Тест тапсырмасы
9 – сынып
2-нұсқа
1.Қазақ алфавитіндегі әріп санын көрсетіңіз.
А/36 В/40 С/33 Д/41 Е/42
2.Бірыңғай езулік дауысты сөзді ажыратыңыз.
А/дос В/ мектеп ішілік С/тұрғылықты Д/көмір Е/бұлбұл
3. Түйық буынды сөзді көрсетіңіз
А/дәптер,мектеп,гүл В/мереке,үлгі,аула С/сұлу,жұқа,кіші
Д/кісі,таза,үн Д/ән,ас,ал
4.Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу екенін көрсетіңіз
А/9 В/10 С/12 Д/7 Е/11
5.Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын септік атауын көрсетіңіз
А/Ілік В/Көмектес С/Шығыс Д/Атау Е/Жатыс
6.Омоним бола алатын сөзді көрсетіңіз
А/қыс В/әрине С/жеңеше Д/бүкіл
Е/анда-санда
7.Синоним сөздерді табыңыз
А/ бар,кет В/таза,лас С/жаман,жақсы Д/өмір,дүние Е/үлкен,кіші
8. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз
А/қалың кітап В/күзгі орман С/қара жұмыс Д/сары бояу Е/ескі үй
9.Лексика зерттейтін саланы көрсетіңіз
А/сөз таптарын В/сөйлем С/дыбыстар жүйесін Д/сөз
Е/сөз құрамын
10.Түбір сөзді табыңыз
А/ән В/әнқұмар С/әншіл Д/әнші-ақын Е/әнші
11.Қыстырма сөзді табыңыз
А/ой В/тоғыз С/сары Д/мүмкін Е/әкем
12.Жинақтық сан есімді көрсетіңіз
А/біреу В/екіден бір С/бірдеңе Д/бір-бірден Е/бірден
13.Демеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз
А/Сол жақта орталық дүкенді көресіз.
В/Бұрыштағы үлкен бес қабатты үй.
С/Абылай хан даңғылымен тура жүре беріңіз.
Д/Бір көше жоғары көтерілесіз және оңға бұрыласыз.
Е/Ол мені таба алмады-ау, қап!
14.Үтір мен леп белгісінің қойылу себебін белгілеңіз.
Ойпырмай,күннің суығын-ай!
А/одағай сөз В/оқшау сөз С/қаратпа сөз Д/еліктеуіш сөз Е/қыстырма сөз
15.Ұлттық валютамыз айналымға енгізілген жылды белгіліңіз
А/1991 в/1992 с/1995 д/1990 е/1993
16.Жалаң сөйлемді көрсетіңіз
А/Олардың әндерін бәріміз тыңдаймыз
В/Оның музыкалық мәдениетті өте бай.
С/Ол оқып жүр.
Д/Мен таңға дейін отырдым
Е/Олар қаржыны да мол табады.
17.Тұйық етістікті табыңыз
А/сүй В/ойлау С/көрген Д/жоқтады Е/тіле
18.Пысықтаушы бар сөйлемді анықтаңыз.
А/Балалар күліп жіберді.
В/Нәтиже өзгермеді
С/Жер қата бастады
Д/Көйлекті дұрыс пішті
Е/Жауап алу мақсатында айтылған сөз
19. «С.Мұқановтың Ботагөз романын оқымаған оқушы жоқ».Сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылмағанын көрсетіңіз
А/үтір В/қос нүкте С/сызықша Д/тырнақша Е/нүкте
20.Жақсыз сөйлемді табыңыз
А/ Таң да атты.
В/Әсел үйге кіріп келді.
С/Біз балабақшаға келе жатырмыз
Д/Бізге уақытты ұту керек
Е/Күлкілі әңгіме.
21.Көсемшені табыңыз
А/көрді В/қарап С/келді Д/барма Е/айтқан
22.Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.
Тыңдашы,балам,нағашыңды!
А/бірыңғай мүше В/қыстырма С/одағай Д/қаратпа Е/оқшау сөз
23.Сөздердің қайсысы мезгілдік мағынаны білдіретінін көрсетіңіз
А/көшеде В/жейде С/ мектептен Д/бүгінде Е/асханада
24.Сапалық сын есімді табыңыз
А/ сүтті сиыр В/түнгі аспан С/малды ауыл Д/еріншек бала Е/үлкен үй
25.Өзгелік етісте тұрған сөзді көрсетіңіз
а/айтты В/айтқызды С/айтылды Д/айтады Е/айтқан
Достарыңызбен бөлісу: |