Тест сұрақтары, тапсырмалар PISA тест тапсырмаларында ғаламдық мәселелерге байланысты тапсырмалар беріледі. Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны ғаламдық мәселелерді қарастыруға бағытталған. Ғаламдық мәселелерге байланысты тапсырмаларды жақсы деңгейде орындау үшін мынадай мәселелерді ескерген жөн: Мысалы география пәні бойынша «Литосфера», «Атмосфера», «Гидросфера», «Биосфера», «Табиғи ресурстар», «Халық географиясы» бөлімшелерін қарастыру барысында ғаламдық мәселелерге, соның ішінде ғаламдық жылынуға, жылыжай эффектісіне, озон тесіктері, қышқыл жаңбыр, шикізат, тұщы су, Жер бетіндегі халық санының көбеюі және т.б. мәселелерге үлкен көңіл бөлу. Оқушылардың функционалды сауаттылықтарын дамытатын тапсырмаларды ұсыну (түрлі сандық және сапалық деректермен жұмысты ұйымдастыру). Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты бағалауға арналған PISA тапсырмаларын орындау оқушылардан басқа да пәндерден меңгерген білімдерін қолдануды талап етеді. Сол себептен пәнаралық байланыс орнату өте маңызды.
География пәні бойынша тапсырмалар Жылыжай эффектісі Жылыжай эффектісі: шындық па әлде жалған ба?
Атмосфера – Жердің қорғаныш қабаты. Ол Жерді температураның ауытқуынан сақтайды. Күннен шығатын энергия атмосфера арқылы өтіп, Жерге жетеді. Жерге жеткен энергияның бір бөлігін Жер сіңірсе, қалған бөлігі кері шағылыстырылады. Шағылысқан Күн сәулелерін атмосфера сіңіреді. Осының нәтижесінде Жер бетіндегі орташа температура жоғарырақ болады. Бұл егер де Жерде атмосфера қабығы болмағандағымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болады. Атмосфера жылыжайдың рөлін атқарады, «жылыжай эффектісі» деген термин осыдан шыққан. ХХ ғасырда жылыжай эффектісі қатты байқала басталды деп есептеледі. Жер бетіндегі атмосфераның орташа температурасының көтеріліп жатқаны факт болып табылады. Газеттерде және басқа да басылымдарда ХХ ғасырда температураның өсуінің ең басты себебі ретінде көмірқышқыл газының көп бөлшерде ауаға бөлінуі деп айтылады. Арнұр атты оқушыны Жер шарындағы атмосфераның орташа температурасы мен көмірқышқыл газының бөлінуі арасындағы мүмкін болатын байланыс қызықтырды. Кітапханада ол келесі екі графикті тауып алды.
Көмірқышқыл газының мөлшері (жылына млн тонна) Жер атмосферасының орташа тем
Осы екі графиктің негізінде Арнұр Жер шарындағы атмосфераның орташа температурасы көмірқышқыл газының ауаға бөлінуінің көбеюіне байланысты көтеріліп жатыр деген қорытындыға келді.
1-сұрақ Айша есімді қыз Арнұрдың қорытындысымен келіспейді. Ол екі графикті салыстырып, графиктің кейбір бөліктері оның қорытындыларын дәлелдемейтінін айтты. Графиктің қандай бөліктері Арнұрдың қорытындыларын дәлелдемейді? Мысал келтіре отырып, өз жауабыңды түсіндір.
Мысал келтіріп, жауабыңызды түсіндіріңіз.
Сұрақ түрі: еркін жауап.
Құзыреттілік: Ғылыми дәлелдерді қолдану.
Мазмұны: Ғылыми түсініктеме (Ғылым туралы білім).
Қолданылуы: Қоршаған орта.
Мәнмәтін: жаһандық.
Қиындық деңгейі: 4 және 5 деңгей.
Ең жоғары балл: 2 балл
2-сұрақ Арнұр Жер шарындағы атмосфераның орташа температурасының көтерілуін көмірқышқыл газының шамадан тыс бөлінуінен деп түсінуде. Бірақ Айша Арнұрдың қорытындылары тым асығыс деп есептейді. Айша айтады: «Нақты қорытынды шығару үшін жылыжай эффектісіне әсер ететін факторлардың тұрақты екеніне көз жеткізу қажет». Айшаның айтып тұрған факторларының бірін атау керек.
Сұрақ түрі: еркін жауап.
Құзіреттілік: Құбылыстарды ғылыми түрде түсіндіру.
Мазмұны: Жер мен Ғаламға қатысты жүйелер (жаратылыстану туралы білім).
Қолданылуы: Қоршаған орта.
Мәнмәтін: жаһандық.
Қиындық деңгейі: 6 деңгей.
Ең жоғары балл: 2 балл