Экологиялық сараптама комиссиясының қарайтын нысанасы не болып табылады?
«Экологиялық сараптама туралы» Заңының 6-бабында сараптама объектілерінің мынадай тізбесі беріледі:
1. Табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, шарттар, келісімшарттар, соның ішінде халықаралық шарттар мен келісім – шарттар.
2. Қазақстан Республикасында қабылданбақ болып белгіленіп
отырған, қоршаған орта мен халық денсаулығына ықпал жасайтын заң актілері мен нормативтік құқықтық актілердің жобалары.
3. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны және халық денсаулығын қорғау
жөніндегі талаптарды (экологиялық аудитті) сақтауын бағалау
материалары.