Тестирование 1 (Раздел «Экология»)


-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау



бет20/37
Дата04.01.2022
өлшемі113,16 Kb.
#109262
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Байланысты:
Экологиялық нормалау негіздері және сараптама

35-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау

Қоршаған ортаға әсердi бағалау - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақс




Германияда жер басқарушыларына, жоспарлау және аумақтың құрылысына бақылау жүргізетін жергілікті атқарушы билік құрылымында тиісті органдар құру міндеттемелері жүктелген.

Бұл жер министрліктері немесе жобалау ісінің барлық бөлімдері бойынша маман-сарапшылары бар муниципалитет инспекцияларының құрылыс бөлімдері. Мысалы, Бавария жерінің құрылыстағы жоғарғы органы Ішкі істер министрлігі болып табылады, оның құрамына жобалау және құрылысты, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыратын өз штаты бар құрылыс департаменті кіреді.

Германияның құрылыс инспекциясы органындарына жобалау және құрылыс салудың жоғары сапасын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер жүктеледі. Ол үшін жобаларға тексеріс және оларға мемлекеттік сараптама жүргізіледі, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беріледі (құрылысты бастау мен құрылыс салу) және құрылысы салынып, пайдаланылып жатқан объектілерін инспектірлеу жүзеге асырылады. Бұл ұйымдар, құрылыс ғылымы және техника саласында, сондай-ақ жобалау-іздестіру және құрылыс жұмыстары мәселесі бойынша қажетті нормативтік-құқықтық және инженерлік-техникалық білімдері бар кәсіби дайындалған мамандармен толықтырылады. Өз мақсаттарын орындау үшін құрылыс инспекциясының органдары жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізуге тиісті тізілімге енгізілген жоғары санатты мамандарды тарта алады.

Германияда құрылыстағы жобаларға мемлекеттік сараптама жобалау шешімдері келесі параметрлерге сәйкес жүргізіледі:

1) ғимараттар мен құрылыстардыңтұрақтылығы;

 

2) құрылысты өртке қарсы қорғауы;



3) конструкциялар мен қоршаулардыңдірілді-, дыбысты- бәсеңдету және жылылықтысақтауы;

4) статистикалық-конструкциялықесептердіжүргізу.

Мемлекеттік сараптаманы белгіленген тәртіппен жүргізу міндеттілігі, сарапшылардың тәуелсіздігі, қорытындыларының ғылыми негізділігі және объективтілігі сараптама қорытындылары мен ұсыныстарының негізділігіне жауаптылық ұстанымдарында ұйымдастырылады. Сондықтан сараптамамалық бағалауды жобалардың қаралып жатқан бөлімдеріне байланысты инженер-құрылысшылар Палаталары немесе сәулетшілер Палаталарымен тағайындалған мемлекетік сарапшылар жүзеге асырады.

Мемлекеттік сарапшылардың жобалау саласында жеткілікті білімі және жұмыс тәжірибесі болуы айрықша талап етіледі, құрылыс немесе онымен шектес саладағы кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым салынады, сондай-ақ кәсіби, ең алдымен құрылыс қызметіндегі субъектілермен қаржы немесе өзге де байланысты қатынаста болмауы талап етіледі. Мемлекеттік сарапшылар Палатаға есеп береді және кәсібіи қызметінде турашылдыққа және адалдыққа ант береді. Бұдан басқа, сарапшылар Палатаға ықтимал мемлекеттік сарапшылар ретінде басқа мамандардың кандидатураларын ұсына алады.

Сот, тергеу немесе өзге әкімшілік органдарымен жұмыс істеу үшін қоғамдық сарапшылар институты бар. Қоғамдық деңгейде сарапшыларды тағайындаудың негізгі мақсаты осы сот, әкімшілік органдарына немесе жұртшылық өкілдеріне ерекше құзіретті, антқа келтірілген, құрылыс жобалары бойынша дауларға және объектіні салу сапасына байланысты қоғамдық қатынастардың әр түрлі саласында қаралып отырған мәселелердің қорытындылары дұрыстығымен ерекшеленген сарапшылар болып табылады. Сарапшыларды қоғамдық деңгейде тағайындау туралы шешімді сәулетшілер Палатасы қабылдайды.

Жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізу жүйесі мен тәртібі және Жапониядағы құрылыс сапасын бақылау АҚШ пен Германиядағыға ұқсас. Сондай-ақ жобалау өнімінің сапасын мемлекеттік бақылау жүйесін құрудың аумақтық ұстанымдары мен мемлекеттік органдарының инвестициялық қызметін реттеуге қатысуы осы елдердікіне ұқсас.

Жапониядағы жобалардың мемлекеттік сараптамасы мен құрылыс сапасына жоғары маңыз беріледі және елдің барлық аумақтарының өте жоғары сейсмикалық қауіпті болуы себепті тиісті талаптар қойылған. 1927 жылғы Токио жер сілкінісінен кейін жобалау мен күрделі құрылысқа талаптарды қатаңдату қажеттігі айнықталды. Мемлекеттік сараптамаға объектінің мақсаттылығы мен маңыздылыға қарамастан барлық құпрылыс жобалары жатқызылды. Осыған байланысты ірі қалалар муниципалитетінде құрылысты қадағалайтын және аумақтар мен қала өңірлерінде ведомствоға бағынысты жобаларды тексеретін арнайы қызметтер құрылды. Осы қызметтердің штат саны бағынысты аумақтың муниципалитетіндегі құрылысты жобалау мен қарқындылық көлеміне қарай белгіленеді.

Құрылыс салуға арналған жобаларды кешенді қарау кезінде бас жоспарларды әзірлеу және іске асыруға, қала құрылысы тәртібін (бас жоспармен анықталған бөлінген жер учаскелерінің функционалдық мақсаттарға пайдаланылуы, қызыл және сары сызықтар талаптарына, табиғатты қорғау шаралары және т.б.) сақтауға, әрбір ғимараттың немесе құрылыстың көлемді-жоспарлау шешімдерінің оңтайлылығы мен қауіпсіздігіне, объектінің конструктивтік беріктігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге баса назар аударылады.


 

Жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізу толық болу үшін осыған өкілетті юасқарма (қызмет) органдарымен мамандандырылған фирмалар мен консультативті сараптау ұйымдары, сондай-ақ біліктілігі жоғары мамандар мен ғылыми қызметкерлер кеңінен тартылады. Сонымен қатар, тартылатын фирмалардың, ұйымдар мен сарапшылардың тәуелсіз болу ұстанымдары қатаң сақталады, құрамды тәсілдер мен мемлекеттік сараптамадан алған нәтижелерін кешенді талдау кеңінен қолданылады.



Экологиялық сараптамаға объектілерді салуға арналған барлық жобалар жатқызылады, елде экологиялық сараптама мен қоршаған ортаны инженерлік қорғау жөніндегі көптеген тәуелсіз ірі және ұсақ ұйымдар осы қызметті жүзеге асырады.

Орталық мемлекеттік салалық органның негізгі функцияларына нормативтік базаны қалыптастыру және ұстау, маңызды инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ жобалау ісі мен құрылыста принципиалды мәселелер бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу жатады.

Құрылыс пен экономикада автоматтандырыған сараптау жүйесін пайдаланатын Жапония ғылыми-зерттеу институтының жұмысын атап айтуға болады. Осы жүйелер осы саладағы кеңейтілген нормативтік ақпараттан тұратын тұрақты жинақталған деректер базасының көмегімен айқын мәселелерді шешуге септігі тиетін ақпараттық бағдарламалық кешендерден тұрады.
Жапонияда инвестициялық циклді қысқарту мақсатында жобаларды әзірлеук барысында жобаларға, яғни жобалау жұмысы толық аяқталғанға дейін сараптамалық сүйемелдеу режимінде мемлекеттік сараптама жүргізу кеңінен қолданылады. Бұл үшін тапсырысшылар мен жоба авторлары жобалаудың барлық кезеңдеріне мемлекеттік сараптама органдары ұсынған тәуелсіз сарапшылармен жұмыс істейді, қысқа мерзім ішінде жұмыс тәртібінде қажетті түзетулер енгізу жолымен жобалау өнімінің жоғары сапасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет