Тестирование 1 (Раздел «Экология»)


Дәріс №11. Тақырыбы: МЭС өткізу процесі



бет27/37
Дата04.01.2022
өлшемі113,16 Kb.
#109262
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Байланысты:
Экологиялық нормалау негіздері және сараптама

Дәріс №11.

Тақырыбы: МЭС өткізу процесі

1. МЭС қарау, талдау, бағалау жолдары.

2. МЭС рәсімі.

З. МЭС жүргізу тәжірибелері.

 

Мемлекеттік эколгиялық сараптаманы экологиялық сараптама объектілерін қарау, талдау және бағалау жолы арқылы:



4) сараптамалық органдардың штаттық қызметкерлері;

5) сыртқы сарапшыларды тарта отырып, сараптамалық органдардың басшылары құрған сараптамалық комиссиялар;

6) Министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, мекемелер және ұйымдардың, оның ішінде шет елдердің өкілдерінен – объектілердің қоршаған ортаға күрделі әсерлері бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде, тұратын салааралық сараптамалық комиссиялар жүргізеді.

Сыртқы сарапшылар ұсынылған құжаттаманың қаралуын ұйымдастырады және сараптамалық органдарға қорытынды ретінде ұсыныстар мен ескертулерін ұсынады. Сыртқы сарапшылардың қорытындысы ұсынымдық сипатқа ие болады.

Оның барысында сараптамалық органдар материалдарды қарауды және сараптама объектінің бағалауын жүргізетін және дәлелденген және объективті сараптамалық қорытындыны қалыптастыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың рәсімі біртіндеген сатылардан тұрады да мыналарды қамтиды: 
1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтінішті (хатты) уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінде тіркеуді; 
2) сараптамаға жіберілген материалдардың, деректемелердің толығы және бар болуы тексерілуде айқындалған, көзделген шаруашылық қызметтің ҚОӘБ және оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтік талаптарға сәйкестігін белгілеуді қоса алғанда, алдын ала сараптаманы; 
3) сараптаманың қажетті деңгейін анықтауды, материалдарды бағалауды және талдап өңдеуді, көзделген немесе жүзеге асырылып жатқан қызметтің экологиялық қауіпсіздігінің дәрежесін, сараптама объектілерін іске асырудың жеткіліктігі мен шындығын қарастыратын сараптаманың негізгі сатысын; 
4) жекелеген сараптамалық бағалар мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелерін қорытуды, материалдарды келісу немесе келісуден бас тарту туралы сараптамалық қорытындыны дайындауды қамтитын сараптаманың қорытынды сатысын.

Алдын ала сараптама сатысының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттама, одан әрі қаралмайды және қаралмау себептері туралы хабарлама хатпен өтініш берушіге қайтарылады.

Сараптамалық органдар объектіге мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтінімнен мына жағдайларда бас тартуға құқылы: 
тапсырушы барлық қажетті құжаттарды ұсынбағанда; 
егер ұсынылған ҚОӘБ материалдары немесе экологиялық салдарлар туралы өтініш белгіленген талаптарға сәйкес келмесе немесе оларсыз объективті шешім қабылдау мүмкін болмайтын қате мәліметтер болса.

 

Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібi


1. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттаманы:
1) белгіленіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің тапсырыс берушісі (инвестор);
2) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысы табыс етеді.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 

Осы ақпарат мемлекеттік сараптама туралы қысқаша сипаттамадан және шет елдердегі жобаны бағалау тәжірибесінен тұрады. Ақпарат әдебиеттер мен өзге де ақпараттық материалдарда келтірілген, сондай-ақ тәжірибе алмасу тәртібімен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Мемсараптама» РМК-ның құжаттарынан алынған мәліметтерден құралған.



Құрылыстың (яғни, мемлекеттік нормативтік құжаттарымен анықталатын) тиісті сапасы құрылыс жобаларына кешенді мемлекеттік сараптамалық баға беруді ұйымдастыру және жүргізу арқылы, қала құрылысы жобаларының арнайы түрлері, оларды бекіту, сондай-ақ салынып жатқан құрылысты инспекциялау арқылы құрылыс барысында жүргізілетін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру жолымен қамтамасыз етіледі.

Жобаларды мемлекеттік сараптау тәуелсіз ұстанымдарындағы баға беру және қорытындылардың негізділігі мен объективтілігі, сондай-ақ сарапшылардың лауазымы бойынша орталықтандырылған жауапкершіліктері ұстанымы бойынша негізделеді. Мемлекеттік сараптама жүргізу міндеттілігі заңнамамен:

1) жобаның түріне (жобалау алдындағы, жобалау немесе жобалау-сметалық құжаттаманың);

2) келешектегі объектінің техникалық күрделілігі оның функционалдық мақсаты және технологиялық барысына, жоспарланған (есептік) қуатына (сыйымдылығы, өткізу қабілеті), құрылыс учаскесінің ерекше жағдайына (алаңшаның, тас жолдың), физикалық параметрлері және сипаттамасына және т.б.;

3) аумақты қала құрылысы бойынша игеру немесе нақты объектінің құрылыс бойынша жоспарлануын инвестициялау көздеріне;

4) жобаланған объектілердің тұрақты жұмыс істеуі және конструкциялардың сенімділігі, экологиялық, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, санитарлық қамсыздандыру бөлімінің жобалау шешімдеріне спецификалық немесе айрықша талаптарына байланысты белгіленеді.

Экономикасы дамыған шетелдерде өндірістік және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың, көпсалалы кешендердің, көлік және инженерлік коммуникацияларының, сондай-ақ өзге де объектілерінің құрылыс жобаларын мемлекеттік сараптау институттары бар. Мемлекеттік сараптама жобалау шешімдерін әзірлеу және бекітудің технологиялық тізбегіндегі, сондай-ақ құрылыс барысында бұрын бекітілген жобалау шешімдерін өзгертудің өте маңызды рәсімдерінің бірі болып табылады. Жүргізілген мемлекеттік сараптаманың қорытындылары мен инвесторлардың (тапсырысшылардың) кешенді талдауы негізінде олардың тапсырмалары бойынша жобалардың сапасына баға беру жүргізіледі және оларды жүзеге асыру немесе одан әрі қараудан бас тарту бойынша шешімдер қабылданады.

Құрылысы қарқынды салынып жатқан көптеген шетелдерде жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізу, жобалау және құрылыс сапасын бақылау қадағалау функцияларының жиынтығы мемлекет органдарының арнайы құрылымына жүктелген. Сонымен қатар жобалау өнімдерін бақылау және жобалардағы мемлекеттік нормалар мен стандарттардың, ережелердің, техникалық шарттар мен шектеулердің талаптарының сақталуын бақылау заңнамалық актілер деңгейінде немесе муниципальды құрылыс кодекстерімен (құрылыс салудың өңірлік қағидаларымен) белгіленеді, ол жалпы мемлекеттік (федеральдық) заңнамаға қарама-қайшы болмауы тиіс. Осындай нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың (мемлекеттің немесе оның әкімшілік бірлігі шегіндегі барлық аумақтарындағы) мәртебесі мен шектеулері осы елдің мемлекеттік орналасу нысанына қарай таратылады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет