Тестирование 1 (Раздел «Экология»)


Дәріс №8. Тақырыбы: ЭС түрлері, І, ІІ және қайталама сараптама



бет23/37
Дата04.01.2022
өлшемі113,16 Kb.
#109262
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Байланысты:
Экологиялық нормалау негіздері және сараптама

Дәріс №8.

Тақырыбы: ЭС түрлері, І, ІІ және қайталама сараптама

1. ҚР ЭС түрлері.

2. І, ІІ ретті ЭС жиналатын құжаттар.

З. МЭС және ҚЭС қорытындылары.

 

Қазақстан Республикасында мемлекеттік экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.



Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібi
1. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттаманы:
1) белгіленіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің тапсырыс берушісі (инвестор);
2) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысы табыс етеді.
Қоғамдық Экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Экологиялық сараптама мен мемлекеттік Экологиялық сараптама жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң қабылданған .

63-бап. Экологиялық сараптама және оның түрлерi

Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкес келуiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасалуы мүмкiн терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiнiң анықтамасы.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.

64-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама туралы заңдарында айқындалған құзыретi шегiнде жүргiзедi.

Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын объектiлер тiзбесi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өнiм (жұмыс, қызмет) мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге жатқызылса, оның оңды қорытындысынсыз Қазақстан Республикасының аумағында оны өндiруге немесе оған әкелуге тыйым салынады.

Экологиялық сараптаманың қорытындысы ресми құжат болып табылады, мiндеттi түрде орындалуға тиiс және оған қатысты дау сотта қаралуы мүмкiн.

Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

65-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама

Қоғамдық бiрлестiктер немесе халықтың өзге де топтары қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзе алады. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың ұйымдастыру нысандары және қоғамдық бiрлестiктердiң экологиялық сараптама саласындағы өкiлеттi экологиялық сараптама туралы заңдармен белгiленедi. Қоғамдық сараптаманың қорытындысы ақпараттық және ұсыныс жасау сипатында болады.

2. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдарда қолданыстағы нормативтерге сәйкес жобаның толық құрамын көрсетілуі қажет және мазмұнында мыналар болуы тиіс: 
1) жоспарланған қызмет салдарларының кешенді экологиялық әлеуметтік және экономикалық бағалануы, мынаны қоса: 
жиынтық түсіндірме жазба; 
қоршаған ортаға әсерін тигізетін сараптама объектісінің, технологиялар және көзделген өндірістің технологиялық процестерінің сипаттамалары бар жоба. Сәулеттік қала құрылыстық, жоспарлық, болжамдық сипаттағы жобалық материалдардың мазмұны, экологиялық және басқа да бағдарламалар, табиғатты қорғау сұлбалары және басқа да жоспар алдындағы және жоба алдындағы құжаттамалар көзделген шаруашылық, өндірістік, ғылыми және басқа да қызметтің, оны дамытудың, қоршаған ортаға әсерінің қажеттілігін және орындылығын негіздей отырып, толық көрінісін беру тиіс; оны әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдары; жобаның, ластаушы заттардың жер бетінің жақын қабатына шашырауын есептеудің, эмиссия мөлшерін негіздеудің электрондық нұсқасы "Excel" форматында; 
2) жоспарланған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш; 
3) қоғамдық пікірді есепке алудың нәтижелері
4) қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін немесе тигізе алатын объектілер үшін жоспарланған қызметті іске асыруды мына заңды және жеке тұлғалармен келістіру құжаттары: 
жер пайдаланушылар, жер телімдерінің иелері; 
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары; 
су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндікинспекция (суды қорғау аумақтарында объектілерді орналастыру немесе қызметті жүзеге асыру кезінде);
жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар; 
жер қойнауын зерттеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың орналасуы болатын мүмкін учаскелерінде), сондай-ақ жер асты суларын пайдаланғанда және олардың болатын мүмкін ластану көздері бар болғанда); 
орман шаруашылығы, жануарлар дүниесінің өсiмiн молайтуды және пайдалануды қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
балық ресурстарын қорғау саласында (балық шаруашылығы су қоймаларында қызметтің әр алуан түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін). 
Аталған ұйымдармен келістіру қажеттілігін көзделген қызметтің әсер ету аймағына келетін қоршаған орта объектілеріне байланысты сараптамалық орган белгілейді.

Көзделген қызметтің сипаттамаларына тәуелді сараптамалық органдарға қарастырылуға ұсынылған материалдарда: 


1) тиімді материалдарды, энергияны үнемдеуші, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу; 
2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өндіру, өндіріс және тұтыну қалдықтарын кешенді қайта өңдеу және кәдеге жарату; 
3) ағынды суларды тиімді тазартуды қамтамасыз ету, оларды техникалық қажеттіліктерге пайдалану, тазартылмаған суларды табиғи су арналар мен су қоймаларға, жергілікті жер бедеріне төгуден бас тарту тәрізді тазартудың басым бағыттары; 
4) атмосфералық ауаны ластанудан сақтауды негіздейтін шаралардың пәрмендігі мен кепілділігі; 
5) топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесін сақтау және қалпына келтіру, объектінің табиғи-қорықтық қор мәртебесін сақтау
6) халық пен қоршаған ортаны антропогендік физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер көрсетілуі тиіс.

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мыналардың көшірмелері қоса беріледі: 


1) салалық сараптамаларды жүргізу жағдайына - тиісті қорытындылар; 
2) осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларын; 
3) жобалық құжаттаманы уәкілетті органда қарастырған жағдайда – мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына ұсыныстар мен ескертулер тиісті аумақтық органнан.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет