Тестирование 1 (Раздел «Экология»)



бет11/37
Дата04.01.2022
өлшемі113,16 Kb.
#109262
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
Экологиялық нормалау негіздері және сараптама

4. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау
саласында лицензиялар мен сертификаттарды алу кезінде экологиялық негіздеме үшін табыс етілетін құжаттама.


5. Кейіннен ерекше құқықтық мәртебе (табиғи-қорық қорының объектілері, экологиялық жағынан қолайсыз аймақтар және
тағы басқалары) беру мақсатында аймақтардың учаскелерін кешенді
зерттеу материалдары да экологиялық сараптама объектілері болып табылады.


Экологиялық сараптаманы жүргізуге субъектілердің кең тобы қатысады. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы мыналар жүзеге асырады:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері – I санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде;
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 449 қаулысымен бекітілген критерийлерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттіорганмен белгіленеді.
2) жергілікті атқарушы органдар – II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде.


Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдарда қолданыстағы нормативтерге сәйкес жобаның толық құрамын көрсетілуі қажет және мазмұнында мыналар болуы тиіс: 
1) жоспарланған қызмет салдарларының кешенді экологиялық әлеуметтік және экономикалық бағалануы, мынаны қоса: 
жиынтық түсіндірме жазба; 
қоршаған ортаға әсерін тигізетін сараптама объектісінің, технологиялар және көзделген өндірістің технологиялық процестерінің сипаттамалары бар жоба. Сәулеттік қала құрылыстық, жоспарлық, болжамдық сипаттағы жобалық материалдардың мазмұны, экологиялық және басқа да бағдарламалар, табиғатты қорғау сұлбалары және басқа да жоспар алдындағы және жоба алдындағы құжаттамалар көзделген шаруашылық, өндірістік, ғылыми және басқа да қызметтің, оны дамытудың, қоршаған ортаға әсерінің қажеттілігін және орындылығын негіздей отырып, толық көрінісін беру тиіс; оны әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдары; жобаның, ластаушы заттардың жер бетінің жақын қабатына шашырауын есептеудің, эмиссия мөлшерін негіздеудің электрондық нұсқасы "Excel" форматында; 
2) жоспарланған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш
3) қоғамдық пікірді есепке алудың нәтижелері; 
4) қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін немесе тигізе алатын объектілер үшін жоспарланған қызметті іске асыруды мына заңды және жеке тұлғалармен келістіру құжаттары: 
жер пайдаланушылар, жер телімдерінің иелері; 
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары; 
су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндікинспекция (суды қорғау аумақтарында объектілерді орналастыру немесе қызметті жүзеге асыру кезінде);
жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар
жер қойнауын зерттеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың орналасуы болатын мүмкін учаскелерінде), сондай-ақ жер асты суларын пайдаланғанда және олардың болатын мүмкін ластану көздері бар болғанда); 
орман шаруашылығы, жануарлар дүниесінің өсiмiн молайтуды және пайдалануды қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
балық ресурстарын қорғау саласында (балық шаруашылығы су қоймаларында қызметтің әр алуан түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін). 
Аталған ұйымдармен келістіру қажеттілігін көзделген қызметтің әсер ету аймағына келетін қоршаған орта объектілеріне байланысты сараптамалық орган белгілейді.


Көзделген қызметтің сипаттамаларына тәуелді сараптамалық органдарға қарастырылуға ұсынылған материалдарда: 
1) тиімді материалдарды, энергияны үнемдеуші, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу
2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өндіру, өндіріс және тұтыну қалдықтарын кешенді қайта өңдеу және кәдеге жарату; 
3) ағынды суларды тиімді тазартуды қамтамасыз ету, оларды техникалық қажеттіліктерге пайдалану, тазартылмаған суларды табиғи су арналар мен су қоймаларға, жергілікті жер бедеріне төгуден бас тарту тәрізді тазартудың басым бағыттары; 
4) атмосфералық ауаны ластанудан сақтауды негіздейтін шаралардың пәрмендігі мен кепілділігі; 
5) топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесін сақтау және қалпына келтіру, объектінің табиғи-қорықтық қор мәртебесін сақтау; 
6) халық пен қоршаған ортаны антропогендік физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер көрсетілуі тиіс.


Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мыналардың көшірмелері қоса беріледі: 
1) салалық сараптамаларды жүргізу жағдайына - тиісті қорытындылар; 
2) осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларын; 
3) жобалық құжаттаманы уәкілетті органда қарастырған жағдайда – мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына ұсыныстар мен ескертулер тиісті аумақтық органнан.


Сараптаманы жүргізу міндеті жүктелетін негізгі мемлекеттік орган – Қоршаған ортаны корғау министрлігінің Мемлекеттік экологиялық сараптама және радиациялық экология Бас басқармасы мен оның жергілікті жерлердегі органдары. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөніңдегі қатынастарға қатысатын министрліктерді, ведомстволарды, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарды тартуы мүмкін. Бұл процеске сондай-ақ ғылыми мекемелер мен олар құратын экологиялық сараптама органдары тартылады. Экологиялық сараптаманы жүргізуге қоғамдық экологиялық бірлестіктер мсн жекелеген азаматтар да қатысуы мүмкін. Ақыр соңында, экологиялық сараптама субъектілері болып экологиялық сараптамаға жататын құжаттаманың тапсырысшылары қатысады. Белгілі бір жағдайларда, біздің ойымызша, экологиялық сараптаманың субъектілері болып Қазақстан Республикасының Үкіметі қатысады. Мысалы, бұл осы мемлекеттердің аумағында болатын және Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіретін объектілер мен кешендердің мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу қажеттілігі жағдайында шетелдік мемлекеттермен өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге катысты болады.

«Экологиялық сараптама туралы» Заңында Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау Министрлігіне зор көңіл бөлінген, оның:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет