Тест сұрақтары, тапсырмалар PISA тест тапсырмаларында ғаламдық мәселелерге байланысты тапсырмалар беріледі. Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны ғаламдық мәселелерді қарастыруға бағытталған. Ғаламдық мәселелерге байланысты тапсырмаларды жақсы деңгейде орындау үшін мынадай мәселелерді ескерген жөн: Мысалы география пәні бойынша «Литосфера», «Атмосфера», «Гидросфера», «Биосфера», «Табиғи ресурстар», «Халық географиясы» бөлімшелерін қарастыру барысында ғаламдық мәселелерге, соның ішінде ғаламдық жылынуға, жылыжай эффектісіне, озон тесіктері, қышқыл жаңбыр, шикізат, тұщы су, Жер бетіндегі халық санының көбеюі және т.б. мәселелерге үлкен көңіл бөлу. Оқушылардың функционалды сауаттылықтарын дамытатын тапсырмаларды ұсыну (түрлі сандық және сапалық деректермен жұмысты ұйымдастыру). Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты бағалауға арналған PISA тапсырмаларын орындау оқушылардан басқа да пәндерден меңгерген білімдерін қолдануды талап етеді. Сол себептен пәнаралық байланыс орнату өте маңызды.