Жоғарыда көрсетілген елдер бойынша жалпы мәліметтер
Көрсетілген әлеуметтік және экономикасы дамыған елдердің құрылысында мемлекеттік инвестициялар 4-8% құрайды. Осыған байланысты білікті және тәуелсіз сарапшыларды сараптамаға тарту моделі тиімді.
Жобалардың мемлекеттік сараптамасы институтының болмауы немесе оның құрылыс сапасын мемлекеттік бақылау жүйесінде алатын орны төмен болуы орны толмас адам шығыны мен материалдық шығынға әкеледі, әсіресе табиғи апатты жғадйларды, соның ішінде жер сілкінісі болған кезде.
1999 жылы Түркияда болған жойқын жер сілкінісі нәтижесінде мыңдаған адам өліп, қырық бес мыңдай адам жарақат алып, қаншамасы зардап шекті. Осыдан кейін бірден көптеген адам шығынын әкелген ғимараттар мен құрылыстардың құлау себебін анықтау үшін Қазақстан Республикасының сол кездегі Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті Қазақ сейсмикалық төзімді құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институтының («ҚазСҚҒЗИ» РМК) мамандары жіберілді. «ҚазСҚҒЗИ» РМК-ның есеп беру материалдарында негізгі себеп ретінде жобалардың сапасының төмендігі көрсетілген, көтергіш және қоршағыш конструкциялары мен көлемді-жоспарлау шешімдерінің сейсмотұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша орындалған есептерінің тиісті орындалмауы. Қайғылы жағдайдың орын алу себептерінің бірі ретінде осындай сапасыз жобаларды іске асыруда жобалар сараптамасының және мемлекеттік құрылыс инспекторларының талабының болмауы осындай құрылыс жұмыстарының сапасының төмен болуына жол берген, технологиялық процестердің бұзылуы және мемлекеттік стандарттарға сай келмейтін құрылыс материалдары мен бұйымдарын қолдану көрсетілген.
Құрылыс сапасына мемлекеттік бақылау ролін күшейту және жобалардың мемлекеттік сараптамасы институтын құру жөніндегі шаралар шеңберінде Түркия біздің мемлекеттік бақылау жүйесін және жобалау мен құрылыс өнімінің сапасын басқару жүйесін оқып-үйрену үшін Қазақстан Республикасына өз мемлекеттік органдарының өкілдерін жіберді.
Түркиядағы сияқты жойқын жер сілкіністері 1999 жылы Тайваньда және Грекияда, сондай-ақ 2002 жылы Аляска штатында болды, онда адам шығыны шамалы болды немесе адам өлімі тіркелмеді, сондай-ақ тек жергілікті сипаттағы ғимараттар мен құрылыстар (оның ішінде Алясканың халқы аз аудандарындағы желілік коммуникациялар) бүлінген. Осы елдерде көптеген жылдар бойы жобалардың мемлекеттік сараптамасы жүйесі жұмыс істейді және жобалау мен құрылыс салу сапасына қатаң бақылау орнатылған.
Достарыңызбен бөлісу: |