкесін апасындай болып күтеді. Бірақ, өзін-өзі қалай жүбатса да, жүрегінің басында түйіртпектеліп бір зілді нәрсе жатыр, ол туйіртпек нәрсе арқандаған аттай, қуаныштың қүлашын жаздырмайды, бер жағы бүған да шүкіршілік еткісі келсе де, ар жағы қүрсаған күндей жадырамайды, езу ғана жымиғандай болады. Бет-ауызы, көзі күлмейді, ілгіштеніп жібермейді "[15; 191б].
Аймауытов адам психологиясын, жан-жүйедегі дүлей толқындардың сыртқа сыр беріп қалатын осынау оңтайлы әдістерін де әдемі түрлендіреді.
2.2 Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі ой ағысы М.Жұмабаев шығармашылығын зерделі зеттеушісі Ш. Елеукенов былай деп жазады: «Шолпанның күнәсі» атты әңгіме, сөз жоқ, қазақ прозасының көркем дамуындағы ірі қадам, қазақ әдебиеті психологизміне соны дем бітірген шығарма" [17;282б ].
Автор «Шолпанның күнәсі» әңгімесінде шығармашылық еркіндікке жекелеген әйел образы, оның мінез-құлқын, табиғатын зерттеу, танып-білу арқылы әйелдің адами-пенделік сезім арпалыстарын кеңінен қамти жазу арқылы барды. Әңгімеде бір Шолпанның болмыс-бітімін ашу арқылы жалпы әйел затының жан сезіміне терең шолу бар, сонымен бірге адамның тіршілік иесі ретіндегі жан сырын ашып, сол арқылы барша әйелдің басында кездесетін мінезді, табиғатты зерттеуге ұмтылу бар.
Жанры жағынан қарастырғанда бұл шығарма-психологиялық әңгіме. Автор адам жанының құпия сырларын шұқшия зерделеп, саралайды. Мағжан Жұмабаевтың көркем мінез жасау жуйесінде күрделі психологизм алдыңғы сапқа шығып, көркем зерттеу нысанына айналған.
М.Жұмабаевтың қай шығармасынан болсын жаңашылдық пен өзгешелік көрініп тұрады. Шолпанның өзгеден оқшаулығы-өзінің сүйгеніне, жүрегі қалаған адамға тұрмысқа шыққандығында. Ол кезенде сүйгеніне тұрмысқа шығу- қазақ қыздарының арасында сирек кездесетін жайт.
Психологиялық көркем дүниелерді сомдаған Мұхтар әуезовтің көркем шығармадағы психологизм туралы:«Орыс жазушыларында анық сүйенетінім: Толстой, Достоевский. Адам жанын соларша қойма ақтарғандай ақтармаған соң, жазушылықтың мәні де жоқ. Прозаға психология аралыспаса, өзгенің бәрі сылдыр су, жабайының тақ-тақ жолы» [18;129б] деген пікірі бар. Мағжан Жұмабаев та өз шығармасында адам болмысының қатпар-қатпар қалтарыстарына үңіле білді. Онсыз шығарманың «сылдыр су» болатындығын ұғынғандығы анық.
Бұл әңгімедегі бар оқиға, сыртқы әлем Шолпанның санасындағы құбылыстар арқылы өрбиді. Шолпанның өмірі де ойлау логикасы да өзгеше, ешкімге ұқсамайды.
Ол-ойдың адамы, сондықтан да ол көп қателеседі. Баланы керек етпеген қателігін Шолпан кеш те болса, түсінді, түсінді де бармағын тістеді. Сүйгені Сәрсенбай бала сүйгісі келеді екен. Сол түннен бастап Шолпанның ойына не келіп, не кетпеді, не істеп, не қоймады. Қолынан келгенің бәрін істеді. «Пірәдәр келін» де атанды, молданың сасық түкірігін де жұтты. Бір бала үшін дүниеден бас кешіп кеткен ол ақырында беттегі арын белге түйіп, күйеуінің көзіне шөп те сала бастайды. Осының бәрі сүйгені, соның бақыты үшін жасалған әрекеттер. Алайда, оның ойын да, жанын да, түсінер жан табылмады. Жанына жалау болар жалғыз жары да оның ойының тілегінен тысқары болғасын.
Шынында да, ірі сезімнің иесі ғана ірі әрекетке бара алады. Біреудің бақыты үшін өзін қүрбандыққа шалу да үлкен жүректің, ерен ерліктің белгісі. Тәңірден сұраудан, тәуіптен емделуден бала болмасын білген Шолпан басын өлімге тігеді. Ол өлдің өсегіне, құдай алдыңдағы күнәден де қорқпай Сәрсенбайдың бір ғана тілегі- бала үшін Әзімбайға келісім береді. Бұл, әрине, арзан мінез, жеңілтек қылық емес. Мұндай қадам тек батыл әйелдің ғана қолынан келмек. Шолпанға елдің сыпсыңы емес, Сәрсенбайды бақытты ететін бала керек.
Адам жанындағы драматизмді, үлкен әлеуметтік мәні бар ішкі қайшылықты автор былай бейнелейді:
"...Сәрсенбай әңгімесінің арасында жәй сөздің екпінінен: "Балалы үй-базар, баласыз үй-мазар" деген сөз ып-ырас-ау дегенде, Шолпанның басында жаңа бір ой жарқ ете түсті: "Үш жылдан бері балам болмасын деген тілегінің қате болғанда да есалаң екендігі, бала болмаса екеуінің өмірінің қу мазарға айналатындығы " еді" [19;295б].
Бұрындары ойы түгіл түсіне енбеген бола міне осы сәтте бастап Шолпан үшін жатса да, тұрса да арманға айналды. Бала Шолпанға жаңа ой, жаңа арман, жан толғанысгары мен азан арпалыстары алып келді. "Өмірдің әрбір минуты сайын Шолпан ойының, Шолпан жанының әрбір ұшқыны өліп жатты." Бірақ бала болмады. Қазақтың " Ұрлық қыл да мал тап. Ойнас қыл да бала тап" деген мақалына сүйінген Шолпан шын шатасгы. Осы бұзық ой келген сәттен бастап "баланы кімнөн табу керек" деген сауал мазалайды. Арлы әйел жанын жегідей жеген бұл сауал тағы да тынымсыз ой арпалысын, сана сергелдеңін тудырады. Сөйтіп, батыл шешімнің шешуін де тауып береді. Ақыры болашақ баласына ата болар адамға -Әзімбайды таңдайды, жастығы, тектілігі, деңсаулығының мықтылығына дейін таразыға салып, санасынан өткізіп әбден елеп-екшеуі Шолпанның тегін әйел еместігін, кең масштабты ойлайтын ақылды Әйел-ана екендігін дәлелдесе керекті.
Жалпы автор кейіпкер тіршілігін өз бейнелік қадір-қасиетіне, мінез-құлқына, үміт-ынтасына, іс-әрекетіне қарай бір қою оқиға қомында бейнелеуге бейім. Адам психологиясы, толқу-тебірену, өмір жолындағы бұралаң-бұлтарыстарының логикалық құбылыстары, сананың үздіксіз күресі т.б. мұнда үлкен шеберлікпен суреттелген Бір ғажабы біз Шолпанның түр-түсін де жөндеп танымаймыз, ол сұлу ма, жоқ әлде көріксіз бе, түр-тұлғасы қандай? Жейіпкер" бізге Шолпан емес, оның ойы, санасы секілді. Өйткені, әңгімеде сана кейіпкердің рөлін толығымен атқарып тұр.
Көз келген психологиялық шығармада оның табиғатын ашатын тәсілдердің қолданылатыны хақ. Олай болса "Шолпанның күнәсінде" де адамның психологиялық құбылыстарын, жан дүниесін ашып, характер сомдауға сүбелі үлес қосарлық, іс-әрекеттің нанымдылығын да дәлелдерлік логикалық шешімдері ширықтыратын көркемдік компонеттердің жүзеге асқаны күнәсіз.
Жазушы тіршілік үшін, бала үшін ешбір жолдан тайынбайтын әйел бейнесін сомдаған. Әңгіме соныңда автор кейіпкерін азапқа салып өлтіреді.
Әдөбиеттанушы - ғалым Ә.Ысмақова: «жазушы өз кейіпкерін ақтап отырған жоқ, бірақ оның білетіні біреу: ешкім адам өмірін қиюға құқылы емес, себебі, өмірді адамдар бермейді, ол жоғарыдан берілген» [ 12; 181] деп , Шолпан өлімінің себебіне үңіледі.
Психологиялық талдаудың күшті компоненті - ішкі монолог. Бұл орайда орыс ғалымы Т.Мотылева: «Адам өз сөздерінөн гөрі, ойларында әлдеқайда ашық болады. Ішкі монолог ол XIX ғасырдың бірінші жартысында ұлы реалистердің адам ойының мән ашудағы басты тәсілі болды. Онда сырт көзден бүркемеленіп, ашық айтылмайтын мән-мағына бар» [20; 179б], - деген пікірді айтады.
М.Жұмабаев та осы ішкі монологты әңгіменің өң бойында ұдайы пайдаланып отырады. Автор Шолпанды көбінө іштей сөйлетеді, ойлантады, күйіндіреді, қуантады. Бала болуын алғашында тілемеген Шолпан кейін өзгереді. Өзінің қателескенің сезіп «аь» ұрады.
Автор кейіпкер өмірінің бір ғана бөлігін алады да, сол ситуатция арқылы бүкіл болмыс-бітімін, жан-дүниесін ашып береді.
Оқиға бас аяғы аз ғана уақыт ішінде өрбиді. Ары қарай оқиғаның шешімі ширыға түседі. Шолпанның күнәсі жұртшылыққа біліне бастайды. Сәрсенбай әйелінің бойындағы баланы өзінің баласы еместігін біледі. Яки, Сәрсенбай өзінің бедеулігін бұрыннан -ақ сезген. Мұны Мағжан түсіндіріп жатпайды. Оқырманға бұл астарлы ой түсінікті. Өйткені, Сәрсенбайдың кемшілігі жайында ой Шолпанның ішкі толғанысынан көрінеді.
«Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі терең психологизм, ішкі монологтың барлық мүмкіндігін пайдаланып, жалпы көркем шығарманың сипатын сай баяндаудың драмалық тоқайласуын оқиға мен кейіпкердің ситуациясына сай мәнерлеу, бұл тұста адам жанының, оның бүкіл іоәрекеттің психологиясы мен ой-арманын, толғанысын болмыс пен қүбылысқа тән бүкіл қилы-қилы сезім қалтарыстарын иіріп отыратын М.Жұмабаевтың өзіне тән және осы тектес бүкіл классикалық шығармаларға тән үрдіс.
2.3 М.Әуезов әңгімелеріндегі жалғыздық мәселесі
Жалғыздық – қашанда жеке адамның басындағы қайғы-қасіретке, ішкі ойға, емін-еркін егілуге де, ішкі құпия тіршілікке ерік беруге, өз сезімін қадағалауға да, қадағалаумауға да құқысы бар мезет. Әрі бұл адамның (кейіпкердің) ішкі табиғатынан, болмыс-бітімінен сыр берер, оның характерін ашуға да өзіндік үлес қоса алатын көркемдік қасиет. Өйткені, адам жалғыз қалғанда ғана ішкі ой еркіндігіне бой алдырады. Жалғыздық- адамға өз ойымен болуға, еске алу, елесгеу, қайғыру, сүйсіну, белгілі бір шешім қабылдау т.б. секілді толып жатқан философиялық, психологиялық категориялар мен процесгерді, сан алуан түрлі сезімдік құбылыстарды бастан кешетін кезең. Ішкі монологтардың, ішкі ой қақтығыстарының жүзеге асатын кезі де осы сәт. Кейде адам қатты қапаланғанда немесе шектен тыс қуанғанда еркінен тыс, ойланбаған, тіпті ойы түгілі түсіне енбеген сұмдық іс-әрекеттерге баруы да мүмкін. Оны психологияда, философияда, әдебиеттану ғылымдарында шындықты санамен бейнеленуіне тікелей қатыспайтын, еркіннен тыс болатын-психикалық, физиологиялық құбылыс "безсознательность" (санасыздық) делінеді. Оның қазақ әдебиетіндегі үздік үлгісі-"Қаралы сұлудағы" Қаракөз, оның ойда-жоқта өзінің қойшысы Болатқа сыр алдырып қоюы. Қаракөз тап сол сәтте бұл әрекет туралы саналы түрде ойлап үлгерген жоқ, тек ой оған аяқ асты келді де тіпті еркінен тыс түрде өзі ойламаған оқиғаға тап болды.
М. Әуезов бұл жерде жалғыздықтың шын мәнінде де табиғат пен тіршілік заңына тән емес үлкен трагедия екендігін терең философиялық астармен жеткізіп отыр [13;26б]
Тегінде М.Әуезовтің суреткерлік шеберлігінің өзі осы адам жанын, табиғатын, психологиясын терең тануында жатса керек. Оны ұлы жазушының әзі былай деп түсіндіреді: «Тегі адам құр әрекет етпейді, ол белгілі бір байлау жасап, соның нәтижесінде мінез көрсетеді. Сол байлаудың жасалуын ішкі бір қажөтті сырдан туатын бойлау екені бізден жасырын қалады. Ал, оқушыға ең керекті, ең қызықты жай- сол бүркемеде қалған жасырынның өзі емес пе?» Адамның ішкі өмірін, оның қайшылықтары, күрделілігі мен тереңдігін кеңінен талдап жазу М.Әуезовтың шығармашылығына тән қасиет. Сондықтанда психологизм суреткердің өзіне лайық стилі де. Әрине, адам өзінше бір жұмбақ әлем. М. Жұмабаев айтпақшы "Теніз терең емес, адамның жаны терең. ... Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ, адам- шешуі жоқ жұмбақ ," [19;97б].Сол жұмбақ дүниенің шешуін табу таза таланттың ғана шығар шыңы. Ол үшін адамды сырттай суреттеп, бейнелеу емес, оның ішкі өміріне ену, оны зердемен зерттеу психологиялық бейнелеудің кеңдігін талап етеді.
Әуезовтың әңгімелерінде кейіпкердің ішкі монологы, үзіліссіз жүріп жатқан сана ағымы, психологиялық талдау секілді психологизмнің сан алуан түрлі тәсілдер екі-үш бетті тегіс алып жататын сәттері сирек емес. Кейде тіпті бүкіл әңгіме кейіпкердің ішкі өмірінен тұрады. Және бір тоқталар жай, жазушының әдеби әдістердің әртүрін пайдалана отырып, кейіпкөрдің көңіл-күйі ұзақ әрі жан-жақты етіп жазудан, яғни оқырманын жалықтырамын деп жүрексінбейді де. Өйкені, шығарма шырайы осындай ойлығымен, жан дүние тереңдігімен, сюжеттік динамика мен психологиялық бейнелеудің нәтижесінде әңгімелеудің күрделі стилін тудырады.
Жазушының "Жетім " әңгімесі міне, осынау үлкен қасиеттерді бойына жинаған туынды. Әңгіме "әп" дегеннен-ақ қарама-қайшы /контраст/ жағдайдан басталады. Қалың тау ішін бетке алып келе жатқан үш жолаушы жігіт көңілді. Алыстан күн күркірегені білінгенімен олардың көңілдерінде кірбің көрінбейді, ән салып, тауды жаңғырықтырады. Ал, осы кезде оларға "қарсы жақты бөтке алып, жалғыз, жаяу бала келе жатты". "Оның" ойында үлкен мұң, қабағында қалың қайғы бар еді. Табиғат-тіршілікте, өмір-өзенде егіздің сыңарындай жүретін жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қатты қайғы, адамгершілік пен әділетсіздік, т.б. екі жақтан келе жатқан екі, жағдайдағы, екі түрлі тағдырдың Өлім мен Өмірдің ешқашан бітпейтін күресін еске салғандай. Мына жан-жағыңызды қоршаған тіршілік-табиғат осынау тұтасқан қарама-қайшылықтардың бітіспес күресінен түратын секілді. Бірін-бірі білмейтін және біріне-бірінің ешқандай қатысы жоқ жолаушыларды жазушы оқырмандарына осылай ой айту үшін алып отыр.
Әңгіме кейіпкері он екі жасар бала Қасым тас жетім. Ол айналасы екі- үш жылдың ішінде бар жақынынан, әке-шешесінен, ата-әжесінен де айрылды. Дүниеде жалғыздықтан артық қандай қиянат-қайым қайғы, қасірет бар десеңізші?! Қаршадай Қасым сол қасіретті жұтып.жалғыз қалды. Бүгінгі мына азапты жолға шығуына мәжбүр еткенде осы жалғыздығы, жетімдігі еді. Жас баланың жалғыз жанашыры әжесінен айрылғандағы зары:
"... - Әжетай, мені кімге тастап кеттің?! Мені неге ала кетпедің, менің қаңғыпр қалғаным ба? Менің шынымен сорлы, шынымөн сорлы, шынымен жетім болғаным ба?" [22;213б], - деп дауыс салып жылауы-оның ішкі күйініші, жалғыздықтан жапа шеккен айқайы еді. Алайда, өлім- жалғыздық, жан-жағындағы жатбауыр адамдардың алдындағы мұнның айғайы, шыңғыруы-бейне бір бозторғайдың боздауындай шырылындай тым әлсіз екен. Әжесінің өлімінен соң қайғыдан қайтып бас көтере алмаған бала тек түсінде ғана бақытқа жөткендей болатын. Өйткені, ол түсінде үнемі " өзін алдына сүйіп уатып, көзін сүртіп жүрген әке- шешелерін көруші еді".
Түс көру тәсілі - психологиялық бейнелеудің бір түрі. Бұл тәсіл біздің әбедиетімізде кейіпкердің ішкі өмірін беруде жиі қолданылатын әрі берік дәстүрге енген көркемдік компонент [13;28б]. Оны жазушы жиі қолданбаса да ең онтайлы сәттерде сәтті пайдалана да біледі.
Мұндағы түс әжесінің артынан өлуге бар жас баланың аз да болса тіршілік кешуіне дәнекер болған, азғана өміріне талшық еткен тәсілтін. Түсінде әке-шешесінің:"- Біз тіріліп келдік енді өлмейміз... Сен қорғансыз емессің, сен жыламайсың, сенің көз жасын бізді қайта алып келді..." [22;218б], деген сөздерді бала санасындағы арманның сәулесі-тін. Бірақ өмір секілді: түс те алдамшы екен, бертін келе енуді де қойды, әке-шешесі де, әжесі де "келмейтін болып, алыстай берді". "Қасымның үміті жарық күні де батты. "Міне, осы сәттен бастап Қасымның нағыз қасіретті де қайғылы күндері басталды. Әжесі қайтқан соң жаны ашығансып қолына алған ағайыны Иса бүкіл мал-мүлкін өзіне алды.
Әлгінде үш салт атты жолаушыларға қарсы жүріп келе жатқан Қасымның қайғысы-ағайыны Исадан көрген қорлығы. Әңгімеде басты рөл атқаратын авторлық әңгімелеу бізге жасырын жатқан кейіпкердің жан құбылысындағы психологиялық процесті жан-жақты ашады.
Үнемі аштықта, күтімсіздікте, ауыр жұмыста жүретін жас баланың бертін келе "ашулы болып, қаны бұзыла бастайды." "... осының бәрі қосылып, ойын шатастыра берді. "Жетім ит", "Жаман немеГдеген сөздер оның тілінде шығарады. Көршілердің қайрауымен Исаға ақырында қол да көтереді. Бұл-Қасымның тасбауырлыққа, өз тағдырына лақтырған тасы, қатыгездікке қарсы қарғысы еді. Осы бетінен қайтпаған бала қайтып Исаның үйіне қайрылмайды,.." зарлап
еңіреп, әжесі мен атасының атын атап шақырып, солардың басына қарай жүгіреді. Одан арғы Қасымның тағдыры Ғазизаның тағдырын қайталайды "Қорғансыз күніндегі" Аяз- Ажал дүние - кенестікті дүлей дауылға толтырып "Ғазизаны жетектей жөнелсе ол "Жетімде" күшейіп Адам образына енеді. Алдында тісі ақсиған, ұзын бойлы, қолында ұзын қара пышағы бар қара кісі" болып өлестейді. Бір қызығы автор барлық жағдай осы боранды адамға, тіршілік тағдырына қарсы күш ретінде көрсетеді. Әуезов шығармаларындағы Аяз кейіпкер кейпіндегі Ажал- Адам образының толық қанды кейіпкер дәрежесіне жеткендегі, оның іс-қималдары да адам әрекетін жасайтындығын көрсетеді. Оған жазушының алғашқы жылдардағы әңгімелері толық дәлел бола алады. Мысалы, "Қысты күнгі дала" атты әңгімесінде : "Қалың қарды жамылған ақ дала. Айналада көз тоқтатарлық бұдыр жоқ . Ақ кебеге орнаған дүние ұзақ батқандай, өлім тыныштығындай зор тыныштық басында ұйықтатып тұрғанға ұқсайды.Тіршіліктің бір белгісі білінбейді. Көзге түсетін жан иесі жоқ. Жер жүзін тымсыл буғандай, ызғарлы қар, суық аяз тас қылып қатырғандай..." деген жолдар бар. Автор барлық жағдайда аязды "тірілтіп" адами кейіпте көз алдымызға елестетеді.
Осы Ажал-Адам қаршадай баланы бауырына қысып, тағы да тастай молаға қарай келеді. Тіпті асыққаны сондай "Қасымға әмірлі дауыспен ақырып:
- Артымнан еріп жүр, әлсіз денеңнің шаршап талғанына қарама! Аяғына кірген тікенге, жырған тасқа қарама! Өліп қалсаң да артымнан еріп отыр " - дейді. Әлсіз жетімнің жан ұшыра " - Ағатай, жетіммін...",-дегеніне де қарамады[22;219б]. Міне, Ажал-Адам жас баланы жалмауызша жұтқанша көрген қорлығын, қорқынышын, жол бойғы тартқан жан азабын, өз тағдырына қарсы қайсарлы т.б. санамен, бет-жүздегі физиологиялық өзгерістер мен психологиялық процестерді жазушы табиғатпен табыстыра, яғни психологиялық параллелизм арқылы бейнелей ашады.
2.4 Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романындағы сана ағымы
Сана ағымы-адамның ішкі жан дүниесіне талдау жасау. Сана ағымы қат-қабат тізбектеліп, бірін-бірі толықтыра келетін ойлар ағыны болады, яғни көркем туындыдағы көйіпкер ойына, ішкі дүниесінің арпалысына, санасындағы процестерге негізделінген шығармалар сана ағымында сомдалғаны даусыз[13;33б].
Ә.Кекілбаевтың қазақ әдебиетіндегі психологиялық прозаны дамытуға қосқан үлесі мол. "Аңыздың ақыры" романында жазушы байсалды баяндау, философиялық, психологиялық терендікті өз творчествосына темірқазық етіп алған. Тарихи тақырыпқа барғанда кейінгі уақытта қалыптасқан үрдістен бойын аулақ салып, тарихи тұлғалардың көркемдік бейнесін кескіндеуде кейіпкердің моральдық болмысынан тұтастықты сақтап дамытады.
"Қызыл алма", "Мұнара", "Махаббат" атты үш тараудан түратын роман әу баста Үлы Әміршінің алыс сапардан оралу сәтінен басталады. Әңгіме кейіпкер бейнесіне көшкен автор атынан, үшінші жақтан баяндалады. Бірақ ондағы ойдың бәрі ішкі монолог, еске алу, көңіл түкпіріндегі күпті ойлар, қартайғандықты мойындатқан қажу, т.б. арқылы бөріледі.
Романдағы кейіпкерлер-Ұлы Әмірші, Бибі ханым, шебер іс-әрекеттерімен емес, көбінө көңіл-күйлеріндегі күйзелістерімен, жан әлеміндөгі арпалыстармен, ішкі буырқаныстан сыр берер бет-жүздегі, мінез-құлықтардағы сезімдік құбылыстарымен көрінеді. Романда диалогтан гөрі монологтың басыи болуы да жатырқатпайды.
Психолог-прозаик кейіпкерінің сұңғылалығына нандырады. Әккі Әмірші қарамағындағыларды уысында ұстау үшін елді қабағынан тануды қажет құрал етті. Айналасындағы адамдардың іші-сыртын, пендешілік осалдығын, көніл түкпіріндегі құпия сырларын Әміршінің қалай тап басып зерттейтінің бейнелеуінде суреткерлік алымдылық бар. Роман тек Әміршінің ойы-монологі, күпті көңіліне ойланса да, неден күдіктенсе де іште сақтайтын сырбаздығы оқиғаны оймен өрбітеді.Суреткер бүкіл роман бойына оқиға қумай, кейіпкерлерін ділмарсытып көп сөйлетпестен тек жан дүниеге бойлап, адам психологиясын, оның рухани әлемінің ішкі иірімдерін драматизмнен ашуында жатыр.
Роман басында Әміршінің тынымсыз ойға, небір қиялдарға бөленген ұзақ жол, жол бойындағы оңашалық, жалғыздық болса, еліне келген бетте оны мазалайтын нәрсе-өзегіне құрт түскен қызыл алманың өзіне сәлемдеме боп жіберілуі. Бұл жерде қызыл алма-Әміршінің тынышын тонпгян көркемдік нышанның басты кілті. Осы бір өзегіне құрт түскен қызнл алма арқылы үй-ішінің, өз шаңырағы астындағы алауыздықты, өзі жоқта орын алған опасыздықты ғана түсініп қойған жоқ Әмірші, сонымен қатар, жалған өмірінің өткіншілігін, жер жүзінің жартысын билеген қаһары да, атағы жер жарған даңқ пен дақпырттың да шын ғашықтың жүрегінен шығып, көңілінен қаланған мұнара меңзеп тұрған адал да таза махабаттың жанында ешқандай мәні жоқ екендігін де түсінеді, түсінеді де күйінеді. Күйініш оны күйреуге әкеледі. Өзегіне құрт түскен қызыл алма Әміршінің де өзегіне құрт салады. Қасындағы адамдардың қас-қабағынан-ақ аңдып барлық жайды, сырды ұғатын Әмірші енді өзінің бастапқы қалпына келе алмайды, бүрынғы эгоистік мінез, көзқарастан біртіндеп өзгере бастайды. Бұрындары тек өзім дейтін, төк өзінің ғана үстемдігімен есептейтін ол енді төңірегіндегі адамдардың қасқабағын андитын дәрежеге жетеді. Неге? Бәріне өзегіне құрт түскен қызыл алма кінәлі. Бұл Әміршінің ойы ғана емес, тіршілігінің де контрасты, екіге жарылуын көрсетеді. Суреткер Әміршінің ойы мен санасындағы, бүкіл тіршілігіндегі осындай аяқ астынан пайда болған қақ жарылуын бейнелеген сәтіне көз салып көрелік:
"...Былайғы пенденің күндізгі қысылып-қымтырылып, өз аяқ-қолын өзі матаған сіреспе тіршіліктен бір сәт босап, арқасы жазылатын түндері бар, түнде ол жұрттың көзіне көрінбейді, сөзін де естімейді, ың-шыңсыз оңашаға көшеді. Бұның ондай түні де жоқ. Бұл түнде де тас қаранғыда да ояу отырғандай. Түнек қараңғының түкпір-түкпіріндегі жымысқы көздердің бәрі бұны көреді, ал бұл төңірөгін тас қып қымтап алған тас қарағының тасасында не болып, не қойып жатқанынан атымен бейхабар. Ол адамдық тіршіліктің күндізгі бейнетін бір кісідей-ақ тартқанымен, түңгі ләззатынан біржола мақұрым..." [23;57б].
Жан әлемін аяусыз соққылаған сауал жауабын ол өзінен, жанындағы адамдардан іздейді. Кез-келген кісінің ішкі сырын, құпия ойын айтқызбай қас-қабағынан, көзқарасынан, қимыл-әрекетінен танитын әккі Әмірші екі қайтарса да алманы қайта алып келген қызметші әйелдің жұмбақ қылығын жазушы көркемдік компоненттердің портреттік бейне, мимика, іс-әрекет, бет-жүздегі құбылыстары арқылы ашады:
«...Бұрын қызметшілеріне назарын тіктемеуші еді, бұл жолы тінте қарады. Тайсала қоятын қызметші әйел көрінбейді.
Сонда қалай, мына әйел манағы құрт шыққан алманы әліге дейін көрмеген, білмеген болғаны ма? Көрсе, бұдан неғып қысылмайды? Қызметші әйел беті бүлк етер емес, дастарқанды реттеп болды да, басын иіп, тағзым еткен күйі жұп-жұмыр бөксесіне сарғыш шытыра көйлектің етегін бұлқ-бұлқ тепкілетіп, тек әйел ғана ойлап таба алатын бір әдемі әзәзіл жүріспен есікке жылысты " [23;38б].
Адам психологиясын ашуға қызмет ететін көркемдік компоненттер-портрет (сыртқы детальдар) іс-әрекет, бет-жүздегі құбылыстар т.б. бәрі бірігіп жан дүние қозғалысы мен жағдайға ( душөвные движение и состояние) Кекілбаевтың жиі жүгінетін тәсілі [13;35б]. Әміршінің ішкі дүниесіндегі ой-сезім құбылыстары мен жан арпалыстары да осындай сыртқы детальдар ( дененің қозғалыстары, беттің құбылуы, жест т.б. ) арқылы ашылады. Тоқтаусыз ағын судай ойы (монолог) бар Әмірші табиғаты ішкі тағдыры арқылы енген құпия тұлға. "Әйгілі әйел бәрін біледі екен" деген бір сөйлөмді баяндау желісін үзбей келе жатқан авторлық сөзі екен деп қаласың. Шындап зер салсақ, бұл Әміршінің ішкі ойы-монологы екен. Әйелдің әрбір әрекетін, қимыл-қозғалысыч қадағалап шығарғандағы өзіндік шешімі. Осы жерде автордың өз ссзімен кейіпкердің сөзін бөлшектемей, бір-бірімен ажыратқызбастай етіп, қолданатын өзіндік өрнекке, ерекше баяндау стилі де қылаң береді.
Кейіпкер ойын осындай оқыс бір детальдар арқылы автордың шеберлігіне қосаа, ой-сезім ағысының табиғилығын да аңғаруға болады. Өйткені сыртқы детальдар адам санасы мен жан дүниесіндегі үздіксіз жүріп жатқан психологиялық, процестің ұшқындары.
Кішкентай детальдан үлкен философиялық-әлеуметтік ой түюді творчествалық кредо еткен жазушы үшін әлгіндегі қызыл алма да-деталь, сиқырлы мұнара да-деталь, кіші ханымның түсі де- деталь. Алайда, олардың бәрі романға үлкен жүк артып тұр. Осындағы әр деталь сол кезеңнің әлеуметтік-қоғамдық мәнін, өлім мен ақиқат алдындағы адамзаттың жалғыздығын, әлсіздігін әшкерелеп, бүкіл адам нәсіліне ортақ махаббат, адамгершілік, әділет, қайырымдылық секілді ізгі қасиеттердің мәңгілігі туралы философиялық ой түйеді. Ақыры осы үш деталь Әміршінің талай түнгі тынышын тонап, сан күннен бергі санасын сарсытқан жауапты тауып береді:
"...Иә, көп мұнараның өне бойынан өліп-өшкен махабатты тану қиын емес. Бірден көзге ұрып тұр. Бірақ ол кімге кімнің махаббаты?..
Жоқ, жоқ, шебер мұнараны салдырған ханымнаң алыс жорықтағы жарына деген пейілін емес, өзінің ханымға деген көңілін бейнелеген... Өліп өшкен махаббатын бейнелеген... " деген Әмірші монологінің ізін ала автордың комеытарий жалғасады:- Иә, солай. Көк мұнараның сиқырына ол енді түсінді... Әлгі бір көзбен көріп қолмен ұстатқандай ұрымтал ойдан жаңылып қалармын дегендей, іштей қайта-қайта ойлап, әбден жаттап отыр. Иә, бәйбішесі жіберген өзөгіне құрт түскен қызыл алманың жауабы енді табылды... [ 23;б0б].
Міне, Әміршінің ырқына ерік бермей ағылған ой ағыны осылай шешімін тапты. " Асылы, пенде пақыр қайдағы жоқ азапты өзі ойлап табатын болса керек",- деген автордың сөзі бүкіл шығарманың өн бойына өзек боларлық тақырыптың түп қазығы да іспетті. Әмірші бір ғана мұнараның жұмбақ жайына қанығамын деп, бүкіл өмірдің, адамзат баласының табиғатына тән пендешіліктің парқына, тылсым сырына үңіпеді, өмірдің өтпелігіне, жалғандығына, даңқ пен дақпырттың алдамшылығына көз жеткізеді. Әмірші санасында бірде сатылап бірде тізбектеліп, бірде бір-бірін баса-көктей арпалысып, ырыққа көнбей ағылған, тасқындап тасыған психологиялық процесс-ішкі сезімдер жүйесі-ашу, ыза, кек қызғаныш, өкініш, ар-үят, т.б. рефлекстологиялық құбылыстар ықпалымен еріксіз, ырықа көнбей бір ойдан бір ойға, бір ашудан бір ашуға көшіп, жол-жонекей талай жауыздықты ойлап, пішін сол мезетте жүзеге асырып та үлгереді. Осы Әмірші бойындағы жауыздық пен санасындағы «қайдағы жоқ» азапты өзі ойлап табатын сан алуан сезікті ойлар мен сол сергелдең сезім тудырған түйінділер оны талай жауыздыққа әкеп тірейді. Адам жанының динамикасын кейде саналылыққа, ырыкқа көнбейтін рефлекстологиялық құбылыстарды ғалым Л.Выготский: "Біздің санамыздың қос сферасы арасында бір минутке де тоқтамайтын, тұрақты, жанды динамикалық арна бар. Ырықсыздық біздің іс- әрекетімізге әсер етеді, біздің мінез-құлқымыздан байқалады ( Әміршінің жауыздық іс-әрекеті осының салдары емес пе?) және осы іздердің сорабыме.н біз ырықсыздық пен оны уысында ұстәйтын заңдарды тани түсуді үйренеміз " деуі тегін емес, Адамның жан әлемі мен оның ұғым, көзқарастарының ажырамас тұтастығы іс-әрекет үстінде, солардың сипатына қарай ашылатынын паш етеді [24 ;318б].
Ә.Кекілбаев шығармаларындағы образ эволюциясы осылай, себеп-салдардың түп-тамырына қазбалай, қазымырлана көз жеткізу арқылы дамиды.
"Аңыздың ақыры" романының композициялық қүрылысында "Қызыл алма" деп аталатын бірінші тарау тек қана бәйбішесі жіберген қызыл алма құпиясына Әміршінің үңіліп, өзі жоқта салынған мұнара бойындағы жұмбақ сырды сарылып іздеуінен тұрса, екінші тарау-"Мұнара" шебер жігіт Жаппардың жүрөк сыры, мүнара салу барысындағы санасы мен сезімдегі творчестволық психология, бір көргеннен ғашық болған Кіші ханымға деген жан баласына тіс жарып айта алмас құпия махаббатын тілсіз, жансыз тас арқылы айшықтауы, яғни мылқау мұнара-жігіт монологінен тұрса, үшінші бөлім-"Махаббат" бұл кіші ханымның жан арпалысынан, күйзелісінен, санасындағы сәт сайын күрт өзгеріп отыратын сезім қүбылыстарынан, трагедиялық тағдырынан сыр суыртпақтайды. Романның басты үш кейіпкерлеріне үш бөлім арналған", үшеуінің тағдыры да, ішкі өмірлері да, жан сезім арпалыстары да, тіпті тіршілік тынысты да, қоршаған ортасы да сан алуан, жас мөлшері де әр түрлі. Бірақ оларды ортақтастырып тұрған жай-мұнара, махаббат мұнарасы, бір-бірлеріне деген ішкі, құдіретті де құпия іңкәр сезімдері ғана. Қазақ прозашылары ішінде Ә.Кекілбаев секілді сана ағымына" біржолата бет бұрған, оның табиғатын терең танып, өз әлінше меңгерген қалам-гер кемде-кем.
Қазақ прозасында ішкі монолог, сана тасқыны тәсілдерімен жазылған "Аңыздың ақыры" романындағы "Мұнара" тарауында да сол көркемдік екпінінен жаңылмастан жалғасын тапқан. "Қырсыққанда қымыран іриді " дегендей шебер жігіттің жұтқыншағын жыбырлатып бара жатқан жөтел - бұл бөлімдегі бірінші деталь - әрі бұл "сезікті секіреді" дегендей, Әмірші алдындағы құпия қылмысын жүзімнен, көзімнен білініп қалмас па екен?" деген бозбала жігіттің ішкі толғанысын, үрейін де жеткізіп тұр. Автор жігіттің сасқан, қысылған жайын елеусіз қалдырмай, бүге-шігесіне дейін қазбалап жазады:
"... Дымы ішінде боп, тыныш тұруға тырысқан ол бәріне де шыдап бақпақшы болды. Бірақ көмейі әлленеге қыж-қыж жыбырлап, тамағы қышып қоя берді. "Қап, қайдағы пәле қайдан тап болды" - деп ойлауы мұң екен, алқымға толып, қылғындырып тұрған пәлекет босанатын жер іздеп абайсыз жөткірініп қалды. Ол аз дегендей тағы жөткірінді... Екі беті ду қызарып кетті...»
Автор шебер "жігіттің "Әмірші намазға келеді деген хабар естісімен дегбірі кеткен беймаза көңілін осылай әдемі кестелей білген. Сондай-ақ, суреткер шебер жігіттің көңілі қалаған 3урадан торығып өмір қызығынан түңіліп жүрген тұсында осы мұнараның салу туралы тапсырма алып, оның күннен-күнге биіктеп бара жатқан құрылысымен бірге көңілі де көтерілгенін жазушы параллельді психологиялық тәсілмен шебер қиюластырған.
«Жаппар мұнараның кемшілігін енді көрді. Біресе көңіліне қонбайтын ерсі бірдеңені көзі шалып қалғандай, басын шайқап өз өзінен таусылып, жан-жағына түкірініп бітеді...» [23;111б]
Осы үзіндіден кейіпкердің ішкі толғаныс тебіреністерімен қоса, сыртқы қимыл әрекет, кескін келбет құбылысы да қалыс қалмайды. Мұнда кейіпкердің өз түрінен алар сезім толқынысын жариялау фактісі, қимыл-әрекеттері өзгеріс сыры мен оның сыртқы эффектісі де орын алған. Үшінші жақтан баяндай отырып кейіпкердің ішкі өміріне, сырт көзден тысқары тіршілік-тынысын тап басумен бірге оқыс, тосын іс-әрекеттерін де сол бір шабытты шақтың шалт сезімдерін қапы қалдырмайды. Ішкі жан дүние арпалысгары да мұнда сыртқы қозғалыс арқылы ашылады. Бір-бірімен жымдасып, бірігіп кеткен осынау көркемдік компоненттер жазушы шөберлігінің тағы бір қырын танытқандай.
Кейіпкердің іштей күрделі қақтығысқа, ішкі психологиялық тартысқа құрылуы-Әбіш творчествосына тән қасиет. Оның бір үздік үлгісі де осы "Аңыздың ақыры" романы. Әсіресе, "Махаббат"деп аталатын үшінші тарау тек қана Кіші ханымның ішкі диалогына, ой-сана қақтығысына, пікір қайшылығына құрылған. Характер табиғатындағы сезімдік құбылыстар мен ой-сана ағысын, жан сарайындағы сан алуан арпалысты тап басып, тәптіштеп жазуды талап ететін психологиялық талдау сөз өнеріндегі шынайы шеберлікті қажет етеді. Өзіне объекті етіп алған адамдардың рухани әлемін, ішкі иірімдерін ілкіден зерттеп, терең танытып келе жатқан талантты жазушы бұл жолы да психологиялық барлауға мән бөрген.
Әбіш шығармасында аңыз-әңгімелерді бір ғана қарапайым оқиғаны (детальды) тілге тиек етеді дө, соны үлкен трагедиялық коллизициялар дәрежесіне көтеріп, рухани әлемдегі, адам санасындағы психологиялық, әлеуметтік, этикалық, моральдық өзгеріс-қозғалыстарды көркемдік ойлау жуйесі арқылы шебер өрнектейді. Детальға үлкен мән беретін сурөткер сол арқылы өмірдің әлеуметтік, философиялық мағынасына үңіліп, жан диалектикасын, адам психологиясын, ішкі рухани әлемді ашуға тырысады.
2.5 О.Бөкей шығармаларындағы психологиялық параллелизм және пейзаж
«Параллелизм екі құбылысгы салыстырып қана қоймады, сонымен бірге біреуне тән әрәкетгі өкіншісіне телиді. Егіздеудің негізгі мәнін еске алсақ, гүлмен, ағашпен т.б. көрінетін табиғат бейнесі адам өміріне ұқсасгырылды»,- деп жазады А.Н. Веселовский [25;91б]
«Параллелизм-екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі. Екі түрлі ұғымды білдіретін тіл элементтері бір-біріне әсер етіп, тұтас поэтикалық бейне тудырады. Бұл халық ауыз әдебиетінде жиі қолданылады»[13;91б]. Кейіпкердің ішкі толғанысын, тебіренісін білдіру үшін қолданылатын психологиялық параллелизмге "Ер Тарғын" жырындағы Тарғынның монологын мысал етуге болады. Психологиялық параллелизмнің әдебиетте баяғыдан қалыптасқан тәсіл екенін атап көрсету керек, Ол үшін бұл айшықтау үлгісінің табиғатына үңілу қажет. "Қызғыш құс" өлеңін зерттеушілер психологиялық параллелизм үлгісі деп қарастырады. Бұл өлеңде ақынның тағдыры қызғыш құспен салыстырылған.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен.
...Сені көлден айырған,
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған,
ХанЖәңгірдің екпіні[26;192б].
Адамдар тіршілігіне тән әрекеттер табиғатқа көшірілген. Сол арқылы табиғаттағы тіршілік иесі-қызғыш құстың әрекеті, тірлігі, аянышты халі бейнеленеді. Және ақынның өз тағдыр-талайы, қызғыш қүсқа мүң шағып, тіл қатуының астарында оны өз көңіл-күйінің әуенімен түйсіну сезімі жатыр. Бул сияқты мысалдар Абай, М. Жұбанов, Қ. Аманжолов т.б. ақындар шығармаларынан кездеседі.
"Мүзтау" повесіндегі Ақтанның оқшау бітімімен күллі психологиясы оны қоршаған табиғатты жанды бейнеге айналдыру барысында танылады. Повесть оқиғасының мазмүнында Ақтанның "арғы жақтан келген" жүмбақ адаммен кездесуі бар. Жүмбақ адамды атуға оңтайланып, мылтығын кезеген Ақтан бәрібір оны ата алмайды. Кейіпкердің осы сәттегі көңіл-күйін жазушы табиғатпен егіздей берген: "Түлан түгқан табиғат қүр долылықтан түсер пайданың аздығын шамалады ма, әне ...бейшара ақыл-есін жиды... "[27;83б]. Ақтанның әрбір сәттегі көңіл-күйін табиғат қүбылысынан ажыратамыз.
"Бүгін де күн бүлтты... тек сурғылт түман ғана жер-көкгі жалмауыздай жалмап алып, қыдиып, іргеде жатыр"[ 27;84б].
"Аңшы соңғы рет жүрегі сазып, аспанға қарады: көкпеңбек боп, мүңсыз-қамсыз төңкеріліп түр екен. Қас қылғандай Алтай да дәл бүгін үзатылар қыздай жасануын шіркіннің. Аспаннан жылу, үңгірден салқындық білінеді. "[27 ;85б].
Кейіпкер бойындағы бір-біріне қарама-қарсы ой-сезімдердің тайталасын табиғат арқылы бейнелеу бүл повесге жиі үшырасады. "Таудың алты ай сүлап жатар қысы күшіне біржола енгендей, аса бір ауыр да түнжыр мінез танытады табиғат" [27;86б]. Ақтан болмысын Мүзтау биігімен үқсасгыра суреттеу оның ерекше бітімін таныта түсу үшін қажет болған сияқты. Мүзтау- Алтай табиғатының ерекше бітімі болса, Ақтан-тобырдан саяқ, рухы биік, ерекше тұлға, авторша айтсақ, "ертек адамның соңы".
"...Оның қазіргі табынары да қүдайы да сонау көк төсіне ракетадай атылған айналайын Мүзтау еді: Мүзтауды, оның алып бейнесін көрген адам бақытты болады деуші еді" [27;86б]. "Музтау" повесінде автор мүзтаумен егіздей суретгесе "Атау кереде" Таған назарына Музтау тылсым сипатымен ілігеді. 3 Ахметов бейнелеу, туспалдау тәсілдерінің кейіптеумен үласып жатқанын атап айтса, психологиялық егіздеуді де осы кейіптеумен сабақтасқан деп қараймыз. О.Бөкей табиғат құбылысын жанды бейнеге айналдырып табиғатты кейіпкер болмысымен егіздей суреттеуге назар аударған. Осы повесттегі егіздеу басқа да шығармаларына тән. "Қум мінезінде" қумның жазушы қаламына ілігуі жайдан-жай емес. " Қүм үнсіз жыласа, Бархан туншыға ызаланады, туншыға назаланады. Ақырында қум көшеді, Бархан буырқанады. Әдемі, асгарлы параллелизм ",- дейді сыншы Б.Ыбырайымов[28;35б]. Бархан мен қүмды егіздей суреттегенде жазушы қумға адамға тән әрекетті дарытады. Қумды жанды кейіпкерге айналдырып, кейіптеу тәсілінен егіздеу тәсіліне көшеді. "Қум жылдар бойы суырыла-суырыла езіліп қалған, баяғыша жер бауырлап, сусымай, албасты лағып көше бермей байыз тауып, біржола қоныстанған соңғы кезде Қызылқұм мінезі мүлдем өзгертіп, мынау қазақтарша отырықтана бастап еді... Сүмандап кеп, сусылдап кеп суыртпақтала жортар жо^а жүрісі саябырсып, тобан аяқ болып, томпайып-томпайып қалған құмдақ қызыл күрендене топыраққа айнала бастаған " [29; 18б]. Құмның осындай кейіпте бейнеленуі ұлттық болмыс пен мінезді де танытып өтеді. Көшкен қум көшпенді халық тарихы мен шежіресі де кірігіп , әрекетіне ұлттық мінез кірігеді. Адамға тән көңіл-күй қумға көшіріледі: "Кей күндері мынау шымдауыттана бастаған қумның сыңсып, әлдебір аянышты үн шығарып, кейде мынау тарихтың бар шежіресін қойнына тығып, бүк түсіп жатқан қум өз-өзімен өксігендей демігіп, сырылдарын Бархан естігендей болушы еді... Қулақ түре-түре өзінен басқа тірі жан естіп, ұға бермейтін сыбыр есгігендей екі көзін тас жұмып, елістерін, ерте айырылған әке-шешенің
сол құмның астынан әлдиі талып жетіп, мәпелеп тербеткендей жабыраңқы жанын жұбатқандай болушы еді" [29;20б]. Жазушы суреттеуінде құмның жанды кейіпкері түрінде танылуының өзі күрделі сипатқа ұласқан. Құм әрекетінің құпия сыры Бархан түйсігіне аян.
"Иә, құм жылайтын, ...Иә құм сөйлейтін, ...иә, құм жырлайтын, ...иә, құм толғайтын, ...иә құм айтатын, ...иә, құдай құм күлетін, кәдімгідей күлөтін... Қызылқұмның тілін тек өзі ғана білетін Бархан онымен күбір-күбір әңгіме шертісер еді "[29;25б]. Бархан мен құмның тілдесуі адам мен табиғат арасындағы шиеленісті жағдайды паш етеді.
"Қызылқұм-аңызға айналған аңызақ шөл даланың-кейуана жердің мәңгілік мойынбайтын, мәңгілік өзгермөйтін, қайратты да қайсар мінез-құлқын танытар ұлы елдің бел баласы екен-ау"
Құмды суреттеуцө оны бүге-шігесіне дейін сөз ету Бархан бейнесін аша түсу үш;н кіжет. Құмның іс-әрекеті, мінезі Барханмен егізделе берілуі арқылы пығарма оқиғасының мазмұнын ашып тұр. "Иә, бүгін Қызылқұм мінез көрсетті! Неге ашуланады, ненің ырымы бұл?" [29;30б]. Бархан буырқанысының нышанындай болды... Ішкі нала мен ыза, оның үстіне өзі жарасын емдап жазған қарақұйрықты Сейтқұлдың атып, итке жемтікке тастауы Барханды ашындырады. Ол Сейтқұлға қол жұмсайды. "Мәңгі бақи ұйықтап келген арыстан ашуы" оянады. "Бархан мінез көрсетті",-дейді жазушы [29;32б]. Алдымен тып-тыныш жатқан құм көшп, . Жазушы суреттеуінде құмның көшуі-мінез көрсетуі. Табиғат құбылысы мен адам мінезін егіздей беру ұлттық рухани тамырдан нәр алған көркөмдеу тәсілін өз повесіне шеберлікпен арқау етіп, Құм және оның көшуі арқылы Барханның бүкіл болмысын танытады. Құмның барлық іс-әрекеті адамға тән сипатымен ерекшеленеді. Оның сөйлеуі, сақ-сақ күлуі осыған мысал. "Жылдар бойы нығызданып, дөңайбат жасап жатып апған қиқар қамның аяқ астынан ер-тоқымын бауырына алып тұлауы қайран-қаларлық... жыртық, қызыл құмның бой жасағаны шығар... енді қайтіп ашу шақыра шамырқанып, мінезкөрсете алмайтын шығар... жарықтық, мәңгілікке көз жұмып, өлген шығар [29;36б]. Кейіпкердің ары қарай жалғасатын ішкі ойы құмның құпия сыры туралы тұжырымға тіреледі. Сол құмның суреттелуінен Бархан болмысын, оның іс-әрекетінен Бархан мінезін табу қиын емес. Құмды жазушы көйін тең тәсілмен суреттей отырып, Барханмен егіздейді. Кейіпкер есімінің де символдық мәні бар. Құм-Бархан жазушы бейнелеуінде бір-бірімен үйлесім тапқан егіз тұлға. Құмды жанды кейіпкерге айналдырып, Барханмен егіздейді. Повесге құм-саналы рух. Құм тағдыры мен Бархан тағдыры бірлікте алынған. Әрі екінші қырынан қарасақ, құм деп отырғанымыздың өзі Барханның ауыстырылған (метафоралық) бейнесі тәріздес. Дегенмен, бұл повесте кейіптеуге негізделген психологиялық параллелизмнің ролі басым. Адам мен табиғатты егіздей суреттеу "Жасын" әңгімесінен де көрінеді. Бас кейіпкер-Қиялхан, оның табиғаттағы "сыңарьГ-қарағай. Барханды құммен ішкі ойы арқылы тілдестірсе, Қиялханды қарағаймен түсінде тілдестіреді. Қарағай мен Қиялханды егіздей сурөттегенде ең алдымен сыртқы ұқсастық негізге алынады "бұлақ жағасындағы жалғыз қарағай жеке-дара қарауытады. Қалың жынысты орманнан оқшау адаса жаратылған қарағай Қиялханның қазіргі сақ өмірін қайталағандай болатын". Қарағай кейіпкердің түсінде тіл бітіп, сөйлеп, оның арман-тілегіне бағыт береді, адамзат атаулыны табиғат, жаратылыс атынан жазғырады. Жалғыз қарағайға жай түсіп қирауының ишаралық сипаты бар. Қиялханның өзгелерге оғаш керінер ой-арманы бәрібір күйрейді.
Психологизм О.Бөкейде жақсылық пен жамандық арасындағы бітіспес күрестің түп тамырына үңілу, бүгін мен болашақты кешегі күн көзімен бағамдау мақсатында көрінеді. Жоғары саналы, сезімтал кейіпкерлер қалай болғанда да бүгінгі күнмен, тіршілікпен үйлесім таппай жатады. Сондықтанда олар табиғатқа жақын.
Жазушы туындыларын тағы бір қырынан қарауға негіз болатын табиғат суреттерінің өрнекгелуі. Жазушының пейзаж жасау шеберлігіне С.Қирабаев: «...Суреткерлігі еш талас тудырмайды тіл өнерін жақсы меңгерген... образды тілге, бейнелі суретке бай. Ол адам психологиясын еркін, ішіне кіре суреттейді. Табиғатгы Алтай табиғатын жетік біледі, оны да геройларының тағдырымен ортақтастыра көркем бейнелейді» [30; 529б],- дейді.
Жазушының суреткерлігі туған жер табиғатының суретін шебер бейнелеуінде "Алақаншықтана басталып сабалап үрген қарлы боранда қан түкіртерлік қатыгездік бар. Әлемдегі затты әзірше болса да, жалмап жүтып, жоғалтып жіберген. Айқай дүниенің бар билігі өзіне тиген, сол билікке масаттанған қарлы боран мың-миллион қамшысын үйіріп, оң жамбасына келгенін бәрін осқылып, көк айыл долылық қысып, өзгеше өкпегі қатігез мінезбен осқырынады" [30;529б]. Аспанның ішкі дүниесіндегі арпалыс жалғыз ұлдың қауіпті сапарға атгануы алдындағы қорқынышы боранның арпалысымен үндесіп түр. Шалдың санасында екі түрлі ойдың шарпысуы өтеді. Бірі-үлым сайтан көпірден аман өтер ме деген кауіпті ой да, екіншісі- сол қауіптің алдын алып тәңірге жалбарну қорымға барып аруаққа сыйыну. Бірінші ойдың конкретті көрінісі боранда, екінші ойдікі-Аспан, екеуі де арпалысып келеді. Енді құйрық-сайғақ шаншылған төмпешікке жеткеннен кейінгі табиғат көрінісі: "Боран басылайын деді. Аспаннан адасып келіп қашып үлегермей қалған қар ұшқындары ғана еріншектене қылаулайды'. Төңірек түгел көрініп қүлаққа Бүқтырманың
сарыны талып жетті. Табиғаттағы бар зат дүр сллкіне сірпіліп, азынаған
пәледен қүтылғанына қуанды». Ұлыған боранның зәрі сынып, айылын жия бастады. Бағанағы долылықтың бәрі жоқ тынши қалған, себебі
Аспан шал қорымға жетіп тәуіп етіп, аллаға сыйынып ішкі қауіптен арылып, сабырлы қалыпқа енген. Оның санасындағы боран-ойды, сыйынуы арқылы ығыстыра бастады. Аспанның санасындағы тыныштық табиғатқа да орнай қалды.
«Мынау аппақ дүние» повесінде көктемнің жайма-шуақ кезеңі Нұрланның жан дүниесіндей пәк, таза кейіпте суреттелген О.Бөкей пейзажды қаьарман жаныньщ нәзік қылын шертудегі басты перне етеді. Табиғат суретінсіз кейіпкердің жан диалектикасына бойлай алмайсыз. Табиғат сынды адам да құпия, соны ашу үшін О.Бөкей саралауды табиғаттан бастдйды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу жумысында біздің негізге алып отырғанымыз психологизмнің көркем әдебиетте алатын орны, психологиялық талдаудың шығармадағы образдық даралауға әсері болғандықтан, жұмысты жалпы психологизмнің пайда болуы, зерттелу тарихынан басгадық. Психологиялық талдаудың стильдік ерекшелігі мен көркемдік қызметін таныту үшін жалпы адамзаттық әдеби туындыларға сүйендік. Адамдық ой-сананың, сезім күйдің сәулеленуін, оның шығармадағы өзіндік сипатын сақтап адам жанының диалектикасын ашуға лайықтап қолдану жазушының шеберлігіне байланысгы Психологизм элементтері ертедсгі ауыз әдебиетінен бастап, әдеби процестің қалыптасуында әр түрлі шымада көрінген. Оның аналитикалық және сиитетикалық түрлері қаламгердің қолданысына қарай қүбылып отыр^ды. Бізпің басты міндетіміздің өзі осыдан туындайды, себебі Ж.Лймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Әуезовтың, Ә.Кекілбаевтың, О.Бөкейдің шығармаларындағы психологизм мәселесінің бүрынғы қолданыстан ерекше екеніне, айырықша сипаттылығына тоқталдық. Психологизм мәселесінің сан ғасырлық даму эволюциясының оң биік шегінде қалам тартқан жазушылар психологиялық талдаудың ең бірінші кейіпкер характерін даралаудағы сипаты мен көркемдік қызметіне баса назар салған.
Психологиялық талдауды аналитикалық тәсілі жазушы үшін образды сомдаудың ең көрнекті әдісі екенін айттық. Оған дәлел Ж.Аймауытовтың «Ақбілегі'», М.Жұмабаевтың "Шолпанның күнәсі", М.Әуезовтың «Қаралы сұлу», Ә.Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" шығармаларына жасалған талдаулар.
Сана ағымы әдісінің щығармадағы көрінісі-ішкі монолог. Ішкі монолог Жүсіпбек, Мағжан психологизмнің басты амал тәсілі. Ішкі монологты ұлғайта қолдану, оны толғаныстарға ұластыру, сол арқылы авторлық идеяны, көтерген мәселені таныту-қаламгердің басты ерекшелігі. Психологиялық талдаулардың булардан басқа әдебиетгерде ертеден орын алған тағы бір түрі-психологиялық егіздеу мен пейзаж, шығармалардың көркемдік образдылық аясын кеңейте түседі. Пейзаж бұрынғы әдеби қолданыстағыдан қысқарғанымен нақтылана бейнеленіп, көйіпкер жанының сол сәттік жан дірілін танытуға айырыкша әсер етеді.
Сонымен қазіргі әдебиет сыншыларын, зерттеушілерін психологизм, психологиялық талдаулар елеңдете бастады. Осыған байланысты психологизмнің қаламгер туындыларындағы психологиялық талдаудың негізі мен мәніне тұжырым жасап, ой қорытуға тырыстық.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Пірәлиева Г. Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелері.
Автореферат.-Алматы, 2004,13-6
2. Литературная энциклопедия терминов и понятий. Главный редактор
и состовитель А.Н.Николюкин. Москва, 2003, с.834
3. Майтанов Б. Қаьарманның рухани әлемі. Зерттеулер.-Алматы;
Жазушы, 1987, 86-6
4. Достоевский Ф.М. 0 Русской литературе. Москва, 1987,-с.88
5. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Алматы, 2002, 36-6
6. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау.
Алматы:Санат, 1996.,3-6
7. Әбдікова Қ. Ж.Аймауытов романдарындағы тұлға концепциясы.
Алматы.1997
8. Иезуитов А. Проблемы психологии в эстетике и литературе//
Проблема психологии в советской литературе Л.: Наука, 1970,с.52
9. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. Алматы,
Ғылым.1991, 155-6
10. Әдебиеттану терминдер сөздігі. Алматы: «Ана тілі», 1998-2786
11. Чернышевский Н. Полные собрания ОГИЗ. 1939, Москва З
12. Исмакова А. Казахстанская художественная проза. Поэтика.жанр,
стиль.Алматы, 1998.2806
13. Пірәлиева Г. Ізденіс өрнектері:Әдеби сын. Зерттеу.Сұхбаттар.-
Алматы:Б.Ж. 2001-776
14. Қоңыратбаев Ә.Шеберлік сырлары /әдебисын-Алматы:Жазушы.
1979-316
15. Аймауытұлы Ж. Шығармалары.Алматы: Жазушы, 1989.-1646
16. Піралиева Г. Ішкі монолог Алматы, 1994,16-176
17.Елеукенов Ш. Мағжан Алматы: Санат, 1995-2826
18.Әуезов М. Анкетаға жауап//Жұлдыз/1991/№10-129б ІӘ.М.Жұмабаев Шығармалары . Үш томдық 2-Зт. Алматы: БілімД996-2956
20. Мотылева Т. Внутрекий монолог и «поток сознаний»//Вопросы
литературы, 1986,№1 с.179
21. Әуезов М. «Өскен өркен» Алматы: Жалын 1977,4126
22. Әуезов М. Жиырма тсмдық шығармалар жинағы-АлматыіЖазушы
1979,1т
23. Кекілбаев Ә. Ек томдық шығармалар жинағы.АлматыД989,576
24. Выготский Л.С. Психология искусства.Москва,1987,-с.318
25. Веселовскмй А.Н. Психологический параллелизм и его формы в
отражениях поэтического стиля. В кн.: Историческая поэтика. Москва:
Высшая школа 1989, с90
26. Бес ғасыр жырлайды: Екі томдық, Алматы: Жазушы, 1989, 1926
27. Бөкеев О. «Мұзтау» Повесть, эссе, новеллалар, Алматы: Жазушы, 1976
28. Ыбырайымов Б. Көркемдік көкжиегі – Алматы: Жазушы, 1981-356
29. Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Повестер, Алматы: Жазушы 1994-186
30. Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы, Алматы: Жазушы, 1992. 2т Сын мақалалар мен зерттеулер. 544б
18.Әуезов М. Анкетаға жауап//Жұлдыз/1991/№10-129б ІӘ.М.Жұмабаев Шығармалары . Үш томдық 2-Зт. Алматы: БілімД996-2956
31. Мотылева Т. Внутрекий монолог и «поток сознаний»//Вопросы
литературы, 1986,№1 с.179
32. Әуезов М. «Өскен өркен» Алматы: Жалын 1977,4126
33. Әуезов М. Жиырма тсмдық шығармалар жинағы-АлматыіЖазушы
1979,1т
34. Кекілбаев Ә. Ек томдық шығармалар жинағы.АлматыД989,576
35. Выготский Л.С. Психология искусства.Москва,1987,-с.318
36. Веселовскмй А.Н. Психологический параллелизм и его формы в
отражениях поэтического стиля. В кн.: Историческая поэтика. Москва:
Высшая школа 1989, с90
37. Бес ғасыр жырлайды: Екі томдық, Алматы: Жазушы, 1989, 1926
38. Бөкеев О. «Мұзтау» Повесть, эссе, новеллалар, Алматы: Жазушы, 1976
39. Ыбырайымов Б. Көркемдік көкжиегі – Алматы: Жазушы, 1981-356
40. Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Повестер, Алматы: Жазушы 1994-186
41. Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы, Алматы: Жазушы, 1992. 2т Сын мақалалар мен зерттеулер. 544б
Әдебиеттер

Бауыржан Момышұлы. Романдар. – Алматы: Курляндия майданы, Ақ арыс, 2010.


Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2003.
Ахметов З. Портрет \ Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998.
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. – Алматы, 1979. – 240 б.
Компанеец В.В. Художественный психологизм в советской прозе (1920-е годы). – Л.: Наука, 1980.
Негимов С. Пейзаж \ Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998.
Есин А.Б.Психологизм русской классической литературы. – М: Просвещение, 1988.
Психоаналитические термины и понятия: Словарь. – М., 2000.
Əдебеиеттер

Оразалин Н. Үш томдық таңдамалы туындылар. 3-том. – Жыр кітабы. – Алматы: Жазушы, 2006.


Оразалин Н. Қоздаған шоқ. Таңдамалы лирикалық жинағы. – Алматы: Атамұра, 2008.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет