Тесты по казахскому языку Вариант 1 «Ы» әрпі қойылатын сөзді көрсетіңіз. А жазғ в кәр с д мді. D бөр к. Е м нез. Буын құрай алмайтын дыбысты көрсетіңіз



Дата14.10.2019
өлшемі26,27 Kb.
#49900
түріТесты
Байланысты:
docx (4)
Валиева А.Б СОЧ
и Тесты по казахскому языку

Вариант 1

1.«Ы» әрпі қойылатын сөзді көрсетіңіз.

А) Жазғ... . В) Кәр... . С) Д...мді. D) Бөр...к. Е) М...нез.

2.Буын құрай алмайтын дыбысты көрсетіңіз.

А) а В) ү С) ж D) ы Е) и

3.Түбір сөзді көрсетіңіз.

А) Жаз. В) Күзгі. С) Қалалық. D) Ойшыл. Е) Ашулы.

4.Жанама толықтауышты белгілеңіз.



Кәсіпкерлер кәсіптеріне қаржыны өздері табады.

А) Кәсіпкерлер. В) Қаржыны. С) Өздері. D) Кәсіптеріне. Е) Табады.

5.Құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Үйлердің төбесін, ағаштарды, терезені қырау басты. В) Қар аралас жаңбыр жауды.

С) Күн суық болды. D) Табиғаттың көрінісі тамаша!

Е) Күн аса суық болмағанмен, ызғары бар.

6.Наурыз мейрамы нені білдіретінін белгілеңіз.

А) Тәуелсіздік мейрамы. В) Қонақ күту.

С) Жаңа жыл. D) Ерлер мейрамы. Е) Әйелдер мейрамы.

7.Қазіргі Қазақстан астанасы орналасқан облыстың атауын белгілеңіз.

А) Оңтүстік Қазақстан облысы. В) Қызылорда облысы.

С) Қостанай облысы. D) Ақтөбе облысы. Е) Ақмола облысы.

8.Музыкалық аспаптар жасайтын адамды белгілеңіз.

А) Дәрігер. В) Шебер. С) Ұста. D) Сәулетші. Е) Зергер.

9.«Киіз үй» сөз тіркесіне қойылатын сұрақты табыңыз.

А) Қайда? В) Не? С) Неге? D) Қашан? Е) Ненің?

10.Асханаға қатысты сөздерді табыңыз.

А) Қасық, пышақ. В) Әдемі, жақсы. С) Ұстаз, оқушы.

D) Сурет, дәптер. Е) Кітабыңыз, сызғыш.

11.«Бітім жасау» сөзінің орыс тіліндегі синонимдік қатарын табыңыз.

А) Соглашение, примирение. В) Содружество, солидарность.

С) Группа, община. D) Владелец, правящий. Е) Могучий, сильный.

12.Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жаны, қасы. В) Қасиетті, құрметті. С) Әдемі, сұлу. D) Үлкен, ұзақ. Е) Ұзын, қысқа.

13.Бірыңғай жіңішке дауыстылардан жасалған сөзді табыңыз.

А) Қауіпті. В) Мәжіліс. С) Әлдеқашан. D) Өнерпаз. Е) Ауыл.

14.Ұяң дауыссыз дыбыстар жоқ сөзді көрсетіңіз.

А) Көмір. В) Міндет. С) Өзгеріс. D) Қазба. Е) Лездеме.

15.Буын үндестігіне бағынбай тұрған қосымшалы сөзді көрсетіңіз.

А) Еңбекқор. В) Есікті. С) Қалалық. D) Өмірде. Е) Берекелі.

16.Сөз тудырушы жұрнақты көрсетіңіз.

А) Жолаушы. В) Әрі-бері. С) Әжесінен. D) Жақсы. Е) Ауа райы.

17.Жалқы есімі бар сөйлемді табыңыз.

А) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.

В) Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, қызыл пүліш қамзол.

С) Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым.

D) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.

Е) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.

18.Сын есімді табыңыз.

А) Әйелді құрметте. В) Естігенді меңгер. С) Дәмді ас. D) Дәптерді аш. Е) Кеткенді аңсама.

19.Есептік сан есімнің сұрақтарын белгілеңіз.

А) Нешеу? В) Кімдер? Нелер? С) Нешінші? Қаншасыншы?

D) Қандай? Қай? Е) Неше? Қанша?

20.«Әркім, әрқашан, әрне» есімдіктің қай түрі екенін белгілеңіз.

А) Белгісіздік. В) Жіктеу. С) Сұрау. D) Болымсыздық. Е) Өздік.


Тесты по казахскому языку

Вариант 2


  1. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөзді көрсетіңіз.

А) Достар . В) Отан. С) Мемлекет. D) Саудагер. Е) Көзілдірік.

  1. Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Қала. В) Бесік. С) Ғимарат. D) Таңғажайып. Е) Ұлт.

  1. Барлық буында жазылатын дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) а,ы,і. В) у,ұ,ө. С) о,ө,ұ. D) ә,ү,у. Е) э,ә,и.

  1. Туынды сөзді табыңыз.

А) Күзгі. В) Бас. С) Оқу. D) Біл. Е) Көр.

  1. Бастауыш қай сөз табынан екенін көрсетіңіз.

Жиналыста ешкім сөйлемеді.

А) Зат есім. В) Үстеу. С) Есімдік. D) Етістік. Е) Сын есім.



  1. Құрмалас сөйлемнің түрін көрсетіңіз.

А) Сабақтас. В) Жақсыз. С) Хабарлы. D) Толымсыз. Е) Жай.

  1. «Пырақ» сөзінің аудармасын белгілеңіз.

А) Герб. В) Мифический конь. С) Гимн. D) Символ. Е) Флаг.

  1. Қыста болатын мерекені табыңыз.

А) Конституция күні. В) Отан қорғаушылар күні. С) Республика күні. D) Тәуелсіздік күні. Е) Жеңіс күні.

  1. Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауын белгілеңіз.

А) «Жас Алаш» В) «Жер - Ана» С) «Невада – Семей»

D) «Жасыл ел» Е) «Экология»



  1. «Отбасы» тақырыбына жатпайтын сөзді белгілеңіз.

А) Іні. В) Сіңлі. С) Тон. D) Ана. Е) Әке.

  1. Мақалды толықтырыңыз.

Өнер алды - ... тіл.

А) Жасыл. В) Ақ. С) Көк. D) Қызыл. Е) Қара.



  1. «Дәулет» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Аз. В) Байлық. С) Үлкен. D) Бас. Е) Қас.

  1. «Оңай» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Толық. В) Аз. С) Қиын. D) Жеңіл. Е) Үлкен.

  1. «Ү» қандай дыбыс екенін көрсетіңіз.

А) Ашық. В) Жуан. С) Дауыссыз. D) Езулік. Е) Жіңішке.

  1. Қатаң дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз.

А) Күйші. В) Терең. С) Жазғы. D) Жұмбақ. Е) Отыз.

  1. Түбір сөздер қатарын табыңыз.

А) Өзен, малшы, әнші. В) Ғалым, жаз, кел. С) Суретші, жазушы, келші. D) Ауыл, оқыған, елші. Е) Жұмбақ, қалам, суретші.

  1. Тәуелдік жалғауының сыпайы түрін көрсетіңіз.

А) -сы. В) -ым. С) -мыз. D) -ы. Е) -ңыз.

  1. «Көгілдір, сұлу» сөздері қай сөз табына жататынын табыңыз.

А) Етістік. В) Сын есім. С) Үстеу. D) Зат есім. Е) Сан есім.

  1. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.

А) Үшеу. В) Бестен екі. С) Елуінші. D) Қырықтай. Е) Он екі.

  1. Болымсыздық есімдігімен толықтырыңыз.

... келмеді.

А) Оқушылар. В) Ешкім. С) Біз. D) Ол. Е) Олар.



Тесты по казахскому языку

Вариант 3

1.Жуан дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) Ы,и,ә,у. В) Ұ,у,ү,и. С) А,о,у,ы. D) О,т,ұ,а. Е) Қ,ғ,о,а.

2.Тек ашық буыннан жасалған сөзді табыңыз.

А) Дастархан. В) Арқар. С) Тамыр. D) Шам. Е) Тамаша.

3.Жіңішке буынды дәм атауын көрсетіңіз.

А) Ащы, қышқыл. В) Семіз, ерен. С) Тәтті, дәмді. D) Тұзды, қатты. Е) Күшті, үлкен.

4.Түбір сөздерді табыңыз.

А) Кет, айт, жаз. В) Барсын, жазу, айтты. С) Көгілдір, ақшыл, келді. D) Емші, сонау, беру. Е) Беру, сенің, оның.

5.Қай септікте тұрғанын көрсетіңіз: «Тоғыздан».

А) Барыс септік. В) Шығыс септік. С) Атау септік. D) Ілік септік. Е) Табыс септік.

6.Төл сөз автор сөзінен кейін тұрғанда дұрыс қойылған тыныс белгіні көрсетіңіз.

А) Автор сөзі: Төл сөз. В) Автор сөзі – Төл сөз. С) Автор сөзі, - төл сөз. D) Автор сөзі: «Төл сөз». Е) Автор сөзі, Төл сөз.

7.Астана қаласы орналасқан өзеннің атауын белгілеңіз.

А) Қаратал. В) Обаған. С) Ертіс. D) Есіл. Е) Тобыл.

8.Сырға, білезік, алқа жасайтын адамды қалай атайтынын белгілеңіз.

А) Оқытушы. В) Зергер. С) Жүргізуші. D) Шебер. Е) Ұстаз.

9.Әкеңіздің әкесі сізге кім болатынын белгілеңіз.

А) Қайын ата. В) Ата. С) Көке. D) Ағатай. Е) Аға.

10.Қыс айын белгілеңіз.

А) Мамыр. В) Шілде. С) Маусым. D) Қазан. Е) Желтоқсан.

11.«Парыз» сөзінің синонимдерін табыңыз.

А) Сұлу, көркем. В) Міндет, борыш. С) Арнайы, әдейі. D) Ірі, үлкен. Е) Тәрбиелі, әдепті.

12.«Жоғары» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Кішкентай. В) Аласа. С) Ұсақ. D) Қысқа. Е) Төмен.

13.«О» дыбысы қандай дыбыс екенін анықтаңыз.

А) Сөздің кез келген буынын талғамайды. В) Ашық дауысты.

С) Езулік дауысты. D) Қысаң дауысты. Е) Жіңішке дауысты.

14.Қатаң дауыссыз дыбыстар санын көрсетіңіз.

А) 25. В) 7. С) 18. D) 11. Е) 6.

15.Зат есімнің құрамына қарай түрлерін табыңыз.

А) Деректі, дерексіз. В) Жалпы, жалқы. С) Жанды, жансыз.

D) Туынды, негізгі. Е) Дара, күрделі.

16.Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз.

А) Заттың іс-қимылың мезгілін. В) Заттың іс-қимылының мекенін. С) Заттың түр-түсін. D) Заттың қимылын. Е) Заттың атын.

17.Толықтырыңыз.



«... кітабыңыз өте қызық екен.»

А) Сіз. В) Біздің. С) Сенің. D) Сіздің. Е) Менің.

18.Келер шақ есімшені табыңыз.

А) Ол ертең қазақ тілінен емтихан тапсырар.

В) Мейрамды халық бір кісідей тойлаған.

С) Дем алуға саяжайға кетті.

D) Қазақ тілінен жаттығулар жазды.

Е) Олар ауылға барған.

19.Көп нүктенің орнына керекті демеулікті қойыңыз.

Сапарың сәтті болды ...?

А) бе. В) ме. С) ба. D) ма. Е) ақ.

20.Дара бастауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Әжем көне суреттерді көрсетті. В) Менің айтып отырғаным - аңыз.

С) Ертең құрылыс жұмысы басталады. D) Еңбек еткен ер атанар.

Е) Үй іші ұзақ жым-жырт болды.



Тесты по казахскому языку

Вариант4


  1. «Дыбыс» сөзінің аудармасын табыңыз.

А) Слог. В) Ударение. С) Звук. D) Буква. Е) Слово.

  1. Түбір сөзді табыңыз.

А) Қоныстану. В) Қон. С) Қону. D) Қондыру. Е) Қоныс.

  1. Сан есімнің сұрағын көрсетіңіз.

А) Не? В) Кім? С) Қандай? D) Қай? Е) Қанша?

  1. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз.

Себебі, өйткені, сол себепті.

А) Талғаулықты. В) Себеп-салдар. С) Ыңғайластық. D) Қарсылықты. Е) Іліктес.



  1. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Мен келген кезде, қоңырау соғылды.

В) Жаңа кітаптар алмақ болып, мен дүкенге бардым.

С) Ғылым таппай, мақтанба.

D) Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын.

Е) Сабақты жақсы оқыса, озат оқушы болады.


  1. Одағай сөзді табыңыз.

А) Паһ-паһ. В) Алақай. С) Талапты. D) Мырс. Е) Жеңіс.

  1. Қазақстан облыстарының санын белгілеңіз.

А) 16. В) 15. С) 14. D) 17. Е) 13.

  1. Қазақстанның бейнелеу өнерінің негізін салушыны анықтаңыз.

А) Ә. Қастеев. В) Ә. Қашаубаев. С) Ю. Рахманов. D) Р. Рымбаева. Е) Ә. Марғұлан.

  1. Мемлекеттік Елтаңбада киіз үйдің қай бөлігі бейнеленгенін көрсетіңіз.

А) Сықырлауық. В) Қанат. С) Шаңырақ. D) Кереге. Е) Есік.

  1. Үй ішіне қатысты сөздерді табыңыз.

А) Бөлме, қабат, терезе. В) Емен, қайың, шырша. С) Тұлпар, күн сәулесі. D) Дәптер, кітап, сызғыш. Е) Қабырға, төбе, есік.

  1. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Нәзік, толық. В) Думан, той. С) Бала, мұғалім. D) Үлкен, кіші. Е) Ажарлы, ажарсыз.

  1. Антоним сөздерді белгілеңіз.

А) Ескерткіш, қоршау. В) Күмбез, ғимарат. С) Ежелгі, мекен.

D) Тұрғын, өнер. Е) Мықты, әлсіз.



  1. Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.

А) Ашық, қысаң. В) Үнді, жуан. С) Ұяң, қатаң. D) Еріндік, езулік. Е) Жуан, жіңішке.

  1. Үнді дыбысқа аяқталатын сөзді көрсетіңіз.

А) Емен. В) Қаз. С) Көйлек. D) Алыс. Е) Қораз.

  1. Тұйық, ашық және бітеу буындардан жасалған сөзді табыңыз.

А) Жұмыс. В) Автобус. С) Мереке. D) Отбасы. Е) Сынып.

  1. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

А) Жылқышы. В) Қонжық. С) Біраз. D) Көжек. Е) Табиғат.

  1. Табыс септік жалғауын табыңыз.

А) –лар, -лер. В) –менен, -бенен. С) –мын, -сың, -сыз.

D) –ны, -ні, -н. Е) –ң, -ың, -ің.



  1. Сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) Ащы, тәтті. В) Ақ сары. С) Қып-қызыл. D) Сары жапырақ.

Е) Ол бақытты.



  1. Сұрау есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Теріден етік тіге ме? В) Жүннен киіз жасай ма? С) Судан ше?

D) Еттен қандай тамақтар әзірлейді? Е) Сүттен айран әзірлей ме?



  1. Пысықтауыш қай сөз табынан жасалғанын табыңыз.

Кеше үлкен жиын болды.

А) Үстеуден. В) Етістіктен. С) Зат есімнен.

D) Еліктеуіш сөздерден. Е) Сын есімнен.

Тесты по казахскому языку

Вариант 5


  1. Тек дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) е, ж, ң. В) а, б, л. С) р, м, н. D) а, ү, е. Е) қ, т, с.

  1. Ашық буынды сөзді табыңыз.

А) Күз. В) Тақпақ. С) Оқ. D) Ант. Е) Торы.

  1. Қосымша дұрыс жалғанған қатарды көрсетіңіз.

А) Домбырагер. В) Күйшы. С) Қобызші. D) Сауынші. Е) Биші.

  1. Түбір сөзді табыңыз.

А) Таңертеңгі. В) Күз. С) Шеткі. D) Кешегі. Е) Күндізгі.

  1. Сөйлемдегі күрделі баяндауышты табыңыз.

А) Далада қар жауды. В) Ол барлық сыныпты тазалады. С) Нұрлан мектепте оқиды.

D) Ол сурет өнерін жақсы көретін адам еді. Е) Ертең жаңбыр жауады.



  1. Толымсыз сөйлемді табыңыз.

А) Мен аға-інілеріммен саяжайға барамын. В) Үйде отырамын.

С) Мен дүйсенбіде шахмат үйірмесіне барамын. D) Мен мектепке келемін.

Е) Мен спорт клубына барамын.


  1. Құрамы екі немесе одан да көп жай сөйлемнен тұратын сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Лепті. В) Жай. С) Құрмалас. D) Хабарлы. Е) Сұраулы.

  1. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрғанда дұрыс қойылған тыныс белгіні көрсетіңіз.

А) Автор сөзі, - төл сөз. В) Автор сөзі: Төл сөз. С) автор сөзі, Төл сөз.

D) Автор сөзі – Төл сөз. Е) Автор сөзі: «Төл сөз».



  1. Күн салқындап, жапырақтар жерге түсетін жыл мезгілін анықтаңыз.

А) Жазғытұрым. В) Қыс. С) Көктем. D) Күз. Е) Жаз.

  1. Соңғы қоңырау мерекесі өтетін айды белгілеңіз.

А) Наурыз. В) Мамыр. С) Маусым. D) Қараша. Е) Қыркүйек.

  1. Лексика нені зерттейтінін белгілеңіз.

А) Сөз құрамын. В) Тіл дыбыстарын. С) Сөз тіркесін.

D) Сөз мағынасын. Е) Сөйлем мүшелерін.



  1. Мақалдардан антонимдерді табыңыз.

А) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

В) Отан үшін күрес-ерге тиген үлес.

С) Көп сөз көмір, аз сөз алтын.

D) Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Е) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.


  1. Бірыңғай жуан буынды сөздерді көрсетіңіз.

А) Дала, ақыл, аспан. В) Жол, ай, көктем. С) Кісі, адам, бала.

D) Көп, гүл, үй. Е) күн, ағаш, қала.



  1. Үнді дауыссыз дыбыстары бар сөздерді көрсетіңіз.

А) Бал, жүз, топ. В) Қыз, ата, қар. С) Сүт, шұжық, май.

D) Мың, нан, мал. Е) Жүн, қой, ет.



  1. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

А) Жұмыста. В) Жұмысқа. С) Жұмысшы. D) Жұмыс. Е) Жұмысын.

  1. Тәуелдік жалғаулы зат есімді табыңыз.

А) Жүрегің. В) Аяққа. С) Мұрынды. D) Көзге. Е) Құлақтан.

  1. Сын есім жасайтын жұрнақтарды анықтаңыз.

А) –шы, -ші, -лық, -лік, -дық, -дік. В) –ған, -ген, -қан, -кен, -мақ, -мек.

С) –ншы, -нші, -ау, -еу, -дай, -дей. D) –лы, -лі, -сыз, -сіз, -дай, -дей.

Е) –да, -де, -та, -те, -лас, -лес.


  1. Жинақтау сан есімнің сұрағын көрсетіңіз.

А) Нешеге жуық? В) Неше? С) Нешеу? D) Нешінші? Е) Нешеден?

  1. Тиісті есімдікті қойыңыз.

... үйі таудың етегіне жақын екен.

А) Оның. В) Менің. С) Сіздің. D) Сенің. Е) Біздің.



  1. Есімшенің жұрнағын табыңыз.

А) Келіп. В) Келгелі. С) Келтір. D) Келетін. Е) Келді.

ответы






1

2

3

4

5

1

а

е

с

с

д

2

е

е

е

в

е

3

а

а

с

е

е

4

д

а

а

в

в

5

е

с

в

е

д

6

с

а

д

в

в

7

е

в

д

с

с

8

в

д

в

а

е

9

в

с

в

с

д

10

а

с

е

е

в

11

а

д

в

в

д

12

е

в

е

е

с

13

в

с

в

а

а

14

а

е

д

а

д

15

а

д

е

в

с

16

а

в

с

с

а

17

д

е

д

д

д

18

с

в

а

д

с

19

е

в

д

д

а

20

а

в

а

а

д


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет