Тестирование 1 (Раздел «Экология»)


Дәріс №7. Тақырыбы: Экологиялық сараптама объектілері



бет22/37
Дата04.01.2022
өлшемі113,16 Kb.
#109262
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
Экологиялық нормалау негіздері және сараптама

Дәріс №7.

Тақырыбы: Экологиялық сараптама объектілері

1. Міндетті ЭС объектілері.

2. Объектілердің сыныпталуына сәйкес санаттарға бөлінуі.

З. МЭС жүзеге асырушылар.

 

Мемлекеттік экологиялық сараптама oбъектілерi



1. Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға мыналар жатады:

1) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет жобалары және оларға ілеспе, осы Кодекстің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары;

2) табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттаманың барлық түрлері, болжамдардың, экологиялық және өзге де бағдарламалардың жобалары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметі негізгі бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келісімшарттар, оның ішінде меншік және жекешелендіру нысандарын өзгертуге қатыстылары;

3) қолданыстағы oбъектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен қоса реконструкциялау жобалары;

4) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары;

5) іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;

6) кәсіпорындарды, объектілер мен кешендерді, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға, салуға, реконструкциялауға, дамытуға, техникалық қайта жарақтауға, қайта бейімдеуге, жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер (есептер) және жобалар, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын өндіру мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

7) аумақтарды ұйымдастыру схемаларының жобалары;

8) қалалар мен аумақтарды, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметті жүргізудің айрықша режиміндегі аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;

9) осы аумақтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зілзала аймағы немесе төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесін беруді негіздейтін, аумақтар учаскелерін кешенді экологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ осы аумақтарды оңалту бағдарламалары;

10) көршілес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін көршілес мемлекеттермен ортақ табиғи ресурстарды пайдалану қажет болатын немесе көршілес мемлекеттердің халықаралық шарттарда белгіленген мүдделерін қозғайтын шаруашылық және өзге де қызмет жобалары;

2009.23.06. № 164-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама;

12) табиғи ресурстарды пайдалануға және (немесе) алуға рұқсаттар (лицензиялар) беруді негіздейтін құжаттама.

2. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері мынадай жағдайларда:

1) экологиялық сараптама объектісі бұрын жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптама ескертпелері бойынша жетілдірілген;

2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жобалау және өзге де құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда;

3) сот шешімінің негізінде, қайтадан мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді.

3. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері осы Кодекстің 40-бабында келтірілген объектілердің сыныпталуына сәйкес І, ІІ, III, IV санаттарға бөлінеді.

І санатқа орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары да, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 6-9) және 11) тармақшаларында аталған объектілер жатқызылады.

II санатқа жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, өңірлік жоспарлар мен бағдарламалардың жобалары, облыстық және аудандық маңызы бар аумақтарда құрылыс салудың бас жоспарларының жобалары да жатады.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі.

Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде. 2011 жылдың I жартыжылында 3055 жобалық материалдардың атаулары қаралды, оның ішінде Комитетпен 629 жобалық материалдар қаралды.

Қаралған материалдар ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалау және қоршаған ортаны қорғау бөлімдерімен шаруашылық қызмет жобалары; ЖШШ, ЖШТ, ҚТН нормативтерінің жобалары; қала құрылысы сипатындағы, сұлбалардың жобалары, жекелей алғанда, жер телімдерін бөлуді келісу; инвестицияларды алуға ТЭН және ЭЕТ жобалары; жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар және технологиялар, техникалар мен жабдықтар қолдануды негіздейтін құжаттамалардың жобалары.

Кәсіпорындарда жүргізілген тексерістердің сараптамалық көрсеткіші көрсеткен негізгі заң бұзушылықтар:

жобалық және шаруашылық қызметке мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болмауы;

қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың болмауы, ластаушы заттарды шығаруға, ағызуға және өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға лимиттен асуы,

өндірістік және тұтыну қалдықтарының есебінің болмауы, жер ресурстарының ластануы;

өндірістік экологиялық бақылау жүргізу туралы талаптардың сақтамауы;

табиғат қорғау іс-шараларының жүргізілмеуі;

жобалық құжатта бекітілген нормалардың сақталмауы;

атмосфераға нормадан тыс ластаушы заттар шығаруға алып келетін технологиялық қондырғыларды пайдалану ережесінің сақталмауы.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманы мыналар жүзеге асырады:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері – I санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде;
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 449 қаулысымен бекітілген критерийлерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен белгіленеді.
2) жергілікті атқарушы органдар – II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде.

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдарда қолданыстағы нормативтерге сәйкес жобаның толық құрамын көрсетілуі қажет және мазмұнында мыналар болуы тиіс: 


1) жоспарланған қызмет салдарларының кешенді экологиялық әлеуметтік және экономикалық бағалануы, мынаны қоса: 
жиынтық түсіндірме жазба; 
қоршаған ортаға әсерін тигізетін сараптама объектісінің, технологиялар және көзделген өндірістің технологиялық процестерінің сипаттамалары бар жоба. Сәулеттік қала құрылыстық, жоспарлық, болжамдық сипаттағы жобалық материалдардың мазмұны, экологиялық және басқа да бағдарламалар, табиғатты қорғау сұлбалары және басқа да жоспар алдындағы және жоба алдындағы құжаттамалар көзделген шаруашылық, өндірістік, ғылыми және басқа да қызметтің, оны дамытудың, қоршаған ортаға әсерінің қажеттілігін және орындылығын негіздей отырып, толық көрінісін беру тиіс; оны әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдары; жобаның, ластаушы заттардың жер бетінің жақын қабатына шашырауын есептеудің, эмиссия мөлшерін негіздеудің электрондық нұсқасы "Excel" форматында; 
2) жоспарланған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш; 
3) қоғамдық пікірді есепке алудың нәтижелері; 
4) қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін немесе тигізе алатын объектілер үшін жоспарланған қызметті іске асыруды мына заңды және жеке тұлғалармен келістіру құжаттары: 
жер пайдаланушылар, жер телімдерінің иелері; 
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары; 
су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндікинспекция (суды қорғау аумақтарында объектілерді орналастыру немесе қызметті жүзеге асыру кезінде);
жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар; 
жер қойнауын зерттеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың орналасуы болатын мүмкін учаскелерінде), сондай-ақ жер асты суларын пайдаланғанда және олардың болатын мүмкін ластану көздері бар болғанда); 
орман шаруашылығы, жануарлар дүниесінің өсiмiн молайтуды және пайдалануды қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
балық ресурстарын қорғау саласында (балық шаруашылығы су қоймаларында қызметтің әр алуан түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін). 
Аталған ұйымдармен келістіру қажеттілігін көзделген қызметтің әсер ету аймағына келетін қоршаған орта объектілеріне байланысты сараптамалық орган белгілейді.

Көзделген қызметтің сипаттамаларына тәуелді сараптамалық органдарға қарастырылуға ұсынылған материалдарда: 


1) тиімді материалдарды, энергияны үнемдеуші, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу; 
2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өндіру, өндіріс және тұтыну қалдықтарын кешенді қайта өңдеу және кәдеге жарату; 
3) ағынды суларды тиімді тазартуды қамтамасыз ету, оларды техникалық қажеттіліктерге пайдалану, тазартылмаған суларды табиғи су арналар мен су қоймаларға, жергілікті жер бедеріне төгуден бас тарту тәрізді тазартудың басым бағыттары
4) атмосфералық ауаны ластанудан сақтауды негіздейтін шаралардың пәрмендігі мен кепілділігі; 
5) топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесін сақтау және қалпына келтіру, объектінің табиғи-қорықтық қор мәртебесін сақтау; 
6) халық пен қоршаған ортаны антропогендік физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер көрсетілуі тиіс.

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мыналардың көшірмелері қоса беріледі: 


1) салалық сараптамаларды жүргізу жағдайына - тиісті қорытындылар; 
2) осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларын; 
3) жобалық құжаттаманы уәкілетті органда қарастырған жағдайда – мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына ұсыныстар мен ескертулер тиісті аумақтық органнан.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет