Тест «Отбасылық тәрбиенің стратегиясы»
Осы қарапайым тест арқылы өздеріңіздің отбасыңыздағы тәрбие стратегиясын бағалап көріңіз.
Нұсқау: берілген төрт жауаптың ішінен өзіңіз қалайтынын белгілеңіз.
Сіздің ойыңызша, адам мінезі немен анықталады: тұқым қуалаушылықпен бе, әлде тәрбиемен бе?
А. Әрине тәрбиемен.
Б. Туғанда берілген қабілеті және өмір сүру ортасының жағдайымен.
В. Тек қана туғанда берілген қабілетімен.
Г. Өмірлік тәжірибесімен.
Балалар өз ата-анасын тәрбиелейді деген ойға қалай қарайсыз?
А. Бұл сөздер жиынтығы, шындыққа үйлеспейді.
Б. Осы оймен толығымен келісемін.
В. Ата-аналардың бала тәрбиелеуші дәстүрлі рөлін ұмытпаған жағдайда ғана осы оймен келісемін.
Г. Жауап беруге қиналамын, ол туралы ойлаған емеспін.
Тәрбие туралы ойлардың қайсысы ұтымды деп ойлайсыз?
А. Егер балаға айтатын еш нәрсеңіз болмаса, оған барып, жуын деп айтыңыз. (Эдгар Хо).
Б. Тәрбие мақсаты – балаларды бізсіз өмір сүруге үйрету. (Эрнст Легуве).
В. Балаларға нұсқау емес, мысалдар керек. (Жозеф Жубер).
Г. Ұлыңды тыңдай білуге үйрет, сонда қалағаныңа да үйрете аласың. (Томас Фуллер).
Достарыңызбен бөлісу: |