Тест сұрақтары, тапсырмалар



бет2/15
Дата30.03.2023
өлшемі1,49 Mb.
#173326
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Тест с ра тары, тапсырмалар

Тапсырма 2. «Динозаврлардың жойылуы»

Шамамен 65 миллион жыл бұрын болған динозаврлардың жойылуын түсіндіру үшін екі гипотеза ұсынылды.





Гипотеза A (астероидпен соқтығысу)

Гипотеза B (вулкан атқылау)

Үлкен астероид Жерге түскендіктен динозаврлар жоғалып кетті. Соқтығысу нәтижесінде өрттер мен шаң мен күйе бұлттарының шығуы басталды. Осыдан кейін ұзақ уақыт қараңғылық пайда болды, бұл өсімдіктердің тіршілік ету мүмкіндігі болмауына әкелді.

вулкандық жарылыстар көп болғандықтан, динозаврлар жоғалып кетті. Вулкан атқылау нәтижесінде өрт басталды және шаң мен күйе бұлттары шықты. Осыдан кейін ұзақ уақыт қараңғылық пайда болды, бұл өсімдіктердің тіршілік ету мүмкіндігі болмауына әкелді.

Осы екі гипотезаға зерттеу жүргізген ғалымдар келесі үш фактіні анықтады.



Факт 1

Факт 2

Факт 3

астероидтың соққысынан шамамен 65 миллион жыл бұрын Мехико қаласының маңында үлкен кратер пайда болды.

65 миллион жыл бұрын пайда болған тау жыныстарында иридийдің деңгейі өте жоғары. Иридий элементі жер бетінде сирек кездеседі, бірақ ол жердің төменгі қабатында, яғни мантияда болады. Ол астероидтарда да кездеседі.

Күйе қабаттары шамамен 65 миллион жыл бұрын пайда болған. Бұл қабаттар жер бетінде әр түрлі жерлерде кездеседі. Орман өртенген кезде күйе түзіледі.


1 сұрақ: Осы үш фактінің қайсысы қандай гипотезаны қолдайды? Әр жолда «А» (астероидтармен соқтығысу), «В» (вулкан атқылау) немесе «Екеуі» (екі гипотеза) шеңберін белгілеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет