Тесты по казахскому языку Вариант 1


Тесты по казахскому языку



бет3/6
Дата06.02.2022
өлшемі26,27 Kb.
#65966
түріТесты
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тесты по казахскому языку Вариант 1 «Ы» рпі ойылатын с зді к р

Тесты по казахскому языку
Вариант 3
1.Жуан дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Ы,и,ә,у. В) Ұ,у,ү,и. С) А,о,у,ы. D) О,т,ұ,а. Е) Қ,ғ,о,а.
2.Тек ашық буыннан жасалған сөзді табыңыз.
А) Дастархан. В) Арқар. С) Тамыр. D) Шам. Е) Тамаша.
3.Жіңішке буынды дәм атауын көрсетіңіз.
А) Ащы, қышқыл. В) Семіз, ерен. С) Тәтті, дәмді. D) Тұзды, қатты. Е) Күшті, үлкен.
4.Түбір сөздерді табыңыз.
А) Кет, айт, жаз. В) Барсын, жазу, айтты. С) Көгілдір, ақшыл, келді. D) Емші, сонау, беру. Е) Беру, сенің, оның.
5.Қай септікте тұрғанын көрсетіңіз: «Тоғыздан».
А) Барыс септік. В) Шығыс септік. С) Атау септік. D) Ілік септік. Е) Табыс септік.
6.Төл сөз автор сөзінен кейін тұрғанда дұрыс қойылған тыныс белгіні көрсетіңіз.
А) Автор сөзі: Төл сөз. В) Автор сөзі – Төл сөз. С) Автор сөзі, - төл сөз. D) Автор сөзі: «Төл сөз». Е) Автор сөзі, Төл сөз.
7.Астана қаласы орналасқан өзеннің атауын белгілеңіз.
А) Қаратал. В) Обаған. С) Ертіс. D) Есіл. Е) Тобыл.
8.Сырға, білезік, алқа жасайтын адамды қалай атайтынын белгілеңіз.
А) Оқытушы. В) Зергер. С) Жүргізуші. D) Шебер. Е) Ұстаз.
9.Әкеңіздің әкесі сізге кім болатынын белгілеңіз.
А) Қайын ата. В) Ата. С) Көке. D) Ағатай. Е) Аға.
10.Қыс айын белгілеңіз.
А) Мамыр. В) Шілде. С) Маусым. D) Қазан. Е) Желтоқсан.
11.«Парыз» сөзінің синонимдерін табыңыз.
А) Сұлу, көркем. В) Міндет, борыш. С) Арнайы, әдейі. D) Ірі, үлкен. Е) Тәрбиелі, әдепті.
12.«Жоғары» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) Кішкентай. В) Аласа. С) Ұсақ. D) Қысқа. Е) Төмен.
13.«О» дыбысы қандай дыбыс екенін анықтаңыз.
А) Сөздің кез келген буынын талғамайды. В) Ашық дауысты.
С) Езулік дауысты. D) Қысаң дауысты. Е) Жіңішке дауысты.
14.Қатаң дауыссыз дыбыстар санын көрсетіңіз.
А) 25. В) 7. С) 18. D) 11. Е) 6.
15.Зат есімнің құрамына қарай түрлерін табыңыз.
А) Деректі, дерексіз. В) Жалпы, жалқы. С) Жанды, жансыз.
D) Туынды, негізгі. Е) Дара, күрделі.
16.Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Заттың іс-қимылың мезгілін. В) Заттың іс-қимылының мекенін. С) Заттың түр-түсін. D) Заттың қимылын. Е) Заттың атын.
17.Толықтырыңыз.
«... кітабыңыз өте қызық екен.»
А) Сіз. В) Біздің. С) Сенің. D) Сіздің. Е) Менің.
18.Келер шақ есімшені табыңыз.
А) Ол ертең қазақ тілінен емтихан тапсырар.
В) Мейрамды халық бір кісідей тойлаған.
С) Дем алуға саяжайға кетті.
D) Қазақ тілінен жаттығулар жазды.
Е) Олар ауылға барған.
19.Көп нүктенің орнына керекті демеулікті қойыңыз.
Сапарың сәтті болды ...?
А) бе. В) ме. С) ба. D) ма. Е) ақ.
20.Дара бастауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Әжем көне суреттерді көрсетті. В) Менің айтып отырғаным - аңыз.
С) Ертең құрылыс жұмысы басталады. D) Еңбек еткен ер атанар.
Е) Үй іші ұзақ жым-жырт болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет