Тест тапсырмалары



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі270,19 Kb.
#97536
  1   2   3   4
Байланысты:
Жанысбаев Б Сакталу зандары



ИМПУЛЬС. ИМПУЛЬСТІҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ ТАРАУЫ БОЙЫНША
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Дененің импульсі немесе қозғалыс мөлшері....


А) Денеге әсер ететін күштің жылдамдығына көбейтіндісі
В) Дене массасының жылдамдығына қатынасы
С) Денеге әсер ететін күштің әсер ету уақытына көбейтіндісі
D) Дене массасының жылдамдығына көбейтіндісі
Е) Денеге әсер ететін күштің уақытқа қатынасы
2. Дененің импульс векторының бағыты
А) орын ауыстыру векторына қарама-қарсы
В) күш векторымен бағыттас
С) жылдамдық векторымен бағыттас
D) еркін түсу үдеуі векторымен бағыттас
Е) үйкеліс күші векторымен бағыттас
3. Дене импульсінің өзгерісі
А) потенциалдық энергия өзгерісіне тең
В) қуатқа тең
С) күш импульсінің өзгерісіне тең
D) жұмысқа тең
Е) кинетикалық энергия өзгерісіне тең
4. Дененің массасы мен жылдамдығының көбейтіндісі оның
А) кинетикалық энергиясы
В) потенциалдық энергиясы
С) дене импульсі
D) күш импульсі
Е) күш моменті
5. Тұйық жүйеде өзара әрекеттесетін импульстерінің қосындысы өзгермейді. Бұл тұжырым...
А) Энергияның сақталу заңы
В) Механиканың « алтын ережесі »
С) Импульстің сақталу заңы
D) Зарядтың сақталу заңы
Е) Массаның сақталу заңы
6. Зымыранның қозғалыс принципі негізделген заң
А) Энергияның сақталу заңы
В) Архимед заңы
С) Импульстің сақталу заңы
D) Зарядтың сақталу заңы
Е) Паскаль заңы
7. Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі-бұл
А) импульс моменті
В) дене импульсі
С) күш импульсі
D) күш моменті
Е) инерция моменті
8. Қандай физикалық шама «Н » өлшем бірлігімен өлшенеді?

А) Күш импульсі

В) Күш моменті

С) Дене импульсі

D) Күш

Е) Қысым

9. Дене импульсінің өлшем бірлігі

А) Н·с

В) кг·м/с

С) кг·м/с2

D) Н

Е) Н·м

10. Екі өзара әрекеттесущі денелер үшін импульстің сақталу заңы
А)
В)
С)
D)
Е)
11. Денеге 20 с ішінде 100 Н тұрақты күш әрекет еткенде оның жылдамдығы 10 м/с-ке өзгерсе, дене массасы

А) 250 кг

В) 500 кг

С) 0,2 кг

D) 200 кг

Е) 50 кг

12. Массасы М= 1,5 1010 кг паром жағамен салыстырғанда =10 м/с жылдамдықпен жүзіп келе жатыр. Паром үстіндегі массасы m=1000 кг автомобиль пароммен салыстырғанда ϑ=10 м/с жылдамдықпен қозғалуда. Пароммен салыстырғандағы автомобильдің импульсі

А) 1,5 1010 кг м/с

В) 1,5 104кг м/с

С) 104кг м/с

D) 0

Е) 2 104кг м/с

13. Массалары бірдей m-ге тең екі автомобиль Жерге қатысты бірдей бағытта ϑ және 3 ϑ жылдамдықтармен қозғалады. Бірінші автомобильмен байланысқан санақ жүйесіндегі екінші автомобильдің импульсі

А) m

В) 1,5

С) 3

D) 4

Е) 2

14. Массасы 10 кг дененің импульсі 40 кг ·м/с болса, оның жылдамдығы

А) 1м/с

В) 2м/с

С) 4м/с

D) 5м/с

Е) 3м/с

15. Массасы m1 және m2 екі дене ϑ1꞊ 4 м/с және ϑ2꞊ 20 м/с жылдамдықтармен бір-біріне қарама-қарсы қозғалып келе жатып, серпімсіз соқтығысқаннан кейін екеуі де тоқтады. Бірінші дене массасының екінші дене масасына m1/m2 қатынасы

А) 8

В) 1/5

С) 10

D) 1/8

Е) 5

16. Массасы m1 және m2 екі дене ϑ1꞊ 4 м/с және ϑ2꞊ 20 м/с жылдамдықтармен бір-біріне қарама-қарсы қозғалып келе жатып, соқтығысқаннан кейін екеуі жылдамдықтарымен алмасып қарама-қарсы қозғалады. Олардың массаларыныңm1/m2 қатынасы

А) 24

В) 1/5

С) 1

D) 16

Е) 5

17. Массасы 20 кг тыныштықтағы арбада массасы 60 кг адам тұр. Адам арбамен салыстырғанда 1 м/с жылдамдықпен қозғалса, арбаның Жермен салыстырғандағы жылдамдығы

А) -0,75 м/с

В) 0

С) 1,33 м/с

D) -1,33 м/с

Е) 75 м/с

18. Ракетаның жанып кеткен сатысы ғарыш кемесінен ажырағанда қандай да бір импульс алады. Сол кездегі ғарыш кемесінің импульсі қандай шамаға өзгереді?

А) -2

В)

С) 2

D)

Е) -

19. Массасы 15 г газ 800 м/с жылдамдықпен ракетадан ұшып шығады, массасы 600 г ракетаның ракетницамен салыстырғандағы жылдамдығы

А) 10 м/с

В) 15 м/с

С) 20 м/с

D) 25 м/с

Е) 30 м/с

20. Отынсыз массасы 400 т зымыран, отын жанғанда 125 м биіктікке көтеріледі. Отын массасы 50 т. Отынды бірден жанып кетеді деп есептеп, зымыраннан газдың ұшып шығу жылдамдығы

А) 200 м/с

В) 300 м/с

С) 400 м/с

D) 100м/с

Е) 500 м/с

21. Массасы 8 кг мылтықтан массасы 16 г оқ 600 м/с жылдамдықпен ұшып шықты. Мылтықтың кері қозғалу жылдамдығы

А) 1,2 м/с

В) 0,6 м/с

С) 2,2 м/с

D) 0,1 м/с

Е) 4 м/с

22. Массалары 400 г және 600 г екі дене бір-біріне қарама-қарсы қозғалып келе жатып, соқтығысып тоқтады. Егер бірінші дене 3 м/с жылдамдықпен қозғалған болса, екінші дененің жылдамдығы

А) 6 м/с

В) 5 м/с

С) 4 м/с

D) 2 м/с

Е) 3 м/с

23. 10 Н күш әсерінен орнынан қозғалған, массасы 1 кг дененің 5 м жол жүргеннен кейінгі импульсі

А) 20 кг·м/с

В) 50 кг·м/с

С) 2 кг·м/с

D) 1 кг·м/с

Е) 10 кг·м/с

24. Массасы 0,2 кг дене 1 м биіктіктен 8 м/с2 үдеумен түседі. Дене импульсінің өзгерісі

А) 0,8 кг·м/с

В) 80 кг·м/с

С) 0,08 кг·м/с

D) 800 кг·м/с

Е) 8 кг·м/с

25. Автомат 1 минутта 240 рет оқ атады. Егер оқтың массасы 5 г, жылдамдығы 1000 м/с болса, онда автомат мергеннің иығына қандай орташа күшпен әсер етеді?

А) 25 Н

В) 30 Н

С) 20 Н

D) 15 Н

Е) 18 Н

26. Массасы 5 кг денеге 10 Н күш 2 с бойы әсер етеді. Дененің бастапқы жылдамдығы 3 м/с болса, күш әсер еткеннен кейінгі дененің импульсі

А) 35кг·м/с

В) 40кг·м/с

С) 25кг·м/с

D) 30кг·м/с

Е) 45кг·м/с

27. Массасы 10 т вагон 2 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оны 3 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 15 т вагон қуып жетеді. Егер соқтығысу серпімсіз болса, соқтығысқаннан кейінгі вагондардың жылдамдығы

А) 26 м/с

В) 0,26 м/с

С) 2,6 м/с

D) 0,026 м/с

Е) 260 м/с

28. Массасы 10 кг арбаша 2 м/с жылдамдықпен қозғалады. Массасы 40 кг бала 3 м/с жылдамдықпен қарама-қарсы жүріп келіп, оған секіріп мінді. Бала мен арбашаның жылдамдығы

А) 2,2 м/с

В) 3,2 м/с

С) 2 м/с

D) 7 м/с

Е) 5 м/с

29. Бір-біріне жақын тұрған бірдей үш вагондарды тіркеу үшін бірінші вагонға 3м/с жылдамдық береді. Тіркелгеннен кейінгі вагондардың қозғалу жылдамдығы

А) 0,5 м/с

В) 0,75 м/с

С) 1,25 м/с

D) 1 м/с

Е) 2 м/с

30. 8 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 50 кг хоккейші тыныш жатқан массасы 0,5 кг шайбаны хоккей таяғымен өз қозғалысының бағытына қарай ұрды. Соққыдан кейін шайба 100 м/с жылдамдықпен қозғалса, хоккейшінің шайбаны соққыдан кейінгі жылдамдығы

А) 70 м/с

В) 7 м/с

С) 700 м/с

D) 0,07 м/с

Е) 0,7 м/с

31. Массасы m қозғалыстағы шар тыныш тұрған массасы 3m шарға соғылады. Соқтығысқаннан кейінгі шарлардың ажырау бұрышы 90 және бірінші шардың жылдамдығы 3ϑ, ал екіншісінікі ϑ. Бірінші шардың соқтығысқанға дейінгі жылдамдығы?

А)

В)

С) 3

D) 3

Е)

32. Массасы 2 кг қозғалыстағы шар тыныш тұрған массасы 4 кг шарға соғылады. Соқтығысқаннан кейінгі шарлардың ажырау бұрышы 900 және бірінші шардың жылдамдығы 4 м/с, ал екіншісінікі 2 м/с. Бірінші шардың соқтығысқанға дейінгі жылдамдығы (cos 450꞊ )

А) 4 м/с

В) 2 м/с

С) 3 м/с

D ) 5 м/с

Е) м/с

33. Массасы 50 кг снаряд вертикальға 300 бұрыш жасай 600 м/с жылдамдықпен ұшып келіп, тыныштықта тұрған массасы 950 кг, құм тиелген платформаға тиіп, оған бойлай енеді. Снаряд тигеннен кейінгі платформаның жылдамдығы (sin300 ꞊ )

А) 15 м/с

В) 60 м/с

С) 30 м/с

D) 10 м/с

Е) 20 м/с

34. Қайық жағадан 10 м қашықтықта тұр. Оның ішіндегі адамның ескектері жоқ. Тек қана қолында 0,5 кг-дық тасы бар. Соның көмегімен ол адам жағаға жете ала ма? Жете алатын болса қанша уақытта? Адамның максималды тас лақтыру мүмкіндігі 4 м/с және қайықтың адаммен бірге массасы 100 кг, судың кедергі күшін ескермейміз

А) иә, 400с

В) Жоқ

С) иә,500с

D) иә, 200с

Е) иә, 100с

35. 15 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан граната массалары 6 кг және 14 кг екі жарқыншаққа бөлінеді. Қозғалыс бағытымен үлкен жарқыншақ 24 м/с болса, кіші жарқыншақтың жылдамдығы қандай?

А) 6 м/с

В) 106 м/с

С) -106 м/с

D) 45 м/с

Е) -6 м/с

36. Массасы 150 г доп беті тегіс қабырға тұрғызылған нормальға 600 бұрыш жасай соғылады да, жылдамдығын жоғалтпастан кері қарай ұшады. Доптың жылдамдығы 10 м/с, ал соқтығысу мерзімі 0,1 с. Қабырға тарапынан допқа әсер етуші күштің орташа мәні

А) 150 Н

В) 0,15 Н

С) 15 Н

D) 0,0156 Н

Е) 1500 Н

37. Импульстің модулі 40 кг·м/с бөлшек қабырғаға тұрғызылған нормальға 300 бұрыш жасай, абсолют серпімді соғылса, импульстің өзгерісі

А) 20

В) 40

С)40

D) 20

Е) 40

38. Денелердің импульстарының координата осьтеріне проекциялары мынадай:
ОХ: ; ;
ОҮ: ; ;
Жүйенің импульсі:

А) р=8,24 кг·м/с

В) р= 5 кг·м/с

С) р= 3 кг·м/с

D) р= 6,18 кг·м/с

Е) р= 4,12 кг·м/с




39. Массалары 200 г және 500 г шарлар 4 м/с және 3 м/с жылдамдықтарымен бір бағытта қозғалады. Шарлардың қорытқы импульсінің модулі

А) 1,7 кг·м/с

В) 5 кг·м/с

С) 2,6 кг·м/с

D) 2,3 кг·м/с

Е) 3,4 кг·м/с

40. Массалары 200 г және 500 г шарлар 4 м/с және 3 м/с жылдамдықтарымен бір-біріне қарама-қарсы қозғалады. Шарлардың қорытқы импульсінің модулі

А) 1,7 кг·м/с

В) 5 кг·м/с

С) 2,6 кг·м/с

D) 0,7 кг·м/с

Е) 3,4 кг·м/с

41. Ұзындығы 3 м болатын массасы 12 кг қайықтың бір басында массасы 60 кг адам отыр. Егер адам қайықтың бір басынан екінші басына қарай орын ауыстырса, қайықтың жылжитын арақашықтығы

А) 12 м

В) 2,5 м

С) 7,5 м

D) 7 м

Е) 5,5 м

42. Массасы 160 кг, ұзындығы 3 м болатын қайық көлдің бетінде қозғалыссыз тұр. Қайықта тұрған массасы 80 кг адам, қайықтың тұмсығынан артқы ұшына қарай жүріп өтті. Сонда қайықтың орын ауыстыруы

А) 4 м

В) 1 м

С) 5 м

Д) 3 м

Е) 2 м

43. Мұз бетінде тұрған массасы 49,5 кг адам горизонталь бағытта 20 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан массасы 500 г допты ұстап алады. Үйкеліс коэффиценті 0,05 болса, адам доппен бірге жылжитын арақашықтық (g=10 м/с2)

А) 0,04 м

В) 0,15 м

С) 0,05 м

Д) 0,8 м

Е) 4 м

44. Массасы 20 кг, жылдамдығы 500 м/с снаряд горизонтқа 600 бұрыш жасай ұшып шыққанда зеңбіректің массасы 500 кг болды. Зеңбіректің жылдамдығы (cos600꞊ )

А) 10 м/с

В) 12 м/с

С) 5 м/с

Д) 4 м/с

Е) 6 м/с

45. Суретте түзу сызықты қозғалыстағы денеге әсер етуші тең әсерлі күш моделінің уақытқа тәуелділік графигі берілген. 4 с ішінде массасы 2 кг дененің жылдамдығының өзгерісі:


А) 24 м/с

В) 16 м/с

С) 32 м/с

D) 4 м/с

Е) 8 м/с

46. Массасы 1,2 кг бірінші дене 4 м/с жылдамдықпен қозғалып, тыныш тұрған екінші денеге соғылады. Бірінші дене соққы алғаннан кейін қарама-қарсы жаққа қарай 0,8 м/с жылдамдықпен қозғалады. Бірінші дене импульсінің өзгерісі

A) 4,8 кг·м/с

B) 3,84 кг·м/с

C) 1,8 кг·м/с

D) 5,76 кг·м/с

E) 3,6 кг·м/с

47. Массасы 2 кг жылдамдығы 6 м/с дене тыныштықта тұрған денемен абсолют серпімсіз соқтығысқан соң денелер жылдамдығы 2 м/с болса, тыныштықта болған дененің массасы

A) 2 кг

B) 6 кг

C) 4 кг

D) 5 кг

E) 3 кг

48. Массасы 0,2 кг дене горизонталь бағытта 16 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан 5 м биіктікте тыныш тұрған массасы 3 кг денеге серпімсіз соғылады. Денелер жүйесінің ұшу қашықтығы (g꞊10 м/с2 )

A) 0,58 м

B) 0,3 м

C) 2 м

D) 3 м

E) 1 м



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет